Инфляция: себептері, көрсеткіштері, түрлері.

Инфляция –ақша айналысы жүйесіне негізделген рыноктық экономика өте жиі кездесетін құбылыс.

Инфляцияны туындататын себептер:1.мемлекеттік шыңындардың және табыстардың өзара баланстандырылмауы, бюджет тапшылығының орнауы; 2.әскери шығындардың өсуі; 3.экономикадағы құрылымдық диспропорциялар; 4.монополиялық құрылымдардың әрекеті; 5.инфляциялық күтулер; 6.сыртқы сауда мен ашық есік саясатын жүргізу; 7.жалған ақша шығару;

Инфляция түрлері:

1.Бүркемеленген инфляция-бағалар деңгейі өзгермеген жағдайда тауарлар мен қызметтердің сапасының нашарлауы.

2.Ашық инфляция-ашық рыноктық жүйеге тән инфляция.

3.Баяу инфляция-бағалар деңгейі жылына 10% ға дейін өскен кездегі инфляция.

4.Сұраным инфляциясы-рыноктық тепе-теңділік сұраным тарапынан бұзылғанда орнайтын инфляция

Нарықтық экономиканың мемлекеттік реттелуінің қажеттілігі мен мәні. Нарықтың субьектілері. Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы.

Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесі елдің экономикалық дамуының және саяси тұрақтылықты ұстап тұруының маңызды шарты болып саналады. Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта инновациялық саясатты дамытуға байланысты нарық экономикасын реттеуде мемлекет және мемлекеттік бюджеттің атқаратын рөлі өте маңызды болып табылады.Нарықтық экономиканың мақсаттары: 1.жұмыспен толық қамтылу 2. экономикалық өсу 3. бағаның тұрақтылығы 4. экономикалық еркіндік 5. теңдік. 6. тиімділік. Нарық субъектілері:Кәсіпкерлер;Үкімет;Мемлекет. Нарық – күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз: ішкі (ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және ішкі (республикалық, облыстық, облысаралық) нарық,әлемдік нарық.Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асырып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс Еуропа мен Еуропаның экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) елдері арасында және дүниежүзілік нарық қалыптасуда.Қазіргі ішкі нарық – түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы: өндіріс құралөжабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күші нарығы енеді. Нарық инфрақұрылымы. Нарық экономикасының қызмет етуі оның белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндірушілер мен тұтұнушылар.Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, тұрады. Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді.

50. Формациялық тәсіл. Өндірістің бес амалы. Мемлекеттерді типке бөлудегі формациялық тәсіл. Формациялық тәсілдің шегінде негізгі талап ретінде әлеуметтік-экономикалық факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация орын алады. Бұл тәсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базасімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сәйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады.

51.Экономикалық өсу,мәні,көрсеткіштері мен факторлары. Экономикалық өсу типтері. Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Экономикалық өсудің мәні — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады. Экономикалық өсу басты төрт факторларға негізделген: Халық; Табиғи ресурстар; Капитал жинақтау; Техника; Олар: табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту және оны анықтау, халықтың жұмысбастылығы жайлы мәселелер, капитал салымының техника экономикалық прогресі туралы негізін қамтиды.. Э.ө жүйесінің басты көрсеткіші – жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

52.Абсалютті рента.Дифференциалды рента I және II.Жалға алу бағасы,жер ақысы.
Рента (фр. rente — табыс әкелу. Жер рентасы – жер телімін уақытша қолданғанға төленетін төлем.Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.Абсолюттік рента – бұл жер иелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан, нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді.Сондықтан, нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді. .Дифференциалды рентаның қайнар көзі құнарлығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.Дифференциалды рента екі түрде болады:1. Жердің табиғи құнарлылығына және жер телімінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың жал төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциалды І рента деп атайды.2. Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалды ІІ рента деп атайды.

53. Қоғам шаруашылығының негізгі формалары мен үлгілері. Натуралды шаруашылық, оның белгілері мен ерекшеліктері. Қоғамдық шаруашылық – бұл өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыс.* жеке еңбектің қоғамның жиынтық еңбегіне енгізу тәсілі.* Экономикалық қызметті үйлестіру.Шаруашылықтың бірінші тарихи нысаны натуралды шаруашылық болып табылады. Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар: 1. өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым; 2. өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі. - Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес. Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Наши рекомендации