Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер

Кез-келген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлер міндетті түрде тәуекелдерге барады. Себебі, жалпы экономиканы басқарудың барлық деңгейінде белгілі-бір шешімдерді қабылдау процесі соңғы нәтижелердің белгісізділік жағдайында іске асырылатыны белгілі. Соған байланысты кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрін жүзеге асыру әртүрлі тәуекелдермен тығыз байланысты деп айта аламыз. Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда тәуекел – бұл «жоғалту қауіпі», «жоғалту ықтималдылығы» деп түсіндіріледі. Сондықтан да күнделікті өмірде тәуекелді әртүрлі материалдық және моралдық шығындардың пайда болуына әкелетін кейбір қолайсыз жағдайлардың пайда болу ықтималдылығы деп қарастыруға болады. Кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде оған қатысушы барлық тұлғалар көптеген объективті және субъективті себептерге байланысты әртүрлі тәуекелдерге барады. Тәуекелді белгілі-бір жағдайлардың болуы да, болмауы да мүмкін деп қарастырсақ және осы жағдайлардың біреуі іске асқан кезде кәсіпкерлік қызметке қатысушы тұлғалар мынандай экономикалық нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін:

– оң нәтиже – пайданың көбеюі, шығындардың азаюы немесе белгілі-бір тиімділікке қол жеткізу;

– теріс нәтиже – салынған ақша қаражаттарының жартысын жоғалту, жеткілікті мөлшерде табыс алмау немесе қосымша шығындардың пайда болуы;

– нөлдік нәтиже – кәсіпкерлік келісімге қатысушылардың қаржы-шаруашылық нәтижелерін көрсететін көрсеткіштерге әсер етпеуі. Тәуекелдерді төмендетудің тиімді жолдарын іздестіру экономиканың кез-келген саласы үшін өзекті мәселе болып табылады.Бүгінгі күні кәсіпкерлік қызметтерге тән типтік тәуекелдерді жіктеу кезінде, оның бір түрі ретінде серіктестік тәуекелін енгізу қажет деп ойлаймыз. Себебі, біз кәсіпкерлік қатынастарды ең алдымен серіктестік қатынас ретінде қарастырамыз. Серіктестік тәуекелі кәсіпкерлік қатынастарға қатысушы тұлғалар арасындағы келісім қатынастарына негізделеді. Серіктестік тәуекелі, әдетте кәсіпкерлік қатынасқа қатысушы бір тұлғамен келісім-шарт бекіткен оның серіктесі белгілі-бір себептермен өз міндеттемелерін орындаудан бас тартуы мүмкін жағдайларда пайда болады. Серіктестік тәуекелі кәсіпкерлік қатынастарға қатысушы барлық тұлғалардың жүргізетін операцияларымен өте тығыз байланысты. Тәуекелдің осы түрін басқару мынандай екі факторға тәуелді: кәсіпкерлік қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне және бекітілген келісім-шарттардың өмірлік кезеңдеріне. Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің арасындағы серіктестік қатынастар әртүрлі болады.Бекітілген кәсіпкерлік келісім-шарттардың өмірлік кезеңдерін үшке бөліп қарастыруға болады:

– келісімді бекіту (тәуекелді таңдау),

– келісімді іске асыру (міндеттемелердің орындалуын үнемі қадағалау),

– келісімнің жабылуы (міндеттемелердің толық орындалуы).

