А-ті ұйымдастыру жіне өткізу тәртібі
Аудиторлық тексерулерді ұйымдастыру, жоспарлау, жүйелі зерделеу, мәні бойынша аудиторлық процедураларды орындау, пікір қалыптастыру және аудиттің нәтижелері бойынша қорытынды құжаттарды дайындау сияқты бірінен кейін бірі жалғасып кете беретін тізбекті кезеңдерден тұрады.
Қаржылық аудитті жоспарлау мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
· ішкі бақылаудың тиімділігі, есептемелер мен бухгалтерлік есептің жағдайлары туралы қажетті ақпараттарды алуды;
· орындалуы тиіс бақылау процедурасының көлемі мен өткізу уақытын, мазмұнын анықтауды.
Аудит мынадай кезеңдер бойынша жүргізіледі:
· жоспарлау;
· аудит объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау;
· аудит рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;
· бақылау жүйелерін тексеру;
· аудит рәсімін жүргізу;
аудиторлық қорытындыны қалыптастыру. Аудит жұмысын белгілі бір жоспармен іске асырылады. Аудит жұмысын жоспарлауда аудиторлық компания белгілі бір қағидаларды басшылыққа алады. Оған:
4. кешенділік қағидасы, яғни аудиторлық жұмыс жүргізгенде қаржылық есептіліктің бір біріне байланысын, есепті құру кезеңдерін пайдалана білу және бастапқы жоспарлар негізінде жалпы жоспарды құру (болуы немесе нақты болуы, толықтығы немесе операциялардың толық қамтылуы, құқығы мен міндеттемелері және ашылымы мен ұсынылымы)
5. үздіксіздік қағидасы, яғни тексеруге қатынасатын аудит топтарына бір біріне байланысты аудитордың негізгі мақсатына бағытталған жұмыстарды тапсырып және сол жұмыстардың мекеменің құрылымында іске асырылуын қамтамасыз ету. Мекеменің құрылымындағы көрсеткіштерінің, жалпы мекеме көрсеткіштерінің құрамындағы орны, құрылымының жұмысын жүргізу және аяқтау мерзімі.
Мекеменің алдына қойылған жалпы талап және құрылымның алдындағы талап ерекшеліктері. Мекеменің жіне құүрылымдардың алдында жұмыстарды жүргізу үшін заң құжаттарының қойған талаптары, ол талаптардың құрылымда іске асырылуы.
6. Тиімділік қағидасы, жоспарды жасағанда жұмысты орындаудың бірнеше варианттардың болуы.
Аудитті жүргізу төмендегідей сатылардын тұрады:
· Бастапқы кезең
· Аудит жұмысын жүргізудің жоспарының негізін дайындап, оны құру
- Аудиторлық бағдарламаны дайындап, құру.
300 (АХС) мақсаты – аудитордың қаржылық есептілік аудитін жоспарлауға жауапкершілігін орнату жəне нұсқау беру. Бұл АХС қайталама аудиттер мəнмəтінінде құрылған. Сондай-ақ аудиттің бастапқы келесімінде аудитор қарастыратын мəселелер жеке түрде енгізілді.
Аудитті жоспарлау келісім бойынша жалпы стратегия жасау мен аудиттің жоспарын дамытудан құрылған. Адекватты жоспарлау сондай-ақ:
• Аудитордың назары аудиттің маңызды салаларына түсіруге көмектеседі.
• Аудиторға дер кезінде ықтимал проблемалар анықтау мен шешуге көмектеседі.
• Аудиторға тиісті мен сәйкесті түрде орындалуы үшін аудиттің келісімді лайықты түрде жұмылдыру мен басқаруға көмектеседі.
• Күтілген тәуекелдіктерге амал шараларды орындау үшін құзыреті мен қабілеті тиісті түрдегі деңгейлері бар жоба бойынша жасақтың мүшелерін тағайындауға, жоба бойынша топтың мүшелерінің жұмысын үйлестіруге көмектеседі.
• Жоба бойынша топтың мүшелерін бағыттау жəне қадағалауға, олардың жұмыстарын шолу жасауға көмектеседі.
• Жарамды жерінде, құрамдас бөліктердің аудиторлары мен сарапшылардың жасаған жұмыстарын сəйкестендіруге көмектеседі.
Аудитордың мақсаты – аудит тиіcті түрде жүргізу бойынша аудитті жоспарлау.
Аудиттің жалпы стратегиясы аудиттің ауқымын, бағытын жəне мерзімін белгілейді, сондай-ақ аудиттің маңызды жоспарларын дайындауды реттейді.
Аудитор аудиттің жалпы стратегиясын жасауы керек:
(а) Келісімнің ауқымын белгілейтін келісім сипатын анықтау;
(b) Аудит мерзімі мен мəліметтердің сипатын жоспарлауға арналған келісімдердің есеп берудің мақсатын анықтау;
(c) Аудитордың пікірі бойынша жоба бойынша команда мүшелерінің іс-əрекетін анықтайтын маңызды факторларды қарастыру;
(d) Келісім бойынша алдын алу жұмыстарының нəтижелерін жəне жарамды жерінде, кəсіпорын үшін орындалған басқа келсімдерден алынған тəжірибесін қарастыруы керек; және орындауға қажетті ресурстардың сипатын, мерзімі мен көлемін анықтау.
Аудитор төмендегі жайларды құжаттауы тиіс:
(a) Аудиттің жалпы стратегиясы;
(b) Аудит жоспары; және
(c) Аудит келісімін орындау барысында аудиттің жалпы стратегиясын немесе аудит жоспары жасалған барлық маңызды өзгерістер, сол сияқты өзгерістер себептері.