Жер реформасының міндеттері және мазмұны

1990 жылдары басталған қайтадан құру жер заңдылығына және жер қатынастарына көп жаңалықтар енгізді. Қазақстанда болып жатқан нарықтық экономикаға көшу жер реформасын қазіргі кездің актуальды проблемаларының бірі қылды. Соған байланысты бұрынғы қалыптасқан жерге тек қана мемлекеттік меншікті өзгертуге арналған заңдар қабылдана бастады.

1990ж. Жер кодексы барлық жердің мемлекеттің меншігі екендігін жариялады. Бірақ оның енгізген негізгі жаңалығы – кейбір жер учаскелерін (шаруа қожалығын құруға, көмекші шаруашылық жүргізуге, бақ және мал өсіруге, құрылыс жүргізуге) мәнгілік пайдаланып, мұраға қалдырылатындығы енгізілді. Берілетін жер учаскелерінің мөлшерлеріне қойылатын шектеулер алынып тасталды, жер учаскелері иелерінің оны пайдалануларына мемлекеттік және қоғамдық органдардың араласуы тоқтатылған, жер иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары реттеліп, заңды бекітілген: шаруашылық жүргізу еркіндігі, жер учаскесін арендаға беруді, жер учаскесінен алынатын өнімге және кіріске иелік құқығы. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастарын реттеудегі құқықтары кеңейтілді, жерді пайдаланудың ақылылығы енгізілді, жерге таласты, оның ішінде сот арқылы, шешу тәртібі бекітілген [8, 9].

Жер реформасының мақсаты, қалыптасқан жер қатынастарын, жерге әртүрлі меншік түрлерін енгізу арқылы, өзгерту. Реформа экономиканың көпжақтылығын дамытуға, жерді қайтадан бөлуге және республиканың жер ресурстарын басқарудың заңдық және экономикалық әдістеріне көшуге бағытталған. Жерге меншік түрін енгізу жерді нарықтық айналымға, нарықтық қатынасқа енгізуге бағытталған.

«Қазақстан Республикасының жер реформасы туралы» заңға байланысты Қазақстандағы жер реформасының бастапқы кезеңіндегі негізгі бағыттары:

- кейін қайтадан тарату үшін аудан жер қорын құру;

- азаматтарға мәнгілік пайдаланып, мұраға қалдыруға жер беру;

- ауылды елді мекендердің шекараларын белгілеу және дәлдеу, оларды жер-шаруашылық орналастыру;

- жер учаскелеріне меншік және пайдалану құқықтарын бекітетін құжаттарды дайындау [10].

Жер реформасының бастапқы кезеңінің ерекшілігі совхоздар мен колхоздардың жер пайдалануларын әр адамның еңбек үлесіне қарай бөлу механизімін және жер пайдаланудың, жер иелігінің және жерде шаруашылық жүргізудің формаларын өз еркілерімен таңдап алу мүмкіндігін заңды түрде бекіту. Бұл жағдай шаруашылық жүргізу формаларының әр түрінің даму мүмкіншілігін берді.

Қабылданған заңдық және нормативтік актілердің шеңберінде республиканың жер реформасының барысында жерді жекешелендірудің келесі механизімі қалыптасты:

- бұрын алынған (жеке көмекші шаруашылық жүргізу, бақша отырғызу, жеке тұрғын үй салу үшін және т.б.) жер учаскелерін қайтадан рәсімдеу;

- азаматтарға жеке меншікке, жерді ақысыз пайдалану нормасында, жер учаскесін беру;

- жеке азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жер учаскелерін сату;

- жекешелендіру тәртібінде алынған жер учаскелерін басқа жеке азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сату.

Қабылданған заңдар жаңа ауылшаруашылық құрылымдарының қалыптасуына мүмкіндік жасады. Барлық жерлерде шаруа қожалықтары пайда бола бастады. Олардың қалыптасуы екі жолмен орындалды: Бірінші – шаруа қожалығының жер пайдалануы олардың жер үлестерінен қалыптасты, екінші – аудандық арнайы жер қорынан құрылды.

Республикадағы жер құрылысын реформалаудағы күрт өзгеріс - 1995ж 22 желтоқсанда ҚР Президентінің заң күші бар Үкімінің шығуы. Ең бірінші рет жерге жеке меншік енгізілді.