Келісімдерді дайындау және бекіту кезеңінде серіктестерінің сенімділігіне, сапасына және сонымен бірге, олардың келісімдерді іске асыру кезінде өзгеру ықтималдылықтарына талдау жүргізіледі. Серіктесінің сапасы ең алдымен, оның қаржылық жағдайымен, айналысатын қызмет түрінің болашағымен және елдегі немесе белгілі-бір саладағы жалпы макроэкономикалық жағдайлардың өзгеруімен анықталады. Ал, серіктесінің сенімділігін талдау және бағалау кезінде, оның қай елде орналасқаны, қандай салада жұмыс істейтіндігі, беделі, несиелік тарихы, төлем қабілеттілігінің болашағы және т.б. көптеген факторлар ескерілуі қажет. Кәсіпкерлік келісім бекітілгеннен кейін, осы келісімге қол қойған барлық тұлғалар серіктестерімен қатынастарының өзгеру мүмкіндіктеріне байланысты тәуекелдерді үнемі қадағалап отыруы керек. Қадағалауды әрбір субъект өздерінің қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі ұйымдастырады. Тәуекел түрлері анықталғаннан кейін болашақта мүмкін болатын шығындар көлемін азайту мақсатында тәуекелдерге әсер ету әдістері таңдалады. Әдетте, тәуекелдің әрбір түріне оны азайтудың дәстүрлі екі-үш әдісін пайдалануға болады. Сондықтан да, тәуекелге әсер ететін әдістердің ішінен ең тиімділерін таңдау үшін, олардың тиімділіктерін салыстырмалы түрде бағалау мәселелері туады. Экономика секторларындағы салалық ерекшеліктерге қарамастан, экономиканың барлық салаларында тәуекелдерді төмендетудің бір-біріне ұқсас тетіктері пайдаланылады. Олардың барлығын бірнеше бағыттар бойынша топтастыруға болады. Сол бағыттардың ішінен біздің ойымыз бойынша кәсіпкерлік қатынастарға тән тәуекелдерге әсер етудің төмендегідей әдістерін пайдалануға болады:

· серіктестерді таңдау туралы қосымша ақпараттар жинақтау;

· өзін-өзі сақтандыру және кездейсоқ шығындардың орнын жабу үшін ақша қаражаттарын резервке сақтау;

· тәуекелді бөлу (әртараптандыру);

· сақтандыру.

Тәуекелді төмендетудің осы жоғарыда аталған бағыттарын таңдау кезінде кәсіпкерлік келісімге қатысушылар төмендегідей қағидаларды сақтауы қажет деп ойлаймыз:

– меншікті капитал есебінен жоғары мөлшерде тәуекелге баруға болмайды;

– тәуекелдің салдарлары туралы ойлану қажет;

– аз мөлшердегі табыс үшін жоғары мөлшерде тәуекелге бармау керек.

Бірінші қағиданы іске асыру үшін кәсіпкерлік қатынастарға қатысушылар тәуекелдер бойынша мүмкін болатын ең жоғарғы шығын көлемін анықтау, оны нақты кәсіпкерлік келісімге салынатын ақша қаражаттарымен салыстыру және сол көрсеткіштерді барлық меншікті қаржылық ресурстармен салыстыру арқылы салынған капиталды жоғалту кәсіпкерлік келісімге қатысушы субъектіні банкроттылыққа әкелетіндігін немесе әкелмейтіндігін анықтау сияқты іс-әрекеттер жасау қажет. Кәсіпкерлік қатынастарға қатысушы субъектілер екінші қағиданы іске асыра отырып, ең алдымен мүмкін болатын шығынның ең жоғарғы көлемін білу арқылы тәуекел салдарларын анықтауы қажет және сол арқылы тәуекелді төмендету әдістері немесе сол шараларға қатысудан бас тарту туралы шешімдерді қабылдау талап етіледі.Үшінші қағида шығын мөлшері салыстырмалы түрде жоғары болған жағдайда тәуекелден бас тарту қажеттілігін көрсетеді.Кәсіпкерлік келісімге қатысушы барлық субъектілер өздерінің тәуекелдерін неғұрлым төмендетуге қызығушылықтары бар. Бірақ олар тәуекелден толығымен қаша алмайды. Серіктестерді таңдау бойынша қосымша ақпараттар жинақтау тәжірибе жүзінде келесідей шаралардың көмегімен іске асырылуы қажет деп ойлаймыз:

– кәсіпкерлік субъектілерінің ұйымдастырушылық құрылымында міндетті түрде заң бөлімдерінің, аналитикалық бөлімшелердің, болжау, жоспарлау үшін маркетингтік зерттеу қызметтерінің болуы керек;

– баспасөз беттеріндегі және қауіпсіздік бөлімдерінің материалдары негізінде серіктестер бойынша ақпараттарды үнемі қадағалап, бақылап отыру қажет.

