Бухгалтерлік есептің қағидалары және әдістері
Бухгалтерлік есептің қағидалары – олардың ішінен шығатын келесі бекітулерді алдын ала анықтайтын,бухгалтерлік есептің негізгі,бастапқы,базалық ережелері ғылымы.
Бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары ретінде келесілерін санауға болады:
Автономия қағидасы ( грекше autonomia - тәуелсіздік) белгілі бір ұйым жеке заңды тұлға ретінде қарастырылады, ұйым меншігі оның одақтастарынан, қызметкерлерінен және басқа ұйымдардан қатал жекеленген. Бухгалтерлік есептің мәліметтері ұйымның қызметі үрдісінде өткізілетін міндеттемелер, шаруашылық операцияларына,меншікті басқару міндеттері үшін жауапты бірыңғай жүйені ұсынады.Шаруашылық үрдістерге ықпал жасамайтын есепке алудың элементтері, еспеке алу жүйесінен артық ретінде алып тасталынған. Бухгалтерлік есепте және баланста осы ұйымның меншігі ретінде танылатын мүлік қана белгіленеді.
Қос жазба қағидасы – есептердегі қосарлы жазбаның қолдануын алдын ала анықтаған,яғни басқа бухгалтерлік есептің несиесі және бір есептің дебеті бойынша бірдей соммасына және бір уақыттағы шаруашылық құбылыстарының,фактілердің және операциялардың қосарлы үздіксіз болуы.
Жұмыс істейтін ұйымның қағидасы ұйым бекітілген тәртіпте әр түрлі серіктестер,тұтынушылар және жабдықтаушылар алдында қарыздарды өтеп, келешекте нарықта өз позициясын сақтайтының және жақсы қызмет ететіндігін көрсетеді.Бұл қағида ұйымның активтер балансын және осы активтер көмегімен алынуы мүмкін келешек табыспен байланыстыру қажеттілігін көрсетеді. Аталған қағида ұйымның міндеттерін және мүлігін бағалауда маңызға ие болады.
Объективтілік қағидасының мәні – барлық шаруашылық операциялар бухгалтерлік есепте көрінуі,есепке алудың барлық кезеңдерінде тіркелуі, дәлелді құжаттарымен(олардың негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі) бекітілуі тиіс.
Абайлампаздық қағидасы активтер немесе кірістердің жоғарлауын,міндеттер немесе шығыстардың төмендеуін болдырмауға мүмкіндік беретін,екіұштылық жағдайында шығарылатын есептеінде керек,пікірлерді қалыптастыру үрдісіндегі анықталған сақтық дәрежесін ұсынады.
Абайлампаздық қағидасын сақтау бүркемелі резевтердің және шамадан тыс қорлардың пайда болуын,активтер және кірістердің төмендеуін, міндеттер немесе шығындарды әдейі жоғарлатуды болдырмайды.
Есептеп шығару қағидасы – барлық операциялар төлеу сәтінде емес, олар пайда болғанда жазылады және операция жасалағандағы есеп беру кезеңіне жатады.Осы қағиданы шартты бөлуге болады:
кірісті (түсімді) тіркеу қағидасы – кіріс төлеу мерзімінде емес,оның алынуы кезеңінде көрсетіледі.Ресейде өнімді сату сәті төлем және тиеу бойынша анықталады. Халықаралық стандарттар тиеу,жеткізу,сатушымен немесе агентпен ақша алудың жүзеге асуын бекітуге рұқсат береді;
сәйкестік қағидасы – есеп беру кезеңіндегі кірістер, осылар арқасында кірістердің алуы жүзеге асатын шығындарға сай болуы тиіс.Әрине,басқа есеп беру кезеңінде танылған,тиісті кірістерге (шығындарға) жататын шығындар (кірістер) бөлек есепке алынады.
