Жарақаттанған кезде қан тоқтату әдістері

Қан кетуді уақытша тоқтату әдістері: аяқ-қолдарды көтеру қажет, буынды барынша бүгіп, осы жерден өтетін тамырларды басу керек (саусақты қысу, қысып байлайтын байлауыш, бұрау салу, сондай-ақ жарақатта қан аққан тамырға қысым). Ірі артерия белгісіз белгілермен жарақаттанған аяқ-қолдардың кез келген жарақаты кезінде қысып байлайтын байлауыш салу керек. Алайда ол ірі артериядан қан кетуді тоқтата алмайды және ұлпаны баса отырып, аяқ-қолдардың шеткі бөлімдерінде қан айналысының бұзылуына әкеледі. Аяқ-қолды жоғары көтере отырып, көк тамыр зақымданған кезде қан кетуді тоқатуға болады. Бұл әдісті көбінесе қысып байлайтын байлауыш комбинациясымен қолданады. Артерияны қысу аяқ-қолдарда, мойында және баста артериалдық қан кетуді уақытша тоқтату үшін қолданылады. Қысу, қан аққан орыннан жоғары, үлкен бұлшық еттер жоқ жерде, артерия терең емес жерде жүргізіледі және сүйекке қысылуы мүмкін. Қысу белгілі бір нүктелерде жүргізіледі

Емтихан билеті № 22

1. Өндірістік жарақаттаннудың техникалық себептері Техникалық іс-шаралар механикалық ауыр, қауіпті жəне монотонды жұмысты жақсартуды енгізеді. Техника жəне технология қауіпсіздігін құрады жəне сақтандырғыш, дыбыс білдіруші, бұғаттауыш құралдардың қондырғылары сонымен қатар өндірістік жарықтандыру, нормалы əуе ортасының техникалы шешімдерді жүзеге асырады. Жұмыс аумағындағы қауіпті заттектерді қалай өшіру керектігін ескертеді жəне зиянды сəулеленуден қорғау, дірілді жəне шуды төмендетіп, зиянды еңбек шарттарында немесе басқарма қарамағындағы жұмыскерлерге, операторларға оқшаулау жұмыскабинасын құруға жəне ұжымдық жеке қорғаныс құралдарын дайындауды көздейді.

2,Электромагниттік толқындар әсерінен қорғану

Электромагниттік толқындар кез келген үйде, мекемеде жалпы адам өмір сүретін барлық ортада бар.Электромагниттік толқындарды тұрғын үйдің теледидарында, өтегінде, мұздатқыштарында, микротолқынды пеште, шаңсорғыштарда, компьютерде, ұялы телефондарда болады. Электромагниттік толқындардың 1000 мГц таралу керек болса, электро техникалық құрылғыларда кейде одан көп асып кетеді. Мысалы: өтекті қосқан кезде 25см қашықтықта одан 0,2мкТл электромагниттік толқындар бөлінеді. «Tefal» шәйнегінде 20см-0,6мкТл. Кір жуғыш машина 50Гц, ал теледидардың пульті 1 метрде 1мкТл болады. Микротолқынды пеште 30см қашықтықта 50Гц магниттік өрісі 10,3-8мкТл болады. Ал ер адамдар электр қыздырғыш қолданған кезде өздерін әдемілей отырып, беттерінен ток жүргізеді себебі: Электр қырынғыш 100мкТл (микро Тесла) есептеледі екен. Компьютерде 60Гц болады.

Иондағыш сәулелерден қорғана білу үшін олардың өтімділік қасиеттерін білген жөн. Радиоактивті изотоптармен жұмыс істегенде, олардың өтімділігіне орай тиісті қауіпсіздік ережесін бұлжытпай орындау керек.

Альфа-бөлшек парақ қағазға тұтылып, одан өте алмайды. Алайда адам терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, яғни жеген тағамы арқылы етіп кетсе, өте қауіпті.

Бета-бөлшектердің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1—2 см тереңдеп ене алады. Алайда бірнеше миллиметр алюминий қаңылтыры оны толық жұтып алады.

Гамма-сәуленің өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін корғасынның немесе бетон плиталардың калың қабаты пайдаланылады.

· Біздің асыққан заманда ұялы телефон – уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші. Алайда, оның зияны жоқ емес. Сол зияндардан режимге қойыңыз.

