Суару тәсілдерінің түрлері.

Суару мелиорациясы, яғни суару, судың табиғи жолмен келуі (жауын-шашын және топырақ асты сулары) жеткіліксіз болғандықтан ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі күрт темендейтін немесе мүлдем болмайтын аймақтарда қолданылады.

Суару деп, ағын суды топырақ және атмосфера ылғалдылықтарына айналдыратын шараны немесе топырақ ылғалдылығын жасанды түрде арттыру әдісін айтады.

Д.И. Шашконың ұсынысы бойынша суару жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден аспайтын аудандарда қолданылуы тиіс. Суару топырақтың тек сулық режимін реттейді деп шектелуге болмайды, себебі суару нәтижесінде топырақтың басқа да мелиоративтік (ауалық, тұздық, қоректік, жылулық және микробиологиялық) режимдері де жақсарады. Сондықтан суармалы жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдарының алдын-ала көзделген, яғни жосларланған өнімдерін алу мүмкіндігі өте жоғары болады. Суарудың тағы бір артықшылығы ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігінің жауын-шашын мөлшеріне байланысты ауытқуы күрт кемиді

Суару белгіленген мерзімінде жүргізілмесе жаңа сорттың да, сапалы орындалған агротехника шаралардың да тиімділіктері күрт төмендейді. Сондықтан суару мелиорациясын, оны кажетсінетін аймақтарда ауыл шаруашылығы дамуының және табыстылығының негізгі кепілі деп айтуға болады.

Қазақстан Республикасында әртүрлі суару жүйелерімен қамтылған жерлердің, жалпы ауданы -3,3, оның ішінде ұдайы суаруға дайындалған - 2,3, ал көлтабандап, яғни лиманды суғарылатын жерлер -1 млн гектарға жуық. Ұдайы суарылатын жерлер негізінен оңтүстік және шығыс аймақтарда орналасқан: Кызылорда облысында - 247, Оңтүстік Казақстан облысында - 411, Жамбыл облысында -206, Алматы облысында - 526 және Шығыс Қазақстан облысында - 195 мың гектар. Қалған суғармалы жерлер басқа облыстар үлесіне тиеді. Лиманды, яғни көлтабандап суару негізінен республиканың солтүстік, орталық және батыс облыстарында колданылады.

Ұдайы суғарылатын жерлер ауданы барлық егіншіліктің 5% (проценті) ғана бола тұра, ауыл шаруашылығы өнімінің 35% астамын береді. Нарық экономикасы жағдайында, егіншілік өзін-өзі толығымен суғармалы жерлерде ақтайды.

Суару шет мемлекеттерде де кеңінен қолданылады, мысалы: АКШ-та -18,1 (егіншіліктің 11%), Жапонияда - 3,0, Қытайда - 44,5 (46%), Израилде - 0,271 млн га (64%) суармалы жерлер бар.

Суарудың дақыл өнімділігін күрт арттыратыны және оның ауа райына байланыстылығын кемітетінін ескеріп, дүниежүзі мемлекеттері суарылатын жер көлемін бірте-бірте көбейтуде, Мысалы: суармалы жерлер ауданы бүкіл дүниежүзі бойынша XIX ғасырдың басында - 8, ХХ-ғасырдың басында - 40, ХХ-ғасырдың ортасында -100, ал 1980 жылға дейін 210 млн гектарға жеткен.

Суару қажеттілігін климат мәліметтері негізінде дәлелдеу. Суғарудың белгілі бір аудан үшін кажеттілігін тек жауын-шашын мөлшеріне ғана карап дәлелдеу жеткіліксіз. Себебі кейбір аудандарда мол жауын-шашынға өте жоғары булану сәйкес келеді. Сондықтан суару қажеттілігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеу үшін арнайы коэффициенттерді пайдаланған жөн.

Белгілі аймақта анықталған коэффициент мәндері кестеде келтірілген мәліметтерге жакындаған сайын суару қажеттілігі азаяды, ал сол коэффициент мәндері төмендеген сайын, суару кажеттілігі артады.

Суғарудың кажеттілігін физиологиялық тұрғыдан дәлелдеу. Өсімдік ойдағыдай өсіп-дамуы үшін судың төмендегідей негізгі маңыздары бар:

1. Өсімдік клеткасының 60-90% судан тұрады, яғни барлық физиологиялық және биохимиялық үрдістер сулы ортада жүреді. Су фотосинтез үрдісінің негізгі элементі болып табылады:

6СО2 + 6Н2О = С6 НІ2 О6 + 6О2

2. Судың транспирацияға жұмсалуы арқасында, өсімдік температурасының шамадан тыс көтерілуінен сақтайды да, өсу үрдісіне жағдай тудырады.

