Азақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тәрбие сағаты

Алматы қаласы ОКЖ № 29 балалар кітапханасының оқу залында 2014 жылдың 12 ақпанында кітапхана қызметкері Жұмаділ Хадишаның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына байланысты №40 жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушыларын қатыстыра отырып тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқырмандарға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері, «Қазақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тақырыпта кітап және мерзімді басылымдар көрмесі, слайд - шолулар.Тәрбие сағатының барысы:Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалды)

азақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тәрбие сағаты - student2.ru

Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.Ой қозғау:

Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

Қазақстан.

ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?

ҚР-ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

Біздің Тұңғыш Президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

азақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тәрбие сағаты - student2.ru

Кітапханашы Жұмаділ Хадиша: Міне, оқырмандар ҚР-ның Президенті 17 қаңтар күні «Қазақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жариялады. Бұл егемендік оңайлықпен келген жоқ, қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Ал енді Жолдаудың әр тарауын сараласақ Қазақстан жолы-2050 Стратегиясының негізі болып табылатын «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Біз жас ұрпақтар сендерді патриоттыққа, еліміздің рухын көтеретін, мәдениетімізбен, өркениетімізді дамыту мен өркендеуіне ұйытқысы болуға шақырамыз.Кітапхана меңгерушісі Исабекова Қуаныш Разаққызы сөз алды.

азақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тәрбие сағаты - student2.ru

Ол өз сөзінде: Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сол сияқты біздің кітапханамызда «Ерте дамыту және компьютерлік сауат ашу»орталығы ашылады. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін ұсыну маңызды. Білім - барлық уақытта жоғарғы құндылықтардың бірі болған. Тек білімді , сауатты, мәдениетті адамға ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Кітапханашы Жүдеуова Алмагул өз сөзінде «Біздің ең басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Ол үшін мүмкіншілігімізде, білімді адамдарда, берекелі халықта бар екенін – Елбасымыз анықтап атап өтті. Бұл тұрғыда кітапхана оқырмандары кітап оқу арқылы, өз мүмкіндіктеріңді арттыру.ОКЖ – ң №45 филиалының кітапхана меңгерушісі: Сыдықова Бақыт Нұрақынқызы өз пікірін ортаға салды. Ең алдымен Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпалы бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Сонымен қоса өзінің шығарған өлеңін оқыды.

Мәңгілік ел болу еді арманың мен тілегің,

Берік болсын тәуелсіздік алтын дінгегің.

Мемлекеттік тіл – бұл қазақ тілім менің,

Азаматы болыңдар болашақ білімді елдің,-деп сөзін аяқтады.

азақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тәрбие сағаты - student2.ru

№40 мектептің Батырбеков Нұржан дене шынықтыру пәнінің ұстазы:Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету үшін, әрбір оқушы спортпен айналысуы, ата – аналар қадағалауы, әдетке айналдыруы керек екенін атап көрсетті. Ән: Елім менің.( тыңдалды) Өлеңдер оқылды. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы) Қорытынды: - Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады? «Ойын» «Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтты. Жолдауды талдау барысында өз пікірлерін ортаға салған оқушылар: Төлеген Әділ, Матиков Исабек, Ерболұлы Мұрат, Қали Ерлік, Мыңбаев Тимур, Тесебаева Айгерім, Ерланова Гауһар. Осы оқушылардың арасында ең үздік ой-пікірін білдірген Төлеген Әділ және Мыңбаев Тимур. Төлеген Әділдің асқақтаған арманы Қазақ елін әлемнің ең бақуатты, экономикасы дамыған елдер қатарынан көрсету. Ал Мыңбаев Тимур біздің елімізде медицина саласын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Кітапхана меңгерушісі : Исабекова Қуаныш Разаққызы қорытындылады: Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!

Наши рекомендации