Аурудың алдын алу шаралары

Денсаулықты нығайту концепциясы және

Аурушандыққа әкеліп соқтыратын факторлар:

-жалпы халықтың салауатты өмір сүру мәдениетінің төмендігі

-санитарлық-гигиена туралы кейбір мәселелерді жете білмеуі

-гиподинамия-қимылдың жеткіліксіздігі

-денесалмағының қалыптан тыс жоғарылауы-семіздік

-тиімсіз және құнарсыз, я шамадан тыс тамақтану,

-қоршаған ортаның шамадан тыс химиялық заттармен улануы

-радиациялық факторлар

-үй және жұмыс жағдайындағы күйзелістердің көбеюі

- залалды әдеттер: арақ-шарапқа, нашақорлыққа әуес болу,темекі тарту

Адамдардың тіршілік әрекетіне әсер етеді және көптеген әлеуметті маңызы бар гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, сүт бездерінің, жатыр мойны, өкпе қатерлі ісік аурулары, қант диабеті ауруларына әкеліп соқтырады. Енді осы аурулардың алдын алу факторларына тоқталайық.Атап айтсақ:

1.Гипертония–барлығымызға мәлім жоғары қан қысымы –инфаркт, исульттің даму қаупі мен бүйрек жетіспеушілігін жоғарылатады.Әлемде гипертониямен ауыратын ересек адамдардың үлесі жасына қарай өседі-20-40 жас аралығында он адамның біреуі,ал 50-60 жас аралығында он адамның 5-уі.

Әрбір адам өз қан қысымын,қандағы қанттың, холестериннің және липидтердің деңгейін білу қажет.

Гипертониялық ауру екіге бөлінеді,ол:

-эссенциалды артериалдық гипертензия жүрек қан тамырлары жүйесінің төмендеуі және гемодинамиканы реттейтін механизмдерінің бұзылуы

-симптоматикалық артериалдық гипертензия –бүйреткің зақымдану,бүйрек үсті безінің ауруы,аорта коарктациясы,дәрілерді шамадан тыс қабылдау

Артериалды гипертония ауруын туғызатын факторлар. Олар тұқым қуалаушылық, нерв күйзелісі,стресс, ас тұзын,қантты, тамақты мөлшерден тыс көп қолдану,семіздік,ішімдік ішу,темекі шегу,бүйрек аурулары, аз қозғалыс.

Алдын алу шаралары:

-Салауатты өмір салтын ұстану,яғни спортпен айнналысу Зиянды арақ-шараптарды және темекіні қолданудан бас тарту

-Ас тұзын және қантты,қанықбаған майларды,кофені қолдануды азайту

-Диета сақтау

-Нервтік жүйені бұзбау үшін өзін өзі тәрбиелеу,психотерапия

-Санаторлық-курорттық ем қабылдау

-дене салмағын қалыпқа келтіру

-кемінде жылына 1-2 рет тиісті дәрігерлерге қаралып тұру

-жылына 1-2 рет қан және зәр анализдерін тапсыру-қант,креатинин,зәр қышқылы, холестерин,липопротеидтер т.б анықтатып тұру

-міндетті түрде өзінің қан қысымын тексеріп тұруды үйрену

2.Жүректің ишемиялық ауруларынастенокардия, кардиосклероз,жүрек аритмиялары және созылмалы жүрек жетспеушілі жатады.

Жүректің ишемиялық ауруларын туғызатын факторлар, ол эндогендік және экзогендік болып екіге бөлінеді:

1. Эндогендік:

-генетикалық факторлар –тұқымқуалаушылық,ер адамдар әйелдерге қарағанда көбірек аурады,менопауза жасындағы әйелдер мүмкіндік көбірек,жасы үлкей -ген сайын ауыру қаупі жоғарылайды,

-гиперхолестеринемия-қанда холестерин, қант мөлшерінің жоғарылуы,артерия алдық гипертония,гипергликемия

2.экзогендік факторлар:

- нерв күйзелісі,стресс, темекі шегу,арақ шарап ішу,холестеринге бай тағам қабылдау, семіздік және аз қозғалыс.

Алдын алу шаралары екіге бөлінеді:

1.Біріншілік алдын алу:

-дене салмағын азайту

- темекі шегуден және арақ-шарап ішуден бас тарту

- артериалды гипертониядан емделу

- ас тұзын шектеу

-спортпен айналысу

- психикалық тыныштық

- физикалық күш түсіруді шектеу

- кофе ішуді шектеу

2.Екіншілік алдын алу:

-жүрек жетіспеушілігінің алдын алу үшін дәрілер қабылдап отыру

-диспансерлік бақылауда болу-жылына екі рет дәрігерге қаралып тұру

Осы екі аурулар бойынша дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас алқасы «алдын алу шараларын толық қолданатын болсақ,өлімнің тең жартысын азайтуға болады» деп айтқан болатын.Ал ғалымдар мына бір сөзді үнемі дәріптеп « Қарттар 3 жарым минутқа,3 жарым cағатқа көңіл бөлу керек» деген сөзді жиі айтып келеді.өптеген адамдар күндіз сап-сау болып жүріп,түнде кенеттен қайтыс болады.Өйткені ол,төсектен басын жұлып алып тез тұрғанда , қан қысымы бірден төмендейді де ,миына қан жетіспей жүрегі тоқтап қалады.