Тәуекелдерді басқару мәселелерін шешудегі маңызды қадамдардың бірі келісімдерді толық немесе жартылай өзін-өзі сақтандыру және ақша қаражаттарын резервке сақтау мүмкіндіктерін оқып-білу болып табылады. Өзін-өзі сақтандыру бұл тәуекелдерді өзіне қабылдау болып табылады және тәуекелмен күрестің салыстырмалы түрде ең арзан әдісі болып саналады. Бұл жағдайда мүмкін болатын шығын ағымдық ақша қаражаттарымен немесе арнайы құрылған резервтердегі қаражаттармен жабылады. Сондықтан да өзін-өзі сақтандыру мүмкіндіктерін пайдалану шектеулі. Осы әдіс негізінен мүмкін болатын шығындар сомасы аз болған жағдайда ғана өзін-өзі ақтайды. Өзін-өзі сақтандыру әдісін пайдаланудың кәсіпкерлік субъектілері үшін келеңсіз жақтарының болатынын да ескерген жөн. Бұл ең алдымен айналым капиталындағы ақша қаражаттарының азаюына әсер етеді. Кездейсоқ пайда болатын шығындардың орнын жабу үшін ақша қаражаттарын резервтендіру бағыты да тәуекелді төмендетудің тиімді құралдарының бірі болып табылғанымен кәсіпкерлік қатынастарға қатысушы тұлғалар мешікті капиталдарының белгілі-бір бөлігін резервте үнемі ұстауы қажет. Яғни, бұл ақша қаражаттары жаңа және тиімді келісімдерді бекіту кезінде пайдаланылмайды, себебі, оларды айналысқа жіберу өте қауіпті дегенді білдіреді. Өзін-өзі сақтандыру әдісін белгілі-бір деңгейде барлық субъектілер өз тәжірибелерінде қолданады. Себебі, кез-келген субъектілерде тек қана өз күштерімен және ақша қаражаттарымен реттелуі мүмкін тәуекелдер де кездеседі. Мысалы, аз мөлшердегі тәуекелдерді (құжаттардың жоғалуы және т.б.) өзіне алуға келісім беретін сақтандыру компаниялары, гаранттар немесе серіктестер болмауы да мүмкін Келесі кезекте, кәсіпкерлік келісімге қатысушылар арасында тәуекелдерді бөлу әдісі, яғни кәсіпкерлік субъектілері үшін тәуекелді төмендетудің бір құралы — әртараптандыру әдісіне тоқталайық. Әртараптандыру дегеніміз бір-біріне байланысты емес әр түрлі объектілер арасында тәуекелдерді бөлу. Мысалы, заңға қайшы келмейтін әр түрлі кәсіпкерлік қызметтермен айналысу.

Әртараптандыру нарықтық тәуекелді төмендетудің неғұрлым кең тараған тетіктерінің бірі болып саналады. Сонымен бірге, бұл әдіс кәсіпкерлік келісімдерге тікелей байланысты тәуекелдерді, яғни типтік тәуекелдерді төмендету үшін ғана тиімді екендігін ескерген жөн. Сондықтан әрбір субъекті өз қызметтерін мынандай бағыттар бойынша неғұрлым әртараптандыруға ұмтылулары керек:

– кәсіпкерлік объектілері бойынша;

– кәсіпкерлік қызметтердің түрлері бойынша және т.б.

– әртүрлі субъектілермен жұмыс істеу;

– ақша қаражаттарын әртүрлі жобаларға салу;

