Лизинг инвестицияны қаржыландыру көзі ретінде

Лизинг – ағылшын тілінің сөзі және 1еазе («мүлікті уақытша алу және беру») етістігінен туындайды.

Лизинг – бұл бір ұйымның (пайдаланушы-лизинг алушы) екінші ұйымға (лизингтік компания) қажетті мүлікті сатып алып, оны қолдануға беру өтінішімен байланысты мүліктік қатынастар.

Лизинг– уақытша бос немесе тартылған қарыз қаражаттарын инвестициялау бағытталаған инвестициялық қызмет түрі; қаржылық жал (лизинг) келісім шарты бойынша жал беруші (лизинг беруші) анықталған сатып алушыдан мүлікті сатып алуға және осы мүлікті кәсіпкерлік мақсаты үшін ақы негізінде жал алушыға (лизинг алушы) уақытша пайдалануға беруді қарастырады.

Жалға берілген мүлікке қатысы (немесе қызмет көрсету көлемі бойынша) лизинг жіктеледі:

Таза лизинг, мұнда мүліктің қызмет етуі бойынша барлық шығындар лизинг алушы төлейді. Лизинг алушы лизинг берушіге таза немесе нетто төлем аударады. Отандық нарықта негізінен таза лизинг көрініс табады.

Толық, немесе «ылғалды» лизинг. Лизинг беруші мүлік бойынша барлық шығындар өзіне алады. Мұндай әдісте негізінен мүліктің өндірушілері қолданады. Құны бойынша толық лизинг ең қымбат қызмет түрі. Себебі, лизинг берушіде техникалық қызмет көрсету, білікті мамандарды тарту, жөндеу, қажетті шикізат пен құрылғы бұйымдарды сатып алу бойынша шығындар жоғарлайды.

Жекелей (жеке қызмет түрі), лизинг берушіге мүліктің қызет етуі бойынша жекелей қызметтер аударылады.

Лизинг қаржыландыру түрлері бойынша келесі топтарға жіктеледі:

• мерзімді, мұнда мүліктің бір реттік жал орын алады.

• жаңаратын (револьвердік), мұнда лизинг келісім шартының бірінші аяқталу мерзімінен кейін лизинг келісімі келесі кезеңге жалғасады. Белгілі бір уақыттан кейін, тозуға және лизинг алушының қалауы бойынша лизинг объектісі жетілдірілген үлгілерге ауыстыруы мүмкін. Лизинг алушы мүлікті алмастыру бойынша барлық шығындарды өтейді. Лизинг объектілер саны және оны қолдану мерзімі лизингтің тараптарын арасында алдын-ала қарастырылмайды.

Қайталанатын лизингтің түрі бас лизинг болып табылады. Бас лизингте жаңа келісім шартын жасаспай-ақ лизинг беруші жалға алу мүлігінің тізімін толықтыра алады. Мұндай жағдай үзіліссіз өндірістік циклді кәсіпорындары үшін маңызды. Бас лизинг лизингтік мүлікті жедел жеткізу немесе ауыстыру, ал жаңа келісім-шартты жасасуға уақыт жоқ кезде қолданылады. Бас лизинг шартына сәйкес, лизинг алушы жоспарланбаған жылдам қажеттілік туындаған кезде лизинг берушіге қосымша мүлікті жеткізу туралы сұранысты жіберу жеткілікті болып табылады. Келісім-шарт жасалған кезең аяғында лизинг беруші шығындарының әр түрлігіне байланысты лизингтік төлемдер қайта есептеледі және жаңа келісім-шартқа отырады.

Мәміленің қатысушылар (субъектілер) құрамына байланысты лизингтің келесідей түрлері бар:

1. Тура лизинг – мүліктің меншік иеленушісі (жеткізуші) объектіні лизингке (екі жақты мәміле) береді. Аталған мәмілені дәстүрлі лизингтік мәміле деп айту қиын, себебі мұнда лизингтік компания қатыспайды.

2. Жанама лизинг – лизингке мүлікті беру делдал арқылы жүргізіледі. Аталған мәміле дәстүрлі лизингтік мәмілеге жатқызылуы мүмкін, себебі мұнда жеткізуші, лизинг беруші және лизинг алушы қатысады.

3. Бөлінген лизинг (көп жақтың қатысуымен лизинг) — «левердж лизинг». Лизингтің түрі күрделі, ірі масштабты объектілерді қаржыландыруда танымал болып келеді: авиатехника, теңіз бен өзен кемелері, теміржол, бұрғы тұғырнамасы және т.б.

