Ртүрлi шұжық өнiмдерiн дайындау 4 страница

Шұжық өндірісінде үстеме шығындарды бөлу кезінде үстеме шығындардың кейбір түрлері өндіріс процесінің талаптыранан туындап отырады, яғни өндіріспен байланысты болады. Ал шығындардың кейбір түрлері, мысалы, жалпы ұйымдастыру, қызмет көрсету, басқару процесіне байланысты болатынын естен шығармау қажет. Соған байланысты шұжық өнімдері әртүрлі өндіріс сатылары арқылы өндірілетінін ескерсек, онда әрбір сатыдағы (жауапкершілік орталығы мен шығынның пайда болу орындарындағы) үстеме шығыстарды осы сатыда дайындалған өнімінің өзіндік құнына алғашқы құжаттардың негізінде тікелей қосуға болады. Мұндай шығындарға, еңбекті қорғау, күзет, өрт сөндіру, жалдау ақыларын, материалдар мен құрылғыларды сынау шығындарын жатқызуға болады. Ал шығындардың мынадай түрлерін, яғни өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбек ақыларын өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақыларына қарай, еңбек ақыдан аударым сомаларын өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбек ақыларына қарай, отын, қосалқы бөлшектер мен көмекші материалдардың құнын машиналар мен механизмдердің бір сағатта пайдаланатын нормасына немесе жұмыс істеген уақытына қарай, яғни әрбір үстеме шығынның түріне бөлек бөлу базаларын қолдану арқылы бөлуге болады.

Шұжық өнімдерін өндіретін жекелеген кәсіпорындардың қызметін тәжірибесін зерттеу нәтижелері ұйымның коммерциялық-өткізу қызметі табысты жұмыс істеу үшін осы қызмет бойынша барлық шығындардың толық және жан-жақты есебі ғана емес, сонымен бірге жұмысты келесідей бағыттар бойынша қамтитын өткізудің дәлелденген жүйесін қалыптастыру қажет етіп отырғанын байқатады: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің деректерінің базасын қалыптастыру; сатуды жоспарлау кезіндегі бақылауды жетілдіру; өткізу-сату жоспарының орындалуын бақылауды күшейту.

Өнеркәсіптің басқа да салалары сияқты, ет және шұжық өнімдерін өндіруші салалардағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне елеулі әсер ететін фактордың бірі – бұл ұйымның коммерциялық-сату (өткізу) қызметі екенін айта аламыз. Ұйымның жабдықтау-дайындау, өндіріс және коммерциялық-сату қызметтері бірін-бірі үнемі толықтырып, үздіксіз өзара байланыста болуға тиісті. Өйткені, шұжық өнімдерінің технологиялық ерешеліктері мен сипатына байланысты, оларды сақтау орындарында ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Тек берілген тапсырыстар мен нарықтағы ұсынысқа байланысты орындалатын шұжық өндірісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, ұйымның ішінде өткізу-сату бөлімінің басқарушылық есебін өндірістік жоспармен және нақты өндіріс көлемімен байланыстыра отырып, ұйымдастыру қажет деп тұжырым жасаймыз.

Басқару есебі басқарушылық шешімдердің тиімділігін алдын-ала бағалауға, оңтайлы түрде бөлімшелер арасында бөліп, таратуға, ұйымның даму жолдарын белгілеуге және дағдарыс жағдайын болдырмауға қолайлы жағдай туғызатын бюджеттеу жүйесіне сүйенеді. Бюджет – жорамалданған әрекеттерді орындауға дейін жасалатын қаржылық құжат болып табылады. Басқару есебінде бюджеттеуді жоспарлау процесі деп те атайды. Жоспарлау процесі бақылау процесімен тығыз байланысты, соған байланысты жоспарлау мен бақылау ұйымды басқарудың ең қажетті бөлігі болып табылады. Біздің пікірімізше, шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға бюджеттендіру жүйесін енгізудің нәтижесі келесідей міндеттерді шешуге мүмкіндіктер береді:

1. Кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға;

2. Қызметті үйлестіруді және жекелеген бөлімшелер мен жалпы кәсіп-орындар мүдделерінің өзара байланысын қамтамасыз етуге;

3. Шұжық кәсіпорынының шаруашылық қызметінің түрлі баламаларын болжауды, жоспарлауды, нормалауды, талдауды бақылауды, бағалауды және қабылданылатын басқарушылық шешімдердің дәлелдігін арттыруды іске асыруға;

4. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және ұйымның қаржылық жағдайын жақсартуға.