Сонымен, әр тараптандыру әдісінің мәні кәсіпкерлік қатынастарға қатысушы субъектілердің бір немесе бірнеше қолайсыз факторларға тәуелділігін азайту, яғни кездейсоқ жағдайларға байланысты болашақта мүмкін болатын шығындарды мүмкіндігінше төмендету, бірақ бұл жағдай үнемі бақылауды қажет ететін тәуекел түрлерінің санын көбейтеді.Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болғандықтан сақтандыру сұрағы өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып табылады. Тәуекелді сақтандыру — бұл белгілі-бір тәуекелдерді сақтандыру компаниясына беру. Кәсіпкерлік келісімдердегі тәуекелдерді сақтандырудың негізгі нұсқаларының бірі банкрот болу тәуекелі. Бұл тәуекелді төмендету үшін «сақтандыру келісім-шартын» бекіту керек деп ойлаймыз. Тәуекелдің нақты бір түрлеріне әсер етудің тиімді тәсілдері таңдалғаннан кейін кәсіпкерлік келісімдерге қатысушы әрбір субъектілерде тәуекелдердің барлық түрлерін басқарудың жалпы стратегиясын қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады. Қабылданған шешімдерге байланысты тәуекелдерге тікелей әсер ету жоғарыда көрсетілген бір немесе бірнеше әдістерді пайдалану арқылы іске асырылады. Кәсіпкерлік қатынастар кезінде пайда болатын тәуекелдерді басқару үшін біздің ойымызша, әрбір кәсіпкерлік субъектілерінің ұйымдастырушылық құрылымында тәуекелдерді басқару бойынша арнайы бөлім құрылуы керек. Бұндай бөлім тек қана тәуекелдерді басқару мәселелерімен айналысуы керек. Тәуекелдерді басқару стратегиясы субъектілердің қызметтерінің бағыттарына, ұйымдастырылған басқару құрылымына байланысты құрылуы мүмкін. Тәуекелдерді басқару бойынша арнайы бөлім сол жеке кәсіпкерлік субъектісінде пайда болатын тәуекелдерді басқарудың ұйымдастыру құрылымын қалыптастырады және осы қызметпен байланысты негізгі ережелерді жасаумен айналысады. Сонымен бірге нақты сала бойынша таңдалған стратегияларды іске асыру қызметімен де айналысады. Яғни, тәуекел түрлерін анықтау, жасалынған экономикалық келісімдерді тіркеу және оларды статистикалық өңдеулерден өткізу. Сонымен кез-келген кәсіпкерлік қызметті іске асыру кезінде пайда болатын тәуекелдерді неғұрлым төмендету үшін оларды басқару бойынша жасалатын іс-әрекеттер кәсіпкерлік келісімге қатысушы әрбір тұлғаның негізгі қызметі болып табылуы керек. Кәсіпкерлік тәуекел, яғни кәсіпкердің өз тәуекеліне кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы болып табылады. Мүліктің кездейсоқ жойылуы тәуекелін оның меншік иесі иеленеді, құрылыс обьектілерінің жойылу тәуекелін ереже бойынша мердігерге жүктелген, кәсіпкердің жауапкершілігі тәуекелі шарт бойынша тараптарға тиесілі. Кәсіпкерлік тәуекел туралы сақтандыру заңдарында айтылған. ҚР Азаматтық Кодексінде кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шартын бекіту мүмкіндігін қарастырады, кәсіпкерлік қызметтегі шығын тәуекелі кәсіпкерлердің контор агенттері міндеттемелерінің бұзылуынан немесе кәсіпкерлерге байланысты емес шарттардың өзгеруі, сондай-ақ күтілген табысты ала алмай қалу мүмкіндігі, тәуекелі түсіндіріледі.

Кәсіпкерлік тәуекел – жоспарланған немесе күтілген ол нәтижені алмау ықтималдылығы болып табылады. Кәсіпкер пайда алмау тәуекеліне ие, сонымен қатар тапсырыс берілген жоба немесе обьектіні алмау мүмкіндігі және инвестициялық тәуекелге ие. Сонымен, кәсіпкерлік тәуекел деп кәсіпкерлердің өз ресурстарының бөлігін жоғалту, табысты толық ала алмай қалу немесе белгілі бір әрекеттер 10 нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болу мүмкіндігі түсіндіріледі.

