Банкроттық туралы заңдағы сауықтыру рәсімі

Банкроттықтың түсінігі, белгілері мен түрлері. Банкроттық – арнайы экон-қ сот мойындаған экон-қ дәрменсіздік, оның тәжірибелік алғышарты ағымдық төлемдерді орындамау ғана емес, сонымен қатар оын жою үшін негіз болып табылатын қарыздарды жабуға қажетті активтердің жеткіліксіздігімен де б/ты төлем қабілетсіздігі болып табылады. Италиядан шыққан банк.термині «бұзу» д.м.б. Банк. Макро және микроэкономикалық өлшемдерде қарастырылады. Бірінгісі нарық теориясының қорытындылары мен ережелеріне, ал екіншісі фирма теориясына негізделген. Фирма банкроттығы әдетет ұзақ уақыт ішінде кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Банкроттық – кәс-ң ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және ивсетициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттық жағдайынан шығу үшін бағдарлама жасау керек. Банкроттықтың мақсаты борышкердің төлемқабілеттілігін қалпына келтіру, міндеттемелерді жүйелеу немесе қарыздарды қайтару. Банкрот деп тек заңды тұлғалар ғана емес, жеке тұлғалар да таңылуы да ммүкін. Банкроттық түсінігі оның әр түрлілігімен түсіндіріледі. Заңдылық және қаржылық практикада кәсіпорынның банкроттығының келесі түрлері қарастырылады: 1.Нақты банк-қ; мұнда кәс-н қарж-қ тұрақсыздығынан, төлем қабілеттілігі нашарлығынан туындайды. 2.Техникалық банк-қ, ерекшелігі: төлем қабілеттілігі бар, дебиторлық берешектері бар, олар міндеттемелерденартық, мұнда кәсіпорын банкроттыққа жатқызылмайды. 1.Қастық банк-қ; 2.Жалған банк-қ. Рыноктык экономикада банкроттық көптеген проблемаларды шешуге ықпалетеді, соның ішінде төлем төлемеу, өндірісті дамыту және т.б. осыған б/ты олар ұлттық өндірушілерге жасалған жақсылықтң құрамды бөлігі болып табылады.

Банктердің делдалдық операциялары. Банктердің делдалдық опер/ры? Оларға жататындар: “Траст” ағылшын тілінен аударғанда “сенім” деген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны. Траст операциясы-клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары. Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын “валюта” терминінің мәніне тоқталайық.Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес, “валюта –мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”. Осы заңда“валюталық операцияларға”төмендегідей түсінік берілген: меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер; валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:шетел валютасы;номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;тазартылған құйма алтын;ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттарыХалықаралық және отандық банктік тәжірибеде есеп айырысудың ең көп қолданылатын түрлеріне инкассо мен аккредитив жатады.Инкассо – сатушы (экспортер) мен сатып алушыны (импортердің) арасында банктің делдал қызметін атқаруымен байланысты операция. Аталған операция инкассоның шарты көзделген құжаттарға қарсы төлемді жасау туралы сатушы тапсырмасы негізінде жүзеге асады. Егер қаржылық құжаттарға (аудармалы вексель, жай вексель, чек және т.б ақшаны алуда пайдаланылатын құжаттар) қоса коммерциялық құжаттар (шот, жөнелту құжаттары, меншік құқығы туралы құжаттар) берілген болса, онда мұндай инкассо құжатты инкассо деп аталады. Таза инкассода қаржылық құжаттар ғана беріледі, яғни коммерциялық құжаттар бірге жүрмейді.Таза және құжатты инкассомен операция жүргізуде банктер 1995 жылы толықтырылған «Инкассомен жұмыс жасаудың ортақ ережесін» басшылыққа алады. Инкассомен операция жасауда банктер ешқандай да төлем міндеттемесін алмайды. Инкассомен есеп айырысудың сатып алушы үшін артықшылығы, ол тауарды жөнелткенге дейін оның құнын төлемей, төлем тек қана тауарды жөнелткендігін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда жасалады. Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы. Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредетив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы (бнеефициар) бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.Банктік кепіл-хат Халықаралық саудада мәмілеге қатысушы серіктестер үшін мынадай мәселе туындайтыны сөзсіз, олар: сатушының сатып алушының төлем қабілетін бағалау қиындығы;сатып алушының жабдықтаушының міндетемені орындауға дайындығын бағалау қиындығы. Мұндай мәселені шешудің жолына мәмілеге қатысушы тараптардың бірінің банктің кепіл-хатын пайдалануы жатады.Кепіл-хат – сатып алушының (принципалдың) тапсырмасы бойынша және оның атынан бенефициарға (жабдықтаушыға) жөнелткен тауары немесе көрсеткен қызметі үшін төлемді уақытында төлеу туралы кепілгер банктің міндеттемесін білдіреді.Мәмілеге қатысушыларына қарай кепіл-хаттың екі түрі қолданылады:тікелей (үш жақты);жанама (төрт жақты).Инкассо және аккредитив сияқты кепіл-хаттың да өзіндік ережелері бар.