Мемлекеттің жер заңдылығына сәйкес жерге жеке меншік келесі түрлерде болуы мүмкін:

- азаматтардың жеке меншігі;

- ортақ бірге, қатысушылардың жеке үлестері жеке анықталмай;

- ортақ жеке үлестік меншік, әр қатысушыларға тиісті жер учаскелері жер бетінде белгіленгендегі;

- мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігі.

Қазақстан Республикасының жер реформасының міндеттері жерде шаруашылық жүргізудің әртүрлі формаларының тиімді жұмыс істеуі, жерді ұтымды пайдалануымен қорғауды қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық өнімдерінің тұрақты түрде еселене түсуіне қол жеткізу үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау мақсатында жер қатынастарын өзгерту болып табылады.

Жер реформасы Республиканың экономикалық-нарықтық қатынастарға ену кезеңдерінде жерді иелену мен пайдалануының сапалық жағынан жаңа құрылымын құруды қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру-техникалық шаруашылық жиынтығы болып табылады.

Жер реформасының жүргізу шарттары мынадай:

- жер реформасын жүргізу кезінде әрбір азамат пен ұжымның жерді иеленудің, пайдалануының және жердегі шаруашылық қызметтің формаларын таңдауда еріктілік құқығы қамтамасыз етіледі.

- жер реформасын жүзеге асыру кезінде жерді пайдаланудың аймақтық ерекшеліктері ескеріледі.

- жер реформасы – жерді, орманды, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін және басқа да табиғи ресурстарды қорғау талаптары ескеріле отырып Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жер реформасының негізгі бағыттары:

- жерді неғұрлым тиімді пайдалану мүдделері үшін оны кейіннен қайта бөлу және аудандық әкімшіліктерінде арнаулы жер қорын құру;

- арнаулы жер қорынан жердің бір бөлігін ауылшаруашылық өндірісіне қолдану үшін халық мәслихаттарының қалалық әкімшіліктеріне беру;

- шаруа және өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізу, мал шаруашылығы, бағбандық, тұрғын үй, саяжай құрылысын салу және оларға күтім жасау, халықтың дәстүрлі кәсіпкерлікпен және қол өнерімен айналысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына өмір бойы иеленуі және мұраға қалдыруы үшін жер беру.

- селолық елді мекендерінің шекараларын белгілеу, нақтылау және оларды жер-шаруашылық жағынан жайғастыру;

- жер учаскелерін иелену құқығы мен пайдалану құқығын беретін құжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу болып табылады.

Жер реформасын жүзеге асыратын органдар:

1. Қазақстан Республикасының жоғарғы Кеңесі Парламент жер реформасын жүргізудің тәртібін, мерзімі мен шарттарын белгілейді және оны іске асыру барысында бақылау жүргізеді.

Халық мәслихаттарының жергілікті кеңесі жер реформасын жүргізуді Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сай өз компетенциясында ұйымдастыру және бақылау жасайды.

2. Жер реформасын жүргізуді тікелей қамтамасыз ету үшін қазіргі жерге орналастыру қызметі Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің құрамында Қазақстан Республикасының жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік Агенттік болып құрылды.

3. Қазақстан Республикасының жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік Агенттігі мен оның жергілікті жердегі органдары жер ресурстарын басқару саласындағы біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, осы заңның баптарына сәйкес жер реформасы жөніндегі жұмыстарының тікелей орындалуын ұйымдастырады, шаруашылық жүргізуші әр түрлі субъектілер арасында жерді қайта бөлу жөніндегі қажетті жерге орналастыру құжаттамасын әзірлейді және халық мәслихаттары кеңесінің шешімін қабылдауы үшін негізделген ұсыныстар енгізеді.

4. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеттерінің және оның жергілікті жер органдарының функциялары мен құрылымы Қазақстан Республикасының Министр кабинеті бекітетін ережелерімен бекітіледі.

5. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аудандық, облыстық жер қатынастары басқармалары өз қызметін Қазақстан Республикасы жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік Агенттіктің және халық мәслихаттары кеңестерінің басшылығымен жүзеге асырады.

Жер реформасын қаржылық және материалдық–техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық және жергілікті бюджеттер және өзге де кіріс көздері есебінен қаржыландырып, техникалық ресурстармен қажетті көлемде қамтамасыз етіледі.

Наши рекомендации