Инвестициялық және инновациялық жобаларды қалыптастыру

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс

Инвестициялық жоба тиімділігі инвестициялық үрдіске қатысушылардың мүдделерін ескере отырып шығындар мен нәтижелердің арақатынасын көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.

Инвестициялық жоба тиімділігін бағалау кезінде қарастырылған көрсеткіштерді салыстыру кезіндегі құнға келтіру (дисконттау) керек, өйткені түрлі уақыт кезеңдеріндегі шығындар мен қаржы түсімдері бір мәнді болмайды (бұл салыстыруды жүргізгенде қиынға соқтырады), яғни алдыңғы кезеңде алынған табыс құны соңғы кезде алынған табыс мөлшерінен жоғары болады.

Есепті баға – базистік бағаны жалпы инфляция индексіне сәйкес келетін дефляторға, яғни экономикадағы немесе нақты ресурс, өнім, қызмет түрі бағасының орташа деңгейін жоғарлату индексіне көбейту арқылы анықталады.

Жобалық және есепті баға инвестициялық жобаның техника-экономикалық түсініктеме беру кезеңінде қолданылады. Техника-экономикалық түсініктемеде есептеулер отандық базисті, керек жағдайда - әлемдік баға бойынша жүргізіледі.

Егер шығындар мен нәтижелердің ағымдағы мәні болжамдық бағамен есептелген жағдайда тиімділіктің интегралды көрсеткіштерін анықтауда есепті баға пайдаланылады. Бұл инфляцияның түрлі деңгейінде алынатын нәтижелерді салыстыру үшін қажет.

Базисті, болжамдық және есепті баға теңгемен есептелуі немесе тұрақты шетел валютасымен есептелуі мүмкін (АҚШ доллары, герман маркасы, экю және т.б.)

Инвестициялық жобалар тиімділігін бағалаудағы есептеулерде сату көлемі өзгерісі әсерінен болатын өнім және тұтынылатын ресурстар бағасы өзгерісінің әсерін міндетті түрде ескеру керек (тауарлар мен қызмет түрлері нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қанағаттандырылуына әсері).

Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба – капиталдарды ұлғайту мақсатымен экономиканың әр-түрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған, жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.

Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынадай кезеңдерден тұрады:

· инвестициялық ұғымды қалыптастыру;

· инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу;

· жобаны техникалық-экономикалық негіздеу;

· жер учаскесін алу немесе жалға алу;

· келісім құжаттарын дайындау;

· құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру;

· объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.

Инвестициялық жобаларды орындап, есептеп, олардың тиімділігін жобаға кеткен шығындар мен жобаның іске асу нәтижелерін салыстыра отырып, талдау нәтижесінде анықтау қажет.

Жобалық талдау дегеніміз капиталдық жобаның табыстылығын талдау процесі. Басқаша айтқанда, инвестициялық жобаға кеткен шығындар мен осы жобадан түскен табысты салыстыру. Ол үшін инвестициялық жобаның барлық сатылары мен аспектілеріне ұзақ талдау жасалынады.

Негізгі талдау аспектілері:

· техникалық талдау. Инвестициялық жобаға неғұрлым дәл келетін техника мен технологияны анықтау;

· коммерциялық талдау (маркетингтік). Инвестициялық жобаны іске асырғаннан кейін, шығарылған өнімнің сатылу нарығын талдау, яғни қаншалықты көлемде өнім шығарылуы қажеттігін талдау, жобаға қажетті өнім нарығын талдау;

· институционалдық талдау – жобаны іске асырудың ұйымдық-құқықтық, әкімшілік және саяси ортасын бағалау. Осы ортаны мемлекеттік ұйымдардың талабына сай келтіру; тағы бір басты жай – фирманың ұйымдық құрылымын жобаға сай келтіру;

· әлеуметтік (әлеуметтік-мәдени) талдау – жобаның жергілікті тұрғындарға әсерін зерттеу;

· қоршаған ортаны талдау – жобаның қоршаған ортаға тигізген кері әсерін экспертиза арқылы және ондай кері әсерлерді болдырмау әдістерін қарастыру;

· қаржылық талдау;

· экономикалық талдау.

Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвестициялар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Ресейде жасалынған және 31 март 1994 жылы бекітілген, инвестициялық таңдап алу жайлы Методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.

Осы Методикалық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда:

· коммерциялық (қаржылық) тиімділік – қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін;

· бюджеттік тиімділік – жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін;

· экономикалық тиімділік – жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтижелерді анықтауда қолданылады.

Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:

· таза дисконтталған құн (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ);

· инвестициялардың рентабельділігі (ИР), табыс индексі (ТИ);

· табыстың ішкі нормасы (ТІН);

· қайтарым уақыты (Тқай).

Осы көрсеткіштермен – пайданың жай нормасы, капитал беру, шығындардың интегральдық тиімділігі көрсеткіштері де қолданылады.

Инвестициялық жобаның коммерциялық (қаржылық) тиімділігі табыс нормасын қаржы шығындармен толтыратын нәтижелердің арақатынасымен анықталады және жоба бойынша толық түрде немесе жобаны инвестициялау үлесіне байланысты жеке қатысушылар үшін де есептелінеді.

Инвестициялық жобаның коммерциялық тиіміділігін есептегенде инвестордың – инвестициялық, операциялық, қаржылық іс-әрекеті қаралып, есепке алынады. Мұнда нақты ақшалардың ағыны мен сальдосы анықталып, талданады.

Нақты ақшалардың ағыны – инвестициялық жобаны орындау барысындағы, инвестициялық және операциялық іс-әрекеттен болған, ақша қаражатының құйылымы мен әрекеттен болған, ақша қаражатының құйылымы мен шығысының арасындағы айырма. Нақты ақшалардың сальдосы (қалдығы) – инвестициялық жобаны іске асыру уақытындағы, барлық үш бірдей (инвестициялық, операциялық, қаржылық) іс-әрекеттен болған ақша қаражаттарының құйылуы мен шығуының арасындағы айырма. Инвестициялық жобаны қабылдаудың қажетті критерийі ретіндегі нақты ақшалардың жағымды сальдосы (қалдығы) есептеледі. Ал егер сальдо (қалдық) – жағымсыз болған жағдайда инвесторлар өз қаражаттарынан қосымша қаражат бөлуі, не болмаса қарызға қаражат алуы тиесілі.

Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін қосымша бағалау үшін, қарызды толық өтеу уақыты және инвестицияның жалпы көлеміндегі инвестициялық жобаға қатысушылардың үлесі есептелінеді.

Қарызды толық өтеу уақыты, инвестициялық жобаны іске асыруда несие және қарызға алған қаражаттар болған жағдайда ғана анықталады.

Инвестициялық жобалардың коммерциялық тиімділігіне әсер ететіндер:

· жалпы инфляция – экономикадағы өндіріс ресурстарына (шикізат, капитал, қызмет, еңбек т.б.) және шығарылатын өнімге бағаның жалпы деңгейінің өсуі;

· инфляцияның әртектес болуы (яғни оның әртүрлі көлемі) – өнім түрлері және өндіріс ресурстары бойынша;

· инфляция деңгейінің шетел валютасының курсынан жоғары болуы.

Бюджеттік тиімділіктің көрсеткіштері – жобаны іске асырудың нәтижелерінің жергілікті және аймақтық бюджеттік кірісі мен шығысына әсерін анықтайды.

Бюджеттік тиімділіктің негізгі көрсеткіші болып бюджеттік әсер (эффект) есептелінеді.

Инвестициялық бюджеттік әсер – жылдық дисконтталған бюджеттік әсерлердің қосындысы түрінде есептелінеді немесе бюджеттің интегралдық шығыстарынан асып түсуі түрінен қарастырылады.

Бюджет шығыстарының құрамына кіретіндер:

· жобаны бюджеттік қаражаттандыруға тікелей бөлінген қаражаттар;

· ұлттық, аймақтық және басқа да банкілердің жобаны іске асыруға жеке қатысушыларға берген несиесі. Олар қарызға беріледі де, бюджет арқылы жабылады.