Бизнес-жоспардың мазмұны мен құрылымы. Бизнес жоспар қаржы менеджментінің жүйесінде үлкен рөл атқарады. Сондықтан онда кәсіпорын қаржылық – экономикалық көрсеткіштері жайлы бөлім болуы қажет; кәсіпорынның мақсаты жайлы бөлім; алға қойған мақсаттардың жалпы санын, сол мақсатарға қол жеткізуге кететін мерзім. Кәсіпорынның қаржылық – экономикалық талдау арқылы қабылданған бизнес- жоспар негізінде оның қаржы ресурстарын басқаруда шешімдер талқыланып, қабылданады. Бизнес – жоспарда көрсетілген мына жағдайларды ескере отырып, коммерциялық жобаны қаржыландыру жөнінде шешім қабылданады: 1.Қаржылық – экономикалық тартымдылығының бағалауан; 2.Техникалық – экономикалық нәтижесін. Бизнес – жоспар фирманың өзінің кәсіпкерлік іскерлігінің объективті бағасы ретінде көрінеді, сонымен қатар ол нарық қажеттілігіне сәйкес инновациялық жобаларды қабылдау үшін қажетті құрал болып табылады. Бизнес-жоспарыдң негізгі мақсаттары: инвестициялық жобаның жүзеге асырылуының экономикалық негіздемесі; кәсіпкерлік қызметтің алдағы қаржылық нәтижелерін есептеу; қаржылық көздерді анықтау;инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қабілеті бар мамандарды таңдау. Бизнес-жоспарыдың түрлері: 1.Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары - бұл бизнес-жоспар инвесторлар үшін жасалынады немесе инвесторлардың өздері де жасауы мүкін. 2.Компанияның бизнес - жоспары-бұл директорлар кеңесінің немесе акционерлер жиналысының алдында компанияның алдағы уақыттағы даму болашағын сипаттайды. 3.Құрылымдық бөлімнің бизнес-жоспары-бұл жоғары басшы органға кәсіпорынның шаруашылық қызмет бөлімінің даму жоспарын қарастырады. 4.Несиенің бизнес жоспары-бұл мемлекеттік бюджеттен басқа да қорлардан қаражаттарды алуға арналады. 5.Аймақтық бизнес-жоспар-бұл аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамудың болашағын анықтауға және соған сәйкес қаржыландыру бойынша бағдарламаларды жасауға негізделеді. Бизнес-жоспардың әр түрлі нұсқалары берілген, олардың әр түрлілігінің болуы инвестициялық жобаның ерекшелігіне байланысты. Әдетте, бизнес-жоспардың көпшілігінің көлемі 50 беттен аспайды:резюме; өндіріс объектісінің сипаттамасы; саланың сипаты;өткізу, нарықты талдау; ұйымдасиырушылық жоспары; өндірістік жоспар; инвестициялық жоспар; маркетингтік жоспар; қаржылық жоспар; тәуекелдерді талдау; қорытынды;қосымшалар. Резюме - бұл бөлім ең маңыздылардың бірі болып табылады. Ол бинес-жоспарды жасаудың ең соңғы кезеңінде жасалынады және бинес-жоспар мазмұнын қысқаша сипаттайды. Онда кәсіпорын, өнім, қызметкерлер туралы мәліметтер, кәсіпорынның қаржылық нәтижелері, тартылатын инвестиция көлемі, табыстары, өтеу мерзімдері туралы мәліметтер көрсетіледі. Өндіріс объектісінің сипаттамасы келесідей бөлімдерден тұрады:капитал тарту қашан құрылды, қазіргі уақытқа дейінгі жетістіктері, заңды мәртебесі, объектінің орналасу орны, кәсіпорнның қаржылық қызметі;кәсіпорынның ағымдағы жағдайы, тауарлар мен қызметтердің тізімі, кәсіпорынның басқа бәсекелес кәсіпорыннан ерекшелігі, тауар экспорты, клиенттермен, мердігерлермен есеп айырысу шаралары, өнімнің артықшылықтары;жұмысты жүргізу стратегиясы, жақын уақыттағы кәсіпорынның мақсаты, кәсіпорынның даму болашағы. Саланың сипаты бөлімінде қарастырылатын мәселелер:саланың шикізкат базасы, инвестициялық климаты; сала бойынша өнімді сату көлемі, кәсіпорынның сату көлемі, бәсекелестік жағдайы; бәскелестіктердің әлсіз және күшті жақстарын, бәсекелстікті ескергендігі өнімді сату жағдайлары. Өткізу, нарықтық талдау-бұл бөлімде әлеуетті тұтынушыны анықтау, нарықтық сұранысын талдау, өнімді нарықта бөлу кестесі, сатылатын өнімді жетілдіру жағдайлары қарастырылды. Ұйымдастырушылық жоспарда – инвестицияға қажеттілік жоспары қалыптасады, яғни, шикізаттарға, материалдарға қажеттілік, құрал жабдықтар, жер учаскілеріне қажетті және капиталды тартудың көздері мен шарттары қарастыралы. Өндірістік жоспар – өндірістік үдерістің толық сипаты қарастырылады және өнім өндірісінің көлемі анықталады. Өнім өндірісінің көлемі келесідей кезеңдер бойынша болжанады:1 жыл, әр тоқсан сайын жыл, әр жарты жыл сайын 3 жыл, жылына байланысты әр жыл сайын. Маркетингтік жоспар – бұл жоспарланатын сату көлеміне жету мен максималды пайда алу үшін кәсіпорындардың іс-әрекетінің жоспары болып табылады. Қаржылық жоспар бөлімшелері: табыстар мен шығындар жоспары;ақша қаражаттарының түсімі мен төлем жоспары;қолма-қол ақша ағымының жағдайы;баланстық жоспар. Тәуекелдерді талдау-кәсіпорын қызметіне әсер етуі және барлық тәуекелдер түрлеріне талдау жасалынады. Сонымен қатар тәуекелдің әрбір түріне қатысты оларды төмендету жолдары қарастырылады. Қорытынды да кәсіпорынға жоба бойынша ұсыныстар беріледі. Жобаны жүзеге асыру үшін капитал көлемі, инвестицияға берілетін кепілдемелердің түрлері, жобаның өтем мерзімі, сондай-ақ қаржылық көздерін талдау мүмкіндігі сипатталынады.

