Жылумен жабдықтау жүйесінің жіктелуі
Жылумен жабдықтаудың басты міндеті тұтынушыларды қажетті мөлшердегі белгілі параметрдегі жылумен қамтамасыз ету болып табылады.
Жылумен жабдықтау жүйесін жобалау және пайдалану кезінде келесі жайттарды ескеру қажет: 1)жылутасығыштардың түрін (су немесе бу); 2)жылутасығыштардың параметрлерін (температурасы мен қысымын); 3) жылудың максималды жоғары сағаттық шығынын; 4)тәулік бойындағы жылу шығынының өзгеруін (тәуліктік график); 5)жылудың жылдық шығынын; 6)жыл бойындағы жылу тұтынудың өзгеруін (жылдық график); 7)тұтынушылардың жылутасығыштарды пайдалану сипаттамасы (жылу желілерінен тікелей алу, тек жылу беру).
Жылумен жабдықтаудың 2 түрі бар. Олар: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған.
Орталықтандырылмаған жылумен жабдықтау кезінде жылу көзі мен тұтынушы бір-біріне жақын орналасады. Жылулық торабы болмайды. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жергілікті және жеке болып бөлінеді.
Орталықтандыру дәрежесіне байланысты орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесін келесі 4 түрге бөлуге болады.
1) Топтасқан – ғимараттарды топтап жылумен жабдықтау
2) Аудандық - қала аудандарын жылумен жабдықтау
3) Қалалық- қаланы жылумен жабдықтау
4) Қалааралық - бірнеше қалаларды жылумен жабдықтау.
Орталықтандырылған жылумен жабдықтау процессі 3 операциядан тұрады:
1) Жылу тасығышты дайындау
2) Жылу тасығыштың транспорттау
3) Жылу тасығышты қолдану.
Жылу тасығышты дайындау жылу электр орталықтан ЖЭО немесе қазандық орналасқан жылу дайындағыш қондырғыларында жүзеге асады.
Жылу тасығыштың транспорты жылу торабында орындалады.
Жылу тасығышты қолдану тұтынушылардың жылу қабылдағыш қондырғыларда жүзеге асырылады.
Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі дегеніміз – жылу тасығышты дайындау транспорты және қолдануға арналған қондырғылардың жиынтығы.
Жылу тұтынудың екі негізгі дәрежесін айырады.
1) Еңбек пен тұрмыс үшін қолайлы жағдай туғызу. (тұрмыстық-коммуналды жүктеме) бұған жатады: суды жылытуға пайдалану, вентиляция, ыстық сумен жабдықтау және конденционерлеу жатады.
2) Тапсырылған сападағы өнімді алу (технологиялық жүктеме)
Температураның деңгейіне байланысты жылу келесі бөлінеді.
1) 1500С-ге дейінгі температурамен төмен потенциалды
2) 150 0С-ден 4000С-ге дейін температурамен орта потенциалды
3) 4000С-ден жоғары жоғарғы потенциалды.
Жылутасығыштарды дайындау ЖЭО-да арнайы жылу дайындағыш қондырғыларда, сонымен қоса қалалық, аудандық, топтық (кварталдық) немесе өнеркәсіптік қазандықтарда жүзеге асырылады.
Жылутасығыш сыртқы құбырөткізгіш арқылы транспортталады, ол жылу желілері деп аталады, және тұтынушылардың жылу қабылдағыштарында пайдаланылады. Жылутасығыш-тарды дайындауға, транспорттауға және пайдалануға арналған қондырғылар кешені – жылумен қамтамасыз ету жүйесін құрайды.
Егер су мен будың басты көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда олардың келесі артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өтуге болады:
Судың артықшылығы: 1) судың салыстырмалы төмен температурасы болуы, оған сәйкес қыздырылатын қондырғы беттерінің температурасының төмен болуы; 2) суды жылулық потенциалын азайтпай алыс ара-қашықтыққа транспорттау мүмкіндігі; 3) жылу тұтыну жүйесінің жылу беруін орталық реттеу мүмкіндігі; 4) ЖЭО-да суды төмен қысымды буды пайдаланып, сатылы қыздыру мүмкіндігі және жылу тұтынуда электр энергиясын өндіруді арттыру; 5) су жүйесін жылытуды, желдетуді және ыстық сумен қамтамасыз етуді жылу желілеріне қосудың қарапайымдылығы; 6) ЖЭО-дағы немесе аудандық қазандықтағы ысытылған будың конденсатын сақтау; 7) жылыту мен желдету жүйелерінің қызмет етуінің үлкен мерзімі.
Судың кемшіліктері: 1) желідегі суды қайта жіберуде бу жүйесіндегі конденсатқа қайта жіберумен салыстырғанда үлкен электр энергия шығыны жұмсалады; 2) бұзылуға, апатқа үлкен «сезімталдылығы», яғни бу желісінен жылутасығыштың жойылады, су жүйесіне қарағанда будың меншікті көлемі көп есе аз; 3) жылутасығыштың тығыздығының үлкен болуы және жүйенің барлық нүктелеріндегі гидравликалық байланысы қатты болуында.
Будың артықшылықтары: 1) буды жылу тұтыну да ғана емес, сондай-ақ технологиялық қажеттілік ретінде пайдалану мүмкіндігі; 2) бөлмелерді кезеңдік жылытуға арналған булы жылыту жүйесінің жылдам қызуы мен жылдам сууы; 3) көбінесе ғимараттарды жылыту жүйесінде қолданылатын, судың тығыздығымен салыстырғанда тығыздығы аз, төмен қысымды бу; бұл жағдайда будың гидростатикалық қысымын есепке алмауға болады және көп қабатты ғимараттарда буды жылутасығыш ретінде қолдануға мүмкіндік бар; 4) бу жүйесінің алғашқы құны өте төмен болуы; 5) будың өздік таралуын реттеудің қарапайымдылығы; 6) буды транспорттауда аз энергия шығыны жұмсалуы.
Будың кемшіліктері: будың температурасының жоғары болуынан буөткізгіш құбырлардағы жоғары жылу жоғалуы; 2) конденсат өткізгішінің ішкі беттерінің ақауларының болуынан, жылытудың бу жүйесі қызметінің мерзімі судыкіне қарағанда аз.
Осы айтылғандарды ескере келе, буды жылутасығыш ретінде «Құрылыстық норма мен ережелерге» байланысты бумен жылыту сауда орындарында, моншаларда, кір жуатын орындарда, кинотеатрларда, өнеркәсіптік ғимараттарда рұқсат етіледі. Тұрғын үйлерде бумен жылыту жүйесі қолданылмайды.