Жаңа заманның әлеуметтану ілімі .

(Т.Джефферсон, Ш.Л.Монтескье, Дж.Локк, Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо).ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.

5.Англиямен қоса, бүкілевропалық антисхоластикалық, буржуазиялық философияға серпін берілді. Т. Гоббс философиясы

Негізгі еңбектері: Дж.Локк (1632-1704) – Бэкон мен Гоббстың философиялық идеяларын дамытып, Жаңа Замандағы ағылшын философиясының эмпиристік және материалистік дәстүрін жалғастырды.

Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл – ойы туралы тәжірибе».

Дж. Локк философиясының негізгі қағидалары:

1.дүние материалды;

2.таным негізінде тек қана тәжірибе жатады («сезімде болмаған нәрсе адам ойында (ақылында) болмайды»);

3.адамға «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;

4.сана – әр адам өз өміріндегі тәжірибемен толтыратын бос бөлме (empty cabinet) тәжірибе жазылатын «таза атқат» (tabula rasa);

5.тәжірибе көзі – сыртқы дүние;

6.философия мақсаты – адамның өз әрекетінде табысқа жетуіне көмектесу;

7.адам идеалы – сабырлы, занды тындайтын және заңды сыйлайтын, адамшершілікті ұстанатын, өзін жан-жақты жетілдіріп, өз саласында жақсы жетістіктерге жеткен джентельмен;

8.мемлекет идеялы – биліктің заң шығарушы, орындаушы және федеративті (сыртқы саяси) болып жіктелген негізде құралған мемлекет.

Мемлекеттегі билік бөлінісі туралы бірінші айтқан Локк болды

«Азамат туралы бастапқы негіздеме»

«Левиафан – материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».

Т. Гоббс (1588-1679) – Бэконның философиялық дәстүрін жалғастырушы шәкірті:

1. теологиялық схоластикалық философияға қарсы шықты;

2. философия мақсаты – ғылыми-техникалық прогреске жол ашу, адам әрекетінің практикалық нәтижелеріне қол жеткізу деп түсінді;

3. эмпиризмді жақтады. Декарттың рационалистік флилософиясын сынады;

4. нағыз материалист болды;

5. қоғам мен мемлекет мәселесін маңызды философиялық мәселе деп санады;

6. мемлекет теориясын жасады;

7. мемлекет пайда болуының негізінде қоғамдық келісім жатыр деген идеяны алғаш ұсынды.

Гоббстың философиялық зерттеу пәні – гносеология және мемлекет мәселесі.

Гоббс адам танымы негізінен сезімдік қабылдау арқылы өтеді деп санады. Сезімдік қабылдау – сезім мүшелерінің (көз, құлақ, т.б.) қоршаған дүниеден сигналдарды қабылдап, өңдеуі. Ол сипаттарды Т. Гоббс «белгілер» деп атап, былайша жіктейді:

1.Дыбыстар – жануарлардың өз әрекетін немесе ниетін (білдіретін сигналдар (құстар «әні», жыртқыштардың ырылы, т.б.);

2.Ен салу – қатынас барысында адам ойлап тапқан белгілер;

3.Табиғи белгілер – табиғат «сигналдары» (найзағай, бұлт, т.б.);

4.Еркін коммуникативті белгілер – тілдегі сөздер;

5.Белгілер рөліндегі белгілер – азшылыққа ғана түсінікті, арнайы шифрланған сөз (ғылыми тіл, діни тіл, жаргон, т.б.);

6.Белгілердің белгісі – атаулардың атауы – универсалиерлер (жалшы ұғымдар).

Таным әдістері ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қатар қолдануды жақтады. Философтың мақсаты адамға оның өз әрекеттерінде практикалық жетістікке жетуге көмектесу болғандықтан, ал адам қоғамда, нақты мемлекетте тіршілік ететіндіктен өоғам мен мемлекет мәселесі философиядағы басты сұрақтар.Т. Гоббс өзінің әйгілі кітабы «Левиафанда» қоғам және мемлекет теориясын негіздеді. «Левиафан» («Құбыжық») – Кромвельдің диктатурасы кезінде 1651 жылы жарық көрді. Ол теорияның мәні мынадай:

1.Адам табиғатынан залым;

2.Адам әрекеттерінің қозғаушы күштері – жеке пайда мен өзімшілдік, әрікімнің өз қажеттіліктері, аффектілері;

3.Аталған қасиеттер әрбір адамның өзінің барлық нәрсеге құқылығын сезінуге жетелейді;

4.Әрбір адамның бәріне құқылығы басқаның мүддесін аяқасты етуіне, адамдардың бірлескен дұрыс өімірі мен экономикалық прогреске мүмкіндік бермейтін және жеңімпазы болуы мүмкін емес «бәрінің бәріне соғысына» әкелді;

5.Аман қалу үшін адамдар өзара «қоғамдық келісім» жасап, «бәрінің бәріне құқығын» және иеленуге ұмтылысын шектеді;

6.«бәрінің бәріне соғысын» болдырмау, шектен шыққан өзімшілдікті тоқтату үшін қоғамдық өмірді жүйелеудің қоғамдық механизмі (институты) – мемлекет пайда болды;

7.міндеттерін нәтижелі орындау үшін мемлекет аса болуы қажет;

Наши рекомендации