Біздің пікірімізше, шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардағы бюджеттендіру жүйесі ең аз дегенде келесідей бюджеттерді қамтуы керек: сату; өндіріс; шикізат, негізгі және көмекші материалдардың тікелей шығындары; еңбек ақы төлеудің тікелей шығындары; жалпы өндірістік шығындар; бөлімше бойынша жиынтық бюджет; үстеме шығындар; пайда мен зияндар.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде бюджеттің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін негізгі екі бағытты қолдануды ұсынып отырмыз:

1. Шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың құрылымдық бөлімше-лерінің бюджетін бөлімшенің өзінің жауапты адамдары арқылы орындату;

2. Барлық құрылымдық бөлімшелер бюджетін (оның ішінде шығын баптары бойынша) жоспарлы-экономикалық қызмет бөлімі немесе есеп бөлімі арқылы орындату.

Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындар басшысына тәжірибеде көптеген саналуан басқарушылық шешімдер қабылдауға тура келеді. Өнімнің бағасы, кәсіпорын шығындары, өнімді сату көлемі мен құрылымына қатысты қабылданылатын әрбір шешім кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне тікелей әсер етеді. Осы категориялар арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті анықтаудың қарапайым және аса дәл тәсілі залалсыздық шегін орнату, яғни шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың табысы шығындарын толық жабатын кезді анықтау болып табылады.

«Шығындар-өндіріс-пайда» арақатынасын талдаудың негізгі элементтері болып маржиналды табыс; тиімділік табалдырығы (залалсыздық нүктесі); өндірістік леверидж; мықтылықтың (сенімділіктің) маржиналды қоры табылады.

Сату көлемінің мүмкіндігінің төмендеуін анықтайтын тауардың нарықтық жағымсыз конъюнктурасы кезінде, сонымен қатар шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорынның өмірлік циклінің алғашқы кездерінде, ол әлі залалсыздық нүктесінен өтпегенде кәсіпорынның тұрақты шығындарын төмендетуге шара қолдану қажет. Керісінше, тауар нарығының жағымды конъюнктурасы кезінде және белгілі бір мықтылық запасы болған кезде тұрақты шығындарды үнемдеуге қойылатын талаптар елеулі түрде әлсіреуі мүмкін. Бұндай кездерде кәсіпорын негізгі өндірістік қорларды қайта құру және жаңарту арқылы нақты инвестициялардың көлемі елеулі кеңейте алады.

Тұрақты шығындарды басқаруда еске алатын тағы бір жағдай олардың жоғары деңгейі салалық ерекшеліктерімен – еңбек механизациясы мен автоматизациясының түрлі деңгейі, өнімнің қор сыйымдылығымен анықталады. Одан басқа ескерілетін жағдай тұрақты шығындардың тез өзгеруге аз ұшырайтынын, сондықтан жоғары өндірістік леверидж бар кәсіпорын өз шығындарын басқаруда икемділігін жоғалтады.

Бірақ та, осы объективті шектеулерге қарамастан, әр кәсіпорында тұрақты шығындар сомасы мен үлес салмағын төмендетудің жеткілікті мүмкіндіктері бар. Мұндай резервтерге тауар нарығының жағымсыз конъюнктурасы кезінде үстеме шығындарды (басқару бойынша шығындарды) қысқарту; пайдаланылмайтын құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді сату және соның нәтижесінде амортизациялық аударымдарды төмендету; машиналар мен құрал жабдықтарды меншікке сатып алу орнына қысқа мерзімді лизингін пайдалану; коммуналдық қызметтер көлемін қысқарту және т.б. жатқызуға болады.

Ауыспалы шығындарды басқару кезінде негізгі бағыт оларды тұрақты түрде үнемдеу, себебі осы шығындар мен өнімді өндіру мен сату көлемдері арасындағы тікелей тәуелділік бар. Кәсіпорын залалсыздық нүктесін игергенге дейін осы үнемді қамтамасыз ету маржиналды табыстың өсуіне әкеледі және осы нүктені тез игеруге мүмкіндік береді. Осыдан кейін ауыспалы шығындарды үнемдеу кәсіпорын пайдасының тікелей өсуін қамтамасыз етеді. Ауыспалы шығындарды үнемдеудің негізгі резервтеріне еңбек өнімділігінің жоғарылатуды қамтамасыз ету есебінен негізгі және қосымша өндіріс қызметкерлері санын азайту; тауар нарығының жағымсыз конъюнктурасы кезеңінде шикізаттар мен материалдар, дайын өнімнің артық тұрған қорларын қысқарту; кәсіпорынға шикізат пен материалдарды жеткізудің пайдалы жағдайын қамтамасыз ету және т.б.жатқызуға болады.