Бизнесті бағалау: негізгі түсініктері, принцптері және бағалау процесі, бағалау стандарттары.Бизнесті бағалау принциптері.
Бағалау принциптерінің өзара байланысты үш тобы бар:
Меншік иесінің ұсынысына негізделген;

Меншікті эксплуатациясымен байланысты

Нарықтық ортаның әрекетімен туындайтын принцип.

Принциптердің көпшілігін қатар қолдануға болмайды. Әрбір жағдайда негізгі және қосалқы принциптер қолданылады. Принциптер жөнінде сөз болғанда нарықтық экономика субъектілері әрекетінің тек негізгі заңдылықтары ғана туындайды. Нақты өмірде бірқатар факторлар әрекетті тежеуі мүмкін. Мысалы, мемлекеттің араласуы кейде бағалау принциптерін жүзеге асырудың дұрыс жолын көрсетпеуі мүмкін.
а) пайдалылық принципі;
ә) алмастыру принципі: кәсіпорынның максималды құны баламалы пайдалы басқа объект сатып алуға болатын ең төмен бағамен анықталады.
б) күту немесе болжау принципі.
Белгілі бір кәсіпорынды иеленуден келешекте алынуы мүмкін кіріс немесе басқа да табыстардың құнын анықтайды.
Принциптердің екінші тобы
а) салым принципі: кәсіпорын құнының алынатын өсімі активтерді алуға кеткен шығыннан көп болса, онда кәсіпорын жүйесіне кез келген қосымша активті қосу тиімді болып табылады.
ә) қалдық өнімділік принципі. Бұл принцип шекті табыс теориясына негізделеді, шекті өнімділік принципі.
Баланста болу (пропорционалдылық) принципі. Бұл принципке сәйкес өндіріс факторларының тиімді мөлшерін сақтай отырып жоғары табыс алуға болады.
Принциптердің үшінші тобы.
а) сәйкестік принципі бойынша өндірістің жабдықталуы, технология, табыс деңгейі және басқа да нарық талаптарына сай келмейтін кәсіпорындар орта шамадан төмен бағаланатын болады.
ә) регрессия және прогрессия принциптері. Регрессия принципі кәсіпорынның нарықтық жағдайына қатысты артық көрсеткіштермен сипатталғанда орын алады. Прогрессия принципіне сәйкес көрші объектілердің қызмет етуі нәтижесінде кәсіпорынның нарықтық бағасы оның құнынан жоғары болуы мүмкін.
б) бәсекелестік принципі: егер бәсекелестік күрес ушығатын болса, онда келешек табысты болжамдау кезінде бұл факторды кірістерді тікелей азайту есебінен немесе тәуекелділік факторын ұлғайту жолымен ескеруге болады.
г) сыртқы ортаға тәуелділік принципі;
ғ) құнды өзгерту принципі
д) экономикалық бөлістіру принципі, яғни мүліктік құқықтарды объектінің жалпы құнын ұлғайтатындай етіп бөлістіріп және қосу керек.
е) неғұрлым тиімді және дұрыс қолдану принципі. Бұл принцип бағалау қайта құру мақсатында жүргізіліп жатқан жағдайда қолданылады. Егер оның мақсаты қандай да бір мүмкін өлшемсіз қызмет етіп тұрған кәсіпорынның құнын анықтау болса, онда бұл принцип қолданылмайды.
4. Бизнесті бағалау үшін қолданылатын тәсілдер.
Бизнесті бағалауды үш бағыт арқылы жүргіземіз: табыс, шығын және салыстырмалы.
Табыс бағыты арқылы бағалау кезінде объекті құнының мөлшерін анықтайтын негізгі фактор ретінде табыс алынады. Бағалау объектісінің табысы көп болған сайын, тең жағдайдағы оның нарықтық құны да артады.
Салыстырмалы бағыт әсіресе салыстырылатын меншік объектісінің белсенді нарығы болған кезде тиімді қолданылады. Бағалаудың дәлдігі жинақталған мәліметтердің сапасына байланысты, сондықтан бағалаушы бұл бағытты пайдалана отырып, салыстырмалы объектінің жақын арадағы сатылымдары туралы сенімді ақпаратты жинауы тиіс. Бұл мәліметтердің құрамы келесідей болады: жалпы сипаттама, сатылым уақыты, орналасқан жері, сату және қаржыландыру шарттары.
Шығын бағыты келесідей мақсатта қолданылады: арнайы мақсаттағы объектілерді және жаңа құрылыс объектілерін бағалау, жерді тиімді қолданудың жолын анықтау, сақтандыру.
Шығын бағыты алмастыру, тиімді қолдану, баланста болу, экономикалық шама және экономикалық бөлістіру секілді принциптерге негізделген.
Табыс бағының тәсілдері:

1. капиталға қосу тәсілі

2. ақша қорын дисконттау тәсілі

Капиталға қосу тәсіліне сәйкес бизнестің нарықтық құны келесі формуламен анықталады. V=D:R мұндағы D – бір жылдағы бизнестің таза табысы: R – капиталға қосу коэффициенті.
Шығын бағытының тәсілдері
таза активтер тәсілі

ликвидациялық құн тәсілі
Таза активтер тәсілі арқылы бизнестің нарықтық құны кәсіпорынның барлық активтерінің нарықтық құнының сомасы мен кәсіпорынның міндеттемелері арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Кәсіпорынның ликвидациялық құны бұл кәсіпорынның барлық активтерінің жалпы құны мен оның ликвидациясына кеткен шығындар арасындағы айырмашылық.
Салыстырмалы табыс тәсілдері:

1. капитал нарығы тәсілі;

2. келісім-шарт тәсілі;

3. салалық коэффициенттер тәсілі.

4. Капитал нарығы тәсілі ұқсас компаниялардың акцияларының нарықтық бағасына негізделген. Инвестор алмастыру немесе альтернативті инвестиция принципі бойынша әрекет ете отырып сол компанияға немесе бағаланатын компанияға инвестиция салуы мүмкін.