Жымдық келісім шарт жөнінде түсінік, оның еңбек қорғаудағы маңызы

Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім.

Билет

1Өндірісте қолданылатын немесе ондағы сақталынатын заттар мен материалдардың жарылыс және өрт қауіпсіздігі бойынша 5 категорияға бөлінеді: А,Б,В және Г,Д.

9 Кесте

Өндірістің категориялары Өндірістегі материалдар мен заттардың сипаттамасы
А жарылыс өрт қауіпті өндірістер Жанғыш газдар, тұтану температура шегі 280С –дан жоғары емес жеңіл тұтанатын сұйықтар, сондай көлемде бу ауалы қоспа түзе отырып, жарылыс қауіпті жағдай туындатуы мүмкін, олардың тұтану кезінде ғимараттарда жарылыстың артық қысымы пайда болады, ол 5кПа-дан асып кетеді; ауадағы оттегімен, сумен немесе бір-бірімен әрекеттесуі кезінде жануы және жарылуыға қабілетті заттар мен материалдар.
Б жарылыс өрт қауіпті өндірістер Тұтану температура шегі 280С-дан жоғары жеңіл тұтанатын сұйықтар, жанғыш шаңдар немесе талшықты заттар, сондай көлемдегі жанғыш сұйықтар жарылыс қауіпті немесе бу ауа қауіпті қоспалар түзе отырып, жарылуы мүмкін, олардың ғимараттағы жарылыс кезіндегі артық қысымы 5 кПа-дан асып кетеді
В1-В4 өрт қауіпті өндірістер Жанғыш және қиын жанатын сұйықтар, қатты жанғыш заттар мен материалдар (сонымен бірге шаңдар мен талшықты заттар), заттар мен материалдар сумен, ауадағы оттегімен неемсе бір-бірімен әрекеттесуі кезінде ғана жарылыс қауіпті болады, олар ғимараттарда болса А және Б категориясына жатқызылмайды.
Г орташа өрт қауіпті өндірістер Ыстық күйінде, балқыған күйінде немесе ерігендегі, өңдеу кезіндегі жылу, ұшқын және өрт бөлінетін, жанбайтын заттар мен материалдар; жанғыш газдар, сұйықтар және қатты заттар отын ретінде жандырылады немесе жойылады
Д (өрт қауіптілігі төмен) Салқын күйіндегі жанбайтын заттар мен материалдар
Е жарылыс қауіпті өндірістер Сұйық фазаларсыз жанғыш газдар және сондай көлемдегі жарылыс қауіпті шаңдар, олар ғимарат көлемінде 5% асып кететін, көлемде жарылыс қауіпті қоспалар түзуі мүмкін және ауадағы оттегімен, сумен немесе бір-бірімен әрекеттесуі кезінде жануы және жарылуыға қабілетті заттар мен материалдар, олардың ғимараттардағы жарылыс кезіндегі артық қысымы 5 кПа-дан асып кетеді

Өндірістерді өрт жарылыс қауіпсіздігі бойынша категорияға бөлудің маңызы өте зор, өйткені мұнда көп дәрежеде ғимараттарға, оның құрылымдарына және жоспарлануына қойылатын талаптарды анықтауға мүмкіндік береді; өрт қорғанысын ұйымдастыруды және оның техникалық қамтамасыз етілуіне режимі мен пайдалану талаптарын анықтауға мүмкіндік береді.

Адамдарды қауіпсіз оқшаулауды қамтамасыз ету.

Өрттің қауіпті факторларының адамға әсерінің алдын-алу үшін, ғимаратты жобалау кезінде ғимараттан адамдардың жылдам шығып кетуін қамтамасыз етуі қажет.

Өрттің алғашқы кезеңінде адамға төнетін қауіп ол жоғары температура, оттегі концентрациясының төмендеуі және ғимарат ауасында улы заттардың пайда болуы, сонымен бірге түтіннің салдарынан көріну дәрежесінің төмендеуі. Өрт пайда болған кезінен адамға қауіптілік төгенге дейінгі жағдай өрттің критикалық ұзақтығы деп аталады. I,II және III өрт тұрақтылық дәрежелі өндірістік ғимараттардан адамдарды шығарудың қажетті уақыты, өрт қауіпсіздігі категориясы мен ғимараттың көлеміне байланысты болады, ол 3-кестеде келтірілген.