Шұжық өнімдері өндіретін ұйымдарында сату бағасының әртүрлі деңгейлерінде нарықтағы сұраныс пен шығындарды бағалаудың қажеттілігі өте зор. Ең оңтайлы баға пайданың жоғары болуын қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан, біздің оймызша бұл мақсатқа қол жеткізу үшін нарықты толық зерттеу арқылы, ұйымның бағаландыру саясатын дұрыс жолға қою қажет. Соның нәтижесінде, өнімнің сапасын арттырып және оның бағасын өзгерте отырып не болмаса өнімнің басқа түрін өндіру арқылы нарықтағы алған орынды нығайту қажет деп санаймыз.

Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымның құрылтайшылары, басшылары мен мамандары өнім (жұмыс орындау мен қызмет көрсету) өндірісінің рентабельділік деңгейін жоғарылатуға және қызметтің барлық түрлерінің тиімділігін арттыруға мүдделі болуы керек. Бұл өндірістің технологиялық процестерін ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерліктің экономикалық субъектілерін және олардың әртүрлі сегменттеріне қатысты басқару жүйесінің барлық қызметтерін жетілдіруді талап етеді. Сондықтан, біздің ойымызша ұйым қызметінің барлық түрлерінің табысты қызмет істеуін, өнім өндіруді және оның өзіндік құнын төмендетуді, шаруашылық механизмі мен қызметтің барлық буындарының басқару механизмін жетілдіруді қамтамасыз үшін күнделікті ішкі шаруашылық бақылау қажет деп санаймыз.

Бақылау ұйымның өткен қаржылық-шаруашылық қызметінде орын алған қателіктерді, ауытқуларды, кемшіліктерді жоюға бағытталған. Ұйымның қызметінде пайда болған кемшіліктерді болдырмау және оларға жол бермеу үшін басқару шешімін қабылдауға және қабылданған шешімнің орындалуына ықпал ету құралы. Демек, дұрыс ұйымдастырылған бақылау ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін жақсартуды және басқару жүйесін үнемі жетілдіруді, қабылданған шешімдердің тиімділігін арттыруды көздейді.

Шұжық өндірісі ұйымдарындағы есеп тәжірибесін зерттеудің нәтижесінде, біз ондағы мамандардың өндіріс шығындарын жоспарлау, талдау және бақылау мәселелеріне көп көңіл бөлмейтіндігін анықтадық. Соған байланысты шұжық өндірісімен айналысатын ұйымдарда ішкі бақылау бөлімін ұйымдастыру кезінде өзекті міндеттердің бірі болып әрбір ішкі бақылау қызметкерінің құқықтары мен жауапкершіліктерін қайта қарастыратын лауазымдық нұсқауларды дайындап, оларды жетілдіру қажет деп санаймыз. Ішкі бақылау қызметі, оны құру тәртібі және өкілеттіліктер туралы мәліметтер тиісті ережелер арқылы тіркеліп, ал ішкі бақылау қызметкерлерінің міндеттері мен олардың біліктілік деңгейі лауазымдық нұсқауларда көрсетілуі қажет.

Ішкі бақылау жүйесі барлық ұйымдарда ұйымдастырылады. Бірақ, кейбір ұйымдарда ол тиімді қызмет істесе, ал басқаларында тиімсіз әсер етеді. Бір кәсіпорында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыруды және қолдауды оның басшылығы саналы түрде жүргізсе, ал кейбір ұйымдарда ішкі бақыдау жүйесі басшылықтың еркі мен мақсатты әрекетіне тәуелсіз қалыптасады.

Зерттеу жұмыстары жүргізілген шұжық өндірісі ұйымдарында жедел бақылауды күшейту, қаржылық және өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану, сондай-ақ мамандарға көмек көрсету мақсатында ішкі бақылаудың мақсатын төмендегідей тәртіптермен көрсетіп отырмыз: өндірістік ресурстардың сақталуы мен тиімді пайдалануын анықтау; ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістерге уақытында бейімделу көрсеткіштерін шығару; ұйымның тиімді қызмет ету, оның тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру; ұйым қызметіндегі әртүрлі тәуекелділіктерді төмендету шараларын ұсыну.

