Проблемалық несилер, пайда болу себептері және оларды басқару

Проблемалық несиелерге мыналар жатады: 1. несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер; 2.сақтандыру, кепіл-хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл-хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар; 3.несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер. Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады: а)қарыз алушының қызметін қайта құру; ә)несиені қайтару кестесін өзгерту; б)пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту. Отандық банктік тәжірибеде проблемалық несиелерге несиелердің жіктелу ережесіне сәйкес стандартты несиеден өзгелері, соның ішінде күмәнді және үмітсіз несиелер жатады. Кез келген коммерциялық банкте проблемалық несиелер Басқармасы немесе жұмыс жасау бөлімі ұйымдастырылуы қажет. Проблемалық несиелермен әрі қарай жұмыс жасау бағытын таңдауда мынадай факторлар ескерілуі тиіс: *қарыз алушының Банк алдындағы міндеттемені орындамау себебі; *проблемалық несиенің пайда болу себептері: дефолтқа итермелеген форс-мажор немесе нарықтағы жағдаяттың теріс өзргерісі, бизнес жоспарындағы жіберілген қателіктер, кәсіпорындағы менеджмент сапасының төмендігі және т.с.с.; *қарыз алушының іскерлік беделі, несиелік тарихының болуы. Проблемалық несиені анықтағаннан кейінгі банктің жұмысы мыналарды қамтиды: - қарыз алушыны қаржылық жағынан сауықтыру; - ссудалық қарызды төлеттіру (өндіріп алу). Қарыз алушыны қаржылық жағынан сауықтыру несиелік келісімшартты өзгерту арқылы несиені қайтаруға мүмкіндік беру, қарыз алушының қаржылық және шаруашылық жағдайын жақсартуы үшін оған қосымша несиелік ресурс беру немесе өзге шараларды қолдануды көздейді.

Несиелік тәуекел ұғымы. Кез келген банк қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдалық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәукелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару жүйесі екі субжүйеден тұрады:

- басқаратын субъекті;

- басқарылатын объект;

Басқару субъекті – бұл арнайы еңбек, ақпарат, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалана отырып, несиелік тәукелді басқару процесін жүзеге асыратын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Отандық банктер тәжірибесінде несиелік тәукелді басқару субъектілеріне мыналарды жатқызуға болады:

- Директорлар Кеңесі;

- Басқарма;

- Несиелік комитет;

- Активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі комитет;

- Тәуекел басқармасы;

- Шағын және орта бизнесті несиелеу департаменті;

- Ипотекалық несиелеу департаменті;

- Ірі жобалар бойынша несиелеу тәеукел басқармасы;

- Несиелік тәеукел басқармасы;

- Проблемалық несиелер басқармасы;

- Несиелік бөлімдер;

- Несиелік менеджер;

- Несиелік – тәукел менеджері.

Басқарылатын объектіге банктың берген несиелері және олармен байланысты несиелік тәуекел жатады.

Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:

• несиелік қызметті ұйымдастыру;

• лимиттер белгілеу;

• несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

• несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг кою және белгіленген лимиттермен салыстыру;

• несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып сыйақы мөлшерлемесін анықтау;

• несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу – несиелерді авторизациялау;

• несиелік мониторинг;

• несиелік қоржынды басқару;

• проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Мұндағы, несие шегі (лимиті) – 1) несие берушінің қарыз алушыға беретін несиесі бойынша несиелік қатынастын шекті деңгейі; 2) қарыз алушының өз айналымында несиелік қаражаттарды пайдаланудын ең жоғарғы шегі.