Өртті сөндіру әдістері. Өртті сөндірудің барлық әдістері келесі принциптерге негізделген: жану аймағынан жылуды айдау; жану аймағында тотықтырғыш немесе жанған концентрацияны азаты; жанудың химиялық реакциясын тоқтату.

Бірінші принципі көптеген өрттерді өшіру кезінде суды қолданумен жүзеге асырылады. Жылудың көп болуы салдарынан жұтылғаны сумен буланып кетеді, жанған заттың температурасы тұтану температурасынан төмендейді. Сонымен бірге, булы бұлт жану аймағында оттегі құрамын төмендетеді. Өртті сөндіру қабілетін арттыру үшін суға беттік-белсенді заттарды қосады, олар беттердің сулануы қабілеттілігін жақсартады. Мұның кемшілігі, сол сумен электр жабдықтарын, судан тығыздығы аз сұйықтарды өшіруге болмайды.

24.2 Өндірістік жарақат – бұл әр түрлi сыртқы және қауiптi өндiрiстiк факторлардың адам ағзасына тигізетін әсердiң салдары. Көбіне, өндірістік жарақаттар құлау, басып кету кезіндегі механиканың әсердің нәтижесінде немесе механикалық жабдықпен жұмыс істеу кезінде болады.

Жарақаттану келесідей әсерлердің салдарынан болуы мүмкiн:

- химиялық факторлар, мысалы улы химикаттардан улану немесе күю;

- электр тоғы – күйіктер, электр соққылары және т.б.;

- жоғарғы және төменгі температура (күю немесе үсік шалу);

- әр түрлі факторлардың болуынан.

Өндiрiстiк жарақат – бұл өндірістегі (кәсіпорындағы) қайғылы жағдайлардың жиынтығы. Өндірістік жарақаттардың бірнеше себептері болады.

Техникалық жарақат - құрылымдық кемшіліктердің, көліктер мен механизмдердің ақауларының, технологиялық процестердің толық жетілдірілмеуінің, ауыр және зиянды жұмыстардың жеткіліксіз автоматтандырылмауы және механикаландырмауының салдарынан болады.

Санитарлы-гигиеналық – санитарлы нормалардың (мысалы, ылғалдылық, температура) талаптарын бұзу салдарына, санитарлы-тұрмыстық бөлмелер мен құрылымдардың болмауына, ұйымдарда жұмыс орындарының жеткіліксіздігіне байланысты болатын жарақаттар.

Ұйымдық жарақат – көліктер мен жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзуға, жүкті тиеу-түсіру жұмыстарының нашар ұйымдастырылуына, еңбек пен демалыс тәртібінің бұзылуы жағдайына, техника қауіпсіздігінің ережелерінің бұзылуына, уақытында нұсқаулықпен таныспау салдарына және ескерту жазылған тақтайшаларының болмауына байланысты болатын жарақаттар.

Психофизиологиялық - жұмысшылардың еңбек тәртiбiн бұзуы, жұмыс орнында мас болу, қасақана жаралану, жұмыстан шаршау және денсаулықтың нашарлауының салдарынан болатын жарақаттар.

23.1 Алғашқы көмек көрсеткенде ең алдымен электр тогының әсерін тоқтату керек. Бұл қажет, өйткені электр сымы соққанда зақымдалушы адамның көбінесе босанып шығуға дәрмені жетпейді. Көмек көрсетуші адам өз басының қауіпсіз болу ережесін де сақтауы керек. Ток келіп тұрған көзді тоқтату үшін ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратып, көмек көрсетуші адам қолын (резина қолғап киіп немесе құрғақ жүн матамен ұстайды) және аяғына (резина етік киеді) ток ұрмайтындай еткеннен кейін ғана зақымданушы адамды токтан тартып ажыратуы не болмаса зақымданушы адамды басқа да тәсілдермен ток көзінен ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағаш затпен ток сымын басқа бір жаққа бұру) . Жүрегі, тынысы тоқтамаған болса, оған толық тыныштық керек (денені сұлатып жатқызады), жылы сусын ішкізіп, мүсәтір спиртін иіскетеді; терісі күйгенде- борлы вазелин жағып немесе сутегінің асқын тотығымен сүртіп, стерильді бинтпен таңып тастайды.