· отын мен энергия тасымалдаушылардың нарықтық бағасына қосымшаға бөлінген тікелей бюджеттік ассигновациялар;

· жобаны іске асыру барысында жұмыссыз қалған адамдарға жәрдем ақылар төлеу;

· мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша төлемдер;

· шетелдік және өз еліміздің қатысушыларына, инвестициялық тәуекелділіктен мемлекеттік, аймақтық кепілділік;

· жобаны іске асыру барысында туындауы мүмкін қатерлердің әсерлерін кетіруге бюджеттен бөлінген қаражаттар.

Бюджет кірістерінің құрамына кіретіндер:

· қосымша құн салығы; жобаны іске асыратын шетел және Қазақстан кәсіпорындарының бюджетке төлейтін арнайы салығы мен басқа да салық төлемдері;

· жобаны іске асырудың барысында қаржылық жағдайына әсер еткен басқа да кәсіпорындардан түскен салықтық түсімдердің көбеюі;

· жоба бойынша шығарылған өнімдерден бюджетке түскен кедендік баж алымы мен акциздер;

· жобаны орындауға шығарылған бағалы қағаздардан түскен эмиссиялық табыс;

· жобаны қаржыландыру үшін шығарылған акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан түскен дивиденд;

· Қазақстан және шетел жұмысшыларының жоба бойынша жұмысты орындағаны үшін алған еңбекақысынан бюджетке түскен табыс салығы;

· жер, су және басқа да табиғи ресурстарын қолданғаны үшін; жобаны орындау барысында геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуге берілген лицензия үшін бюджетке түскен төлемдер;

· жоба бойынша объектілер салып іске қосуда, барлауға конкурстар мен тендерлер өткізуден түскен табыс;

· жобаны орындауға бюджеттен бөлінген несиені қайтару;

· жобаға байланысты, материалдық, отын-энергия, табиғи ресурстарды дұрыс қолданбағаны үшін салынған айыптар мен санкциялар.

Бюджеттік кірістеріне – зейнеткерлік қорға, жұмыспен қамтамасыз ету қорына және т.б. бюджеттік емес қорларға түскен түсімдері де жатады.

Халық шаруашылық экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері жобаның тиімділігін бүкіл халық шаруашылығы бойынша және жобаны іске асыруға қатысқан аймақтар, салалар, ұйымдар мен кәсіпорындар бойынша көрсетеді.

Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін халық шаруашылық бойынша есептегенде жобаның нәтижелеріне мыналар кіреді:

· соңғы өндірістік нәтижелер (барлық шығарылған өнімді сыртқы және ішкі нарықта сатудан түскен түсім), жобалау барысында қатысушылар жасаған мүліктер мен интеллектуалдық меншікті сатудан түскен түсімдер;

· әлеуметтік және экологиялық нәтижелер (жобаның халықтың денсаулығына, аймақтағы әлеуметтік және экологиялық жағдайда әсерін есептегенде;

· тікелей қаржылық нәтижелер;

· шетелдердің банкілер мен фирмалардың қарыздары мен несиелері;

· құндық өлшемге келмейтін әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа да нәтижелер халық шаруашылығы тиімділігінің қосымша жайлы шешім қабылдағанда есепке алынады.

Қандай да болмасын инвестициялық жобаны іске асыруда, соңғы нәтижелерге жетуде белгісіздік және тәуекелділік кездеседі. Олар жобаны іске асыру жағдайлары берілген бастапқы берілімдердің, соның ішінде шығындар мен нәтижелердің көлемдері жайлы ақпараттардың толық еместігіне, инвестициялық жобаны іске асыру жолында болған жоспарланбаған жағдайларға байланысты және т.б. әртүрлі өзгерістерге байланысты туындайды.