3. Топырақтағы қоректік заттар суда еріп, ерітінді түрінде ғана өсімдік жапырақтарына және баска органдарына тасымалданады. Ал өте қүрғақ топырақтан коректік элементтерді өсімдік өз бойына сіңіре алмайды.

Суды өсімдіктер негізінен тамыр арқылы топырақтан қабылдайды. Өсімдік тамырының су сіңіру күшін шамамен мына теңдеу арқылы көрсетуге болады: S = О - Т, атм;

мұндағы; S - тамырдың топырақтан су сору күші, атм;

О - клетка шырынының осмостық қысымы, атм;

Т - клетканың тургорлық қысымы, атм.

Фотосинтез үрдісіне қалыпты жағдай тууы үшін тамырдың сору күші топырақтың су ұстап тұру күшінен әрдайым жоғары болуы шарт.

Топырақтың тамыр орналасқан кабатында ауа болмаған, яғни топырақ шамадан тыс ылғалданып, сазға айналған жағдайда да өсімдіктің су сіңіруі күрт нашарлайды, ал кейде мүлдем тоқталады. Себебі, өсімдік тамырының су сіңіруі алмасу адсорбациясы ретінде жүреді. Яғни, тамыр тыныс алғанда канша көлем көмір қышқыл газ бөлсе, шамамен сонша көлем суды өзіне сіңіріп алады. Осыны ескере отырып, суару кезінде топырақтың шамадан тыс ылғалдануы зиянды екенін ескерген жөн.

Өсімдік топырақтан қабылдаған судың 99,8% дейінгі мөлшерін транспирацияға жұмсайды, ал өз бойында тек 0,2% қалдырады. Транспирация өсімдікті катты кызып кетуден сақтайды және оның топырақтан су мен еріген қоректік заттарды сіңіріп қабылдауын қамтамасыз етеді. Бірақ, транспира цияның шамадан тыс үдеуі тиімсіз. Себебі, оның ұлғаюы судың пайдасыз ысырап болуына және өнім төмендеуіне әкеліп соғады. Төмендегі кестеде негізгі ауыл шаруашылық дакылдарының транспирациялық коэффициенттері келтірілген.

Ауыл шаруашылық дақылдары транспирациялық коэффициенттері шамаларынын, әр түрлі болуы олардың биологиялық ерекшеліктеріне негізделген. Ал, жеке-дара алынған бір дақыл коэффициентінің ауытқулары сырткы орта жағдайына және күтіп-баптау деңгейіне көп байланысты.

Мысалы, бидайдың транспирациялық коэффициенті 270-640. Мұндағы "270" бидайдың өсу фак торларының өте жақсы үйлескен жағдайындағы коэффициенті, ал "640" сол факторлардың дұрыс үйлесе алмағандығы белгісі.

Транспирация коэффициентіне топырақ қүнарлылығы да әсер етеді.

Дақыл Ктр Дакыл Ктр
Бидай   270-640   Күріш   395-810  
Жүгері   240-470   Қант кызьшшасы   304-380  
Сорго 240-300 Мақта 365-660

Транспирациялық коэффициенттін күрт жоғарылауы топырақтағы ылғалдың шамадан тыс көп немесе азайған кездерінде де байқалады.

Осы коэффициент шамасы вегетация маусымы барысында да өзгеріске ұшрайды: жапырақ беті ауданы өскен сайын артады, ал өсімдіктің қартаюына байланысты, яғни вегетация соңына карай кемиді.

Ауыл шаруашылық дақылдары танаптарында транспирациямен катар топырак ылғалынын. жер бетінен булануы жүреді. Оның мөлшері егіс бітіктігіне, топырақ ылғалдылығына және физикалық қасиеттеріне, суғару тәсілі мен режиміне байланысты. Судың топырақ бетінен шамадан тыс булануы транспирация үлесін кемітіп, фотосинтез үрдісін нашарлатады, Сол себептен, агротехникалық шараларды жоғарғы деңгейде сапалы етіп жүргізе отырып, суғаруды өсімдіктің су кажетсінуіне сәйкес жүргізу керек.

Судың өсімдік қабылдаған және транспирацияға жұмсалған мөлшерлері ара қатынасы өсімдіктің су тепе-тендігі деп аталады.

Өсімдік тіршілігінде өте колайлы су балансы аз кездеседі. Жаздың аса ыссы күндері топырақтағы ылғалдың жеткілікті болғанына қарамастан жапырақ клеткаларында су жетіспеушілігі (су дефициті) пайда болады. Яғни, өсімдіктің бір тәулікте кабылдаған су мөлшерінен оның транспирацияға жұмсаған суы мөлшері арта бастайды. Жапырақ клеткаларының устицалары ыстық күндері аз ашылып немесе мүлдем ашылмай, су тепе-тендігін бұзбауға тырысады. Бірақ, уақыт өтіп, топырақ кұрғаған сайын, су тепе-теңдігі (өсімдіктің су қабылдауы күрт азаяды) бұзылады. Нәтижесінде оның жапырақтары сола бастайды.