Мұндай лизингті топтық немесе акционерлік лизинг деп те атайды. Оның сипаты – бірнеше компаниялардың (жеткізуші, лизинг беруші) қатысуы, бантерден несие қаражаттарын тартуы, лизингтік мүлікті сақтандыру және сақтандыру пулдары арқылы лизингтік төлемдердің қайтаруы. Лизингтің бұл түрі күрделігімен тән. Сонымен қатар, бөлінген лизингтің ерекшелігі ретінде лизинг беруші лизинг объектісін сатып алу үшін тек соманың бір бөлігін қамтамасыз етуін атап өтуге болады. Бұл қаражаттар акциялар шығару, оларды мәмілені қаржыландыруға қатысатын лизинг берушілер арасында тарату арқылы тартылады және шоғырландырады. Лизинг объектісінің қалған құны қарыз берушілермен (банктер, басқа инвесторлар) қаржыланады. Қарыз берушілерде лизинг берушінің несиелері бойынша берешекті талап ету құқығы жоқ. Өз кезегінде, қатысушылар тараптардың көп болуына байланысты мұндай мәмілелерде қарыз берушінің сенімді тұлғасы (қарыз берушілердің әрекетін координациялау үшін) және лизинг берушінің сенімді тұлғасы (контрагенттердің біріккен іс-әрекетін басқару) қатысады. Лизинг берушінің сенімді тұлғасы номиналды лизинг беруші ретінде қызмет атқарады және мүліктің меншік иеленуші мәртебесін алады. Сондай-ақ, ол акция ұстаушылар арасында пайданы бөледі.

Активке меншік құқығы және активті пайдалану құқығының бөлінуі – лизингтік операцияның келесідей элементтерін қамтитынын сипаттайды: несие, жал және инвестициялар. Лизинг басқа қаржыландыру формаларына салыстырғанда бірқатар артықшылықтар бар екенін дәлелдейді. Әдебиеттерде көрсетілген лизингтің артықшылықтары жөнінде пікір-талас бар. Төменде әдебиеттерде сипатталған артықшылықтар тізімі келтірілген.

Жал алушылар үшін лизингтің артықшылықтары.

Лизинг 100% қаржыландыруды қарастырады және борыштың барлық сомасын тез қайтаруды талап етпейді.

Жал қаржылық активтер қажеттілігіне сәйкес жал алушының қаржылануын қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе кішігірім қарыз алушылар үшін тиімді. Себебі олар ірі компаниялар сияқты несие арқылы қаржыландыру ыңғайлы және икемді емес. Лизингтік келісім жал алушының ерекшеліктері ескеріле отырып жасалуы мүмкін.

Көптеген жал алушыларда ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлары бар. Олар жоспарды орындау бойы қаржылық мүмкіндіктері шектелген. Лизинг осындай шектеулерді жеңуін көмектесе отырып, инвестициялық пен қаржылық жоспарлауда жоғарғы жылдамдықпен жүргізуге мүмкіндіктер береді.

Лизинг кезінде активтерді иемдену мен қаржыландыру сұрақтары бірге шешіледі.

Лизинг арқылы активтерді иемдену кезінде лизинг алушы «қаржыландырудың алтын ережесін» орындайды. Ережеге сәйкес, қаржыландыру активті қолдану мерзімі бойы жүргізілу қажеттілігін анықтайды. Егер активті сатып алса, онда қарыз капиталы қолданылады. Ал бұл активтің жойылу мерзіміне қарағанда қарызды жылдам өтеуді талап етеді.

Лизинг жал алушының шешім қабылдауының икемділігі жоғарлайды. Өз кезегінде сатып алу кезінде тек бір балама шешім – «сатып алмау» бар. Ал лизинг кезінде таңдау нұсқалары бар. Әр түрлі шарттағы лизингтік келісім-шарттардың ішінен жал алушы оның қажеттілігіне және мүмкіншілігіне сай болатын нұсқаны таңдай алады;

Лизингтік төлемдер бекітілген кесте бойынша жүргізілгендіктен, жал алушы мүмкіндіктері жоғарлайды – капитал жұмсалымын қаржыландыруға шығындарды және өнімді өткізуден түскен түсімдерді үйлестіруін бақылау, қаржылық жоспарлардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді;

Активтерді сатып алу үшін қарызды алуға қарағанда, сол мүлікті лизинг келісім-шарты арқылы алу ыңғайлы;

Активті сатып алуға қарағанда, лизингті пайдалану кезінде жал алушыда өндірістік қуатты қолдануы жоғары болады. Уақытша бос қаржылық ресурстарды басқа мақсаттарға жұмсауға бағыттары бар;

Лизинг ұзақ уақыт бойы өндірістің өнімін өткізу құралы болғандықтан, мемлекеттік саясат лизингтік операцияларды қолдауға және дамытуға бағытталады;

Төмен табыстылықтың сипат алуы кезінде жал алушы қайтарымды лизингті қолдануына болады. Қайтарымды лизинг пайдаға салық салу кезінде бірқатар салықтық жеңілдіктерден тұрады;

Лизинг қомақты қаржылық ресурсы жоқ жал алушыға жаңа жобаны бастауға мүмкіндік береді;

Келісім-шарттың аяқталуынан кейін лизинг пәнінің жоғарғы жою құнын алу мүмкіндігі жал алушылардың лизингке қатысудың шешуші факторы болып есептеледі.