Мерзімділік қағидасы үнемі,мерзімді қайталанатын баланстық жалпылауға – жылдық,жарты жылдық,тоқсандық,айлық есеп беруге және балансты құруға бағытталған.Аталған қағида есеп беру мәліметтерінің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді, уақыттың белгілі бір кезеңдері өткеннен кейін қаржылық нәтижелерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
Құпиялылық қағидасы (англ. confidence - сенім). Ішкі есепке алу ақпаратының мазмұны — ұйымның коммерциялық құпиясы,оны ашқанда және мүдделеріне залал келтіргенде заңңамамен бекітілген жауапкершілік ескерілген.
Ақшалай өлшемнің қағидасы,яғни өндірістік үрдістерін,шаруашылық жұмысының фактілерін есептеу және сандық өлшем;өлшем бірлігі ретінде мемлекеттің валютасы болады.
Мирасқорлық қағидасы ұлттық дәстүрлерге,отандық ғылымның және тәжірибесінің ұстанушылықты білдіреді.
Бухгалтерлік есептің әдісі – бұл үздіксіз,жаппай және құжаттамалық сипаттағы(тіркеу),топтасу,жалпылау және ақшалай өрнегіндегі шаруашылық-қаржылық жұмыс нәтижелерін және үрдістерін,шаруашылық қорларын бақылаудың өзара байланысқан тәсілдерінің және амалдарының жүйесі.
Әдістеменің элементтері ретінде бухгалтерлік есепте қолданылатын тәсілдері мен амалдардары: құжаттама, есеп және қос жазба; баға және калькуляция; инвентаризация; баланс және есеп беру болып табылады.
Бухгалтерлік есептің осы тәсілдері және амалдары бухгалтерлік есептің бүкіл курсында толық қарастырылады.Сонымен қоса,бухгалтерлік есеп әдісінің тек жалпы сипаттамасы беріледі.
Бухгалтерлік есептегі құжаттама алғашқы, жаппай тіркеу (бейнелеу) және шаруашылық операцияларды ұйымдастыру ретінде қарастырылады. Әрбір іске асырылған шаруашылық операция бекітілген тәртіптегі құжатпен ресімделеді. Осы әдіс арқылы оның негізінде шаруашылық қорларға (активтерге) және олардың қайнар көздеріне операцияларының жаппай қадағалауы қамтамасыз етілетін ақпарат алынады, осылайша мәліметтердің құжаттамалық дәлелділігі және басқару мақсатындағы керек бақылауды және ақпаратты алу үшін керек негіздеме құралады.
Құжаттама шаруашылық операцияларды тікелей сипаттау үшін керек және есептің негізі (бастауы) болып табылады. Шаруашылық операциясының жазбалары тек қана құжаттар негізінде істелінеді.
Есептер және қос жазбаларшаруашылық қорлардың жеке түрлерін,олардың қайнар көздерін және шаруашылық операцияларын бақылауын және топтауын, жазба тәсілдерін ұсынады.
Есептер,субъект қорларының экономикалық топтау құралы ретінде, шаруашылық тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі барлық маңызды көрсеткіштерді алуын қамтамасыз ететін,оңашаланған жеке операцияларды біртекті операциялар тобына біріктіру және жұмыс кезіндегі шаруашылық үрдістерге және активтердің жеке түрлерін қадағалау әдісі болып табылады.
Қос жазба шаруашылық опеацияларды есептерде бейнелеу әдісі болып істейді.Ол бір бірімен өзара байланысуын бекітетін,шаруашылық операциялармен шақырылатын, есептердегі жеке құбылыстардың үздіксіз және өзара байланысу сипаттамасын қамтамасыз етеді.Қос жазба тәсілінен есептеудің қос жүйесі атауы шықты.
Мысалы,тауарларды сатып алу бойынша операцияларды жазу кезінде,осы шаруашылық үрдістің екі жағы өзара байланысады:тауардың түсімі және жабдықтаушыларға қаржаттарды төлеу.