Егер тынысы тоқтап, жүрегі соқпай қалған жағдайда (клиникалық өлім) көрсетілетін алғашқы көмек- дәрігер келгенге дейін реанимация шараларын жасау (жүрекке массаж, «ауызбен ауызға дем үрлеу» арқылы қолдан тыныс алдыру).

Сонымен бірге шұғыл дәрігерлік көмек көрсету және ауруханаға жеткізу, егер ІІ-ІV дәрежедегі зақымдану болса. Егер электр тогынан зақым алғаннан кейін 30—40 минут өткен соң да ұйқы басып, басы айнала берсе, жүрегі қағып, тер басса, тынысы тарылып, денесі тітіркенсе, онда алған зақымы жеңіл сияқты болып көрінгеніне қарамастан, дәрігерлік бақылауға алып, көмек көрсету міндет. Электр тогынан зақымданудың бір түрі жай отынан- күн күркіреген кездегі атмосфералық электр разрядынан зақымдану болып табылады. Адамды тоқ «шықсын» деп жерге көму керек деген ел арасындағы соқыр сенім — зиянды адасушылық, өйткені жерге көмілген организм тез салқындайды, кеудеге салмақ түсіп сығылады, тынысы тарылады, жүрегі қысылады, пайдалы алғашқы көмек көрсетілуге тиісті уақыт өтіп кетеді.

Билет

1 Өндірістік факторларды зиянды және қауіпті факторларға бөледі. Жұмысшының денсаулығына қолайсыз әсері еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен, кәсіптік аурулар мен уланулардың дамуымен, жәй патологиялардың дамуы және күшеюінің жиіленуімен, ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуімен, ұрпақтарының денсаулығының бұзылуымен білінетін факторларды зиянды факторлар деп айтады. Қауіпті факторлар деп, денсаулықтың жедел бұзылуын, тіпті, адамның өлімін де туғызуы мүмкін, зиянды факторларды атайды.

Барлық зиянды факторларды, басқаша айтқанда, кәсіптік зияндылықтар деп айтады, ал олардың адам ағзасына тек сол факторлардың әсерімен немесе олардың басым әсер етуі нәтижесінде пайда болатын ауруларды - кәсіптік аурулар деп атайды. Бұл кезде кәсіптік аурулардың екі тобын ажыратады. Бірінші топқа, сол ауруларға тән белгілердің дамуындағы басты немесе жетекші рөл тек бір ғана өндірістік факторға тиесілі болатын аурулар жатады. Мұндай кәсіптік ауруларға мысалы, діріл ауруын, силикозды, сынаптық улануды жатқызуға болады. Мысалы, силикоз тек бос күйіндегі кремний қос тотығы бар шаңмен тыныс алғанда, сынаптан улану – тек сынап қосылыстары әсер еткенде ғана дамиды. Екінші топқа әр түрлі факторлардың әсерінен пайда болатын, бірақ, нақты жағдайларда аурудың дамуында өндірістік ортаның белгілі бір факторымен себептік байланысы дәлелденген, аурулар жатады. Мұндай ауруларға мақта шаңымен байланысы болған жұмысшыларда дамыған кәсіптік бронх демікпесін, туберкулезбен ауратын жануарлармен жұмыс істеген мал дәрігерлерінің кәсіптік туберкулезін және де басқаларды жатқызуға болады.

Зиянды факторлардың әсеріне бала жаста және жастық кезеңде, сонымен қатар, әйел адамдарда, әсіресе жүктілік және бала емізу кезеңіндерінде, сезімталдығы жоғары болады. Кәсіптік зияндылықтар әдетте адамның өзі қолдан жасаған факторлар болып табылады, және олардың көбіне ағзада қорғанудың адекватты бейімделу механизмдері жеткілікті мөлшерде қалыптаспаған. Олардың кейбіреулерінен (мысалы, иондаушы сәулеленулерден) туындаған қауіп туралы дабыл қағатын рецепторлар немесе мүшелер жоқ. Қолайсыз әсер тек фактормен қатынаста болған сәтте ғана емес, сондай-ақ, онымен қатынасты тоқтатқаннан кейін ұзақ уақыт өткеннен сон немесе осы адамның ұрпақтарында байқалуы мүмкін (ұзақ уақыттан кейінгі салдарлар). Көптеген өндірістік факторлар канцерогенді, мутагенді және эмбриотропты эффектілер туғызуы мүмкін.

Билет

Наши рекомендации