Су жетіспеушілігінен су дефицитінің екі түрі болады: түстік (уақытша) су дефициті және толық су дефициті.

Судың жетіспеушілігі салдарынан солған жапырақтар кешке немесе таңертеңге карай калпына келсе, ондай су дефицитін түстік деп атайды. Ал, егер бір күн бұрын солып қалған жапырақтар келесі күні таңертең дұрыс калпына келмесе, толық су дефицитінің болғаны, яғни суарудың едәуір кешіккені.

Түстік су дефициті кейде топырақта ылғалдың жеткіліктілігіне карамастан, ауа құрғақтығы салдарынан да болады. Сондыкган оны қайтымды су дефициті деп атайды.

Толық су дефициті суғару нәтижесінде орнына келгенімен, өсімдік өнімділігін төмендетеді. Сондықтан, суарудың белгіленген кажетті мерзімдерде сапалы жүргізілуі басты шарт болып табьшады.

Суару түрлері. Суару жүргізілуі мақсатына және мерзіміне, ауыспалы егіс дақылдарын камту деңгейі мен су көзіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Суарудың жүргізу мерзіміне байланысты болатын негізгі түрлері:

- вегетациялык суарулар. Оларға ауыл шаруашылығы дақылдары вегетациксы кезінде жургізіле тін әр түрлі мақсаттағы суарулар жатады;

- вегетациядан тыс суғарулар. Оларға вегетациядан тыс мерзімде жүргізілетін суарулар жатады. Мысалы топырақта мол ылғал қорын жасау, арам шөп тұқымын жер бетіне өндіріп алып жою және топырақ құрамындағы артық тұзды жуып-шаю суарулары.

Вегетациялық суғарулар мақсатына, яғни не үшін жүргізілетініне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: - бекітуші суару. Суғарудын бұл түрі көкөніс көшеттерін отырғызу барысында немесе одан кейін, оларды топыраққа ойдағыдай бекітіп, онымен жаксылап үйлесуін камтамасыз ету максатында жүргізіледі. Суару нормасы 50-150 м3/га шамасында болады. Себебі шамадан тыс үлкен норма зиян шектіруі мүмкін;

- тұқым өндіруші суару. Бұл суғару өте құрғақ топырақка себілген тұқымдардың мезгілімен және біркелкі өніп шығуын камтамасыз ету мақсатында жургізіледі. Судың топырақты шайып, себілген тұқымдарды танап сыртына ағызып кетпеуі үшін, суару нормасы 300 м/га аспауы шарт. Жаңбырлатқыш қолданылған жағдайда суару нормасының мөлшері 50-150 м3/га шамасында болғаны жөн. Ол үшін аз нормамен суды бәсең жаңбыр түрінде жиі-жиі бүркіп тұрады. Мұндай суаруды түнде және таңертең жүргізген пайдалы;

- ылғалдандырушы суғару. Бұл вегетациялық суарудың ең негізгі және кен тараған түрі. Оның алғашқы мақсаты - өсімдікті сумен қамтамасыз ету. Ылғалдандырушы суғарудың вегетация кезіндегі саны дақыл түріне, ауа-райына, суғару тәсіліне және басқа жағдайларға байланысты бір ретген 10-15 ретке дейін жетеді;

- қоректендіруші суғару. Бұл суғарудың негізгі мақсаты өсімдікті өсіп-даму барысында сумен бірге коректендіру, яғни суғарумен бірге тынайтқыштарды ерітіп беру;

- дамылдандырушы суғару. Ол ауанын қатты кызып, ылғалдылып күрт төмендеген мезгілдерде, фотосинтезге қолайлы жағдай туғызу максатында жургізіледі. Осы мақсатта суды жанбырлату тәсілімен берген тиімдірек;

- үсікке карсы суару. Бұл суғару ауаның төменгі қабаты температурасы бірден төмендегенде (0-2°С), тсмпературасы 18-20°С суды тұмандатып немесе жаңбыр түрінде беру, әдісі өсімдікке зиянды үсік едәуір кемитіндігіне негізделген.

Вегетациядан тыс жүргізілетін суғаруларды мынадай түрлерге бөлуге болады:

-ылғал қорын молайту үшін суғару. Суғарудың бұл түрі негізінен топырақтың 1-1,5 метр каба тында, өсімдікке кажетті ылғалдың мол корын жинау максатында, күзде жерді жыртар алдында не месе одан кейін жүргізіледі. Топырақ шамадан тыс құрғап кеткен кезде суды жер жыртар алдында 10 күндей бұрын береді. Ол үшін топырақты алдын-ала қопсытып алған жөн. Жер жыртар алдында суару су арамшөпттердің қаулап өсуін туғызады да, олармен тиімді түрде күресуге мүмкіндік береді.

