Сатып алу – сату келісім – шарты

АЗАҚСТАН РЕСПКУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Автомобиль көлігі» кафедрасы

К.Б.Шақтаев, М.А.Жайлаубеков

«КӨЛІКТІК-ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НЕГІЗДЕРІ»

ПӘНІ БОЙЫНША

5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»,

5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды

Ұйымдастыру»

Мамандықтарының студенттері үшін

Практикалық (семинарлық) сабақтар мен СӨЖ орындауға арналған

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Қарағанды 2012
№1-практикалық сабақ

Сатып алу – сату келісім – шарты

Сабақ мақсаты: Сатып алу-сату келісім-шартына отыру тәртібін және оның мазмұның зерттеу.

Сабақ мазмұны: Келісім-шарттар түрлерін зерттеу.

1 Сатып алу-сату келісім-шартының жалпы сипаттамасы

Жүкті жеткізуге байланысты көлік-экспедициялық операциялар көлемі мен құрамы, осы жүкті тасымалдау барысында заттай бейнелейтін нақты тауарды сатып алу-сату келісім-шарты мазмұнымен және шарттарымен анықталады. Сондықтан келісім-шартты жасау сатысында да көлік түрін, базистік жеткізу шартын таңдау, ыдыс пен орама сипаты, сатушының жазбаша ұсынысына офертаны немесе сатып алушы сұранысына (тапсырысына) енгізу үшін тауарды қабылдау және тапсыру бойынша экспедитор консультациясының маңызы зор.

2 Сатып алу-сату келіәсім-шартын жасасу

Сатып алу-сату келісім-шарты тауарды жеткізуге коммерциялық мәміленің және егер қажет болса, тауарға теңестірілетін қатар келетін қызметтер анағұрлым кең тараған нұсқасы болып табылады.

Келісім-шарт, екі тарап – сатушы мен сатып алушы – сауда мәмілісінде оның барлық маңызды шарттары бойынша келісімге қол жеткізілген болса, жасалынған деп саналады.

Сатып алу-сату келісім-шартының міндетті түрде және маңызды шарты тауарды иелену құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысуы болып табылады. Жеке меншіктің ауысу тұрғысынан тауарлар сипаттамаларын бөлуде негізгі аспектілердің бірі – бұл оларды жекелендіру мүмкіндігі (иесіздік сусымалы, қолдағы және үйілмелі жүктерге тән). Тауарды жекелендіру – сатып алу-сату келісім-шартының түйінді мәселесі. Жалпы ережелер бойынша жекелендірілмеген тауар меншігі (тек тектік белгілерімен ерекшеленетін) сатып алушыға тек тауарды жекелендіру моментінде, жеке алғанда жүк түсіру кезінде ғана көшеді. Мысалы, егер мұнай бірнеше рет сатып алу үшін ірі танкермен тасымалданатын болса, нақты сатып алушыға тиісті бөлігін бөліп алу мүмкін емес. Алайда жүк түсіру кезінде сатып алушы өзінің бөлігін алып кетеді және тауар жекелендірілген болады.

Жекелендірілген, яғни жеке тапсырылған немесе сериялы, бірақ белгіленген тауарлар жағдайы үшін меншік құқығын ауыстыру сатып алушыға келісім-шарттағы тараптар бойынша шарттасқан моментте жүреді.

Келісім-шартта (немесе кез келген халықаралық сауда мәмілесінде) келісім-шарт тараптарының қайсы екені дәл анықталуы тиіс:

-тасымалдауды ұйымдастыру бойынша міндеттеме қабылдайды;

-тауардың бір пункттен екіншісіне ауысуын төлейді;

-егер жоғарыда атаған операциялар орындалмаған болса, қауіп төндіреді;

-тасымалдау кезінде тауарды жоғалтқан немесе зақымдаған жағдайда қауіп төндіреді;

-салық, кедендік, банктік, пошта-телеграф шығындарын және басқа -алымдарды төлейді.

Сонымен қатар сатып алу-сату келісім-шартында міндетті түрде сатушыдан сатып алушыға тауарды меншіктеу құқығы қайда, қашан және қандай түрде ауысатыны көрсетілуі тиіс.

3 Сатып алу-сату келісім-шартының түрлері және ерекшеліктері

Сауда практикасында сатып алу-сату келісім-шартының келесі түрлерін ажырату қабылданған.

Бір реттік жеткізу келісім-шарты (бір реттік келісі-шарт) – бір жолғы келісім (мәміле), ол өнімді белгіленген күніне қарай немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жеткізуді қарастырады.

Келісім-шарттың осы түрі бойынша жеткізу белгіленген мерзім ішінде бір немесе бірнеше рет жүргізіледі. Қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша тараптар арасындағы заңды қатынастар мен жеке келісім-шарт тоқтайды.

Бір жолғы келісім-шарттар қысқа немесе ұзақ орындау мерзімі ішінде жасалуы мүмкін. Қысқа жеткізу мерзіміндегі келісім-шарттарда (шикізат және азық-түлік тауарларының жеке түрлері) мерзімдерін нақты (белгіленген күні, уақыт мерзімін) немесе белгілемей (мысалы, өнімін алғаннан кейін, кідірместен, навигацияны ашқаннан кейін және т.б.) қоюға болады. Ұзақ жеткізу мерзіміндегі келісім шарттар, ережеге сай, кешенді және күрделі жабдықтарды, көлік құралдарын және т.б. жеткізу үшін жасалады. Мұндай келісім 3-5 және одан көп жылға жасалуы мүмкін.