Келісім-шарт тәсілі ұқсас компаниялардың акцияларының басым пакетін сатып алу бағасын талдауға негізделген.
Салалық коэффициенттер тәсілі салалық статистика негізінде енгізілген формулалар бойынша бизнестің шамаланған құнын есептеуге мүмкіндік береді.
Бизнесті бағалау процесі жеті кезеңге бөлінеді:

1. Міндеттерді бөлістіру;

2. Бағалау жоспарын құру;

3. ақпаратты жинау және тексеру

4. Бағалау кезінде қолданылатын бағытты таңдау;

нәтижелерді талдау және қорытынды шығару

5. Құнды бағалаудың нәтижелері туралы есеп беру;

6. Есеп беруді ұсыну және қорғау
Бизнесті бағалау принциптері.
Қозғалатын мүлікті бағалау принциптерін келесідей төрт категория бойынша топтастыруға болады:

1. Тұтынушының ұсыныстарына негізделген принциптер.

2. Жер және онда орналасқан ғимараттар мен құрылғылармен байланысты принциптер.

нарықтық ортамен байланысты принциптер

Тиімді қолдану принципі.
Бұл принциптер өзара байланысты. Қозғалмайтын мүлік объектісін талдау кезінде бір уақытта бірнеше принциптер қолданылуы мүмкін.
Бірақ адамдар қандай да бір затты сатып алу кезінде ақылды дәлелдерді негізге алмайды. Нақты жағдай немесе мүдделі тұлғаларға байланысты бір принципке басқасының есебінен аса назар аударылуы мүмкін. Қозғалмайтын мүлік нарығының қызмет етуі барынша болмауы мүмкін принциптің ойдағыдай іске асуына мемлекеттің араласуы кедергі болуы мүмкін. Сондықтан жоғарыда аталған принциптер тек адамдардың экономикалық әрекетінің тенденциясын ғана көрсетеді, ондай әрекетті қамтамасыз етпейді.
Қолданушының ұсыныстарына негізделген принциптер. Бұл принциптер келесілерді қамтиды: пайдалылық, алмастыру және күту. Пайдалылық. Мүлік меншікті иеленушіге пайдалы болған жағдайда ғана белгілі бір құнға ие болады. Оның пайдалылығы қандай да бір экономикалық функцияны орындау кезінде байқалады, мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорынның жұмысы немесе астықты өсіру. Мүлік пайдалы болса оны уақытша иелену (қолдану) үшін біреу жалға алып төлеуге дайын болады. Кейде меншік иесінде мақтаныш сезімін туғызатындықтан пайдалы болады, яғни қандай да бір психологиялық қажеттілікті қанағаттандырады.
Пайдалылықтың анықтамасы: Пайдалылық – бұл мүлікті белгілі бір уақытта және белгілі бір кезеңде қолданушының қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті.
Табыс әкелетін мүлік болатын болса, онда қолданушының қажеттіліктерін қанағаттандыру табыс алу түрінде болуы мүмкін. Басқаша айтқанда егер қозғалмайтын мүлік жалға берілсе бір адам басқа адамға қанша төлейтін болады? Бұл қаржылар іс жүзінде ақша қолдан-қолға өтпейтін болса да меншікке жазылып қойылады.
