Лкен ел - үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобасының тұжырымдамалық бағыттары

Бағзы дәуірлерден әрбір қоғамның темірқазығы мен діңгегі саналатын отбасы институтының халқымыздың өміріндегі әлеуметтік рөлі мен асыл құндылығы ерекше. Ғасырлар бойы «Отан - отбасынан басталады» деген ұғым қазақ қоғамында бұлжымас тұжырым ретінде тамырын тереңдетіп, Ұлы Дала елінің мызғымас әлеуметтік тұғырнамасына айналды. Сондықтан, отбасылық әулеттің негізгі тіректері - қарияны қадірлеу мен әкені құрметтеу, ананы ардақтау және балаға жастайынан тәлімді тәрбие беру ұлтымыздың ұлағат мектебі және өнегелік салты ретінде бекіген. Ұрпағының бойына ұлттың салиқалы салт-санасын сіңіріп, ұлын имандылыққа, қызын инабаттылыққа тәрбиелеген, ақ адал еңбегімен ел-жұртқа еленген отбасы қашанда берекелі шаңырақ ретінде өз ауыл-аймағында ерекше беделге ие болған.

«Біртектілік пен бірлік» реформасы – «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі мен «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын жүзеге асырады. 100 нақты қадамның 86-қадамы ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ҮЛКЕН ЕЛ - ҮЛКЕН ОТБАСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана - Еуразия жүрегі», «Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.

Дәстүрлі отбасын дамытудағы азаматтық институттардың рөлі

Елбасының мемлекет пен жеке меншік серіктестігі негізінде жұмыс істейтін жас отбасыларға жалғыз басты аналарға, балаларға, қарттарға, жан-жақты көмектесетін институттар желісін дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыруға отбасылық тәрбие институты, отбасын, отбасылық тәрбиелеу сияқты қоғамдық бірлестіктер жұмыс жасайды. Олар қоғамда отбасы мен отбасылық құндылықтар мәртебесін нығайту, жұртшылықпен жүргізуге әдістемелік көмек көрсету мақсатында жұмыс атқарады.

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» концепциясының мақсат-міндеттері

Қазақстан қоғамын әлеуметтік жаңғыртудың бағыты ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының қағидаттары әзірленді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты 2012 жылғы бағдарламалық мақаласында еңбек жаһандық бәсекелестік жағдайында әлеуметтік игілікке жеткізетін, тұрақтылық кепілі ретінде орта тапты қалыптастыруды қамтамасыз ететін басты фактор ретінде аталды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық жұмысында алға қойылған міндеттерді шешуге бағытталған және мыналарды:
- этносаралық саладағы жанжалды жағдайлардың алдын алу, реттеу мен шешудің нақты құқықтық нормаларын жасауды, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісінің жұмыс істеуін;
-этносаралық қатынастар саласында толерантты құндылықтар межелерін нығайтуды;
-қазақстандық этностардың қоғамдық танымына Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының құндылықтарын сіңіруді;
-ел бірлігін қалыптастыру саласында азаматтардың әлеуметтік бастамаларын іске асыру мақсатында қоғам өмірінің өзіндік ұйымдастыру жүйелерін;
-қазақстандық қоғамның ақпараттық құрамдас бөлігін күшейту, этносаралық қатынастар мәселелері бойынша мемлекет пен халықтың тұрақты «қайтымды байланысын» нығайту және азаматтардың ақпараттануы мәселелерінде интернет-технологияларды кеңейтуді;
-инновациялық экономиканың қозғаушы күші және ұлт бірлігінің негізі ретінде орта таптың өсуіне жағдай жасауға этномәдени бірлестіктердің әлеуетін қолдана отырып көмектесуді;
-биліктің барлық деңгейіндегі сарапшылар мен менеджерлердің «сатылас» және «деңгейлес» тұрғызылған кәсіби корпусы арқылы этносаралық саладағы әлеуметтік процестерді тиімді мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, медиация институтын дамытуды көздейді.

Наши рекомендации