Кәсіпкерлік тәуекел әртүрлі белгілеріне байланысты келесідей топтастырылады:

1. Кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша:

а) өндірістік тәуекел - өндіріс өнімімен байланысты себептер: өндірістегі мәжбүрлі үзілістер, өндірістік қорлардың істен шығуы, жабдықтарды, шикізаттарды уақытында жеткізбеу;

б) Коммерциялық тәуекел – тауарларды іске асыру процесінде туындайтын себебі: коммерциялық қызмет нарығында күтпеген өзгерістер болып табылады.

в) Қаржылық тәуекел – кәсіпкерліктің банкпен және басқада қаржылық институттармен қарым – қатынасынан туындайды. Негізгі себеп: зайымдық және өзіндік қаражаттардың жоғарғы арақатынасы,кредиторларға тәуелділігі, капиталдың белсенсіздігі және т.б.

2. Масштабтылығы бойынша:

а) Локальді тәуекел – бөлек фирмалардың тәуекелі.

б) Салалық тәуекел – саланың өзіндік қасиетіне байланысты.

в) Елдік тәуекел – елге тән, оның әлеуметтік – саяси жағдайының төмендеуі, инфляцияның төмендеуі т.б.

3. Пайда болу табиғатына байланысты:

а) Субъективті тәуекел – кәсіпорынның тұлғалығына байланысты. Себебі: тәжірибелердің жеткіліксіздігі, білімнің жеткіліксіздігі.

б) Объективті тәуекел – стихиялық аппаттардың жеткіліксіз ақпараттығы несиелеу, салық салу шарттары туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі.

4. Пайда болу саласы бойынша:

а) Сыртқы тәуекел – экономика саясатындағы күтпеген өзгерістерге негізделген, себебі: үлкен территориядағы стихиялық аппаттар.

б) Ішкі тәуекел – тәуелсіз менеджмент жағдайында туындайды, қате маркетинг жағыдайында туындайды. Себебі: Кәсіпкерлік фирманың өзіне байланысты.

5. Сақтандырылу мүмкіндігіне байланысты:

а) Сақтандырылатын тәуекел – сақтандырушының тәуекелді өзіне алуын білдіреді; б) Сақтандырылмайтын тәуекел – тәуекел масштабын бағалау мүмкін емес, ешкім өзіне сақтандыруды қабылдауға дайын емес.

Кәсіпкерлік түрлері және нысандары.

Кәсіпкерлік субьектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқықтық өкілетті тұлға болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет субьектілері ұғымы және мәртебесін ашу үшін «құқық субьектісі» және «азаматтық құқық субьектісі» ұғымдарын анықтау керек. Құқық субьектісі – құқықты танудың ең кең тараған категориясы, оған құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілетті қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылары жатады. Жалпы құқықтық субьектілік бөлек құқық салаларына қолданумен нақтыланады. Мысалы, конституциялық құқықта сайлаушылар, депутаттар; еңбек құқығында – жұмыс беруші мен жұмысшылар; қаржы құқығында – салық төлеушілер мен салық қызметі органдары; қылмыстық құқықта – анықтаушы, тергеуші, айыпталушы, сотталған, сотталушы, т.б.

Ал азаматтық құқық субьектілерінің барлығы «тұлға» ұғымына біріктірілген және ол келесі 3 топқа бөлінеді:

1. Жеке. 2. Заңды тұлға. 3. Мемлекеттік пен әкімшілік аумақтық бөлініс. Сонымен кәсіпкерлік қызмет субьектісі – бұл азаматтық құқық субьектісі болып табылатын және заңда көзделген тәртіпте тіркелген; мүлікті сату, пайдалану, жұмысты орындау, қызмет көрсету арқылы жүйелі түрде пайда табуға бағытталған өз тәуекеліне өз қызметін жүзеге асыратын азаматтық құқық субьектісі болып табылады.

2.Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпорынның дамуын қолдауда. Кәсіпкерліктің әлеуметтік - экономикалық маңызы нарықтық экономикада тұрғындардың қаржылық және өзіндік маңызы осы ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Монополияға қарсы потенциалды ұстанады. ҒТП бағыты бойынша сілтемелер тудырады және жұмыссыздық 16 мәселелермен әлеуметтік проблемаларды шешеді. ҚР- да қазірде кәсіпорынның бірнеше түрлері дамиды:

Қызметі бойынша: Өндірістік; Коммерциялық; Қаржылық. Шаруашылық етуші субъектілер мөлшері боыйнша: Шағын; Орта; Ірі бизнес субъектілер.

