Аржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі

Қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетілдіру – бұл үдерісте автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық-математикалық әдістер мен электронды-есептеу техника-сына негізделген басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп қаржыны, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу және ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының әкімшілік, экономикалық, математикалық әдістерінің жиынтығын атайды. Ол есепке алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.

Қаржыны басқаруда қаржылық есеп-қисаптардың автоматтандырылған жүйесі (КЕАЖ) қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп іс-әрекет ететін функциялық, қамтамасыз етуші, технологиялық қосалқы жүйелерден тұрады.

Ұйымдық тұрғыдан ҚЕАЖ дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты мына қосалқы жүйелердің жиынтығы:

ұйымдық-экономикалық қамтамасыз ету;

ақпараттық қамтамасыз ету;

бағдарламалық қамтамасыз ету; техникалық қамтамасыз ету; ұйымдық-

құқықтық қамтамасыз ету; технологиялық қамтамасыз ету; кадрлық қамтамасыз ету. ҚЕАЖ-дың құрамына қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы

әзірлейтін мынадай біріктірілген ақпараттық жүйелер (БАЖ) кіреді:

«Республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру» БАЖ-ы;

«Жергілікті бюджеттің жобасын қалыптастыру» БАЖ-ы;

«Нормативтік-анықтама ақпарат деректерінің базасы» БАЖ-ы;

«Қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және нақтылау» БАЖ-ы;

«Бюджеттік үдерістің монитрингі» БАЖ-ы;

«Мемлекеттің талаптары мен міндеттерін басқару» БАЖ-ы;

«Қаржылық бақылау комитеті» БАЖ-ы;

Жоғарыда аталған жүйелер Қазынашылық комитетінің, Салық комитетінің, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, Ұлттық банктің, Статистика жөніндегі агенттіктің және басқаларының ақпараттық жүйелерімен тығыз түйіндес болады.

Қаржылық есеп-қисаптардың автоматтандырылған жүйесі мына мемлекеттік органдарды қамтиды:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі(орталық аппарат);

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (орталық аппарат және аумақтық органдар);

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

(ҚР Э және БЖМ);

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері (ББӘ);

Мемлекеттік мекемелер(ММ);

Жергілікті қаржы органдары;

Ақпараттық жүйелерді әзірлеумен және қаржылық қызмет саласында

ақпараттық-есептеу қызметтерін көрсетумен Ақпараттық қаржы жүйелерінің орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын – Қаржы министрлігінің АҚЖО РМК айналысады.

Предметі мен қызмет мақсатына сәйкес АҚЖО РМК-нің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қаржы министрлігінің бөлімшелеріне және басқа ұйымдарға ақпараттық есептеу қызметтерін көрсету; министрлік бекіткен жоспарларға сәйкес қазіргі технологиялар мен бағдарламалық құралдарды әзірлеу және енгізу;

мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттің үлестік қатысуы бар шаруашылық серіктестіктері бойынша реестр иесінің функцияларын жүргізу;

министрліктің жоспарларына сәйкес министрліктің бөлімшелерін есептеу, коммуникациялық техника және оргтехника құралдарымен қамтамасыз ету;

ақпараттық технологияларды енгізу жайында мемлекеттік мекмелер бойынша үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысу.

Біріктірілген ақпараттық жүйелердің қысқаша сипаттамасына тоқталайық.

«Республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру» біріктірілген ақпараттық жүйесі (РБЖҚБАЖ-ы) келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру үдерсінің төрт негізгі стадияларын автоматтандыруға және үш жылдық кезеңге жобалық көрсеткіштерді анықтауға арналған.

РБЖҚБАЖ-ы бюджет жобасын қалыптастыру стадияларының жүйелілігі мен функциялылығының қағидаттары бойынша бөлінген алты қосалқы жүйелерден тұрады:

«Бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін анықтау» қосалқы жүйесі;

«ББӘ бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру» қосалқы жүйесі;

«Бюджеттің кіріс бөлігінің жобасын қалыптастыру» қосалқы жүйесі;

«Бюджеттің шығыс бөлігінің жобасын қалыптастыру» қосалқы жүйесі;

«Бюджет жобасын қалыптастыру және шешімдер қабылдау» қосалқы жүйесі;

«Әкімшілік ету» қосалқы жүйесі.

Деректердің негізгі ағындары «Республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру» ақпараттық жүйесі басқа жүйелермен біріктірілген. Жүйе бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мемлекеттік мекемелерден ақпарат және ҚР Э және БЖМ-ға бюджеттің шығыс бөлігі бойынша біріктірме деректер жинауға жағдай жасайды.

