Азақстан Республикасының коммерциялық банктерін құқықтық реттеу

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР- ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.

Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін немесе екінші деңгейдегі банктерді білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

2004 жылдың қаңтар айынан бастап, ҚР екінші деңгейдегі банктері қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігінің (Қаржылық қадағалау агенттігі) лицензиясы негізінде қызмет етеді.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

ҚР-ғы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа валюталық операцияларды жүргізуге үшін арнайы лицензия алады. Мұндай лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктер бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алады.

Банктердің белгіленген банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады.

Банк операцияларына:

1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

2) депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

4) банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;

5) кассалық операциялар: банктердің және Ұлттық почта операторының

қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;

6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және аталған заңды тұлғаларға беріледі;

7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

8) банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру;

9) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;

13) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

14) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

15) банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;

16) банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі жатады.

Банк операцияларына мыналар жатпайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;

2) тапсырма шарты негізінде сенім білдірушінің (қызметті берушінің) атынан және оның тапсырмасы бойынша іс-әрекет жасайтын сенім білдірілген адам жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтер үшін тұтынушылардан қолма-қол, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы ақша қабылдау. Сенім білдірілген адамның төлемдерді сенім білдірушінің (қызметті берушінің) пайдасына қабылдау құқығын растайтын құжаттар төлеушіге оның талап етуі бойынша танысу үшін табыс етілуге тиіс.

4. тізіп көрсетілген банк операциялары Ұлттық Банк белгілеген тәртіпте электрондық тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.

5. Банктерге осы бапта көзделген банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензияны уәкілетті орган береді.

Банктерге банк операцияларын жүргізуге лицензия беру кезінде Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға сай келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар екені туралы қорытындысы талап етіледі. Қорытындыны беру тәртібін Ұлттық Банк айқындайды.

6. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің лицензиясы болған кезде осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларының бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыра алады.

Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиент­теріне беру жөніндегі қызметті қоспағанда, қызметтің өзге түрлерімен (операциялармен) айналысуына тыйым салынады.

Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің осы бапта көзделген жүзеге асыратын өзге де операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

Уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде банктер мен жекелеген қызмет түрлеріне лицензия алуға байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

Банктер, көзделген банк операцияларымен қатар, уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу;

4) лизинг қызметін жүзеге асыру;

5) өзінің бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару;

6) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу;

7) форфейтингтік операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;

8) сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;

9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.

Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:

1) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен - брокерлік;

2) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен, белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік;

3) кастодиандық;

4) трансфер-агенттік.

Банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше үйлесімді түрлерін жүзеге асыруына лицензияны уәкілетті орган береді.

Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын жалпы талаптар

1. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шараттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.

2. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережелерiн банк директорларының кеңесі бекiтуге және оларда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер болуға тиiс:

а) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн несиелердiң шектi сомасы мен мерзiмi;

б) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы ставкасының шектiк мөлшерi;

в) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы төлеудiң шарттары;

г) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

д) банк операцияларын жүргiзу ставкалары мен тарифтерi;

е) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;

ж) банк директорларының кеңесі банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарына енгiзу қажет деп есептейтiн басқа шарттар, талаптар мен шектеулер.

Банк пен банкке клиенттерді тарту жөнінде, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру жөнінде, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөнінде қызметтер көрсететін тұлғаның арасындағы шарт (келісім) клиентке қарап шығуы үшін ұсынылуға жатады және онда банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтерді көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауаптылығы міндетті түрде қамтылуға тиіс.

Бүгінде мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар банктік қызмет аясына да айтарлықтай ықпалын тигізуде. Осы орайда банктік қызметтің мақсатына бағыт-бағдарларының жаңаша рыноктық сипат алуы еліміздегі әлеуметті –экономикалық және саяси жүйедегі процесстер мен айқындалуда.

Бүгінде қоғаммен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделері қамтамасыз етуді көздей отырып Қазақстан Ұлттық Банкі , Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан Республикасының тұрғын –үй құрылысы жинақ банкі жұмыс істейді.

Коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналымды және қолма-қол ақша айналысын ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті қаражаттарды тарту-жұмылдыру; негізгі құралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру; тұрғылықты халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру; бағалы қағаздар , вексельдер және чектер шығару ,уәкілетті банктер ретінде түрлі валюталық операциялар жүргізу сияқты және т.б. қызметтерін тиісті заңнамалық актілер,заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге асырады.

Банктер өз қызметтері (операциялары ) барысында барынша пайда табуға мүмкін. Банктік операциялар мен мәмілелерді тиісті заңнамалық актілер негізінде және осы заңнамаларға сәйкес берілген лицензияға сай жүргізетін коммерциялық ұйым заң жүзінде өкілеттігі белгіленген заңды тұлға –банк түрлері банктік құқықтық қатынастардың тұрақты субъектісі болып табылады.

Банктік қызмет (операциялар) Қазақстан Ұлттық Банкі ,Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі құзыретінің ауқымында және коммерциялық банктердің өкілеттігі шегінде жүзеге асырылады.

Сонымен коммерциялық банктерін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктер қызметін реттеудің басты шарасы. Қазақстан Республикасындағы банк қызметі «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңнамасына сәйкес жұмыс атқарады. Қазіргі уақытта банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін, қаржы жүйесін және қаржылық рынокты нарықтық жағдайларға сай келтіруге, кредиттік жүйені және инвестициялық белсенділікті дамытуға, әлеуметтік–экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз етуге ат салысатын, тиісті заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын экономикалық сипатты мемлекеттік қызмет, сондай-ақ жекеше, корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, лицензияланатын банктік операциялар мен мәмілелер ретінде көрініс тауып отыр.

Наши рекомендации