Мерзімді жеткізу келісім-шарты – келісім шарттарында бекітілген мерзім бойы белгілі бір тауар көлемін немесе партиясын ұдайы мерзімді жеткізуді қарастыратын келісім. Ережеге сай, бұл өнеркәсіптік шикізат пен жартылай фабрикаттарды – көмірді, мұнайды, табиғи газды, руданы, целлюлоза-қағаз өнімін, азық-түлікті жеткізу. Қысқа мерзімді (әдетте 1 жыл мерзімімен) және ұзақ мерзімді (5-10, кейде 15-20 жыл мерзімімен) келісім-шарт болып бөлінеді.

Кешенді жабдық жеткізу келісім-шарты – көп түрлілігімен, анағұрлым күрделі мөлшерімен, сатушы мен сатып алушы міндеттерін тұжырымдауда түрлі шарттарының көптігімен, күрделілігімен, сатушы міндеттерінің кеңейтілген тізімімен ерекшеленетін жинақтағы тауарды жектізу келісімі.

4 Сатып алу-сату келісім-шартының мазмұны

Халықаралық саудада сатып алу-сату келісім-шартының үш маңызды ерекшеліктері бар:

-келісім-шарт тараптары ретінде түрлі елдердің заңды тұлғалары болып табылатындықтан,келісім-шартта таластар қайда және қай заң бойынша сатушы,сатып алушы елінде немесе үшінші елде және елінің заңы бойынша қарастырылатыны анықталуы тиіс;

-халықаралық сатып алу-сату келісім-шартын орындау,тауарды шекарадан өткізу осыған орай, келісім-шарт тараптары транзит жүзеге асырылатын сатушы,сатып алушы елінің және егер қажет болса,үшінші елдің кедендік заңын тұтастай білуі ,ескеруі және қатаң орындалуы , кедендік баж бен салықтардың төлеуі , қажетті кедендік құжаттарды ресімдеу тиіс екенін болжайды;

-мәміле халықаралық сипат алатындықтан, тараптар келісімге келуі және келісім-шартта тауар бағасы валютасын айқын анықталуы тиіс:сатушы, сатып алушы валютасы немесе үшінші елдің еркін конверсияланатын валютасы.

Халықаралық сатып алу-сату келісім-шарты келесі негізгі баптардан тұрады:

1.Анықтама мен терминдер

2.Келісім-шарт тақырыбы мен обьектісі (тауар атауы мен көлемі)

3.Жеткізу мерзімі мен орны

4.Жеткізудің базистік шарттары

5.Жеткізу бағасы мен жалпы құны

6.Шегерулер мен жеңілдіктер

7.Төлем шарттары,мерзімдері мен тәртібі (өзара есептеулер)

8.Валюта қауіптері.

9.Тауарды тапсыру-қабылдау тәртібі

10.Тауар сапасы мен санын анықтау тәсілдері .

11.Көліктік шарттар.

12.Сақтандыру шарттары.

13.Меншіктеуді ауыстыру шарты (титул)

14.Бақылау мен инспекциялар.

15.Кепілдіктер мен сервистік қызмет көрсету шарттары.

16.Келісім-шарт бөлістері мен жауапкершілік шарасы.

17.Шағым және санкция тәртібі.

18.Таластарды шешу тәртібі.

19.Игерілмейтін күш жағдайы (форсмажор)

20.Қолданылатын құқық және келісім-шартты талқылау.

21.Тараптардың заңды мекендері және банк реквизиттері .

22.Сатушы және сатып алушы қолдары.

Сатып алу-сату келісім-шарты тараптары-сатушы мен сатып алушы (экспортер мен импортер) –келісім-шартпен белгіленген нақты міндеттемелер алады.

Сатушының негізгі міндеттері:

-тауарды жеткізу;

-оған жататын құжаттар мен тауарды меншіктеу құқықтарын беру болып табылады.

Сатып алушының негізгі міндеттері:

-тауар құнын төлеу;

-жеткізілген тауарды қабылдау;

Сатушы мен сатып алушы міндеттері үшін жалпы ережелер:

-шығындарды есептеу тәртібі,ұғымы және тараптардың бірінің міндеттерін бұзу ықтималдығы кезінде олардың орнын толтыру;

-түрлі жинақ,салықтар,баж төлеу тәртібі;

-төлемнің мерзімі өткен сондай-ақ басқа міндеттердің бұзылуы кезінде санкциялар;

-көлік және валюта қауіптері;

-өнімдерді сақтандырудың ерекше шарттары;

-жауапкершіліктен босату принциптері;

-міндеттерін орындауды тоқтату құқығы;

-келісім шартты мерзімінен бұрын бұзу тәртібі;

Келісім-шарт мазмұны бойынша тараптар арасында туатын таластарды арбитражды немесе басқа сот шешеді, ол келісім-шарт бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін ,сондай-ақ олардың жауапкершілік көлемін анықтайды.

Әдетте келісім-шартты заң саласында білімі мен келісім-шарттық жұмыста практикалық тәжірибесі бар маман дайындайды.Бірақ заңгер тек келісім-шарттың сыртын (жалпы ережелер,құқықтық ережелер) ғана рәсімдей алады,ал келісім-шарттың тақырыптық бөлігі,техникалық аспектілері мен шарттары шарттары және т.б. берілген өнім сипаттамаларын , тасымалдау мәселелерін жақсы білетін мамандар саласы болып табылады. Сондықтан келісім-шарт құрастыруға түрлі бейіндегі мамандардың қатысуы қажет.

Келісім-шарт тақырыбы мен обьектісі.Келісім-шарт тақырыбы-бұл жасалатын мәміле типі мен шартының сипатын анықтайтын әрекет немесе әрекеттер жиынтығы (мысалы,сатып алу,сату,жалға беру,комиссия,кепілдік және т.б.)