Ақпаратты жинау кезінде деректерді сақтау сызбасының бөлгіштік сипаты болады және құрылымдық тұрғыда үш деңгейге бөлінген: бірінші деңгей – ҚР Э және БЖМ-де орналасқан деретердің орталық базасы, онда бүкіл бастапқы ақпарат сақталады. Екінші деңгей – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің деректер базасы – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен барлық ведомствоға бағынышты мемлекеттік мекемелердің бастапқы ақпараты бар жергілікті базалар. Үшінші деңгей – мемлекеттік мекемелер деректерінің базасы – мемлекеттік мекемалердің бастапқы ақпараты бар жергілікті базалар. Деңгейлер арасында ақпарат алмасуды әрбір деңгей деректерінің базаларын әкімшілер деректерді берісу арқылы жүргізеді. Деректерді берісу байланыстың бөлінген арнасы, байланыстың коммутелінген арнасы, не электрондық пошта арқылы файлдық алмасы бойынша жүргізілуі мүмкін. Жүйенің сол не өзге клиенттерінің деректеріне кіруді жүйе әкімшісі реттеп отырады.

Біріктірілген түрдегі республикалық бюджеттің мәліметтері, бағдарламалар қосалқы бағдарламалар бойынша республикалық бюджет шығыстарының жылдық көлемдері, Бюджеттік бағдарламалар Қаржы министрлігінің «Қаржыландыру жоспарларының жобаларын қалыптастыру» біріктірілген ақпараттық жүйесіне экспортталады.

Бюджеттік бағдарламалар сондай-ақ Қаржы министрлігінің «Бюджеттік үдеріс монитроингі» біріктірілген ақпараттық жүйесіне экспортталады.

«Жергілікті бюджеттің жобасын қалыптастыру» біріктірілген ақпараттық жүйесі облыстық және аудандық буынның жергілікті қаржылық органдарына арналған және мыналар бойынша функцияларды автоматтандырады:

әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетінің жобасын қалыптастыру, болжамдық көрсеткіштерді негіздеу үшін есеп-қисаптарды жасау;

жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжау;

жергілікті бюджеттік бағдарламаларды жасау.

ЖБЖҚ БАЖ-ы бюджет жобасын қалыптастыру бойынша бюджеттік рәсімдерді жүзеге асыру кезеңдерінің дәйектілігі, функциялылығы қағидатын негіздей отырып бес қосалқы жүйелерден тұрады:

«ЖББӘ-нің бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру»;

«Бюджеттің кіріс бөлігінің жобасын қалыптастыру»;

«Бюджеттің шығыс бөлігінің жобасын қалыптастыру»;

«Бюджет жобасын қалыптастыру»;

«Әкімшілік ету»;

Басқа ақпараттық жүйелердің құрылымында, деректер ағымдарында, оларды сақтау сызбаларында, инструменталдық тұғырнамаларында (платформаларында) айырмашылықтар болады. Мәселен Қазақстанда бюджеттік реформаларды жүргізу қазынашылықтың ақпараттық жүйесін жаңғырту қажеттігін тудырады. Бұл жүйе – негізгі мақсатты – мемлекет қаржыларын тиімді басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған функциялық сипаттамалар кешені.

Жүйе барлық деңгейлердегі мемлекеттік бюджеттің атқарылуына пәрменді бақылау жүргізуге және негізделінген қаржылық-экономикалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік бердеді, нақтылы уақыт режімінде бюджеттік қаражаттарды аударуды тіркейді, олардың мақсатты арналым бойынша жұмсауды қадағалап отырады. Ол Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасына сәйкес және бюджеттік қаражаттарды тиімді және нысаналы жұмсауды қамтамасыз етуде Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін бөлуді ескере отырып әзірленген.

Қазынашылықтың ақпараттық жүйесі мына функциялық модулдерді кіріктіреді. Бас кітап, Бюджетке түсетін төлемдерді басқару, Қазынашылық және қаржылық шешімдер беру, Қолма-қол ақшаны басқару, Міндеттемелерді басқару және бақылау, Төлемдерді басқару, Қазынашылық және төлем жүйелері арасындағы интерфейс, Активтер есебі, Мемлекеттік борыш пен кредиттеудің мемлекет кепілдендірген борыштың есебі.

ҚЕАЖ-дың құрамына сонымен бірге мына біріктірілген ақпараттық жүйелер кіреді:

«Мемлекеттік мекемелер шығыстарының дара жоспарының атқарылуының бухгалтерлік есебі» АЖ-і (ЕСЕП);

«SALARY жалақысының есебі» АЖ-ы;

«Қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру, мекемелер қимасында бюджеттен қаржы бөлу лимиттерінің есебі және бөлу» АЖ-ы;

«Ведомство кадрлары» АЖ-ы;

«Мемлекеттік мекемелердің шығыстары дара жоспарының атқарылуының бухгалтерлік есебі (ЕСЕП)» БАЖ-ы мемлекеттік мекемелер үшін қаржылық-шаруашылық операцияларды (оперативті бухгалтерлік есеп) автоматтандырылған өңдеуге арналған.

