Туризмдегі баға деңгейіне әсер ететін факторлар.

Баға – нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі және күрделі экономикалық категория. Туризмде баға құру- бұл нақты бір туристік өнім немесе қызметке бағаны орнатудың үрдісі. Мұнда баға-бұл туристік өнім құнының ақшалай көрінісі. Туризмдегі баға деңгейіне келесідей факторлар әсер етеді:

· Өндіріс және айналу шығындары.

· Сұраныс пен ұсыныс жағдайы.

· Бағаның нарықтық қатынастардағы орны.

· Баға құрылымының механизмі. Мемлекет+меншік+қарапайым тұтынушы.

· Және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер, бәсекелестік орта.

Туризмдегі баға қалыптастырудың реттілігі.

Туризмде баға құру- бұл нақты бір туристік өнім немесе қызметке бағаны орнатудың үрдісі. Мұнда баға-бұл туристік өнім құнының ақшалай көрінісі.

Туристік кәсіпорынның баға құруы бірнеше кезеңнен тұрады:

1. Туристік ұйым нақты бір қызметті ұсына отырып қол жететін мақсаттарды анықтайды: өнімнің өтуін қамтамасыз ету, пайданы максимилизациялау, нарықта өз орнын сақтап қалу.

2. Туристік қызметке сұранысты анықтау.

3. Бағаның төменгі шегін анықтайтын шығындардың деңгейі мен құрылымын талдау.

4. Бәсекелестердің бағасын талдау. Бұл туристік ұйымдардың бағасын, олардың тұтынушылық сипаттарын бәселекелсетрге ұқсас көрсеткіштерге сәйкестендәруге мүмкіндік береді.

5. Баға стратегиясын нарықтағы қызметтері мен жағдайдың ерекшеліктеріне сәйкес жасау. Туристік ұйым осы мекеменің мүдделерін ескеретін қандай да бір стратегияны таңдайды.

6. Баға құру және түпкілікті бағаны бекіту әдісін талдау. Бұл жерде екі әдіс түрі қарастырылады. Шығындық әдіс, яғни орташа шығындар+пайда. Бұл туристік қызметтің өзіндің құнының қымбат болуын білдіреді. Агрегаттық әдіс,яғни бұл әдіс жекелеген элементтерден тұрады. Туристік пакеттін ішіндегі туристік қызметтерді ескереді.

7. Бағалардың түрлену жүйесін жасау. Туристік салада ол көбінесе сатыпалушыларды ынталандыратын жеңілдіктер болып табылады.

Туристік кәсіпорынның айқын және айқын емес шығындары

Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындарын жіктеп болудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нөтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б.
Айқын емес шығындар (implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Тұрақты шығындарға (fixed costs FC) — осы мерзімде өндіріспен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар.

Туристік кәсіпорындардың тікелей және жанама шығындары

Шығындар – шаруашылық іс-әрекет барысында тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың, баланста көрсетілген болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, “шығындар” ұғымы “өндіріске шыққан шығындар” дегеннен кең екені білінеді, өндіріске шыққан шығындар — өнімді өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі. Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша:

тікелей - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тікелей кіретін шығындар;

жанама — өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін.

Наши рекомендации