Дəстүрлі жəне қоғамдық, нарықтық аралас экономика. Ақпараттық экономика.

Экономикалық жүйе — бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қогамда жүзеге асады. Əлемдік экономикалық əдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі: 1. Меншік типтері бойынша; 2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша; Осындай əдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі: а) дəстүрлі экономика; ə) əкімшілдік — əміршілдік экономика; б) еркін бəсекелестік (таза капитализм) нарықтық эконмика; в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика. Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық. а) дəстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделелі. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дəстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі. б) еркін бəсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік жəне тауар өндірушінің еркін бəсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материалдық жəне рухани мүмкіндіктерін өз пайдалығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен, мақсатқа қарай бағыттайды жəне оның ойында бұл боғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды – ақ жиі қызмет жасайды». Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін (либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А.Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі – артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі əрбір 8 – 10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері көбейіп кетеді, қолма – қол ақшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады жəне жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады жəне экономика бүлінеді. Экономикалық жүйенің типтері мен моделдері б) əкімшілдік — əміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бəсеке жəне оны тереңірек талдау құбылысы əкімшілдік — əміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етті. Əміршілдік экономика теориясының ұраны: «Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық – жоспарлы реттеумен алмастырылады». Əкімшілдік — əміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығы мынада: ол ашқ түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық, еңбектік жəне ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады жəне жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде бұл гитлерлік Германияда байқалды. Əкімшілдік — əміршілік экономиканың олқылықтары мынадан байқалады. Біріншіден, барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократ – тық инстанциясы арқылы шешу қажет болды. Олардың келісімін алуға көп уақыттың кетуі – барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат – жаңа өнімді шығару қажеттілігі, жаңа техника мен технологияны ендіру болмақ. Ал келісімге кеткен уақыт бұған кедергі жасайды. Екіншіден, кəсіпорын жоспарының орындалуы туралы тұтынушы алдында емес, жғары жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді. Кəсіпорын есебі бұрыстау, боямалы ақпараттан құрылады. Сондықтан да орталық ұйымдар экономика жəне тұтынушылардың қажеттілігі туралы көбіне нақты көзқараста бола алмайды. Осының барлығы əкімшілдік — əміршілдік экономиканы тиімсіз етеді жəне оны əртүрлі тапшылыққа алып келеді. в) қазіргі нарықтық экономика аралас экономика болуда. Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», əрі қарай ол: «Аралас экономика – бұл нарықпен, бұйрық, дəстүр элементтерімен бірге болатын экономика» — дейді. Аралас нарықтық экономика теориясының түп тұлғасы болып «конвергенция» теориясы (авторы – Нидерланд экономикалық мектебінің профессор – экономисі Ян Тинберген) жəне «жаңа индустриалды қоғам» теориясы (авторы – Гарвард институтының профессор – экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж.Гэлбрейт «жаңа индустриалды қоғамды» аралас экономиканың ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нақты жəне жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан. Аралас экономикада «нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті анықтайды, олай болса, мемлекет нарықты салық салу, шығынмен реттеп отырады» — деп жазған болатын Пол Самуэльсон. Əлеуметтік аралас нарықтық экономика териториясының негізін қалаушы герман экономисі, Фрайбург университетінің профессоры Ойкен Вальтер (1891 – 1950 жж.) болып табылады. Оның тұжырымдамасының құрамдас бөлігі: əлеуметтік қорғаудың толығырақ жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық экономикаға қол жеткізу негізінде жасау болмақ. Бұл тұжырымдаманың ұраны мынау: «…адамды экономикалық саясатқа емес, экономикалық саясатты адамға бейімдеу». Аралас əлеуметтік бағытталған экономикалық саясатқа емес экономикаға мысал ретінде «швед моделі» жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4% — ы мемлекеттің қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы əлеуметтік мақсатқа бағытталады. Іргелі əлеуметтендіру қорытындысы мынада: «өндірістің қызметі көбінесе жеке кəсіпорынға жүктеледі, себебі бəсекелестік негізде іс — əрекет жасайды. Ал, жоғарғы деңгейде өмір сүру қызметін қамтамасыз ету (барлық əлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мынандай саланы – жұмыссыздық, əлуметтік сақтандыру, білім, көлік, байланыс, ғылымды қосқанда) мемлекетке жүктеледі». Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас əлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бəсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра — өзара іс — əрекетке негізделеді. Олардың əрқайсысы жалпы экономикалық жəне əлеуметік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады. Қандай да бір экономикалық жүйедегі əртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы қандай боолу керек? ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысына дейін өмір сүрген еркін нарықтық экономика дəуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кəсіпкерлер өзара еркін бəсекелесті. Бұл еркін бəсеке дəуірі еді. ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысынан бастап ҒТР – ның əсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ – шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі кəдімгідей өсе бастады. Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бəсеке жағдайында, нарықты реттеу дəуірінде меншік түрлерінің құрылымы кəдімгідей өзгерді: жеке меншік 30 – 35 % көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50% – ын жəне мемлекеттік меншік 15 – 20% — ды құрайды. Мемлекеттік меншіктің үлесі көбінесе елдің экономикалық даму ерекшелігімен анықталады. Ақпараттық экономика- қоғамдық компьютерленген инновациялық интелектуалды ұдайы өндіріс экономикасы (өндіріс, өнеркəсіп, жинақтау, ауысым, материалдық, рухани айырбас, жиынтық қоғамдық өнімді оның материалды не рухани іске асырылған түрлерін тұтыну жəне тарату). Ақпараттық экономика қоғамдық өндірістің жəне тұтынушылыктын қоғамдану жəне даму кезеңдерінің бірі болып табылады. ХХІ ғасырдың басында ақпараттық экономика əлеуметтік- шаруашылық құрылымдар қоғамдануының ең жоғары құрылымы болып жəне индустриалды даму дəуірінен кейінгі өнеркəсіпке негізделеді. Сонымен, ақпараттық экономика - экономикалық адамдар технологиялар жəне əртүрлі меншіктің қалыптарын қолдану жағдайлардағы қарым қатынастар. Ақпараттық экономика əдісі ақпараттық экономикалық синергетика, трансакциялық шығындар теорияларының əдімнамасынан,қазіргі жедел аутсорсинг жəне ренжинеринг экономикалық үрдістерінен шығады.