Жүйе міндеттері мынада:

негізгі құралдардың есебі;

материалдық құндылықтардың есебі;

қаржылық есеп-қисап операцияларының есебі;

тоқсандық бухгалтерлік есептемені қалыптастыру.

Бұл бағдарламалық қаматамасыз етудің негізгі функциялары мыналар

болып табылады:

негізгі құралдар мен материалдық құндылықтарды балансқа қою, есептен

шығару, ауыстырылуы және т.б.;

түрлі қаржылық құжаттарды енгізу және олардан үзінді көшірме. Қаржылық орперациялар бойынша құжаттар «Бюджеттің атқарылуы және есептеме нұсқаларын жүргізудің қаржылық рәсімдердің ережелеріне» сәйкес қалыптасады:

шығыстар дара жоспарының атқарылу есебі бағдарламалар, қосалқы бағдарламалар бойынша және өзіндік ерекшеліктер бойынша жүзеге асырылады. Қосалқы шот бойынша өзіндік ерекшеліктерді талдау тізімдемесі, лимиттер мен шығыстар кітабы қалыптасады:

Ұйғарымды құжаттарды (түгендеу кітаптарын, айналым тізімдемелерін, есеп бойынша картечкелерді тіркеу жорналдарын, мемориалдық ордерлерді, бас кітапты, талдамалық есептің түрлі тізімдемелерін және т.б.) қалыптастыру және мөр.

Бұдан басқа, жүйенің жұмысқа қабілеттілігін қолдауға жәрдемдесетін және жұмыс істеудің нақтылы нұсқасына бағдарламалық құралды жөнге салуы қамтамасыз ететін бірқатар көмекші фукнциялар бар.

Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйеге және кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін қысқаша қарастырайық.

Қазақстан Республикасының біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесі (ҚРБСАЖ) – Қазақстан Республикасы салық органдарының біріккен ақпараттық ортасы, салық төлеушілері, Қаржы министрлігі.

Қазақстан Республикасы БСАЖ-ның арналымы:

Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің мемлекеттік реестрін орталықтан жүргізу; соның ішінде: салық төлеушілерді тіркеу, қайта тіркеу, есептен алу; салық төлеуші туралы қосымша мәліметтерді енгізу; дербес шоттарды автоматты түрде ашу;

төлемдер мен мағлұмдамаларды (салықтық нысандарды) өңдеу, соның ішінде: салықтық есептеме нысандарын қабылдау және енгізу; салықтық есептеме нысандарындағы ақпаратты бақылау; бюджетке түсімдердің түсуін бақылау; салық төлеушілердің дербес шоттарын енгізу; есептеулер мен есеп айырысу; объективті көрсеткіштер бойынша өсімпұлмен және айыппұлдармен есеп айырысу;

салықтық операциялардың (салықтық тексерулер мен алымдар) орындалуын қолдау, соның ішінде тіркеу мәліметтері және төлемдер мен мағлұмдамаларды өңдеу негіздемесінде салықтық операцияларды жүргізу үшін істерді іріктеу; іріктелген істер бойынша нысандандырылған салықтық операцияларды жүргізуді бақылау және салықтық рәсімдердің нәтижелерін тіркеу; есептеме және әр түрлі аспектілерде салықтық операцияларды жүргізу нәтижелерін қорытындылау;

шешімдер қабылдауды қолдау: есептерді, соның ішінде кешенді және аумақтар түрінде бөлінген есептерді дайындау; күрделі алгоритм бойынша деректер жинақтамасынан мәліметтерді іріктемелеу; барлық деңгейлердегі мәліметтерді қарап шығу, мәліметтерді өңдеу (сұрыптау, іріктемелеу, саралау, топтастыру)

Біріктірілген Салықтық Ақпараттық жүйенің Web қосалқы жүйесі (web БСАЖ немесе Web сайт) ҚР БСАЖ жүйесін пайдаланушылар болып табылатын салық органдары қызметкерлерін қолдауды ұйымдастыруға арналған.

Автоматтандырылған басқарудың орталықтандырылған жүйелерінен басқа, автоматтандырылған жұмыс орындарын –АЖО-ны ұйымдастыру жолымен жергілікті нұсқалар пайдаланылады.

АЖО – кәсіби бағдарланған шағын есептеу жүйесі, микро-ЭЕМ немесе СЭЕМ басқаратын және белгілі бір кәсіп мамандарының жұмысын автоматтандыруға арналған немесе сырттағы техникалық құралдардың кешені.