Сондықтан келесідей алдын алу шараларын ұсынады:

-ояна салысымен орнынан тез тұрмау, қайта төсекте жарым минут жату

-басын көтергеннен кейін төсекте жарым минут отыру

-екі аяғын салақтатып төсекте жарым минут отыру

Осыны табандылықпен орындағанда миға қан жетіспеу жағдайы туылмайды.Жүректе бірден тоқтап қалмайды.Ал 3 жарым сағат дегенді былай түсінуге болады:

-таңертеңгілік жарым сағат жүгіру (3км аспау керек)

-түсте жарым сағат ұйықтау

-кешке 6 мен 7-нің аралығында баяу жүріспен жарым сағат сейлдеп жүру

Бұл жүректің және қан қысымының дұрысталуына көмегін тигізеді.

3.Қантты диабет-инсулин жетіспеушілігінен созылмалы гипергликемия синдромы дамуымен сипатталатын ауру.Соның әсерінен ағзада барлық алмасу үрдіс түрлері бұзылады,қан тамырлар ,жүйке жүйесі және тағы басқа мүшелер-көз,бүйрек,жүрек,аяқ мен жүйелер зақымданды.Қантты диабет соқырлықтың негізгі себебі болып табылады, ал 25 пайызы бүйрек жетіспеушілігінің дамуына әкеледі.

Қант диабетін туғызатын факторлар, ол:

- семіздік

-жиі психоэмоциионалдық күш түсу

-ұйқы безінің аурулары

-акушерлік паталогия

-туберкулез

-пиелонефриттер

- капиллярлардың зақымдану

- нейропатиялар

Алдын алу шаралары:

- Салауатты өмір салтын ұстану,яғни спортпен айнналысу

- Зиянды арақ-шараптарды және темекіні қолданудан бас тарту

- қантты,қанықбаған майлард қолдануды азайту

- Диета сақтау

- Нервтік жүйені бұзбау үшін өзін өзі тәрбиелеу,психотерапия

- Санаторлық-курорттық ем қабылдау

- дене салмағын қалыпқа келтіру

- кемінде жылына 1-2 рет тиісті дәрігерлерге қаралып тұру

- жылына 1-2 рет қан және зәр анализдерін тапсыру-қантты анықтатып тұру

- міндетті түрде өзі қант деңгейін зерттеп тұруды қолға алу

4.Брох демікпесі ауруы-инфекциялық аллергиялық созылмалы ауру, бронхтар дың шырышты қабаты ісініп, бронхтар тарылады,тұншығу ұстамасы пайда болады.

ДДҰ-ның 1992 жылғы бронх демікпесі ауруының жіктелуі:

1.Аллергиялық астма:

-аллергиялық бронхит

-аллергиялық ринит

-экзогендік аллергиялық астма

2.Аллергиялық емес астма

-идиосинкразиялық астма

-эндогенді аллергиялық емес астма

3.Аралас астма-бұл екеуінің қосарлануы

4.этиологиясы белгісіз астма:

-астмалық бронхит

-кеш пайда болған бронхит

Брох демікпесі ауруын туғызатын факторлар,ол;

-тұқым қуалаушылық

- емделмеген аллергиялық ринит

-тұрмыстық химия-жуғыш және косметикалық заттар

-темекі шегу

-үй-жайлардың ішіндегі аллергендер (төсек орындардағы, кілемдердегі,жұмсақ жихаздардағы шаң тозаңдар,жануарлардың жүні т.б.)

-сырттағы аллергендер (гүл тозаңы, жеміс жидек ағаштарының гүл тозаңы,ағаш мамықтары)

-дәрі дәрмектер

-өндірістегі химиялық тітіргендіргіш заттар

-ауаның түрлі зиянды заттармен ластануы

Алдын алу шаралары:

-салауатты өмір салтын ұстану-таза ауада серуендеу,дұрыс тамақтану,дене салмағын азайту

-үй жайды үнемі дымқылды тазалау

-ұшатын тұрмыстық химиядан бас тарту

-зиянды әдеттерден бас тарту( темекі тартудан, арақ-шарап ішіден)

-спортпен шұғылдану

-күйзелістерге жол бермеу

-тыныс алу жолдарының ауруларын анықтап,алдын алу

-жоғары аллергенді тағамдарды аз пайдалану-ара балы, шоколад,тауық жұмыртқасы,жаңғақ,цитрус өнімдері)

5.Онкологиялық аурулар-оның ішінде ең жиі кездесетін түрлері сүт безгегі , жатыр мойыны және өкпе қатерлі ісіктері, ол дегеніміз түрлі ағзаларда қатерлі

ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы. Соның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ем аурудың қай сатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Басқа ауруларда кездесетіндей, ауруды асқындырып алған жағдайдайда емдеу қиынға соғады.

Обыр ауруларының туу жолдарытолық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыр

атындардың жартысына жуығында ондай себептердің барлығына болжам жасалған, ол келесідей:

1.тамақтану сипатынан 30-35 %,

2.темекі тартқаннан 30%

3. жұқпалы (вирустық) агенттерден 17%

4.алкогол қолданудан 4%

5.қоршаған ортаның ластануынан 2%

6. ауыр тұқым қуалау салдарының 2%

Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет.

Наши рекомендации