Келісім-шарт обьектісі –тауар ,нақты жұмыстар немесе қызметтер жасау. Тауардың атауын Халықаралық тауар номенклатураларында қабылданған Бірыңғай тарифтік-статистикалық жүктер номенклатурасында және көлік салалары тарифтерінің номенклатураларында қабылданғанмен салыстыру қажет.

Өнім немесе тауар түрі келісім-шарт түрін ғана емес, құқықтық регламенттеуді анықтау кезінде де маңызды,мысалы жеңілдіктер алу, баж және жинау көлемдерін бекіту және т.б. кезінде маңызды.

Әр текті тауарлардысату кезінде (жабдық,оған қосалқы бөлшектер) келісім-шарт қосымшасында келтірілетін сипаттау құжатына сілтеме жасайды. Осы кезде барлық қосымшалар келісім-шарттың бөлінбес бөлшегі болып табылады. Сипаттау құжатында тауардың әрбір атауы бойынша орын саны, бір орын мөлшері мен массасы, орау түрі, жалпы жеткізу көлемі келтіріледі. Келісім-шартта тауардың көліктік сипаттамалары максимум толық және дәл келтірілуі маңызды. Осы шарттың бұзылуы КҚ толық жүктемеуге және КҚ барлық партияны орналастырудың мүмкін еместігіне байланысты айтарлықтай шығындарға, жүк бөлмелері мен КҚ жабдықтарының жүктің сақталып тасымалдану шарттарына сәйкес келмеуіне және т.б. әкелуіне мүмкін.

Тауар қасиеттерінен және оны тасымалдану шарттарынан шыға отырып тауарды орау талаптары да анықталады.

Тауар саны (масса).Тауар саны (массасын) анықтау үшін әр түрлі өлшеу бірліктерін қолданады:

- таразы жүйесіне сілтеме берілген таразы шамалары (метрикалық, ағылшын – американдық және басқалары);

- ұзындық пен көлем шамалары (метрикалық, ағылшын – америкалық, орман материалдарына арналған ағылшындық, мұнай өнімдеріне арналған баррельдер);

- белгілі салмақтағы будалар саны (мақта, жүн және т.б. үшін);

- бірліктер саны (автомобильдер, контейнерлер және т.б.);

- белгілі ораудағы тауар саны.

Тасымалдау құралдарының жүк көтергіштігі мен жүк сыйымдылығын анағұрлым толық пайдалану мақсатында экспедиторға массалы шикізат және азық-түлік тауарларын жеткізу келісім-шартына «жуық» ескертуін енгізуді талап ету қажет («1...3% ауытқуға жол беріледі» немесе «+5.-7% ауытқуға жол беріледі» деп түсінеді). Осындай ескертулер саудада арзан жүктермен салыстырғанда оларды теңіз арқылы бүтіндей кеме партияларымен жеткізу кезінде мақсатты. Сауда практикасы, жүк көтергіштігі тауардың қандай да бір нақты санына тура сәйкес келетін кемені таңдау анағұрлым қиын түсетінін ескереді.

Егер тауар саны тоннамен берілген болса, келісім-шарт мәтінінде кейде жеткізілетін тауар санына ыдыс пен орама енетін-енбейтінін анықтаған жөн. Осыған қатысты келесі ескертулер қабылдануы мүмкін:

- «брутто массасы» - іштей (оны тұтынғанға дейін тауардан бөлінбейтін) және сырттай (ыдыспен) оралған тауар массасы;

- «таза салмақ массасы» - ыдыссыз және ораусыз тауар массасы;

- «таза салмағы үшін брутто массасы» - ыдыс массасы тауар массасының 1...2% аспайтындай құрайды, ал ыдыс бағасын ескермейді (қағаз қаптар, полиэтилен пакеттер);

- «жарты брутто» - сыртқы орау массасы шығарылған брутто массасы;

- «жарты таза салмағы» - тауардың таза салмағы мен ішкі бастапқы орау массасы.

Тауар сапасы.Сол бір тауар оның сапасына байланысты қауіпсіз де, қауіпті де, басқа тауармен тасымалдауға үйлесетін немесе үйлеспейтін жүк болып шығуы мүмкін. Экспедитор тауар сапасына қызығушылық танытуға және сараптама растаған сапа сертификатын көрсетуді талап ету міндетті. Тауар сапасын үйлестірудің түрлі тәсілдері қолданылуы мүмкін:

- стандарт бойынша. Тауар сапасын үйлестірудің осындай тәсіліне сәйкес массалы тауарлардың көпшілігін (металл, дән, каучук) сатып алады. Бұл жағдайда келісім-шартта стандарт номерін, оның басылған жылын және дайындаушы ұйымын көрсетеді. Стандартты үкіметтік орган, экспортерлер қауымдастығы немесе ірі өндіруші-компаниялар дайындауы мүмкін;

- техникалық шарттарға. Техникалық шарттарды әдетте жекелеген тапсырыстар үшін құрастырады. Оларда бұйымның техникалық сипаттамасы, оны дайындаған материла, сынау жүргізу әдістері анықталады;

- спецификациялар. Ережеге сай, спецификацияны күрделі объектілерді немесе өнімдерді сату кезінде құрастырады, ол түрлі өзгерістермен шығарылады және сатылады (орамдар өлшемдері мен массалары, қағаз тығыздығы және т.б.);

- алдын ала тексеру. Тауар сапасын үйлестірудің осындай тәсілін әдетте тауарларды аукциондарда сатып-алу-сату кезінде қолданады;

- пайдалы (зиянды) заттар мөлшері бойынша. Қара және түсті металл кендерін сату кезінде олардың көлемі – металдың пайыздық мөлшері ретінде, ал көмір сатқан кезде – зиянды заттар (күкірт, күл) мөлшері бойынша келісіледі.