Есептерді және қос жазбаны қолдану өзара байланыс кезіндегі бейнелеудің және олардың экономикалық белгілері бойынша топтаудың объективті қажеттілігімен,бухгалтерлік есептің объектілерінің жанжақтылығы және көптілігімен шартталады.
Бағалау және калькуляция(лат. calculatio — есеп, есептеу) ақшалай өрнектегі бухгалтерлік есептің объектілерін өлшеу әдістерін ұсынады.
Бағалау шаруашылық қорлардың,олардың қайнар көздерінің және шаруашылық операцияларын ақшалай өлшеудің әдісі болып табылады.Ол тарифтік мөлшерлемелер, еңбекақылар және т.б көмегімен,тауарлар,еңбек көрсеткіштері арқылы табиғи көрсеткіштерді ақшалай көрсеткіштерге ауыстыру тәсілмен жүзеге асады.
Калькуляция өнім (жұмыстар,қызметтер) бірлігінің өзіндік құнын анықтаудың әдісі.Ол калькуляциялық объектке – осы өнімнің түріне және сәйкесінше калькуляциялық бірлікке жататын, калькуляциялық баптар бойынша шығындарды есептеу жолымен жүзеге асырылады. Калькуляция шаруашылық үрдістердің ең дұрыс бағасын өндіріп алуға мүмкіндік береді.
Түгендеу( лат. inventarium — шаруашылық құралдар) есепке алудың мәліметтерінің қарама - қайшы келуінің мүмкіндігін болдырмау үшін белгілі бір мерзімдегі субъект қорларын тексеру тәсілін ұсынады.Ол есепке алу мәлімететтерінің дұрыстылығын және нақтылығын қамтамасыз ететін құжаттаманың қажетті толықтырушысы ретінде жұмыс істейді, өйткені,есепке алудың көрсеткіштері түгендеу мәліметтеріне сәйкестендіріледі.
Мерзімді түгендеулерді өткізу есепке алу көрсеткіштерінің нақтылығын қамтамасыз етеді,жекеменшікті қорғауда ,жұмыстағы кемшіліктерді және ішкі резервтерді анықтауда септігін тигізеді.
Баланс (франц. balance — таразы) және есеп беру есепке алудан шығатын, орнатылған көрсеткіштер жүйесі бойынша жоспарлы тапсырмаларды орындау туралы және субъекттің шаруашылық жұмысы туралы қорытынды мәліметтерді алу тәсілін ұсынады.
Баланс және есеп беру көрсеткіштері бойынша шаруашылық жұмысының аудиторлық тексерісі және талдау жүзеге асырылады.
Құбылысты екіжақты өзара байланысқан қарастыру әдісі ретіндегі баланстық әдіс басқаруда,оперативті жұмыста және ғылымда кең қолданылады.
Бухгалтерлік есептегі баланстық әдіс шаруашылық қорларды құрамы және оларды қалыптастыратын қайнар көздері бойынша сипаттау үшін қолданылады.Олардың (екі бөлігінің) жалпы теңдігі бойынша субъекттің қорларын сипаттаудың баланстық әдісі негізделген.
Бухгалтерлік баланс белгілі бір мерзімдегі қолда барын,шаруашылық қорлардың, олардың пайда болуының қайнар көздерінің жағдайын және ақшалай өлшемдегі мақсатты тағайындауды жалпылаудың әдісі болып табылады.Баланс негізінде субъекттің қаржылық жағдайы,қорларды қолданудың дұрыстығы,қорлармен қамтамасыз болу дәрежесі,олардың айналымы және өтімділігі анықталады.
Есеп берусубъекттің шаруашылық жұмысының көрсеткіштері және әр түрлі жақтары туралы жүзеге асырылған есеп беру кезеңіндегі қорытындыақпараттарды алу тәсілі болып табылады.
Балансты және есеп беруді қолдану субъекттің барлық қорларының жағдайын анықтауымен, шаруашылық жұмысты қорытындылаудың мерзімді қорытындылары қажеттілігімен, шаруашылық қорлардың айналымы күрделілігімен шартталады.