Тақырып 2.6.2 Өндірістегі тікелей және үстеме шығындарын бөлу және есепке алу

Тікелей шығындар– өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқа да шығындар.

Калькуляция кезінде төмендегі шығындардың баптары қарастырылған:

-материалдар;

-өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысы;

-еңбек ақы аударымдары;

-жүкқұжат шығындары.

Шығындардың алғашқы үш түрін негізгі(тікелей) шығындар деп атайды.Оларға:8100,8200,8300 шоттары және осы шоттардың субшоттарры жатады. «ҰК«Қазақстан темір жол»АҚ филиалы Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының өндірістік тікелей шығындары төмендегі шоттарда жүргізіледі.

-8110 Негізгі өндіріс

-8111 Негізгі өндіріске арналған шикізат пен материалдар

-8112 Негізгі өндірістегі жұмыскерлердің еңбекақысы

-8113 Негізгі өндірістегі жұмыскерлер еңбекақысына қатысты үстеме шығындар

-8114 Негізгі өндіріске қатысты үстеме шығындар

Сол сияқты 8210 «Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар» мен 8310 «Көмекші өндірістер» шоттарымен толықтыруға болады.

Үстеме шығындар – өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады. Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсету және негізгі және көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады. Оларды тікелей дайын өнімдердің түрлеріне , өндірістік процеске, сату көлеміне, сатып алатын топқа жатқызуға болмайды.Үстеме шығындар 8400 шотында көрініс табады. Үстеме шығындарға байланысты синтетикалық шоттар(субшоттар) ашылады:

-8410 Үстеме шығындар

-8411 Материалдар

-8412 Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы

-8413 Еңбекақы қорынан аударымдар

-8414 Негізгі құралдарды жөндеу

-8415 Негізгі құралдар мен МЕА-ң тозуы

-8416 Коммуналдық қызметтер

-8417 Жалдау ақысы

-8418 Өзге үстеме шығындар

Өндірістік шығындар бойынша №10 журанал-ордердің ведомостары жүргізіледі.

Ндірістен шыққан дайын өнімнің нақты өзімдік құнын және өнімнің нақты өзіндік құнының калькуляциясын есептеу

Калькуляция дегеніміз-өнімнің атқарылған жұмыстармен көрсетілген қызметтердің 1 өлшемге есептелген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға, өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздерге пайдаланады. Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктерімен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдісі қолданады.

Калькуляциялауды жасау мерзімі бойынша алдын ала және кейінгі болып екіге бөлінеді.

*Алдын ала жасалатын калькуляциясы өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі, шығын мөлшерін топтайды. Оған, жоспарлы (жобалық) нормативтік ( мөлшерлі ) калькуляциялау жатады.

*Жоспарлы калькуляциялау өнімге және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады. Ол кезде жалақы, энергия, отын өндірістің техналогиясы сондай-ақ резервтерді ескеріледі.

*Сметалық ( жобалық ) калькуляциялар жоспарлы калькуляцияның бір түрі ол жоспарланған және жаңадан игерілген бөлімнің негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляциялау жасау негіз болып табылады.

*Нормативті (мөлшерлік) калькуляциялау ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады. Бұл әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және кәсіпорының өзінде пайдаланылып жүрген өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын қолданылады. Оның негізінде кеткен шығындар деңгейін сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп тұрған нормалары пайдаланылады.

«ҰК«Қазақстан темір жол»АҚ филиалы Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорын өнімінің өндірістік өзіндік құнына төмендегілер кірмейді:

-жалпы және әкімшілік шығындар;

-дайын өнім сату шығындары;

-сыйақы түріндегі шығындар;

Калькуляция жасалатын нысандар-шығындарды өздеріне алатын нысандар(әртүрлі өнімдер,жұмыс түрлері,қызметтер т.б.).Шығындарды өзіне алатын нысандардың агалитикалық есебі бухгалтерлік есеп шоттарында өзіндік құнның баптары бойынша есептеледі.

Наши рекомендации