Алмастыру. Саналы сатып алушы қозғалмайтын мүлік объектісіне оның төмен құнынан жоғары төлемейді. Өйткені сол мөлшердегі ақшаға дәл сондай пайдалылығы бар жаңа объектіні соғып алуға болады. Сондықтан инвестор объектіден түсетін табысты талдай отырып өзінің ең жоғарғы бағасын ұқсас объектінің бағасымен салыстыру керек.
Сонымен, алмастыру принципі бойынша мүліктің ең жоғарғы құны баламалы пайдалылығы бар объектіні сатып алуға болатын ең төмен бағамен анықталады.
Бұл тәсіл бағалау процесінде қолданылатын үш дәстүрлі бағыттың әрқайсысында көрініс табады. Мұндай тәсілдерге мыналар жатады. Сатылымды тікелей салыстырмалы талдау бағыттық және шығын тәсілі.
Алмастыру принциптеріне альтернативті шығындар түсінігі сай келеді. Өйткені бұл түсінік инвестор альтернативті ұсыныстардан бас тарта отырып нақты кәсіпорынға қаржы салу кезінде қанша ақша жоғалтатынын анықтайды.
Сонымен қатар инвестор үшін күтілетін болашақ табыстың мөлшері, сапасы және ұзақтылығы да маңызды болып табылады.
Күту – бұл болашақта қозғалмайтын мүлік иесінен алынуы мүмкін табыстың немесе басқа да кірістерді сол мезеттегі құнын анықтау.
Баланста болу принципі – жерді қолданудың кез-келген түріне өндіріс факторларының тиімді сомасы сәйкес келеді, ол өндіріс факторларының үйлесімі кезінде жердің максималды құны қалыптасады.
Экономикалық мөлшер принципі – нақты жердегі нарықтың конъюнктураға сәйкес жерді қолданудың тиімді масштабын қамтамасыз ету үшін пропорционалды жер көлемі.
Егер қозғалмайтын мүлікке деген құқықтарды екіге немесе бірнеше мүліктік мүдделерге бөлуге болатын болса, онда объектінің жалпы құны өседі. Яғни экономикалық бөлістіру принципі орын алады.
Нарықтық ортамен байланысты принциптер.
Нарықтық ортамен байланысты принциптер мыналарды қамтиды: тәуелділік, сәйкестік, ұсыныс және сұраныс, бәсекелестік немесе өзгеріс.
Өндіріс факторының орналасқан жері және оған қоршаған экономикалық ортаның әсер етуі жерді қолдану процесіне айтарлықтай ықпал етеді. Объектінің құнына оң немесе теріс әсер ететін жағдайлар: шектесетін территориядағы өзгерістер. (қосалқы объектілердің қосылуы), сауда аумағындағы (бәсекелестік) және аймақтағы (экология) өзгерістер. Табыс легіне байланыс айтарлықтай әсер етеді, яғни орналасқан жердің қолданушылар нарығымен байланысы секілді. Мысалы, жол бойындағы құрылыс үшін немесе клиенттерді жұмылдыратындай орналасқан бәсекелестер үшін байланысты бұзу.
Тәуелділік принципі. Нақты мақсатта қолданылатын қозғалмайтын мүліктің құны ықпалға ұшырайды және өзі де жақын арадағы қолданылатын басқа да жерлердің құнына және табиғатқа әсер етеді.
Жерде орналасқан құрылыс объектісінің архитектуралық, үлгісіне, ыңғайлылығына және қызмет көрсетуге байланысты өндіріс факторына деген сұраныс анықталады, яғни табыс легі айтарлықтай жоғары болады. Бұл принцип сәйкестік принципі деп аталады.