Инвестициялық жобаларды іске қосудағы белгісіздік пен тәуекелділіктің маңыздырақ түрлері мен себептері:

· экономикалық заңдылықтар мен ағымды экономикалық жағдайдың тұрақсыздығынан, инвестициялық жағдайлар мен пайданы қолданудың тұрақсыздығына пайда болған тәуекелділік;

· әртүрлі сауда операциялары мен жеткізушіліктерге тиым салу мүмкіндігінен, шекараның жабылу мүмкіндігінен туған сыртқы экономикалық тәуекелділік;

· елдегі саяси жағдайдың белгісіздігі, елдегі немесе аймақтағы жайсыз әлеуметтік-саяси өзгерістердің тәуекелділігі;

· баға динамикасы, техника мен технология параметрлері жайлы ақпараттың толық еместігі, дәл еместігі;

· нарық конъюнктурасы (жағдайының), валюта курсының несие беру жағдайларының және т.б. ауытқуы;

· өндірістік технологиялық тәуекелділік (жабдықтың дұрыс жұмыс жасамауы, авариялар, өндірістік ақау және т.б.);

· стихиялық жағдайлардың мүмкіндігі;

· қатысушылардың мақсатының қызығушылығының белгісіз күйде болуы;

· қатысушы кәсіпорындардың қаржы жағдайлары және іс репутациялары жайлы ақпараттың жеткіліксіздігі, дәл еместігі.

Инвестициялық жобаларға қатысушылардың инвестицияға тәуекелділіктің әсер етуін тоқтататын екі жолы бар: әртүрлі тәуекелділіктерден қамсыздандыру, тәуекелділікті бағалау мүмкіндіктерін анықтау.

Инвестициялық жобаларды іске асыруда болатын белгісіздік жағдайлары мен тәуекелділік аяқ астынан болатын құбылыстар. Жобаны іске асыру барысында, шаруашылық жағдайларында, экономикалық заңдылықтарда толассыз өзгерістер болып тұрады. Сондықтан да инвестициялық жобаны іске асыру схемасында осындай өзгерістерді инвестициялық жобаны орындау жағдайындағы басқа да ақпараттарды қадағалап отыруды көрсету қажет және енгізілген өзгерістерді бірден іске асырып отырған жөн.

Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың эконо­микалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады:

· Бipiншi кезең — бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;

· Екінші кезең – бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;

· Үшінші кезең— бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;

· Төртінші кезең — бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.

Өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар пайдаланылады:

• өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек сауда бағалары және тарифтер;

• қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар (өндірістік қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативтік төлемдер;

• қолданыстағы кәсіпорынның пайдадан нормативтік аударымы және орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің 6ipiгуi;

• банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі кәсіпорынның тэртібі мен есеп ажырасу мөлшері;

• валюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері, т.б. Жалпы түрінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық, және элеуметтік.

Экономикалық нәтижелілік — бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сиымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өcipy және пайдалылықты онан әрі арттыру.

Ресурстық нәтижелілік - бұл кәсіпорындарда ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы.

Техникалық нәтижелілік - бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.

Әлеуметтік нәтижелілік - бұл халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде муқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол енбегінің үлесін төмепдету, т.б.

Бұл нәтижелерге қол жеткезуге болады, егер де, үкімет тарапынан ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.

Инновациялық жоба анықтамасына үш аспектісінен тұратын анықтама берейік:

Инновациялық жоба — инновациялық мақсаттардың жетуіне арналған шаралар жиынтығы; инновациялық қызметті жүзеге асыру процесі; мынау, инновациялық жобаға салынған инвестициялардың экономикалық мәнісі бар екендігін дәлелдейтін құжаттардың пакеті.

Жобалар дегеніміз — техникалық немесе әлеуметтік — экономикалық жүйені өзгертуге мақсатталған процесс. Оны нақты мерзімде және нақты қаражатпен жүзеге асырады.

Инновациялық жобаның қатысушылары:

· тапсырыс беруші;

· өңдеуші;

· инвестор;

· құрылтайшы, гарант;

· ғылыми- техникалық кеңес;

· лизинг компаниясы;

· жобалаушы;

· ұйымдық орындаушы;

· инвестициялық және инновациялық қорлар;

· банк;

· қаржылық кеңесші;

· сақтандыру компаниясы және басқалары.

Инновациялық жобалау процесі 3 кезеңнен құралады:

· инвестицияламай тұрып құрылған лаг (инновациялық жобаны дайындау);

· инвестициялық лаг (жобаның орындауы);

· өндірістік лаг (жоба объектісінің шаруашылық қызметі, эксплуатациялық фаза).