Тауарларды сату кезінде көбінесе «берілген сапасы бойынша» («tell quell») қолданады. Тауарды «берілген» сапасы бойынша сату сатушы экспедиторын жолда тауар сапасының төмендеуіне жауапкершілікке қатысудан құтқатарады. Сатып алушы экспедиторы сапасы тиісті емес тауар алу қаупінің мүмкіндігі туралы өз клиентіне ескертуге міндетті.

Жеткізу бағасы және жалпы құны.Тауар бағасын көрсеткен кезде келісім-шартта өлшеу бірлігі көрсетіледі (т, м3, шт.). Қажетті жағдайларда негізгі заттың (кен, химикалии) немесе зиянды қоспалардың базистік мөлшері, ылғалдылығы көрсетіледі. Кең ассортименті тауарларды жеткізу кезінде спецификацияда тауардың әр түрі бойынша бағасын бөлек көрсетеді.

Тауар бағасы экспортер, импортер елінің валютасымен немесе еркін конвенцияланатын валюталардың бірімен бекітіледі. Еркін конвенцияланатын тауарды таңдау берілген тауармен саудаласу дәстүрлерімен анықталады. Тауар бағасы келісім-шартта түрлі әдістермен бекітіледі, нақты алғанда:

- нақты бағасы келісім-шартқа қол қою кезінде бекітіледі және келісім-шарттың барлық мерзімі ішінде өзгеріссіз әрекет етеді;

- одан әрі бекіту арқылы бағасы әрбір партияны жеткізер алдында немесе әрбір күнтізбе жылы басталар алдында келісіледі (ұзақ мерзімді келісім-шарттар кезінде);

- икемді баға келісім-шартта бекітілген мөлшерлеме болып табылады, егер жеткізу моментіне қарай нарықтықбағасы базистіктен келісім-шартта бекітілген ұйғарымды шектен асатын шамаға (әдетте ±2-5%) ауытқитын болса, ол нақты партияларды жеткізу кезінде өзгеруі мүмкін;

- сырғымалы баға шығындардың (шикізат, отын, жалақы) негізгі баптары бойынша өндіруші шығындарының өзгеруінен және өнімнің өзіндік құнында осы баптардың әрқайсысының үлесіне шыға отырып анықталады; осы кезде тауар өндірісінің өзіндік құнының өзгеруін ескере отырып, тауар бағасының түзелуі жүреді. Кейде шығындар құбылысының ұйғарылған шегін бекітеді, оның шеңберінде бағаны түзету тек бір негізгі фактордың өзгеруін ескере отырып (мысалы, кемелер салу кезінде металл бағасы) жүргізілмейді немесе бағаның бір бөлігі келісім-шартты жасасқан кезде нығыз бекітіледі, ал сырғу коэффициенті бағаның қалған бөлігі үшін ғана есептеледі. Сонымен қатар бағаны түзету келісім-шарттың алғашқы әрекет ету кезеңі ішінде ғана мүмкін болады (мысалы 6 ай); осы кезде жеткізуші ұйым осы кезең ішінде тапсырысты орындау үшін барлық қажетті заттарды сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Жүктерді тасымалдау, қайта жүктеу және сақтандыру бойынша шығындар енетін база ретінде жаппай өндіру тауарлары бойынша келіссөздер үшін арнайы басылымдарда жарияланатын анықтамалық бағаларды немесе биржалық баға кесімін, аукциондардың, нақты мәмілелердің бағаларын немесе ірі сатушы-ұйымдардың ұсыныстарын пайдаланады.

Нақты клиентермен келіссөздер процесінде экспортер базалық мөлшерлемеге жеңілдіктер жүйесін қолданады, олар тауардың түпкілікті бағасын анықтайды: анықтамалық бағадан стандарттық жеңілдік, сатып алудың белгілі бір өлшеміне жеткен кезде бонустық жеңілдік, тауарды рынокқа жылжытқаны үшін дилерлік және мерзімдік жеңілдіктер.

Стандартты емес жабдық түрлерін жеке өндірілетін басқа тауарларды жеткізу кезінде есептік бағаларды пайдаланады. Қауіп төнуін болдырмас үшін бағаны анықтау моментінде тауар бағасының құрылымын айқын түсіну қажет. Осы мақсатта түрлі жағдайларда бағаның үш түрін қарастырады: сыртқы сауда, базистік және нақты.

Сыртқы сауда бағасы – бұл тауар бағасы, сол бойынша сыртқы сауда ұйымы оны рынокта жүзеге асырады.

Базистік баға – бұл берілген тауардың сыртқы сауда бағасын анықтау кезінде база ретінде қабылданатын тауар бағасы. Оны халықаралық саудада баға индексін ескере отырып, келісім-шартта бекітілген жеткізудің базистік шарттары негізінде және тауарлардың жеке түрлері бойынша есептейді және шот-фактурада көрсетіледі (invoice price).

Нақты бағасы – бұл, тауарды алу және сатып алушы қоймасына жеткізу бойынша сыртқы сауда мәмілесін орындау кезінде нақты төленген баға. Жеткізудің базистік шартына байланысты нақты бағаға тауарды тасымалдау, ПРР, сақтандыру, экспортты-импорттық және сатушы елінде, транзит елінде және сатып алушы елінде басқа төлемдер бойынша қосымша шығындар енуі мүмкін.

Төлем шарттары, мерзімдері және тәртібі (өзара есептеулер). Келісім-шартта тараптар төлем валютасына, төлеу тәсіліне және өзара есептесу түрлеріне келісім жүргізуі керек. Төлем валютасы әрқашан валюталық бағамен сәйкес келе бермейді. Бұл жағдайда келісім-шартта тараптар, қандай валюта рыногының курсы (экспортер, импортер елдері немесе үшінші ел) пайдаланылатынын көрсетеді. Әдетте төлем елінде әрекет ететін курсты пайдаланады. Төлем құралын (телеграфтық немесе поштамен аудару) және қандай курс қолданылатын: сату, сатып алу немесе олардың арасындағы ортаншы курсты бекітеді.