АЖО-ның техникамен жарақтауының құрамы тиісті бағдарламалық құралдарға сәйкес бірқатар экономикалық есептерді шешумен қатар диалогтік тәртіптемеде графиктік, кестелік, мәтіндік құжаттармен жедел жұмыс істеуге, түрлі картотекаларды жүргізуге мүмкіндік береді. АЖО ақпараттарды түзетіп, редакциялауға, тұжырымдар мен қорытындыларды қалыптастыруға, мәтінді тіркеуге, аралық және ақтық нәтижелерді талдауға, АЖО-сы бар басқа жұмыскерлермен арақашықтық (дистанциялық) түрде қатынасуға мүмкіндік жасайды.

Кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде (КБАЖ) қаржыны басқарудың дербес функциялық қосалқы жүйесі бөлініп көрсетіледі, онда қаржылық-кредиттік басқарудың есептері шығарылады. Ол өнім өндіріп, оны өткізудің белгілі бір жағдайында ең жоғары рентабелділікке жету үшін пайдаланылатын шаралардың, әдістер мен құралдардың жиынтығы болып табылады. Қосалқы жүйеде басқару ерешеліктері өндірістік қорлар мен айналыс қорларының толық айналымын қауыштыратын ақшалай қаражаттардың толық айналымымен байланысты және басқарудың бұл функциясының көп мақсатты сипатын айшықтайды. Қосалқы жүйе ресурстардың жай-күйімен олардың қозғалысының үдерістерін сипаттайтын басқару блоктарын кіріктіреді.

КБАЖ-дағы қаржылық есептер ақпараттардың (өндірістің, материалдық ресурстардың, еңбектің және т.б.) аралық массивтерін пайдалану кезінде, яғни басқарудың басқа объектілері бойынша шешілетіндіктен кәсіпорынның әр түрлі құрылымдық бөлімшелерінің АЖО-ны кіріктіретін және есептеу орталығының ЭЕМ-мен жалғастырылған АЖО-ның желісін құру қажет. Сөйтіп, екі деңгей құрылады: үлкен ЭЕМ-нің ресурстарын қажет ететін есептер шығарылатын жоғарғы деңгей және ДЭЕМ-мен жарақтанған және жергілікті желіге жалғастырылған АЖО болып табылатын төменгі деңгей.

Толып жатқан ақпараттық ағымдар қалыптасатын қаржы жүйесінің төменгі деңгейлерінің техникалық құралдарының кешені құжаттарды жасаудың, көбейтудің, көшірудің, өңдеудің, тасымалдау мен сақтаудың түрлі құралдарын, басқару байланысының құралдарын, дабылдама, ақпараттық құралдарды пайдалануды қарастырады.

Дербес ЭЕМ-нің. әсіресе кәсіби КДЕМ-нің, электронды поштаның, деректер жинақтамасының, мәтінді және графиктік ақпаратты өңдеу құралдарының, өзге қазіргі ақпараттық техниканың болуымен байланысты басқару қызметін ұйымдастыруды түбірлі өзгертудің жағдайлары пайда болып отыр. Техникалық құралдар басқару шешімдерінің тікелей үдерісінде көптен-көп пайдаланылып келеді.

ҚЕАЖ жағдайларында қаржыны басқару аппарты жұмысының мазмұны айтарлықтай өзгеруде. Мамандардың шығармашылық жұмысқа – БАЖ үшін проблемаларды, есептерді және оларды шығару шарттарын әзірлеу мен қоюға, терең экономикалық талдау жасауға және қаржыны оперативті басқарудың барлық буындарында – жергілікті қаржы органдарынан бастап Қаржы министрлігіне дейін БАЖ кеңестерінің көмегімен білікті шешімдер қабылдауға уақыты босайды. Қаржы жоспарларын орындаудағы, қаржылық тәртіптегі алшақтықтарды жоюға бағытталған жедел шаралар уақтылы қабылдау жөніндегі қаржылық аппараттың мүмкіндіктері едәуір артады. Қаржы жұмыскелерінің БАЖ-дан алған ақпараттарды оларға көптеген нұсқалар мен оңтайлысын таңдауды есепке алу негізінде қабылданатын басқару шешімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта қаржы органдарының төменгі жергілікті органдарының, аудандық және қалалық қаржы басқармаларының жұмысына қаржылық есеп-қисаптарды автоматтандыруды енгізу көкейкесті мәселе болып отыр. Іс жүзінде мұндай жұмыс оларда инспекторлар мен экономистердің автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) енгізумен басталады, бұл орындарда жеке пайдаланудың микро-ЭЕМ-і қолданылып отыр. Әсіресе, бұл халықтың табыстары жөніндегі мағлұмдамалардың көптеген және үнемі өзгеріп отыратын мәліметтерімен іспеттес болатын салық агенттері үшін өте көкейкесті мәселе.

Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі тұрақты экономика жағдайында ойдағыдай іс-әрекет ететінін айта кету қажет. Тек осы жағдайда ғана ол қаржылық аппарат жұмысының мазмұнын айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік береді.

Наши рекомендации