Көп жағдайларда, жер жыртқаннан соң ылғал корын молайту үшін суаруды сол топырақ тұзын жуып-шаюмен бірге жүргізеді.

Табиғи жайылым мен шабындық орналасқан жерлерде: мол ылғал қорын жасау үшін еріген кар және жаңбыр суын жинап, топыракка сіңуіне мүмкіндік туғызады;

-топырақты жуып-шаю суаруы. Бұл суару топырақты сортандығынан арылту максатында жүргізіледі. Ол үшін жерді алдын-ала жыртады және тегістейді. Топырақты жуып-шаюдың қолайлы мезгілі - жер асты суы қайтқан кезі, яғни күз және қыс айлары;

- тұкым себу алдындағы суғару. Бұл суғарудың терең ылғалдандырып суарудан біршама айырма шылығы бар олар: тұқым себерден 6-10 күн бұрын топырақ ылғалдылығын арттыру үшін жүргізілуі және бір гектарға берілетін су мөлшері 500 м3/га-ден аспауы.

Су көзінен алу, тасымалдау әдістеріне карай суғарудың мынадай түрлері бар:

1. Судың өздігінен ағып келуі арқылы суару.

2. Механикалык күш арқылы суару.

Бірінші жағдайда, суғаруды жүргізу үшін су көзі суғарылатын танаптан жоғары орналасуы кажет. Сонын арқасында су өздігінен ағып келіп танаптарға таратылады. Ал, су көзі суарылатын танаптан төмен орналасса (көл, су коймалары), суды егістікке көтеру үшін механикалық күш қажет болады. Ол үшін насостар пайдаланылады, олардың көмегімен суды танаптың ең биік нүктесіне жеткереміз де ары карай егістікке таратамыз.

Суғару режимі және оның элементтері

Суару режимі деп, суару мерзімдерін, санын және нормасын айтады. Баска сөзбен айтканда, белгі лі бір дақылдың суару режимі -сол дақылды неше рет, қандай мерзімде және қандай нормамен суару кажет екендігін білдіреді. Мысалы,төменде күздік Алматы облысында күздік бидайға арналған суару режимі беріліп отыр (-кесте).

-кесте Алматы облысында күздік бидай суғару режимі

Суғару саны Сүғару нормасы, м/га Суару мерзімдері
маусымдык бір ретте  
5V, І6V, 25V.

Суару режимін мынадай түрлерге бөлуге болады:

Жоспарлық суару режимі электрондық есептеу машинасы көмегімен болжанған ауа-райы мәлі меттері негізінде келесі жылға ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жұмыстарын жоспарлау үшін аныкталады.

Эксплуатациялық суару режимі деп, ағымдағы жыл жагдайына сәйкестендіріліп жүзеге асырыл ған нақгы суғару режимін айтады.

Өндіріске енгізілетін суғару режиміне төмендегідей талаптар қойылады:

ауыл шаруашылық дакылының биологиялык. ерекшеліктерін және агротехникалык шараларын ескере отырып, оларды кажетті су мөлшерімен вегетация кезеңінде камтамасыз ету керектігі;

топыракты нашарлатпай, керісінше оның су, ауа, қоректік, жылу және түз режимдерін өсімдік талаптарына сәйкес өзара үйлесімдігін қамтамасыз ету кажеттілігі;

судың танапка шамадан тыс беріліп, топырақ сорттандануына, саздануына және эрозияға ұшы рауына жол бермей, оның құнарлылығын арттыру мүмкіндігін туғызу керектігі;

сушыларды, суару техникасын тиімді пайдалана отырып, әр текше метр суға шаққанда ауыл шаруашылық дақылдары өнімділігін арттыру қажеттілігі.

Суару режимі элементтері. Суару режимінің төмендегідей өзара тығыз байланысқан элементгері белгілі:

1. Егістіктің маусымдык су тұтынуы.

2. Маусымдык суару нормасы.

3. Суару нормасы.

4. Суару саны.

5. Суару мерзімдері.

6. Суару кезеңі.

7. Суаруаралық кезеңдері.

8. Маусымдық суару кезеңі.

9. Гидромодуль.

Суару режимінің осы элементтерін білмейінше және олардың шамаларын өсімдік биологиясы мен танаптардың табиғи жағдайларын ескере отырып дұрыс белгілемейінше, суару жұмыстарының тиімді болуы мүмкін емес.

Наши рекомендации