Жоғарыда аталғандармен қатар жал алушыда жалға алатын мүлікті есепке алғанда келесідей артықшылықтар болады. Атап айтқанда:

1) жал алушы төлейтін лизингтік төлемдер өзіндік құнда ескеріледі, яғни оны төлеу үшін қаражаттар пайда салынатын салыққа дейін қалыптасады;

2) жал алушының балансында лизинг борышты жоғарлатпайды және меншік пен қарыздық қаражаттардың қатынасына араласпайды. Осыған сәйкес, қосымша қарызды тарту бойынша мүмкіндіктерді төмендетпейді;

3) лизингтік мүліктің есебі мен амортизациясы лизинг берушінің балансында жүргізіледі. Лизингтің мерзімі лизинг пәнін амортизациялау кезеңіне сай келеді, бірақ лизингтік келісім-шарт мерзімі төмен болады. Лизинг мерзімі жоғары болған сайын, соғұрлым мүлікті жою және оны ары қарай қолдану шарттары жоғары болады.

Лизингтік компаниялар үшін лизингтің артықшылықтары:

1) лизингке берілген мүліктің меншік құқығына салықтық жеңілдіктер беріледі;

2) лизингке берілген мүлік лизинг беруші меншігінде қалғандықтан, лизинг беруші осы мүлікті өндірістік емес мақсаттарда (мысалға, несие ресурстарын қайтарудың қосымша қамтамасыз ету-кепіл ретінде) қолдануға мүмкіндігі бар;

3) жылдам амортизациясынан кейін лизинг пәнінің жоғарғы жою құнының болуы. Лизинг пәнінің ауқымды бөлігі қайтарылуы жоғарғы пайдаға әкелуі мүмкін;

4) лизинг беруші тарапынан сатушыға лизинг пәнін сатуға көмектесу. Осындай келісімдерге сәйкес, лизинг беруші атынан сатушы клиентерге лизинг арқылы өз өнімінің жеткізілімін қаржыландыруға ұсыныс береді;

5) мүлік формасындағы инвестициялар ақша несиесіне қарағанда қаражаттардың қайтарылмау тәуекелін төмендетеді, себебі лизинг беруші лизингке берілген мүлік меншігін құқығын сақтайды;

6) лизингтік операцияларды дайындау мен жүргізу кезінде негізгі рөлді лизинг берушіде болады. Аталған қызмет құны лизинг берушінің комиссиялық сыйақысында үлкен бөлігін алады;

7) лизинг беруші өз қызметін жалғастыру мен кеңейту үшін қосымша қаржылық ресурстарды табу мүмкіндігін береді;

8) лизинг қаржылық ресурстарды материалдық активтерді сатып алуға тікелей бағыттайды, осыдан несие қаражаттарынның мақсатсыз қолдану мәселесін шешеді;

9) лизинг арқылы өндірістік құралдарға инвестициялау лизинг бойынша міндеттемелерді жабатын табыстарды генерациялау, табысты жинауға көмектеседі.

Лизингтік мүлікті сатушы үшін лизингтің артықшылықтары:

- лизинг пәнінің сатушысы өз өнімін өткізудің қосымша мүмкіндігін алады;

- сатушы үшін мәміле тәуекелі төмен, себебі лизинг беруші лизингтік төлемдер арқылы мүлік құнын қайтару тәуекелін өзіне алады.

Лизингтік операцияларға қатысатын банктер үшін келесідей артықшылықтар бар.

Ең біріншіден, мәміле құнын төмендетуге әкелетін салықтық артықшылықтардың болуы. Осы факторға байланысты батыс мемлекеттерде лизингтің дамуына үлес қосты. Мәміле құнының төмендеуі – жобаны жүзеге асырудың ықтималдылығын жоғарлатуға мүмкіндік береді, қарыз алушылар үшін борыш ауыртпалығын төмендетеді, ұсынылған қарыздардың сапасын жоғарлатады.

Лизинг — біздің еліміз үшін қаржыландырудың жаңа түрі болғанмен әлемдік тәжірибеде қаржыландырудың дәстүрлі түрлеріне жатады. Лизинг ұйымдарға (банк клиенттеріне) айналым қаражаттарынан ақша ресурстарын алмай, өндірістің қайта ұйымдастыруына көмектеседі.

Наши рекомендации