Жобалардың түрлері:

· мегажоба- бірыңғай мақсатпен, қорлармен және орындалу мезгілдерімен біріктірілген, өзара байланысқан жобалардың орындалуын шамалайтын мақсаттық бағдарлама (басқарудың ең жоғарғы деңгейлерінде орындалады);

· мультижоба — концепциялардың ары қарай өңдеп дамуы мен базар механизмдерінің функционалдығына көшуіне байлынысты нақты бағдарлама;

· моножоба — нақты мақсатпен белгіленген және қатал уақыт пен қаражаттың шектелуімен байланысты орындалатын жоба.

Инновациялық жобаның классификациялары.

1. Шешімдердің деңгейіне қарай:

a) ұлттық

b) президенттік

c) аймақтық

d) салалық

e) бөлек кәсіпорын шешімдеріне байланысты

2. Жобаның мақсаттық мінемездемесіне қарай:

a) соңғы

b) аралық

3. Сату аралығына қарай:

a) ұзақ мерзімді

b) орта мерзімді

c) қысқа мерзімді

4. Инновацияның түріне қарай:

a) жаңа өнім

b) өндірістің жаңа түрі

c) жаңа нарық

d) жаңа қайнар көзіне қарай

e) басқарудың жаңа құрылымына қарай

5. Инновациялық қызметінің мінездемесіне қарай:

a) зерттеулік

Инновациялық жобалар әрбір түрлі бөлімдерден тұрады. Инновациялық жобаның қазіргі құрылымын, ЮНИДО өнеркәсібінің дамуымен айналысатын БҰҰ ұйыммен ұсынылған.

Кез-келген бір инновациянымен жобаны іске асыру материалдық және қаржылық шығынды қажет етеді. Жаңа өнімге немесе қызметікеқызметке қолданушылардың табылуы және де жобаның қаншалықты коммерциализацилауға өтетіндігін білмегендіктен ол әрқашанда рискке байланысты болады. Сондықтан да инновациялық үрдісте бағалау уақыты маңызды болып табылады. Бағалаудың қиындығына қарамастан, ол керекті және инновациялық үрдістің рискін түсіретін фактор болып табылады.

Инновациялық жобалардың тиімділігін бағалау кезінде жобаның белгіленуіне байланысты эффектіліктің бірнеше түрлерін анализдеу керек.

Инновациялық жобаларды салыстыру және олардың ішінен ең тиімдісін таңдауды келесі көрсеткіштерді қолдану арқылы орындалады:

· таза дискоттық кіріс (ТДК) немесе интегралдық эффект;

· кірістің индексі;

· кірістің ішкі нормасы;

· есе қайтару мерзімі;

· баллдық көрсеткіштерді алу әдісі;

· әр-түрлі көрсеткіштердің ұқсастығы.

Таза дисконттық кіріс қазіргі эффектілердің бүкіл төлемдік мерзімі бойынша мөлшері болып табылады:

Э = ТДК = ∑ ( Р — З ) 1/(1+Е) ;

мұндағы, Э — интегралдық эффект;

Т — төлем горизонты;

Р — сол уақыттағы жүзеге асырылатын көрсеткіштер, тг;

З — сол уақытта да жұмсалатын шығындар, тг;

1/(1+Е) – көрсеткіштер мен шығындар уақыты бойынша коэффициент көрсеткіші;

Е — дисконт нормасы.

Егер де инновациялық жобаның ТД-сі оң болса, онда жоба эффектілі (пайдалы) болып табылады және де іске асырылуы тиімді болып саналады. ТДК неғұрлым көп болса, жобаның соғұрлым эффектісі молырақ болады. Егер де тнвестициялық жоба ТДК-сі теріс болса, онда инвестор шығынға ұшырайды да, жоба эффектілі болмайды.

