Римде мемлекеттің пайда болуы. Патрицийлер мен плебейлердің күресі. С.Туллийдің реформасы.

Римнің ұзақ жылдарғы тарихы үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі рим патшалығы б.з.д 754-810ж ж, Римнің республикалық кезеңі б з д 510- 27ж ж және Римнің империялық кезеңі. Б.з 1 мың жыл бұрын осы аймаққа жаппай қоныстану басталды. Римнің мемлекет болып қалыптасуы оның қала ретінде дамуымен тікелей байланысты. Өзінің тамаша географилық жағдайына байланысты сауданың дамуына жол ашты. Греция мен Шығыс елдерімен теңіз жолдары арқылы байланыс орнады. Римнің ежелгі халқы 300 рудан тұратын алғашқы қауымдық қатынасында өмір сүрген. Әрбір он ру курияны , он курия бір трибаны құрады. Яғни рим халқы үш трибаға бөлінді. Осы рулық құрлысқа кірген римнің байырғы халқы патрицийлердеп аталды. Олар толық құқықты рим азаматтары болды. Тек патрицилер ғана халық жиналысына, сенатқа өзгеде мемлекеттік органдарға тұра алатын болды. Сенатқа әрбір рудан бір мүше қатысты. Сонымен бірге римге шалғай аймақтан қоныстанушылар келе бастады. Әрине олар рим халқының құрлымдық құрлысына енгізілмеді.Олар құлдар емес ерікті азаматтар болды, олардың бірақ ешқандай саяси құқықтар болмады. Яғни олар ешқандай мемлекеттік органдарға тұра алмады. Бұларды плейбейлер деп атады. Оларға патрицийлермен неке қиюға, жер сатып алуға, əскерге қатысуға болмайтын. Осылайша патрицилер мен плейбейлердің арасында таптық теңсіздіктер басталды. Плейбейлердің санының өсуіне байланысты олар өз құқықтарын батылрақ талап ете бастады. Көтерлістер болып соның нәтижесінде плейбейлер жеңіске жетті. Сервий Тулий реформасы бойынша плейбейлер рим азаматтары қатарына қосылып , халық жиналысына қатысу құқығына ие болды. Бірақ бұл реформа барлық мәселені шешпеді. Тараптарды теңестіре алмады, оның үстіне римнің үш жүз руы жаулап алған жерлерді өзара бөлісіп, плейбейлерге жер бермеді. Халық санының өсуіне байланысты плейбейлердің жерлері азая бастады. Жер жетпеді адамдар қарызға батты.Римде қарыз, несиелік қатынастар өрістеді , қарызын бере алмағандар құлдыққа сатылды немесе өлтірілді. Патрицилер жеріне ұмтылған плейбейлер қарсылыққа ұшырап отырды. Көтерлістер жиі болып тұрды.

Патрицийлерге қарсы плебейлер күресінің ең ірі нəтижесі рулық-тайпалық қатынастардан құл иеленушілік мемлекет құруы болды. Плебейдің жеңісі ескі рулық құрылысты өзгертті де, оның орнына мемлекет құрылды. Мұның ішінде рулық аристократия мен плебей кешікпей мүлде жойылып кетті.

Сервий Тулий реформалары. Б. д. д. VII ғасырда Сервий Тулий патша Римде саяси жəне экономикалық реформа жүргізіп, плебейлердің жағдайын жақсартты. Ол плебейлерді халық жиналысына қатыстыратын болды. Азаматтардың куриялары жəне ежелгі жиналысымен қатар плебейлерді Рим жасағы қатарына да ресми жіберуге жол берген Сервий Тулийдің реформалары. Жауынгерлер центуриаттың комицияларын құрды. Жауынгерлер мүліктік белгілеріне сəйкес бес топқа бөлінетін. Байлық мөлшері асспен саналды. 1. 100000 асс, 2. 75000 асс, 3. 50000 асс, 4. 25000 асс, 5. 11000 асс. Одан кемі - пролетарийлер. Сонымен, бірінші топқа мүлігі 100 мың жез ассыларға бағаланған неғүрлым ауқатты азаматтар жатқызылады. Олар толық қару-жарақтанған 18 атты жəне 80 жаяу əскер жүздігін беруге міндетті болды. Центуриат комицияларында дауыстар жүздіктер бойынша берілді. Бір жүздік бір дауысқа ие болды. Сұрақ қою бірінші топтың азаматтарынан басталды, олар 193-тен 98 дауысқа ие болды. Ал қалғандарының 95 қана дауысы болды. Ең кедей азаматтар ақырғы центурияға біріктірілді. Бұл "пролес" яғни "балаларынан, тұқымдарынан басқа ештеңесі жоқ адамдар" еді. Оларды əскери қызметке жібермеді. Сервий Тулийдің жүргізген реформасы Римнің əскерін күшейтіп, плебейлер мен патрицийлердің құқығын теңдеді. Реформадан кейін патрицийлер бəрі жоғарғы биліктегі міндеттерді өздері иеленді жəне жер алу құқығын сақтап қалды. Плебейлер мен патрицийлердің өзара қатысы мұнымен шектелген жоқ. Сырттай ескі трибаларға бөлуді сақтай отырып, Сервий Тулий трибаларды ежелгі ру одағынан аумақтық бөлініске айналдырды. Ол бұрын əкімшілік округтарда ғана болған 4 аумақтық трибалар құрды. Кейін осындай трибалардың саны біртіндеп өсіп, б. д. дейінгі 1 ғасырда 35-ке дейін жетті.

Наши рекомендации