39. Мемлекеттік бюджет. Оның құрылымы мен мазмұны. Бюджеттің жетіспеушілігі: туу себебі мен жолдары. Салықтың экономикалық мазмұны. Салық түрлері.

Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері жəне қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет əзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады. Қаржылық байланыстардың орасан зор əр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мəселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен жəне халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды жəне қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен жəне пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау жəне оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу жəне қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тəн: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, əрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен жəне пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тəн, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністердің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады: 1) мемлекеттік жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен жəне оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады; 2) құнды жасау жəне оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан жəне құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған; 3) қоғамдық өнімдің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құнды бөліністің стадиясын білдіреді жəне одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді жəне оларға сəйкес келетін нақты материалдық - заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мемлекеттің бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория жəне мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, əлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мəселен, мемлекеттің бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар жəне т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Бюджеттің негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен əр елде аймақтардың шаруашылығын, əлеуметтік сферасын, əрбір əкімшілік — аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды жəне басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы — бюджет құрылысын құрайды. Бюджет тапшылығы. Əр бюджетте оның кіріс жəне шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік,бюджеттіжасаған кезде негізгі мəселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың жəне қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын —профициттіқүрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық жəне жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі жəне кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне жəне биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бүл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті əкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып түсүі мемлекеттік бюджеттің тапшылыгынтудырады. Тапшылықтың едəуір əрі түрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттаңцы. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мүндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едəуір жəне созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның қүнсыздануына, нақтылы табыстардың жəне халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады. [7] Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты: 1) елдің экономикасында өндірістің жалпы қүлдырауы; 2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі; 3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару; 4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сəйкес келмейтін едəуір əлеуметтік шығыстардың басымдығы; 5) əскери-өнеркəсіп кешенін ұстауға жұмсалатын əскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы; 6) «келеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы; 7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар; Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай əдістері болады: 1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі; 2) кірістер түрақты, шығыстар азаяды; 3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ темендейді). Тапшылықты қаржыландыру — оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары: 1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс əлуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жөне оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да түлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді жəне банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді. 2. Мемлекеттік қарыздар. Бүл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары бар компаниялар, банкгер жəне т.б. қатысады. 3. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы үйымдары, үкіметтер, банктер береді. 4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады. Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың өдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады. Бюджеттің кірістерін көбейтуге жəне шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды əзірлеу жəне дəйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның əлеуметтік экономикалық дамуына жəрдемдесетін болады. Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясатүш тұжырымдамаға негізделеді. 1. Жыл сайынгы теңгерілетін бюджет.