Өзіндік құнның деңгейі кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесіне, ұлғаймалы ұдайы өндірістің жоғарылауына және ұйымның жалпы қаржылық жағдайына әсер етеді. Сондықтан да кез келген меншік нысанындағы ұйымның қаржылық- шаруашылық қызметін басқару үшін оған ғылыми жағынан негізделген талдау жүйесін тұрақты түрде жүргізіп отыру қажет. Демек, осы міндеттерді шешу барысында, біз зерттеу жұмысы жүргізілген «Алматы ет» ЖШС-нің 2006 жылдың бірінші тоқсанында жоспарлы өнім көлемі мен нақты өндірген шұжық өнімдерінің өзіндік құнының құрылымына талдау жүргізіп, оған әсер етуші факторлар анықталып, олардың нәтижелері төмендегі 4 және 5 кестелер арқылы көрсетіліп отыр.

4 кесте – «Алматы ет» ЖШС бойынша өнімнің өзіндік құнын талдау

(2006 ж. 1 тоқсан)

Өнім түрлері   Жоспарлы өнім шығымы, кг Нақты өнім шығымы, кг Нақты өнім бойынша жұмсалған шығын сомасы, мың тг Ауытқу (+, -)
Норма бойынша Нақты
Негізгі шикізат пен көмекші матер. Еңбек ақы Үстеме шығыстар Жоспарлы өзіндік құн Негізгі шикізат пен көмекші матер. Еңбек ақы Үстеме шығыстар Нақты өзіндік құн Мың тг %
Любитель ская пісірілген 15799,8 2197,8 2458,62 20457,22 15731,3 2210,6 2023,0 19946,9 -510,32 97,5
Зернистая жартылай сүрленген 12536,8 1770,45 1769,36 16076,68 12154,5 1768,4 1560,4 15483,3 -593,38 96,3
Заку-сочная сүрленген 13834,2 2032,8 2620,32 18486,25 13892,1 2048,8 2512,7 18453,6 -32,65 99,83
Доктор-ская сүрленген 17193,3 2553,7 3306,5 23053,51 17410,0 2718,9 3311,5 23440,4 +386,89 101,67
Мусульм.   10065,4 1202,67 1222,25 12490,3 10204,2 1310,4 1220,25 12734,85 +244,55 101,95
Сардель-ки 11108,3 1320,97 1402,98 13823,24 12334,9 1160,7 1071,45 14567,05 +734,81 105,38
Барлығы 80537,8 11078,3 12780,0 104396,2 81727,0 11217,8 11699,3 104626,1 +229,9 100,22
Ескерту – кестені «Алматы ет» ЖШС-нің мәліметтері негізінде автордың өзі есептеп шығарды

5 кесте — Өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторларды талдау

Өнім түрлері Жұмсалған шығын сомасы Нақты өнім шығымына жоспарлы шығын, мың тг Жалпы ауытқу, мың тг Ауытқуға әсер етуші факторлар
Норма бойынша Нақты
Өнім шығымы, кг Өнімнің бір өлшеміне теңге Барлық шығымға, мың тг Өнім шығымы, кг Өнімнің бір өлшеміне, теңге Барлық шығымға,мың тг Өнім көлемінің өзгерісі Шығын нормасының өзгерісі
Любитель- ская пісірілген 757,67 20457,22 743,73 19946,9 20320,7 -510,32 -136,52 -373,8
Зернистая жартылай сүрленген 739,15 16076,68 712,92 15483,3 16052,8 -543,38 -23,88 -569,5
Закусоч-ная сүрленген 770,26 18486,25 768,9 18453,6 18486,25 -32,65 -32,65
Доктор-ская сүрленген 764,62 23053,51 777,0 23440,4 23064,0 +386,89 +10,49 +376,4
Мусульманская 682,53 12490,3 695,7 12734,85 12493,7 +244,55 +3,4 +241,15
Сардельки   681,17 13823,24 724,0 14567,05 13703,77 +734,81 -128,47 +863,28
Барлығы ´ 104396,2 ´ 104626,1 104121,22 +229,9 -274,98 +504,88
Ескерту – кестені «Алматы ет» ЖШС-нің мәліметтері негізінде автордың өзі есептеп шығарды

Жоғарыда берілген 4 кесте арқылы «Алматы ет» ЖШС 2006 жылдың бірінші тоқсанында любительская пісірілген, зернистая жартылай сүрленген және закусочная сүрленген шұжық өнімдерінің нақты өзіндік құны жоспарлы өзіндік құнға қарағанда жалпы шығын деңгейін 1136,35 мың теңгеге төмендегенін байқасақ, ал докторская сүрленген, мусульманская және сардельки өнімдерінің нақты өзіндік құны жалпы шығын деңгейін 1366,25 мың теңгеге жоғарылатып отыр, нәтижесінде барлық нақты шығынның мөлшері жоспарлы шығынмен салыстырғанда 229,9 мың теңгеге жоғарылатып отыр.