Сатып алу – сату келісім-шартында төлем мерзімін нақты күнмен немесе сатушы сатып алушыға тауарды жеткізу немесе оны түсіру туралы хабарланғаннан кейін көрсетілген күндер саны арқылы анықтайды.

Әлемдік сауда практикасында ақшамен және ақшасыз есеп айырысудың әр түрін қолданады, алайда экспортер мен импортер арасындағы Ресей Федерациясында әрекет ететін заңға сәйкес өзара есеп айырысуға тек ақшасыз түрде жол беріледі және төмендегілер жүргізіледі:

- ашық шот бойынша;

- банктік аударыммен;

- чекпен(атаулы, ордерлік немесе ұсынушы);

- қарапайым немесе аударым векселімен;

- аккредитивпен.

Ашық есеп бойынша есептесулер экспортердің импортерге тауарды тарату құжаттарын, банкті айналып өтіп, ұсынудың және импортердің экспортерге тиісті төлем сомасын тараптар келісімі бойынша бекітілетін мерзімде ашық шотқа төлеуін болжайды (әдетте ай сайын, тоқсан сайын және жарты жылдық сайын). Ашық шот бойынша есептеулер коммерциялық кредит түрінің бірі болып табылады.

Ашық шотқа кері, – аванстық есептесу түрі – өзара есептесу түрі де бар – төлем әдісі, онда сатып алушы ақшалай қаражатты аванспен, тауар алғанға дейін аударады. Сатушы бұл жағдайда бір мезгілде ақшаны да, тауарды да бақылай алады. Ашық шот сатушының сатып алушыға сеніміне негізделеді, аванстық есептесу түрі сатып алушының сатушыға сеніміне негізделеді.

Есептеудің осы екі түрін де әдетте тұрақты серіктестер арасында немесе қалыптасқан дәстүрге қарай пайдаланады.

Есептеудің инкассалық түрі ашық шотқа қарағанда, тауарларды ақшаға айырбастауды анағұрлым мұқият бағалауға мүмкіндік береді.

Сатып алущыға алдағы төлем үшін осы құжаттардың бар екенін хабарлайтын сатушы банкі оның құжатарын (коммерциялық шот-фактуралар, орау парақтары, коносаменттер) жібергенге дейін сатушы тауарларды бақылауды жалғастырады.

Сатып алушы банкі сатып алушыға тиелетін және тауар тарататын құжаттарды тек төлем немесе келісілген мерзімде төленгені туралы тапсырыс түскен кезде ғана жібереді.

Экспортер мен импортерден басқа инкассалық операцияға екі банк қатысады: инкассалық тапсырманы қабылдаған және инкасса беруші агенті ретінде атқаратын банк және оның тілшісі – тапсырма орындайтын (инкассалайтын) банк.

Сатып алу-сату келісім-шартында осы банктің атауы, құжаттар төлемінің мерзімі көрсетілуі және инкассо бойынша шығындарға байланысты шығындар кімнің шотына жатқызылуы тиіс екені көрсетілуі тиіс.

Инкассалық операциялар барысында банктер импортердің тиісті төлем жүргізуіне қаржылық жауапкершілік алмайды және осыған байланысты өз ресурстарын жұмылдырмайды. Банктер сонымен қатар тауар құжаттарының тиелген тауардың сапасы мен саны туралы келісім шарттарына сәйкес келуіне жауапкершілік алмайды.

Инкассалық есептесу түрінің кемшіліктері, импортер тауар құжаттарын сатып алудан бас тартумен немесе тауар құжаттарын банк-тілші алған уақытқа қарай төлеуге қабілетсіз болып шығуымен шектеледі. Осылайша, тауар құжаттарын сатып алмау қаупі айқын. Мысалы, рынок конъюнктурасының өзгеруі салдарынан тауарды сатып алу импортер үшін тиімсіз болды, нәтижесінде тауар үшін төлем жүргізілмеген, бұл экспортерге шығын келтіреді.

Инкассалық түрінің қалыпты әрекет етуінің маңызды шарты сатып алушының сенімділігі және оныі коммерциялық атағы болып табылады.

Есептеудің анағұрлым кең таралған түрлерінің бірі аккредитив арқылы төлем немесе құжаттық аккредитив болып табылады.

Аккредитив– бұл, бірінші жағынан, импортердің (бұйрық берушінің) өз елінің банкіне (банк-эмитентке) аккредитивте көрсетілген шарттармен экспортер – тұлғаға (бенефициарға)аккредитивте беогіленген белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы төлемдік тапсырма, екінші жағынан – импортер елінің банк-эмитентінің экспортер елінде банк-тілшіге (делдал банкке) соңғысына аккредитивте көрсетілген төлемді аккредитивте келісілген құжаттарды экспортер оған ұсынуға қарсы жүргізу тапсырмасы.

Осылайша, тауарлық аккредитивтік операцияда мимимум үш адам қатысуы керек:

- банкте аккредитивті біреудің пайдасына ашатын тұлға, - импортер(бүйрық беруші);

- аккредитив ашылатын банк (эмитент);

тұлға пайдасына ашылатын аккредитив, - экспортер (бенефициар).

Егер аккредитив бойынша төлемді банк-эмитент емес, басқа банк, мысалыэкспортер елінде банк-эмитент тілшісі жүргізетін болса, онда аккредитивтік операцияға орындаушы банк немесе делдал банк деп аталатын төртінші тұлға қосылады. Аккредитив бір серіктестің екінші біреуіне несиені алмастыру жолымен және сатып алушының несиеге және коммерциялық банк-эмитентінесену арқылы төлемдерді жүзеге асыруға кепіл береді.

