Коммерциялық банк қызметінің шетелдік тәжірибесі

Банк қызметінің шетелдік тәжірибесіне мысал ретінде АҚШ пен Францияның банк жүйесі қарастырылды.

АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр.

ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзғешеленеді.

ФРЖ-ні құру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі – жергілікті банктердің мүдделерімен санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау. Осыдан ФРЖ-нің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құралмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. ФРЖ-нің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені олардың капиталдары коммерциялық банктердің үлес-жарна пұлдары есебінен құралған. Осыган қарамастан ФРЖ өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері, принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің қатарына жатады.

ФРЖ үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады – Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық ФРЖ-нің мүше-банктері. Одан басқа ФРЖ-ге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдық комитеті (АНФК) және Федералдық консультативтік кеңес.
Барлық ақша және банк жүйелерінің өзегі – ФРЖ-нің Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін жалпы басқаруға және жұмысын бақыласуға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін конгрестің мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі – 14 жыл, әр екі жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл Кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін, жоғары маман мүшелері болуы, тәуелсіз болуы тиіс.

Басқарушылар Кеңесі ақша-несие саясатының негізгі мәселелерін шешеді және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 федералдық резервтік банктердің үш негізгі белгісі болады:

1) олар орталық банктер болып саналады;

2) квази-қоғамдық банктер болып есептелінеді;

3) «банктердің банкісі»

АҚШ аумағы 12 федералдық резервтік банктерге бөлінген. Осылар арқылы Басқару кеңесінің негізгі саясаттары жүзеге асырылады.
Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы – Нью-Йорк қаласының Федералдық Резервтік Банкісі.

Бұл банктер квази қоғамдық банктер болып табылады, яғни олар жеке меншіктің және қоғамдық бақылаудың нысанын бейнелейді. Олар коммерциялық банктердің меншігінде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесімен басқарылады.

Федералдық резервтік банктер – «банктердің банкі», өйткені олар орталық банктің барлық қызметін орындайды.

ФРЖ-нің жұмысында АНФК маңызды роль атқарады. Ол ақша және қаржы нарығы арқылы коньюнктураға әсер етудің негізгі оперативті органы болып табылады. Ол ФРЖ есебінен мемлекеттік облигацияларды сатып алу-сатуды жүргізу бойынша инструкциялар береді. Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал басшыларынан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер жүргізіп, банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады.

Жеке коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады (6-ы мүше-банктер округынан, 3-і Басқарушылар кеңесімен тағайындалады). Басқармада ірі банктер және өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау, коммерциялық банктерді несиелеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету және т.б. атқарады.

Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шілдеде шыққан заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейхсбанк (1875 ж.) пен Неміс жер банкі (1948 ж.) болған. Банк капиталы – 290 млн неміс маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кеңсесі Франфурт-на-Майне қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195 бөлімшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма.
Кеңес – ақша-несие саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице-перзидент мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.

Директорат - жоғары атқарушы орган. Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталық операцияларды жүзеге асырады.

Жер орталық банктері – Неміс федералдық банкінің жергілікті басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер арқылы жүзеге асырды. Бұл дүние жүзіндегі ең тәуелсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға бағынады. Бірақ банкі капиталының 100%-ы Қаржы министрлігіне қарағанмен, Қаржы министрлігі банктің қызметіне араласуына құқығы жоқ.

Ағылшын банкі – дүние жүзіндегі көне және беделді орталық банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбористермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақылаған.

Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффицентін касса және Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасының 8% мөлшерінен төмен емес деңгейде және өтімділік коэффициентін ұстану арқылы орындау керек болатын. Өтімділік коэффициенті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы сомасының 28%-нан төмен болмау керек.
1971 жьілдан кейін коэффициенттер алынып тасталынды. Қарыздар бойынша банкілік мөлшерлемелер енді Ағылшын банкісінің есептік мөлшерлемесіне байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі негізінде анықталынды.

Коммерциялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа мерзімді депозиттердің 12,5% мөлшерінде белгіленді. Бұдан басқа, банктер Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің 0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтауы керек.

Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген – эмиссиялық және банктік. Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды қоя отырып, банкноталарды шығарумен айналысады.
Жапон банкі 1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң 1942 жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептеледі, бірақ жарғы капиталының 55%-ы мемлекетке тиесілі.

Банкті басқарма басқарады. Ол орталық банктің барлық қызметтерін атқарады.

Ал Фарнцияның банк жүйесінің ерекшеліктеріне келетін болсақ. Францияның негізгі банк жүйесін құрайтындар: 1) Франция Банкісі. 2) Депозиттік банктер. 3) Инвестициялық немесе іскерлік банктер. 4) Ұзақ және орта мерзімді банктердің несиесі.

Франция Банкісі (Bank de France) орталық эмиссиялық банктің ролін атқарды. Ол 1800 жылы құрылған, ашық акционерлік компания ретінде, 30 млн франк капиталымен. 1803 жылы банкноттың эмиссиясы Парижде шығару үшін монопольді құқық алды, ал 1848 жылы бүкіл Францияда өзінің филилдарын 9 эмиссиялық банктерге құрды. Баста Франция Банкісін «Регенттер кеңесі» басқарды, құрамына 15 регент (директор) олар өте бай акционерлер құрамынан сайланып отырды. 1936 заң бойынша Регенттер кеңесі, «Бас кеңес» деп ауыстырылды, оның құрамына 20 директорлар кірді, бұл жерде көбінесе директорларды үкімет тағайындап отырды.

Й дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін 1945 жылы 2 желтоқсанда заң бойынша Франция Банкісі мемлекеттендірілді және оның бұрынғы иелері өте үлкен компенсация алды: акцияларды өте үлкен бағамен, оларды 3% мемлекеттік облигацияларға айырбастады. Банктің акционерлік капиталы 250 млн франк толығымен мемлекеттің қолында. Банкті басқарушы және оның 2 орынбасары министрлер кеңесімен тағайындалды, ал бас кеңес басқарушылары өтіп 12 мүшесінің 7-н қаржы министрлігі тағайындап отырды. 4 директорының қызметі мемлекеттік қаржы институттарының президенттері тағайындалып отырды.

Мемлекеттік жалғыз эмиссиялық банк ретінде Франция Банкісі айналысқа банкноттарды шығарды, 1939 жылы банкты эмиссиясы шексіз Франция Банкі алтын валюта резервтерін сақтайтын жер болып табылады. Бұл банк мемлекет ретіндегі функцияларды атқарады. Банктің мемлекетті тікелей несиелеуі банктің басқарушыларының және экономика және қаржы министрлігімен арасындағы келіспеушілікпен байланысты. Франция Банкісі және де мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алып оны ссуда ретінде айқындайды. Қазыналық бос ақша қаражаттары оның банктегі ағымдағы счетына тұрады. Банктің негізгі қызметі болып валютаны бақылау, несиелерді реттеу, пайыздық ставкаларды көтеру арқылы.

Коммерциялық банк қызметінің шетелдік тәжірибесі - student2.ru

Сурет 1. Францияның негізгі банк жүйесі

Франция Банкісінің 258 конторы бар, «Банктердің банкі» ретінде қызмет етеді. Мұнда көптеген банктердің резервтері сақталып тұрады және басқа банктерге несие беріп отырады. 1967 жылы 9 қаңтардағы декрет бойынша банк резервісінің міндетті жүйесі пайда болды, онда: банктер өзгеріліп счетында Франция Банкісінің 4 ½ % жалпы соммасының 2% жедел депозиттерін.

Наши рекомендации