КВ-қадейінгіжелідекомпенсациялаудыжобалау
1 кВ-қа дейінгі электр жүйесінде реактивті қуатты өтемелеу
Кернеуі 1 кВ-қа дейінгі БК-ның қосынды есептік қуаты келтірілген минималды шығынға байланысты екі этап бойынша анықталады (НБК):
1) цехтік трансформаторлардың экономикалық оптималды санын табу;
2) трансформатордағы оптималды шығындарды төмендету үшін БК-да қосымша қуатын анықтаймыз оны трансформаторды қоректендіруші өнеркәсіп U -6-10 кВ.
НБК қуат қосындысы
Qнбк=Qнбк1+Qнбк2.
Qнбк1 мен Qнбк2 - батареяның қуаты, екі этап бойынша есептейміз.
Qнбк әр трансформаторлар арасындағы реактивті қуат жүктемелері арқылы тарапталады.
1 денгей. Цехтік трансформатордың саны бойынша ЖБК қуатын анықтау. Бірдей қуатты цехтің трансформаторларының минималды санын анықтау, максималды активті қоректендіру
.
Рмахт - берілген тораптағы трансформаторларының максимал қуат қосындысы;
т – трансформатордың жүктелу коэффициенті;
SТ – бір трансформатордың номинал қуаты;
ΔN – жақын бүтін санға дейінгі үстеме.
Трансформатордың экономикалық оптималды саны
NТЭ=Nmint+m
m – қосымша трансформатор саны;
NТЭ – реактивті қуатты жеткізуге кететін меншікті шығындармен бірге капиталды шығындарымен анықтаймыз. Меншікті шығындарды есептеу үшін НБК, ВБК, ТП-ның нақты бағасын білу керек, егер олардың нақты бағасы белгісіз болғанда шығын келесідей болады
Зқст* =0,5.
Nт.э – қарапайым тәсілмен анықталады;
m=f(Nminт; N) – қисығы бойынша.
Таңдап алынған Nт. трансформатор саны бойынша трансформатор арқылы 1кВ-қа дейінгі жерге жіберілетін реактивті қуаттың максимал мәнін анықтаймыз
.
15 Сурет - Реактивті қуаттың балансын түсіндіретін сұлба
НБК қуаттар қосындысы берілген трансформатор тобындағы 0,4кВ шинадағы реактивті қуаттың балансының шарты Qнбк1=Qр0,4-Q1
Qр0,4 – максимал жүктеме қосындысы
егер Qнбк1< 0, то Qнбк1=0.
2 деңгей. Оптималды шығынды төмендету үшін НБК қуатын анықтаймыз. Белгілі трансформатор тобындағы НБК-ның қосымша ықпал қосындысы
Qнбк2=Qр0,4– Qнбк1–Nт.э.Sт
– есептеу коэффициенті: ТП-ның жалғану сызбасына байланысты (радиалды, магистральді) К1, К2 коэффициентіне байланысты.
К1= (ЗНБК – ЗВБК)*С0*103; К2= lSт/F;
С0- шығынның бағасы (кесте бойынша);
F – желі қима ауданы;
l – желі ұзындығы;
К1, К2 – мәндерін есептегенде нақты мәндер жетіспегенде оларды кестеден аламыз, ол энергожүйеге, жұмысшы ауысымының санына, трансформатор қуатына, қоректендіру желісінің ұзындығына магистральдағы бірінші трансформаторға дейінгі арақашықтыққа байланысты.
Егер де QНБК<0 болса, белгілі трансформатор тобына QНБК=0 болады. QНБК қуатын таңдағаннан кейін ол қуатты қосалқы станцияның реактивті жүктемесіне пропорционалды түрде таратамыз.
Тарату желісі кабельді желі болса, онда НБК-ны ТП шинасына қосу керек. Жүктеме шиналы өткізгішке қосылған болса, онда НБК-ны міндетті түрде цехтағы шиналық өткермеге қосамыз.
16 Сурет - QНБК – шина өткермеге қосылуы