Бағалау процесін алты кезеңге бөлуге болады.

1. Проблеманы анықтау

2. Бағалаудың жоспарын құру

3. Ақпаратты жинақтау және растау

4. Нақты жағдайға байланысты бағалаудың сәйкес бағытын қолдану

Ұйғару

5. Құнды бағалау нәтижелері туралы есеп беру.

Бюджет балансы экономика жағдайының сипаты ретінде. Әрбір бюджетте мәндетті түрде кіріс пен шығыс бөлігін теңестіру қажет. Бюжет балансы (теңгерімділігі)– бұл тепе-теңдік;бюджетті құру барысында мемлекеттің ақшалай қаражаттары мен шығыстарының тепе –теңдік жағдайға келуі. Бюджет тапшылығы несиені қоса алғанда бюджеттік түсімдер мен шығыстар арасындағы кері айырмашылықты білдіреді; ал бұл көрсеткіштер арасындағы оң айырмашылық яғни шығындардан түсімнің артық болуы артықшылықты немесе бюджет профицитін береді. Ол мемлекеттік қарыздарды жабудан кейінде артық болып, бюджет қалдығында бос қалдыруы мүмкін. Бұл бос қалдықтар жылдың соңында республика үкіметінің және арнайы жергілікті атқарушы органдардың арнайы есеп-айырысу шотына аударылады; сонымен қатар олар мемлекеттік қарызды жабуға немесе, кассалық нақты ақша айналымын арттыруда қолданылады. Тапшылық – шығыстардың табыстардан артуы. Тапшылықтың мүмкін деңгейі мемлекеттің ішкі өнімінің 2-3 пайзынан аспауы тиіс. Мұндай жағдайларда тапшылық мемлкеттік займдар мен қағаз ақшаларды эмиссиялау арқылы оңай жабылады. Бюджет тапшылығы экономиканың жағдайына әсер етеді, ал оның қалыптасуының себептеріне келесілер жатады: - ел экономикасындағы жалпы өндірістің құлдырауы - қоғамдық өндіріс шығындарыны артуы - тауар массасын жаппайтын айналымға ақшаның көптеп шығарылуы - экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін бюджеттік шығындардың ішінде әлеуметтік шығындардың басым болуы - әскери -өнеркәсіптік кешенді ұстап тұруға, басқаруға жұмсалатын қаржылар көлемінің көп болуы - «жасырын» экономиканың айнылымының ірі көлемді болуы - ұлттық шаруашыытағы өндірістік емес шығындардың артуы. Бюджет тапшылығын төмендетудің келесідей әдістері бар: 1.шығыстар тұрақты, кірістер өседі.2.Кірістер тұрақты, шығыстар азаяды.3.Кірістер өседі, шығыстар азаяды

