Инвестициялық жобаны жасаудағы ақша ағындарын моделдеу

Қазіргі батыс әдебиетінде инвестициялық жоба түсінігінің жалпы мағынасы «Жобаларды басқару туралы білімдер кодексінде» (Project Management Institut, USD) айтылған: «Жоба міндеттің орындалу тәсілдерімен көзделген белгілі бастапқы мәліметтері және қажетті нәтижелері бар міндетті білдіреді». Отандық экономикалық әдебиетте «жоба» деп оның шегінде құрылған мақсаттар жүйесі аталады. Берілген анықтама жобаны жасау және оны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды және қызметтің барлық түрлерінің ерекшеліктерін есепке алады. Осы анықтаманың өзі жобаның инвестициялық екенін білдіреді.

Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңында «Инвестициялық жоба – бұл жаңа өндірістерді құруға, әрекеттегі өндірісті кеңейту және жаңартуға салынатын инветицияларды көздейтін шаралардың кешені». Инвестициялық жоба – белгілі мақсаттарға жетуді (белгілі нәтижелерді алуды) қамтамасыз ететін қызмет, шара.

Әрбір жоба жүзеге асырылу кезінде алдын ала көзделген мақсаттарды көздеу қажет. Экономикалық теорияда инвестициялық жобаға қолданылатын мақсаттардың жіктелуі құрылған.

Берілген мақсаттарды келесі түрде көрсетуге болады:

- Инвестордың қажеттіліктерін қанағаттандырудың өсуімен байланысты мақсаттар.

- Фирманың мүліктік жағдайын оңтайландырумен байланысты мақсаттар.

Осы мақсаттар құндық нысанда көрінуі мүмкін. Нақтырақ айтқанда, ол:

- пайданың максимизациясы;

- сату көлемінің өсуі;

- тауар айналымының ұлғаюы;

- ағымды шығындардың минимизациясы;

- инвестициялық шығындардың қысқаруы және т.б.

Жобаның алдында бір уақытта бірнеше мақсат тұруы мүмкін. Жобаның құрылған мақсаты оның өмір циклының барлық кезеңдерінде қатаң сақталуы қажет, себебі оның өзгеруі берілген жобадан бас тартуға және жаңа жобаны жасауға алып келеді.

Инвестициялық жобалар экономиканың нақты талаптарымен, институционалды ортамен, құқықтық кеңістікпен, әлеуметтік және демографиялық ортамен, қаржылық нарықтардың дамуы, өнім және ресурстар нарықтарымен анықталатын сыртқы ортамен өзара әрекетте жүзеге асырылады. Жобалар соңғы нәтижелерге әсер ететін сыртқы ықпалдарды есепке алумен қарастырылады және жоспарланады.

Кез-келген жоба әртүрлі ресурстардың: материалды, техникалық, еңбек, қаржылық және т.б. салынуын талап етеді. Олардың барлығы шектеулі, және әрбір нақты жағдайда шектеулер енгізілуі мүмкін.

Инвестициялық жобалардың талдауы олардың жіктелуіне негізделуі қажет. Инвестициялық жобаларды таңдалған критерийге тәуелді жіктеуге болады. Инвестициялық жобаларды басқару тұрғысынан жіктеу қажетті инвестициялардың көлемі, жобаны жүзеге асыру мерзімі, тәуекелге қатысты, жобаның қатысушысы, ақша ағымының типі, жобалар арасындағы қарым-қатынас, енгізу белгісі негіздемелері бойынша көрсетілуі мүмкін.

Қажетті инвестициялардың көлеміне қатысушылардың белгілі бір шеңберінде жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі және берілген жобаны қаржыландыру жолдарын іздестіру тәуелді болады. Берілген критерий жобаның масштабы деген атқа ие. Қажетті инвестициялардың көлемі бойынша жобаларды ірі (мегажобалар), дәстүрлі және кіші деп бөледі. Батыс тәжірибесінде масштаб бойынша кіші және мегажобалардың келесі сипаттамалары қабылданған.

Кіші жоба масштабы бойынша үлкен емес, қарапайым және қажетті қаражаттардың көлемімен шектелген:

- капитал салымдары: бірнеше мыңнан 10–15 млн АҚШ долларына дейін;

- еңбек шығындары: бірнеше жүзден 40–50 мың адам-сағатқа дейін.

Мегажобалар келесі ерекшеліктерге ие:

- жоғары құны – 1 млрд доллардан асады;

- капиталды көп қажет ететіні – осындай жобаларды жүзеге асыру үшін қорлар қаржылық резервтерден асады, қаржыландырудың қосымша көздері: банктік несиелер, экспорттық несиелер, аралас несиелеу;

- фирмалардың консорциумдарының қаржыландыруын жүзеге асыруы;

- сағаттағы жұмыстардың жалпы көлемі: жобалауға 2 млн сағат, объектілерді салу үшін 15 млн сағат;

- жүзеге асыру мерзімдері – 5-7 жыл және одан көп;

- активтердің динамикасы кезінде табыстар мен шығындардың жоғары деңгейі;

- халықаралық бизнестің мәселелерін шешу қажеттілігі;

- мегажобалар жүзеге асырылатын аудандардың қашықтығы, инфрақұрылымға қосымша шығындар;

- мегажоба жүзеге асырылатын аймақтың және елдің әлеуметтік және экономикалық сфераларының ықпалы.

Қазақсатандық тәжірибеде масштаб бойынша жобаларды нақты бөлу жоқ, бірақ берілген бөлу шартты және инвестицияны жүзеге асыратын компаниялардың көлемімен байланысты екенін естен шығармау қажет. Осылай, мысалы, ірі кәсіпорын және кіші кәспорын үшін талданатын жобаны ірі немесе ұсаққа жатқызу өте ерекше болады.

Жүзеге асыру мерзімі бойынша жобалар: қысқа, орта, ұзақ мерзімді.

Тәуекелге қатысты критерийі бойынша: жобалар тәуекелді және тәуекелсіз болып бөлінеді..

Жобаның қатысушылары бойынша: мемлекеттік кәсіпорындар, біріккен кәсіпорындар, шетел инвесторларын есепке алу саналады.

Наши рекомендации