Ұйымдасқан нысаны бойынша: Жеке (индивид); Ұжымдық (АҚ, ЖШС).

Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысаны өндірістік кооператив болып табылады. ҚР – да кәсіпкерліктің экономикалық нәтижелері көбіне құқықтық база, салалық кәсіпкерлік ортаны қалыптастырады. Кәсіпкерлік құрылымы мемлекеттік қолдау деңгейін анықтайды, яғни кәсіпкерлік қызметтің дамуы бойынша меншікті жекешелендіру бойынша іске асады. Кәсіпкерлік қызметтің заңды негізі бойынша көптеген заңдар қабылданды, онда кәсіпкерлік сұрақтары қарастырылады:

Шаруашылық қызмет бостандығы, жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, АК- ң, ӨК,МК дамуын мемлекеттік қолдау, азаматтардың құқықтарын қорғау және т.б. Кез келген экономикалық қызмет өндірістік цикл типтік фазаларымен байланысты (өндіріс - айырбас - бөлу - тұтыну), яғни кәсіпкерлікті осыған байланысты 3 түрге бөледі:

1. Өндірістік кәсіпкерлік кәсіпкерлік тікелей өнім, тауар шығару, ақпараттар, қызмет көрсету және жұмыстарды іске асыру (еңбек күшін, өндірістік қорларды, материалдық ақпараттарды пайдаланады).

2. Коммерциялық кәсіпкерлік - тауар, ақша, сауда айырбас операциялыра, яғни сату, сатып алу бойынша мәмілелер жасалынады.

3. Қаржылық кәсіпкерлік – тауар, ақша, валюта, құнды қағаздар сатылып және сатып алынады (негізінен рәсімдеу орын алады).

в) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – серіктестіктің қызметтерімен байланысты шығындар тәуекелін оның қатысушылары ұстанады және өз салымдары шегінде іске асырады.

г) қосымша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары оның қызметімен байланысты өз мүлкіне міндеттемелер бойынша субсидиярлы жауапкершілікті иеленеді және қоғамның құрылтай құжаттармен анықталған салымның құны шегінде іске асырылады.

д) өндірістік кооператив – олардың мүшелері кооператив міндеттері бойынша субсидиярлы жауапкершілікке ие. ӨК азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбектерімен қатысуына және мүшелердің мүліктік жарналарын біріктіруге негізделген бірлестік.

2 топқа: арнайы құқықтық қабілеттілікке ие заңды тұлғалар жатады. Коммерциялық ұйымдар – мемлекеттік кәсіпорын жатады (қару-жарақ шығару және т.б.).

Кәсіпкерлік нысандары: оның қатысушысының санына байланысты келесідей нысандарға бөлінеді: жеке (индивидуалды) және ұжымдық. Бұл нысандар ҚР Азаматтық Кодексімен реттелетін кәсіпорынның ұйымдастырушылық- құқықтық нысандарымен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру шылық-құқықтық нысандары партнердің арасындағы ішкіқатынастар және басқа кәсіпкерлермен мемлекеттік органдармен қатынастарын білдіретін нормалардың жүйесін көрсетеді. Ұйымдастырушылық – құқықтық нысанды таңдау оның меншіктік капиталының болуы немесе оның өсуі кәсіпкерлік қызметтің сипаты мен масштабы және нарық жағдайларымен бизнесті бастаушының ерекшеліктерінің заңды тұлғаны құрмай жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік жеке кәсіпкердің және кәсіпкердің басқа да нысандарына байланысты оның бастамашылығы бойынша жүргізіледі. Ал ұжымдық кәсіпкерлікте бірнеше субьектілерге пайда тиесілі болады. Оған АҚ, кооперативтер, серіктестіктерді жатқызуға болады (ортақ меншік бойынша) серіктестік екі не одан да көп партнерлермен жүзеге асырылады.

Наши рекомендации