Мүндай бюджет мүндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай-күйі фискалдық саясаттың тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті тең-геру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын үлғайтуы мүмкін. Жүмыссыздықтың болуы жəне халықтың табысының қүлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы, не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы, не бүл екі əрекеттіде жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы жəне өндірістің одан сай-ын қүлдыруы болып табылады. Бюджетті теңгеру саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс. 2. Циклдік негізде теңгерілетін бюджет.Бұл тұжырымдамаға сəйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты əдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады жəне шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді жəне шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы қүлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат жəне экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер терендігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың əлсіз буыны болып табылады. 3.Қаржының функциялық тұжырымдамасыныңмақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мəселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық түрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мүның нəтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айлашарғы жасай алады жəне бюджеттің тап-шылығын жаба алады. Бұл түжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады. Салықтар салық салу объектісіне қарай тікелей жəне жанама салықтар болып бөлінеді. Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады. Тікелей салықтарға мына салықтар жатады: Заңды жəне жеке тұлғалардың табысына салынатын салық; Салықтың түрлері Салықтар салық салу объектісіне қарай тікелей жəне жанама салықтар болып бөлінеді. Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады. Тікелей салықтарға мына салықтар жатады: Заңды жəне жеке тұлғалардың табысына салынатын салық; Мүлік салығы; Жер салығы; Бағалы қағаздар мен жүргізілетін операцияларға салынатын салық; Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі; Көлік құралдарына салынатын салық; Əлеуметтік салық; Жанама салықтарға салықтар жатады: Қосылған құн салығы; Акциздер; Баж салығы; Яғни бұлар тікелей, жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады. Жанама салықты сатушы емес, сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар: 1) Жалпы 2)Арнайы болып бөлінеді. Жалпы салықтар бюджетке түскен соң ешқандай дербессіз жалпы мақсатқа жұмсалады. Бұған жататын салықтар: заңды жəне жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер жəне т.б. Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгіленген міндеттер бойынша нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына салынатын салық. Бұлар жол қорын құруға жұмсалады. Салықты алатын жəне оған иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар 2 бөлінеді: 1) Жалпы мемлекеттік 2) Жергілікті. Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады: Заңды жəне жеке тұлғалардың алынатын табыс салығы; Қосылған құн салығы; Акциздер; Бағалы қағаздар мен жүргізілетін операцияларға салынатын салық; Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі; Жергілікті салықтар мен алымдар; Жер салығы; Көлік құралдарына салынатын салық; Заңды жəне жеке тұлғалардың табысына салынатын салық; Кəсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды жəне заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым; Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқы үшін алынатын алым; Аукционда сатудан алынатын алым; Табысқа салынатын салықтар салық төлемінің кез келген салық салатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың қатарына мыналар жатады: заңды жəне жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жер салығы мүлік салығы, т.б. Тұтынуға салынатын салықты салық төлеуші тұтынушы ретінде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзінің шығынынан төлейді. Бұдан қосылған салығы мен акциздер жатады. Салық салу объектісіне бағалау дəрежесіне қарай салықтар нақтылы жəне дербес салықтар болып бөлінеді. Нақты салықтар — салық төлеушінің салық салу объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты емес, яғни салық төлеушінің мүлкінің сыртқы белгісіне қарай алынады. Бұған жер салығы, мүлік салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салықтар жатады. Дербес салықтар- салық төлеушінің салық төлейтін объектісіне салынатын табысының мөлшеріне байланысты алынады. Оларға заңды жəне жеке тұлғалардан табыс салығы жатады. Қазақстандағы жаңа салық кодексіне сəйкес 2002 жылдан бастап келесідей салықтар, алымдар жəне міндетті төлемдердің түрлері бар: Салықтар: Коорпорациялық төлем салығы; Жеке табыс салығы; Қосылған құн салығы; Акциздер; Жер пайдаланушылардың əлеуметтік төлемдері жəне салықтары; Əлеуметтік салық; Жер салығы; Көлік құралдарына салынатын салық; Мүлік салығы; Алымдар: мемлекеттік тіркеу үшін алымдар: 1) Заңды тұлғаларды; 2) Жеке кəсіпкерлерді; 3) Жылжымайтын мүлікке жəне онымен жасалатын мəліметтерге құқықтары; 4) Радиоэлектрондық құралдарды жəне жоғары жиіліктегі құрылғыларды; 5) Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді; 6) Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді; 7) Азаматтық əуе кемелерін; 8) Дəрі- дəрмек құралдарын; 9) Автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағы бойынша жүргені үшін алым; 10) Аукциондардың алынатын алым; 11) Елтаңбалық алым; 12) Жекелеген қызмет түрлері мен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; 13) Телевизия жəне радиохабарларын тарту ұйымдарын