Аккредетив рәсімдеуші қаржылық ұйымдар аккредитивте келісілген құжаттарды ұсынған экспортерге төлем ақысын төлеуді жүзеге асыру үшін құрылады.

Төлемдер қаражаты ретінде тауар және фрахтыны сатып алу үшін қолдағы ақша мен ақша аударымдарынан басқа чек және вексель болуы мүмкін.

Чек – чек берушінің банкке чекте көрсетілген соманы белгілі бір тұлға немесе чекті тапсырушыға банкте бар қаражат есебінен төлеуін міндеттейтін бұйрығы. Чектер атаулы, ордерлі және көрсету болып бөлінеді.

Атаулы чек белгілі бір тұлғаға беріледі және әдетте басқа бір тұлғаға жазбаларды тапсыру жолымен беріле алмайды.

Ордерлі чек қолдан қолға атаулы немесе бланктік тапсыру жазбаларын ұсыну жолымен беріле алмайды, ол вексельде, сонымен қатар, чектің екінші бетіне жазылады.

Көрстеу чегі қолдан қолға ешбір тарату жазбаларынсыз қарапайым түрде ұсыну арқылы өткізілді.

Көрсету чегінің бір түрі болып кросталған чек табылады, яғни, ол екі қызыл сызықпен диагонал бойынша көлденеңнен сызылады. Мұндай чектер банктер арқылы төленбейді және бұл чекпен чекті сақтаушының жоғалтуы немесе алаяқтардың осы чек арқылы ақша алуынан сақтандырады.

Сыртқы сауда айналымындағы ең маңызды несие құжаттарының бірі болып вексель табылады.

Вексель – бұл сөзсіз заңды түрге ауысқан ақшалай міндеттеме. Вексель түрінде берілген міндеттеме үшінші тұлғаға қатысты абстрактты және даусыз болып табылады. Вексель бойынша төлемдер вексельді міндеттілер үшін міндетті, нақты экономикалық, сауда, несиелік қатынастарға және басқа да келісімдерге тәуелсіз болғандықтан абстрактты болып келеді, олардың нәтижесінде вексель туындады; үшінші тұлғаға вексельді төлеуден бас тарту ешбір қарсылықсыз дәлелденбесе (мысалы, сатушы несиеге алынған тауардың келісімшарт шарттарын орындамаса, басқа тауарды қойса, жеткізу мерзімін бұзса және т.б. ) даусыз болып саналады.

Вексельдің кең тараған түрі ауыспалы вексель немесе тратта (draft) болып табылады. Вексель немесе тратта бойынша үшінші тұлғаға тұтыну құқығы берілу индоссамент немесе жиро деп аталады. Траттаны беретін және тарату жазбасын жүргізетін тұлға тратта бойынша әрбір қолданушының қолданар алдындағы төлемақысына жауап береді.

Тарату жазбалары (индоссамент) атаулы немесе бланктік бола алады. Бланктік жазбада тратта берілетін тұлға көрсетілмейді және вексель немесе траттаны тарататын индоссанттың қолтаңбасы қойылады. Бланктік тарату жазбасы ары қарай траттаны басқа да тұлғаларға тарату жазбаларын жүргізусіз ұсынуға мүмкіндік туғызады, яғни, талап қоюшының құжатына айналады.

Жеткізу мерзімі және күні. Бұл екі шарттың орындалуы сату-сатып алу шарты бойынша сатушы мен экспедициялау шарты немесе сатушының бір реттік тапсырысы бойынша бірдей міндетті.

Тауарды жеткізу мерзімі тауарды сатып алушы немесе оның экспедиторына жеткізу міндетімен түсіндіріледі. Шартта көрсетілген тауардың саны бір уақытта жеткізілуі мүмкін (жеткізудің бір уақытта бекітілген).

Жеткізу мерзімі жеткізу уақытының күнтізбелік күнін анықтаумен бекітілуі мүмкін. Мұндай тәсіл сирек қолданылады – тауардың жеткізілуге дайындығы және шартқа отыру және жеткізу күнінің арасы қысқа болған жағдайда.Әдетте жеткізу мерзімі күнтізбелік мерзімнің анықталуымен бекітіледі , бұл уқыттың ішінде жеткізіу әрекеті жүзеге асырылуы тиіс (күнтізбелік ай ,немесе тоқсанның күні , анықталған күндердің арасындағы аралық).

Жеткізу мерзімін күнтізбелік ай ,тоқсан немесе жылмен белгіленген кезде көрсетілген күнтізбелік мерізімге «аралығында» немес «кешіктірмей»сөздері қосылады,аралық жеткізілімге «ай сайын», «тоқсан сайын» сөздері қосылады.

Сауда да қабылданған «Бірден жеткізу», «Тоқтап қалу», «жедел жеткізу», «тауардын дер кезінде заттай болуы» терминдері әдетте шартқа отыру және оны орындау мерзімінің арасы қысқа болған кезде қолданылады.

«Жедел жеткізу»термині анағұрлым жиі кездеседі. Жедел жеткізу түсінігі бойынша шартқа отыру күнінен кейін белгілі бір күндердің аралыңындағы жеткізілім түсіндіріледі,олар сауда дәстүрлері мен жеке тауарлардың сауда тәжірбиесімен анықталады және 1 күннен 14 күнге дейін барады.