Несие шегі ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы лимит, ҚР Ұлттық банктің пруденциалдық нормативтер қатарында, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері ретінде белгіленеді. Ол норматив бойынша тәекелдің (несие мөлшерінің) банк капиталына қатынасы арқылы есептеледі және оның мәні екі жағдайда белгіленеді: 1) 0,01-ден аспайтын мөлшерде, яғни ол банкпен тығыз қарым – қатынастылар үшін; 2) 0,25-тен аспайтын мөлшерде, яғни ол қалған қарыз алушылар үшін (соның ішінде бланктік несиелер үшін -0,01)

Несиелік тәуекел менеджменті

Жалпы несиелік тәуекелді басқаруды отандық банктерімізде несиелік тәукел менеджменті жүзеге асырады.

Ал ішкі шегі несие беруші банктің өзі өзінің қолында бар несиелік ресурс көлеміне және қарыз алушының несие алу мүмкіндігіне қарай белгілейді.

Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуі және басқа да шығындарды ескере отырап анықтайлы. Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайлырға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай – ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін. Екіншіден, несиенің шегі экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:

• қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

• несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы – материалды бағалылар қорыны және олардың өтімділік дәрежесіне;

• маржа деңгейіне;

• несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;

• банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жұргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.

Несие қоржыны – несиелік тәукелдің немесе одан қорғану тәсілдерінің әр түрлі факторларына байланысты критерийлері бойынша жіктелген несиелерге байланысты банктің қоятын талаптарының жиынтығы.

Несие қоржыны банктің берген несиелерінің негізінде қалыптасады. Несие қржынын жиі талдап отыру қажет, себебі, талдау арқылы ғана несиелік жұмсалымдарды әртарапдандыруға болады. Несие қоржынын талдау мына кезеңдерден тұрады: қарыздар сапасын бағалау критерийлерін таңдау, мұндай бағалаудың әдістерін анықтау (номерлік немесе балды жүйеде бағалау, тәуекел тобына қарай жіктеу, әрбір топ бойынша тәуекел пайызын анықтау, жалпы несие қоржыны бойынша әрбір топтың көлемінде тәукелдің абсолюттік шамасын есептеу, қарыздар бойынша мүмкін болар зияндарды жабуға арналған резервтер көздерінің шамаларын анықтау, қаржы коэффициентері жүйесінің, сондай – ақ оны құрылымдық талдау негізінде несие қоржынының сапасын бағалау). Қарыздың сапасын бағалау критерийлеріне әлемдік тәжірибеде мыналар жатады: несиенің тағайындалуы, несиенің түрі, қарыздың мөлшері, қарызды қайтару кестесі, іскерлік тәуекелді бағалаудың толықтығы, несиелік оперциялармен байланысты қарыз алушының сапасы, оның меншік нысаны, қарыз алушының несиелік қабілеттігі, ол тураы толық ақпараттың болуы, қарыздың бағасы, қарызда қамтамасыз ету тәсілі