40/ Кәсіпорын қорының құрылымы. Қорлар айналымы және қайта айналуы,,,,,,

Еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы.
өндірістік бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету орындары, кәсіпорындарды басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бір- бірімен байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы, өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі тәртіппен жүргізіленеді:
а ) кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді қамтамасыз ететін қуатын анықтау
б ) әрбір цехтың және қоймаларын орналасатын өндірістік алаңдарын есептеу
в ) кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы орталық жолдарымен өзара байланысын жоспарлау
г ) өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар арасындағы ең қысқа маршрутын белгілеу және т.б.

41) Еңбек ақы және оның мәні,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

Еңбекақының жүйелері және нышандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін, сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбекақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.Еңбекақы төлеудің кесімді немесе мерзімді нышанын тандау бірнеше факторларға тәуелді:

- қолданылатын жабдықтын сипатына;

- технологиялық процестің ерекшелігіне;

- еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға;

- материалдық және еңбек ресурстарын пайдалануға;

- өнім сапасына қойылатын талаптарға байланысты.

Қазіргі кезде еңбекақының мерзімдік сыйлық және жай мерзімдік жүйелері кең тараған.

- Еңбекақы төлеудің жай мерзімдік жүйесінде жұмысшының табысы белгілі разрядтағы жұмысшының сағаттық тарифтік ставкасының сағаттағы пайдаланылған уақыт мөлшеріне көбейтілуі арқылы есептелінеді.

42/ Мемлекеттің әлеуметтәі саясаты:

Әлеуметтік саясат (ағылш. social politicy; лат. socialis - общеатен; адамдар өмірімен байланысты)- халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі. Қамтитын аумағы: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – еңбекке жарамды азаматтарға өзінің еңбегімен ауқаттылығын сақтап қалу үшін жағдай жасау және еңбекке жарамсыздарға-кепілденеген әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету жолымен қоғамдық-саяси жүйенің серпінді дамуын қамтамасыз ету. ақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат.

... ҚР «Күнкөріс минимумы туралы» Заңында «кедейшілік шегі» ұғымына анықтама беріледі, ол халықтың ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет табыстың шегі ретінде түсіндіріледі. Осы «кедейшілік шегі» аз қамтамасыздандырғандарға яғни табысы аздарға мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін көрсетудің критерийі болып табылады және ол мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.

Наши рекомендации