Кей кезде тауардың белгілі бір күн, апта,ай ішінде жақтардың біреуінің (немесе екі серіктестің ) аталған шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан кейін жеткізілу қажетілігі нұсқалады ,мысалы ,сатып алушының белгілі бір уақыттан соң аккедитив ашуы немесе олардың 100 авансын төлеуден соң . Сонымен қатар ,төмендегілер қолданылады :

- жеткізілім мерзімін нұсқау:<<өнімді алдау сон>>,<<навигация мерзімінде >> және т. б.;

- сатып алушының пікір бойынша жеткізу ,яғни, сатып алушының шартты орындау барысында сатушыға тауарды сатып алу үшін тапсырысты жолдау құқығы .Мұндай жағдайда,жеткізілімнің осындай тапсырыстың түскен күнінен кейін (күн немесе апта саны )нұсқалған мерзім ішінде талқыланады .

Шартта көрсетілген жеткізілім күнін– сатып алушының ұсынысы бойынша тауарды жеткізу күні зор маңызға ие . Жеткізілім тәсіліне байланысты жеткізілім күні болып төмендегі жағдайлар есептеледі :

- тауарды тарату үшін қабылдайтын транспорттық ұйыммен берілтін құжаттың күні (мысалы ,коносамент немесе штурман қолхатыныңберілу күні,теміржолдағы шекаралық станция штемлінің күні ,әуе арқылы жүк тасымалдау күні және т.б.):

- транспорттық-экспедициялық ұйымның жүкті одан әрі тағайындалу орны бойынша жеткізу үшін қолхаттың жазылу күні ;

- тауардың сатып алушының есебінен таратылуы жөніндегі шаруашылық куәлігінің күні ;

- тапсырыс беруші комиссия және жеткізуші өкілінің қабылдау – тапсыру актісіне қол қойылған күні .

Тауарды тапсыру –қабылдау тәртібі. Тауар сатушы мен сатып алушының сапа жөніндегі сертификатқа сәйкес тапсырылды және қабылданды деп есептеледі,транспорттық құжатқа сәйкес орын саны бойынша орындалады деп есептеледі .

Тауардың соңғы қабылдануы тауардың белгілі бір орынға жеткізілгеннен соң сатып алушының елінде жүзеге асырылды . Тауар мына жағдайларда қабылданады:

- орын саны бойынша – тауарды тасымалдаушыдан қабылдау күнінен бастап ;

- ыдыстың санына байланысты – ыдысты ашу кезінде , тауарды алғаннан соң 2 айдан кешіктірмей ;

- сапасы жағынан – ыдысты ашу кезінен бастап 1айдан соң кешіктірмей .

Тез бұзылатын тауарларды саны және сапасы бойынша тексеріс шартта көрсетілген жақтармен аз уақыттың ішінде жүзеге асырылады . Тауардың сапасы бойынша талаптар оның шартқа қоымша тіркелген талаптардың шарттар сәйкес келмеген жағдайда қойылады ( МЕСТ, ТУ , үлгісі ,ерекшелігі). Тауардың саны бойынша талаптар транспорттық құжаттардың (коносамент , автомобильді немесе темир жол ) қайшылығы кезінде қойылады .Талаптарға қосымша қабылдаушының еліндегі тәуелсіз сюрвейермен құрастырылған акт тіркелуі қажет . Сюрвейердің таңдауы сатушы мен сақтандырушы арасында шартта немесе сақтандыру полисінде талқыланған жағдайда келісілуі қажет. Сатып алушы жүктің сапасы мен саны бойынша талаптарын тауардың жеткізілуі күнінен бастсап 30 күн ішінде қоюы мүмкін . Бұл мерзімнің тоқтатылуынан кейін талаптар қабылданбайды.

Талаптар мен санкциялар тәртібі. Сатып алушы сатушыға шартты бұзуға байланысты төмендегідей жағдайларда талаптарын қоя алады.

а)сатушының кінәсінен тауардын жеткізілуінің кешіктірілуі . Шартқа отыру мерзімінің аяқталуынан соң ,сатып алушы жаңа кепілдеме мерзімін бекітеді.

Егер сатушы тауарды нұсқалған кепілдеме мерзімін сәйкес қоймаса ,оған айыппұлмен қатар , соңғы мерзімі беріледі . Егер сатушы тауарды соңғы мерзімге сәйкес қоймаса, сатып алушының шартты бұзып , оны орындамағаны үшін айыппұл талап етуге құқығы бар .

Жеткізудің кепілдеме және соңғы мерзімінің ұзақтығы ,сонымен қатар , әрбір жағдайдағы айыппұл көлемі шартта жақтардың келісімі боіынша бекітіледі.

Сонымен қатар ,айыппұл санаудың қарапайым түрі қолданылады .

Мысалы , келесі тұжырымдаулар қолданыла алады: <<Келісілген жеткізу мерзімнің сақталмағаны жағдайында Сатушы Сатып алушыға әр апта сайынғы кешіктірулер тауар құның 0.1 көлемінде және әр апта сайынғы кешіктірулер үшін 0.5 <<бірақ жеткізілген тауардың құнының 5 аспайтындай қаражатты төлейді немесе <<Cатушы Сатып алушыға әрбір тәулік ішіндегі тауар құнының 0,08 жеткізілім бұзылған жағдай да төлейді . Мұндай айыппұлдың жалпы сомасы ұсталған тауардың 8 құнынан аспауы қажет . Сатып алушы тауардың жеткізілу мерзімнің кешіктірлуі сегіз айдан асқан жағдай да шартты бұзуды талап етуге құқылы . Сонымен қатар ,шартты бұзу Сатушыны жеткізу мерзімін бұзуға үшін айыппұл төлеуден босатпайды>> .