2. Қазақстанда кәсіпорынның инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу
Мемлекеттік инвестициялық саясат – бұл елдің ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамуын мақсат ететін биліктің барлық деңгейлерімен жүргізетін әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Мемлекеттің реттеудің негізгі міндеті – инвесторларға капиталды тиімді орналастырудың барлық түрлерімен қамтамасыз ету.
Инвестициялық қызметті мемлекеттік тұрғыдан басқару келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
1 Тиімді инвестициялық қызмет арқасында елдің жоғары экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
2 Инвестициялық қызметтен түсетін мемлекеттік пайданы максисизациялауды қамтамасыз ету;
3 Инвестициялық тәуекелділікті азайтуды қамтамасыз ету;
4 Инвестициялық бағдарламаларды жылдамдату жолдарын іздеу;
Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізудің нысандары мен әдістері.
Мемлекет инвестициялық қызметті реттеу мақсатында ең қол жетімді және тиімді реттеуші қолданады. Ол – құқық. Яғни, елдегі инвестициялық қызметті реттеудің заңды нысаны болып қаржы-құқықтық акттер болып табылады.
Мемлекеттің инвестициялық саясаты келесі нысандарды жүргізіледі:
- мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар (өндіріс саласында мемлекеттің инвестициялауы, ғылым, білім және т.б.);
- мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару;
- салық салудың дифференцияланған салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерінің жүйесі. Елдің экономикасына жеке және шетел инвестицияларды тарту үшін салық салудың жеңілдікті механизмдері қолданылады;
- қаржылы көмек ретінде жеке территориялар, салалар, өндіріс дамуына дотациялар, субсидиялар, субвенциялар, бюджеттік ссудалар және гаранттар беру. Мұндай қаражаттар тауарлар мен қызметтерді өндірушілерге, білім сферасы, шағын және орта бизнеске берілуі керек.
- ақша-несиелік саясат, баға құрылу саясат және амортизациялық саясаттар жүргізу;
- инвестициялық үрдіске қажетті нарықтық инфрақұрылымның дамуы;
- бағалы қағаздар нарығын реттеу.
Ел аумағында инвесторлардың қызметін реттеу үшін мемлекет келесі әдістерді қолданады:
- мемлекеттік нормалардың сақталуын, инвестициялық қызметтің жеке түрлерінің міндетті лицензиялау ережесінің орындалуын бақылау;
- антимонопольдық әдістемелер, мемлекеттік меншіктің жекешелендірілуі, сонымен қатар аяқталмаған құрылысты да;
- инвестициялық жобалардың сараптамасы.
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты.
Қазақстан шетел капиталын тарту стратегиялық міндет ретінде екенін хабарлап, әлемдік шаруашылық пен ашық экономикаға көшу жолында қажетті іс-шаралар ұйымдастыруда.
«Шетел инвестициялары туралы», «Тікелей инвестицияларды мемлекетттік қолдау туралы» заңдары қабылданды. Қазақстан Республикасының Президенті Нурсұлтан Назарбаев 1997 ж. «Тікелей және шетел инвестицияларын тартудағы Қазақстан Республикасының экономикасының приоритетті секторларының тізімін бекітілуі туралы» және «Инвесторлармен келісімшарт жасаған кездегі жеңілдіктер мен преференциялардың жүйесі мен оларды белгілеудің тәртібі туралы» Жарлықтар шығарды.
1997 ж. инвестициялық қатынастарды ұлттық және халықаралық деңгейде құқықтық реттеудің құқықтық-нормативтік актілердің пакеті «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Бағалы қағаздармен келісімдерді тіркеу туралы» заңдармен толықтырылды.
Сонымен қатар, инвестицияларды қорғаудың көптеген үкімет аралық келісімдері жасалды.
Жалпы, шетел инвестициялады тарту мен қорғаудың үрдісі қазіргі кезде 20-дан аса заңнамалық және нормативті құқықтық актілермен реттеледі.
Оларға сәйкес, Қазақстанда шетел инвестициялары рұқсат етілген ұйымдастыру-құқықтық нысанда әр объект пен әр қызмет түріне салынуы мүмкін, сонымен қатар, толықтай шетел инвесторлардың иелігіндегі шетел фирмалардың құрылуы, олардың филиалдары мен бөлімшелері, немесе біріккен кәсіпорындар рұқсат етіледі.
Шетел инвесторларына өз қызметінен түскен табысын өз еркімен пайдалануына кепілдік беріледі, Мысалы, тауарлар сатып алу немесе басқа мақсаттар үшін.
Елдің экономикасына ірі масштабты инвестицияларды тарту керектігін есекере отырып, Президент жарлығымен біріккен құзыретті орган – Инвестициялар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті құрылды.
Республикада экономиканың тиімді секторларына тікелей инвестицияларды тарту жөнінде белгілі жарнамалық жұмыстар жасалуда.
Жасалып жатқан ұйымдастыру шаралары, қабылданып жатқан заңнамалық әдістер қазақстандық экономикаға шетел инвестициялардың ағымын әкелді. Оған бүгінде 40-қа жуық ел өз қаржы ресурстарын салып жатыр. Сонымен бірге, мемлекет тікелей инвесицияларды тарту жөніндегі мәселе айрықша қарас тырылуда.

Наши рекомендации