Сайлау жүйесінің типтері,олардың сипаттамасы.

Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады

Саяси жүйелердің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Сайлау жүйесінің типтері,олардың сипаттамасы.

ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесесаяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.

Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады.

Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);

қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.

18/.Қазіргі сайлау үрдісіндегі саяси партиялар.

Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған,ортақ мүдде,бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.Партиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партиялардың тегі ежелгі замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті Ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық саяси үйірмелер мен клубтар ретінде болды, олардың қатысушылары билік және билікке ықпал ету саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына таралды. Алғашқы көпшілік (массовые) партиялар Англияда (либералды-1861ж.), Германияда (Жалпы Герман Жұмысшылар Одағы -1863ж.) пайда болды. ХХІ ғасырдың соңында бұқаралық партиялар негізінен социал – демократиялық бағыттағы партиялар Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты.Саясаттанушылар көпшілік саяси партиялардың пайда болуының негізгіекі себебін атайды:1. Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау құқығының таралуы. 2. Тап тартысы, жұмысшы табының ұйымдық дамуы, ол өз партиясын құра бастады.Оған қарсы саяси партиялар да пайда болды. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар,елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси паритялар жиынтығын айтады.Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне,әлеуметтік-экономикалық шиеленістер сипатына,негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты.Оған халықтың бір ұлтты әлде көп ұлтты,бір дінге әлде көп дінге бағынуы да әсер етеді.Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық,екіпартиялық ж/е бірпаритялық болып топтастырылады.Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдаланы отырып басқару түрін айтады.Ондайларға Австрия,Бельгия,Дания,Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады. Екіпартиялық жүйеде басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін,бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді.Бұған мысал ретінді АҚШ-тағы республикалық және демократиялық,Ұлыбританияда-консерваторлар мен лейбористер,Германияда-христиандық демократтар мен социалдар жатады.Бірпартиялық жүйе өзінен басқа,әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды.Ондай партия бұрын КСРО-да болды,қазір Қытай,КХДР,Кубада бар.

Наши рекомендации