Егер сатушы тауарды жүк тасымалдау пунктіне тағайындалған мерзімде жеткізсе, мұнымен байланысты барлық шығындар оның есебіне қарастырылады. Сатушы жүктің белгіленген мерзімге қатысты ТҚ құрып қалуларға байланысты шығындарды өтеуге міндетті. Егер сатушы тауарды сатып алушымен тапсырылған ТҚ қажетті мөлшерде мүмкін болатын көтеру мүмкіншілігіне сәйкес дайындамаса, ТҚ салмағының жетіспеушілігі сатушының есебінен өтеледі.

б) тауардың нақты көрсетілген мөлшерінің шартта көрсетілген мөлшеріне сәйкес келмеуі. Егер шартта тауардың шартта көрсетілген мөлшерінен ауытқитын мүмкін болатын мөлшері анықталса, онда сатып алушы осындай мөлшердегі тауарды қабылдап, шартта бекітілген баға бойынша өтеуге міндетті. Мүмкін болатын мөлшерден асатын тауарды сатып алушы сондай шарттармен қабылдайды, немесе, одан бас тартуы мүмкін. Бұл жағдайда ол қабылданбаған тауарды сатушының есебінен сақтауды ұйымдастырады, сонымен қатар сатушының есебінен бұл тауардың бөлігін тапсырады.

Егер қойылған тауардың мөлгері шартта бекітілген мөлшерден кем болса (мүмкін болатын ауытқуларды есепке алғанда), сатып алушы сатушы қойған барлық тауарды алуға міндетті, бірақ, тауардың мүмкін болатын ауытқулардан асатын, қажітті мөлшерде жеткізілмеу себебінен шығындарды өтеуді талап ете алады.

в) тауардың сапасына қатысты наразылық. Сатып алушы тауар бағасын төмендету жөнінде мәлімдей алады, немесе, бүлінген тауарды айырбастауға немесе оны жөндеуден өткізуді талап ете алады. Сонымен қатар, барлық көлік шығындары мен басқа бүлінген тауарды қайтару және жаңа тауарды жеткізумен байланысты қосыша шығындар сатушыға қатыстырылады.

Сатушы сапасы мен санына байланысты наразылықтарды сатушыға шартта көрсетілген тауардың тағайындалған портына жеті, немесе, сатып алушы мемлекеті шекаралық станцияның штемпелінің күнінен бастап шартта белгіленген мерзім(күндер,айлар) ішінде, ал кепілдеме мерзімі белгіленген тауарға қатысты - кепілдеме мерзімі ішінде талап етуі қажет. Наразылық тәуелсіз сюрвейермен құрастырылған актісімен расталуы қажет.

Наразылық мыналар нұсқалады:

- шарттың нөмірі;

- көлік реквизиттері; тауардың шарт бойынша атауы;

- тауардың саны(сапасы), ол бойынша шағымдар мәлімденеді;

- шағымдардың мәні; сатып алушының талаптары.

Сатушы наразылыққа оның түскен күнінен бастап тәуліктің ішінде негізделген дауап қайтару қажет, олай болмаған жағдайда, наразылықты сатушы толық мөлгерде өтеуге міндеттеледі.

Сатушы сатып алушыға санкцияны келесі жағдайда талап ете алады:

а) акредитивті ашу барысындағы кідірістер. Сатушының кінәсінен, не болмаса, сатып алушы жауапкершіліктен босататын себептерден тыс аккредитивтің ашылуының кейінге қалдырылуы барысында сатушы шартты бұзуға құқылы. Ол мұндай шешімі туралы сатып алушыны аккредитивтің ашылу күнінің соңғы мерзімінен бастап шартта көрсетілген мерзім ішінде хабарландырылуы қажет. Егер сатушы мұнай хабарландыруды белгіленген мерзімде ескертпесе, шарт өз күшінде қалады. Сатушы тауардың қосымша шығындарын өтеуге (сақтау және т.б.), сонымен қатар, төлемдерді кешіктіргені үшін сатып алушыдан айыппұл талап етіге құқылы. Мұндай ұндай айыппұлдың көлемі шартта тауардың бағасына сәйкес процент түрінде көрсетіледі, мысалы, "жылдық 12 % есебімен" немесе " Сатып алушы Сатушыға тауардың өз бағасынан 0,1 % көлемінде өсімді әрбір кешіктірілген күнді санағанда тәулік сайын өтеуі қажет, бірақ бұл сан тауардың бағасынығ 5 % аспауы қажет"

б) тауарды қайта сату, соның ішінде, қайта экспорттауға тыйым салынған туралы шарт талаптарының бұзылғанына байланысты. Шартқа сатып алугының сатушының жазбаша қолтаңбасыз оған жеткізілген тауарды сатуға, сонымен қатар, басқаша атаумен, немесе, басқа этикеткалармен сатуға құқығы жоқ. Сонымен қатар, ол аталған тауарды сатушының жазбаша рұқсатынсыз не тікелей, не үшінші тұлғалар арқылы қайта экспорттауға құқығы жоқ. Шарттың бұл талаптарының орындалмаған жағдайында, сатушы сатып алушыдан шарт бойынша келісілген тауардың пайызбен шаққандағы құнын талап етіге, сонымен қатар, шарттың мұндай жағдайда бұзылу кезіндегі шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.

в) FOB келісімі барысында кеменің жеткізілуінің кешіктірілуі. Мұндай шарт бойынша келісімдерді орындау барысында сатып алушы 15 тәуліктің ішінде, сатушыдан жүктің дайындығы жөнінде мәлімет алғаннан ке"ін, оған кеменің атауы мен оның тасымалдау портына жететін уақытын хабарлауы қажет. Жүкті жеткіщудің тағайындалған мерзімнен кейін 21 тәуліктің кешіктірілуі себебінен, мұнымен байланысты консервация және тауарды сақтау бойынша шығындарды сатып алушы өтейді.

№2-практикалық сабақ

Наши рекомендации