Кіріс индексі (КИ) берілген эффектілердің қосындысының капитал салымына ара-қатынасын көрсетеді:

КИ = 1/К ∑ ( Р — З ) 1/(Т+Е) ;

мұндағы, З — капитал салымы кірмейтін жағдайдағы берілген уақыттағы шығыны;

Кіріс индексі ТДК-мен тығыз байланысты. Ол сол элементтерден құралады және оның мағынасы ТДК-нің мағынасымен байланысты. Егер де ТДК оң болса, онда КИ > 1, және керісінше. Егер де К > 1, онда жоба эффектілі, ал егер КИ < 1 – онда эффектілі емес.

Ішкі кіріс нормасы (ІКН) Е дисконтының нормасын білдіріп, сол арқылы берілген эффектілер көлемі берілген капитал салымына тең болады.німдерді

Егер де инвестициялық жобаның ТДК төлемі «берілген дисконттық норма (Е) көмегімен эффектілі бола ма, әлде жоқ па?» деген сұраққа жауап берсе, онда ІКН төлем үрдісінде анықталып, артынан инвестордың талабы бойынша қойылған каиталды кіріс нормасымен салыстырады.

Егер ТДК инвестор талап ететін капиталдың кіріс нормасына тең немесе артық болса, онда берілген жобаға жасалған инвестиция ақталады және жобаны қабылдауды қарастыруға болады.

Егер ТДК және ІКН жоба нұсқаларын салыстыруда қарама-қарсы көрсеткішткерге әкелсе, онда ТДК анализі көрсеткіштеріне көңіл бөлу керек.

Есе қайтару мерзімі – бұл бастапқы жобаны жүзеге асыру барысындағы минималдық уақыт арасы. Бұл жобаға байланысты бастапқы салым мен басқа да шығындардың қосындылық көрсеткінтеріне дұрысталатын уақыт мерзімі. Ол жылмен, үшайлықпен және аймен өлшенеді.

Жобаны жүзеге асыру барысындағы көрсеткіштер мен шығындарды дисконтпен (егер есе қайтару мерзімі 1 жылдан астам болса) және дисконтсыз (1 жылдан кем) анықтауға болады.

Жаңалық енгізудің негізі болып табылатын инновациялық іскерлік инвестициялық іскерлікпен тығыз байланыста болады. Инвестциясыз жаңалықтың болуы мүмкін емес, өйткені ол өндіріс, таранспорттық және сонымен қатар жаңалық-тауардың қолданушға жетуін қамтамасыз етеді.

Инвестициялау – бұл түсімді қалыптастыру мен алудағы ұзақ мерзімдік капитал салымы. Бұл бизнеске салынған инветициялар болып табылады (экономикалық инвестицияларда). Сол инвестициялардың көмегімен күшті өндірістік жарақтар құрылуда, жұмыс күшін жалға алу қалыптасуда, өндірістік үрдіс ұйымдастырылуда.

Әрқашанда инвестициялау бағдарының альтернативтік түрлері болады:

· ұзақ мерзімдік қолданудағы тауарлар мен қозғалмайтын мүлікті (сұраныс инвестициялары) сатып алу жолымен ақшалай салым;

· бағалы қағаздар түріндегі активтерді алу (қаржылық инвестициялары);

· инновациялық бизнеске арналған инвестициялар.

Инвестициялау бағдарын таңдау тиімді тәуекелдегі үлкен кірістерді болжауын көрсетеді.

Жаңалық енгізулерге арналған инвестициялардың өзіндік қасиеттері болады:

· Олар инновациялық үрдістің өзіндік қасиетін қарастыру қажет, өйткені кейбір экономика салаларында тұрулар, ал кейбреулерінде – новацияға және өндірістік ақпараттық және өнімнің интенсивтік жаңаруына деген үлкен сұраныс қалыптасады. Инвестциялық үрдістің бұл қасиеті негізгі капитал жинағының механизмдері тығыз байланысты болып, жаңа білім мен интеллектуалдық еңбек өнімдерінің дискреттік қасиетін көрсетеді.

· Бұл инвестицияларға спкуляцияның байланысы болмайды, өйткені олардың нақты болашақ кірісі мен ұзақ уақыттық салым мерзімі бар.

· Ішкі және сыртқы факторларға байланысты оның ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік параметрлерінің болуымен қатар, бизнеске арналған ивестицияларға обьект туралы мағлұмат білу керек.