Бюджет тапшылығына байланысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді: 1. Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет. Бұл бюджет осы уақытқа дейін фискалдық саясаттың мақсаты болып есептелініп келді. Бірақ, бюджеттің бұл жағдайы фискалық саясаттың тұрақтандырушы бағыттылығын кемітеді. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салықтық түсімдер автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда мемлекетке салық мөлшерлемелерін арттырып, мемлекеттік шығындарды кеміту қажет немесе екі әрекеттеде жүзеге асыру қажет

2. Циклдық негізде теңгерілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдарауының алдын алу үшін мемлекет салықтарды төмендетіп, шығындарды арттырып, саналы түрде тапшылықты туындатады.

3. Қаржының функционалдық концепциясының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл жағдайда салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады. Осының нәтижесінде тапшылық өзі-өзі қаржыландырады.
Циклдық негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттарына тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.

Бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша салықтарды бөлу. Мемлекеттік бюджеттің кірістеріне тек Қазақстан Республикасының тиісті заң актілерінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жатады .Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің ауқымында ұдайы жүзеге асырылатын мемлекеттік басқару басымды тұрғыдан республикалық (орталық) бюджет пен жергілікті бюджеттердің салықтық түсімдерін нақтылы айқындауды , сондай-ақ аталған бюджеттердің салықтық кірістері бөлігін жоспарланған көлемде қалыптастыруды көздейді .Мемлекеттік салық әкімшілігін жүргізу аясындағы салық органдарының жүйесі республикалық бюджетке және жергілікті бюджеттерге байланысты барлық салықтық мән-жайларды тәртіптендіруге,реттеуге,салық салу проблемаларын шешуге,салық жүйесінің механизмдері арқылы республикалық бюджеттердің салықтық кірістері бөлігін тапшылықсыз қалыптастыруға ат салысады.Республикалық және жергілікті бюджеттердің салықтық түсімдері аясындағы салықтық қатынастар ауқымы әдетте салықтық - құқықтық реттеу құзырында болады.Салық жүйесінің фискальдық әлеуеті негізінде мемлекеттің бюджеттік жүйесінің тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы даму ерекшеліктері мен халықаралық стандарттар – талаптарға сай қоғамдық – мемлекеттік және корпоротивтік (және жекеменшік) мүдделердің балансын (теңдестірілуін) көздейтін ұтымды құқықтық механизмге , яғни салықтық , сондай-ақ бюджеттік-құқықтық реттеу әдістерінің өркениетті тиімділігіне тікелей байланысты болады .Осы орайда , Қазақстан Республикасы бюджеттік құрылысы саласының нормативтік құқықтық арқауы бюджеттік заң актілері массивінің тұрақты дамытылып, ұлғаюы , сондай-ақ олардың жүйелендіріп , тиісінше кодификациялануы 2004 жылғы сәуірдің 24 –де қабылданған тұңғыш Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (2005 жылғы қаңтардың 1-де қолданысқа енгізілді) қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық (қаржылық) өмірінен орын алуына себеп болғанын айта кетуіміз қажет.Аталған кодекстің 46-бабының 1-тармағында республикалық бюджетке тұрақты түсетін салықтық түсімдер ретінде:1)корпорациялық табыс салығы;2) қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;4)газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға акциздер;5)үстеме пайдаға салынатын салық; 6) экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы;7)бонустар;).роялти;9) Қазақстан Республикасының жасалған келісім –шарттар бойыша өнімді бөлу жөніндегі үлесі;10) жергілікті маңызы бар мемлекеттік ақылы автомбиль жолдары арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алынатын алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым; 11) телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектірін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым;12) теңіз,өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;13)дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;14)азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;15) радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;16) қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төленетін төлем;17) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;18) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем және т.б төленетін төлемдер. Республикада қазір қолданыстағы салық механизімінде бюджет жүйесі ұтымды қызмет ете алмайды , ал салықтар болса мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі ретінде оның табыс бөлігін қамтамасыз ететіні барлығымызға белгілі . Республикадағы өндіріс көлемінің ұлғаюы , жалпы ішкі өнімнің өсімі , мемлекеттік бюджетке түсетін табыстар деңгейінің жоғарылауы тікелей қаржы ресурстарын пайдаланатын кәсіпорындармен қатар , жеке тұлғалардың қызметін ынталандыратын тұтқаларды таңдауға байланысты. Бюджеттік кодексте бюджеттер деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды нақтылы бөлудің сызбасы анықталған.Республикалық бюджетке түсетін түсімдер. Салықтық түсімдерден республикалық бюджетке бағытталатындары:мұнайлық сектор ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, қорпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және оның аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы, Қазақстан аумағына импортталатын тауарларға акциздер, құмар ойын бизнесі салығы, мұнайлық сектор ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, үстеме пайда салығы, бонустар, пайдалы қазындыларды өндіру салығы, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемақы, Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі, экелінетін және экетілетін тауарларға кеден баждары, консулдық алым, мемлекеттік баждар, алымдар мен төлемақылар.Республикалық бюджетке түсетін Салықтық емес түсімдергереспубликалық меншіктен түсетін кірістер (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктіңтаза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер, республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, екінші деңгей банктерінің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражаттарының орналастырылғаны үшін және Ұлттық банктегі Үкіметтің депозиттерібойынша сыйақылар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар, кару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа кірістер) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақшалай түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Ұлттық банктің бюджетінде (шығыстарды қаржыландырудың жеке жоспарында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, республикалық бюджетке түсетін салықтық емес басқа түсімдер жатады. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар болып табылады. Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар кала, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері болып табылады. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, үкіметтік қарыздарды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жазылады.

