Есеп жағдайы және жүйелі сұрақтар аудиті
Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем- есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғандығы жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау, коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың займын жүргізу бойынша сан алуан келісім-шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері – акционерлер, жарнашылар (пай иелері), сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айырылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие беру, инвестициялау және салық салу саласында ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтыылғын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомостволар, соттар, прокуратурға және басқаларға қажет.
Есеп саясатын орындау аудитінің негізгі мақсаты – оның Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңдылықтары талаптарына сәйкестігін және аудиттелетін тұлғаның қызмет ерекшеліктерін анықтау. Тек осының негізінде ғана аудитор бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің дұрыстығы туралы өз пікірін білдіре алады.
Аудит теориясындағы есеп саясаты аудитін жүргізудің әдістемелік тәсілдерін толықтырып және дамыта отырып, біз мәселелердің қойылуы жұмыстардың реттілігін анықтайды деп есептейміз. Тексерулерді жүргізген кезде есеп саясатының аудиті алдында тұрған мәселелердің шешуін қамтамасыз ету маңызды, олардың мазмұны төмендегі ретпен орындалуы керек:
1. Кәсіпорын есеп саясатының аудиті
2. Есеп саясатының құрастырылу реттілігімен танысу, айқындылығы мен оның өзгеруі, ҰҚЕС стандарттарына сай екенін бағалау
3. Кәсіпорынның таңдап алған есебінің жүргізу әдістерінің Қазақстан Республикасының заңдылығына сай келуін анықтау
4. Аудиттелетін тұлғаның шаруашылық қызметінің ерекшеліктерімен танысу, есеп саясатының кәсіпорынның шаруашылық қызметіне адекваттылығын бағалау
5. Кәсіпорынның іс жүзінде қолданатын есептеу әдісінің, есеп саясатындағы бекітілген әдіске сәйкестігін анықтау
6. Бухгалтерлік есептіліктің шынайылылығына есеп саясатының әсерін анықтау, алынған нәтиженің жазбаша есептілікте толық көрсетілуін тексеру
7. Анықталған кемшіліктерді түзету, кәсіпорынның есеп саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау
Олардың шешуі жұмысты реттілікпен ұйымдастыруға және кәсіпорынның есеп саясатына қатысты барлық мәселелерді қамтуға мүмкіндік береді.
Есеп саясатының аудиті кезінде кәсіпорында бекітілген талаптар мен ережелердің сақталуына баға беру керек. ҰҚЕС олардың жабық тізімін бекітеді. Салық есебін жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларынан келіп шығады. Салық есебін жүргізу қағидалары келесідей жүйеленеді: құжаттау, негіздеу, үздіксіздік, таңдап алынған есепті жүргізу тәсілдерінің бірыңғайлылығы мен реттілігі. Салық есеп саясатын құрастырған кезде ұстанатын басты қағида: бекітілген ережелер Салық кодексінің талаптарына қайшы келмеуі тиіс
Таңдап алынған есеп саясатына, оны қолдану әдістеріне және (немесе) қаржылық есепте ақпаратты ашып көрсету орындылығына қатысты басшылықпен келіспеушіліктер болған жағдайда аудитор шартты немесе теріс пікір білдіруі мүмкін.
Біздің пікірімізше, есеп саясаты тиімділігінің аудиті есеп саясатының толықтығы, ережелерінің нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігі, және ұйыммен таңдап алынған есеп әдістерінің нәтижелілігі мен үнемділігі туралы объективті мәліметтерді алудың жүйелі және мақсатты үрдісі деп анықталуы мүмкін. Аудитор есеп саясаты ережелерінің белгіленген критерийлерге сәйкестігі дәрежесін анықтайды, бұл оған есеп саясаты ережелерінің тиімділігі туралы пікір білдіруге және оларды жақсартуға бағытталған нұсқауларды ұсынуға мүмкіндік береді.
Жалпы, есеп саясаты тиімділігінің аудитін ұйымдастыру және жүргізу жұмыста келесі кезеңдерден тұратын іс-шаралардың жиынтығы ретінде келтірілген: жұмысты жоспарлау, аудиторлық дәлелдеулерді жинау, аудит нәтижелері бойынша есепті құрастыру және ұсыну, тәжірибеде есеп жүйесін жетілдіру бойынша ұсынылған шараларды ендіру бойынша жұмыстарды жүргізу
Есеп саясаты тиімділігі аудитінің негізгі мақсаты – бағалаудың белгіленген критерийі бойынша аудиттелетін тұлғаның есеп саясатының тиімділігі туралы пікір білдіру деп көрсетілген. Сапалық және сандық бағалаудың критерийін таңдау ашық және бірінші кезекте жүргізілетін аудиттің мақсаттарымен, аудиттелетін тұлғаның қажеттіліктерімен анықталады. Сондықтан есеп саясаты тиімділігінің сапалы аудитін жүргізу үшін мақсатты тексерулерді жүргізуге, оның тиімділігіне баға беруге мүмкіндік беретін тиісті өлшеу стандарттарын бекіту қажет.
210 ХАС бойынша келісімге қол жеткен шараларды аудит бойынша келісім хат түрінде құжаттап немесе келісімнің басқа түрінде көрсету керек:
(a) Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты және масштабы;
(b) Аудитордың жауапкершілігі;
(c) Басшылықтың жауапкершілігі;
(d) Қаржылық есеп беру дайындау үшін қолданыстағы қаржылық есептілік жүйесін дайындау;
(e) Мазмұнынан және ұсынылған нысанынан есеп ерекшеленуі мүмкін жағдайлар болуы мүмкін мәлімдемеге және аудитор шығарған есептер мазмұны мен нысанына сілтеме.