Кәсіпкер сонымен қатар инвестициялық үрдістің өзімен анықталатын кейбір талаптарды есінде сақтау керек. Жаңалық енгізу обьектсі мен қаражат қайнар көзінің тәуекелін табу; инвестициялардың түрі (ақшлай қаражат, меншік, басқа активтер және міндеттемелер) мен жүзеге асырудың ұйымдастыру формасын таңдау; инвестицияларды қорғау және т.б.

Жаңалықты енгізу обьект тәуекелінің бірнеше түрлері кездеседі:

Нарықтың тәуекелмен инвестицияланған капиталдың сұраныс, өнімге және өндірістің факторларына арналған бағалардың қозғалысының нәтижесінде жоғалуыныі мүмкіндігімен айқындалады.

Бизнес тәуекелі — жаңалық енгізудің экономикалық бағалау эффектіліндегі нақтылықпен, соның ішінде инвестициялық мерзімнің ұзақтылығымен айқындалады. Қаржылық тәуекел – ақшаның қабілеттілігінің төмендеуі мен инветициялау, коммерциялық жүзеге асыру кезіндегі активтердің құнсыздауына байланысты.

Жаңалық енгізудің инвестициялауының шешу негізіне этаптық мерзімде жүзеге асырылатын стратегия мен бизнес әдісін таңддау кіреді.

Инвестициялық талаудың статистикалық және динамикалық әдістердің қолдану арқылы критериалдық бағалар құралады. Солардың негізінде инвестициялауға шешім қабылданады.

Статистикалық әдістерге жобаның есе қайтару мерзімі, кіріс деңгейі, таза келтірілген баға, түсім индекс, рентабельдіктің ішкі коэффициенттің анықтамалары қатысты.

Динамикалық әдістерге – инвестициялық жобаның бағалауына әсер ететін көптеген фркторлар анықтамасы.

Өнеркәсіптің қаржылық жағдайын талдау (анализ) инвестициялауда маңызды орын алады. Бұл жерде жаңалық енгізу жүзеге асыру кзделіп отырады, сол үшін де жаңалық енгізуге дейін мен кейінгі обьекттің жағдайын көрсететін арнайы көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұған өнеркәсіптің өзінің міндеттерін орындау қабілеттілігін сипаттайтын ликвидтілік және жаңалық енгізуге теріс ықпал ететін меншіктік міндеттемелер қолданылуы мүмкін.

Ұйымдық жобалау келесі кезеңдерден тұрады:

· жобаның маңыздылығын анықтау (федералдық, аймақтық, жергілікті);

· фиксация рангі жіне ұйымдастыру-құқықтық қатысушы формасы, сонымен қатар негізгі жеткізушілер мен жіберушілер;

· мемлекеттік және аймақтық басшылықтың жобаны қолдау дәрежесін орнату;

· инвестицияның кепілдігін қамтамасыз етуін анықтау, сонымен қатар тәуекелдерді сақтандыру, саясатты және банкілік кепілдіктер.

Үстіде келтірілген түсініктемелер, жобалаудың түрлері мен сценариилері болжау сипаттамасын анықтайды және көбінесе қарсылық сипаттаманы ұстанады. Бүкіл факторларды сандық көрсеткішпен көрсету мүмкін емес, өйткені мұнда жоба бойынша инегралдық эффектілік көрсеткіштері жоқ. Жаңалық енгізудің тиімділігі сонымен қатар оның қатысушыларының субьектік қызуғышылықтарына баланысты болады.

Сондықтан да кәсіпкер әрқашанда өндіріске арналған ивесициялар туралы шешімдер қабылдағанда тәуекелдейді. Дұрыс қабылданған бизнес стратегиясы, жаңалық енгізуді мамандырылған техника-экономикалық бағалау және керекті нәрселерді білу инновациялық процесті қазіргі үлгімен ұйымдастыру және де басқару қабілеті сол тәуеклелді тиімді қылдырып, көрсеткіштерді жоғары және тұрақты бір деңгейге жеткізеді.

Наши рекомендации