Зерттеу жүргізілген ұйым бойынша өндіріс шығындарының жоспарлыдан ауытқуына әсер етуші факторлары 5 кестенің мәліметтерімен нақтыланып отыр. Бұл кестеден байқағанымыз, нақты өнім шығымының өзгерісі жалпы шығынды 274,98 мың теңгеге төмендеткен болса, оның ішінде любительская пісірілген шұжық пен зернистая жартылай сүрленген шұжық және сардельки шығымының жоспарлы көлемінен кем өндірілуі нақты шығынды 288,87 мың теңгеге дейін төмендетіп отыр. Ал, докторская сүрленген және мусульманская шұжық өнімдерінің көлемі жоспарлыдан артық өндірілуіне байланысты нақты шығын сомасы 13,89 мың теңгеге жоғарылатып отыр.

Любительская пісірілген, зернистая жартылай сүрленген және закусочная сүрленген шұжық өнімдеріне шығын нормасының төмендеуіне байланысты жалпы өнім көлеміне жұмсалған шығын сомасын 975,95 мың теңгеге төмендеген болса, ал докторская сүрленген, мусульманская және сардельки өнімдерінің шығын нормаларының жоғарылауы жалпы нақты шығын деңгейін жоспарлыға қарағанда 1480,83 мың теңгеге жоғарылатып отыр.

Нарықтық қатынастар жағдайында өнімнің өзіндік құндарының дұрыс қалыптасуы ұйымының қаржылық-шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне әсерін тигізеді. Соған байланысты шұжық өнімдерін өндірумен айналысатын ұйымдар үшін өндіріс шығындарын тиімді, әрі үнемді пайдалану мақсатында және саладағы қызметтердің өзіндік құндарын төмендету үшін негізгі шикізаттар мен көмекші материалдарды үнемді пайдалану, яғни өндіріске негізгі және көмекші материалдардың сапасын жоймай, оларды норма бойынша дер кезінде өндіріске жіберу, еңбекті ұйымдастыру мен өндірісті басқаруды жетілдіру, үстеме шығындардың нормаға сәйкес жұмсалуын бақылау; өндірісті автоматтандыру қажет деп санаймыз.

ОРЫТЫНДЫ

Жүргізілген ғылыми және тәжірибелік зерттеулер нәтижесінде шұжық өндірісінің технологиялық және салалық ерекшеліктеріне қарай басқарушылық есеп пен аудитті, ішкі шаруашылық бақылауды жетілдіру мақсатында төмендегідей ұсыныстар жасалынды:

1. Шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарда басқарушылық есепті ұйымдастыруға саланың мынадай факторлары әсер ететіні анықталды: шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар өңдеуші және материал-сыйымдылықты, дайын өнімді алғашқы шикізаттарды кезекті өңдеудің нәтижесінде алатын салаға жатады; шұжық өндірісінің технологиялық процесі рецептураға тәуелді әртүрлі шикізаттар мен материалдардан қалыптасады және табиғи процестер көп уақытты алады; қол еңбегімен қатар, шұжық өндірісі механизациялану мен автоматтандырудың жоғары деңгейімен ерешеленеді; шұжық өндірісінде етті мүшелеу және боршалау қолмен іске асырылады, механикаландырылған және механикалық емес технологиялық процестерді үйлестіру көпшілік жағдайда барлық өндірістік циклді бұзылуына әкеліп соқтырады; өзінің сапалық сипаттамалары қарай қойма-тоңазытқыштардағы шикізаттар мен материалдар саны нормаланады; шұжық өндірісі ерекшелігі мен дайын өнімді сақтаудың шекті мөлшері шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорынның жалпы қызмет түріне және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға әсерін тигізеді.

2. Автоматтандырылмаған өндіріс учаскілерінде шикізаттар мен көмекші материалдарды үнемді, әрі тиімді пайдалануды бақылауды күшейту мақсатында біз өндірістік жедел есептеменің алғашқы ретінде «Етті сіңірден тазарту және өңдеу бойынша жедел есептің журналын» қолдануды ұсынып отырмыз. Салада өндіріс шығындарының есебі мен өзіндік құнды калькуляциялау үшін нормативтік есеп әдісін қолдануды дұрыс деп санаймыз. Соған байланысты басқарушылық есепте нормативтік есеп жүйесінің толық сызбасын ұсындық.

Наши рекомендации