Бюджет кірістерін жоспарлаудың ерекшеліктері: әдістері, кезеңдері. Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсімдер болып табылады. Бюджетті кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады. Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер— бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не ҚР заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады. Трансферттердің түсімдері–бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары– бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер. Қарыздар– мемлекеттік эмисссиялық бағалы қағаздар шығаруға және қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер. Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер– заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер. Бюджеттің ­шығындары– қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады. Бюджеттік кредиттер– қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін ақшалар. Қаржылық активтерді сатып алу– заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар. Қарыздарды өтеу– Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджеттік қаражаттар.

Бюджеттен тыс қорлар: мәні және сыныптамасы Бюджеттік қормен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.Бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржысы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің катаң белгілі бір максаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақшалай ресурстардың жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекеттарапынан қаржылық ресурстарды қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. Сонымен бірге бүкіл коғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік-экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап отырылады, өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі жергілікті және жалпы мемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір максатты бағдарламаларды орындауды, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін болабастайды. Жалпы бюджеттентыс қорлардыңжұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржылық қатынастардың Бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында.Бюджеттен тыс қорлар мынадай белгілері бойынша сыныпталады: мақсатты белгісі бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), көші-кон, құқықтық тәртіпке жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар; басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық, мемлекеттік және өңірлік (жергілікті) болып бөлінеді.Экономикалық қорлар - экономикалық дамудың, ал әлеуметтік қорлар коғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар - бұл мемлекеттік деңгейде, ал өңірлік қорлар өңірлік деңгейде қалыптасатын қорлар.Сондай-ак бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералдық-республикалық қоры. Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің қарауында болады, бұл қаржылық ресурстардың оқшауланған бөлігін басқару, оларды ұтымды, максатты пайдалануға бақылау жасау икемділігіне жәрдемдеседі. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мемлекеттін қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты максатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары Республикалық бюджетке шоғырландырылды.

Наши рекомендации