Іакырып. Әскери қылмыстар

Әскери қылмыстардың ұғымы және түрлері. Олардың әлеуметтік мінездемесі. Жарғылық ережелері және бағыныштылық қатынастар тәртібіне қарсы қылмыстар. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамаудың ұғымы және түрлері. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оның қызметтік міндеттерін бұзұға мәжбүр ету. Бастыққа қатысты күш колдану іс-әрекеттері. Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу. Әскери қызметшіге тіл тигізу.

Арнайы қызмет атқару тәртібіне қарсы қылмыстар. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу. Қарауыл /вахта/ қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу. Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамассыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу. Бұл қылмыстардың саралану белгілері.

Әскери сипаттағы кұпия мәліметтерді сақтауға қарсы қылмыстар. Әскери сипаттағы кұпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту. Оның саралану белгілері. Бұл кылмыстың мемлекеттік опасыздықтан, сонымен қатар мемлекеттік құпияларды заңсыз алу немесе жария етуден айырмашылығы.

Әскери мүлікті пайдалану тәртібіне қарсы қылмыстар. Олардың ұғымы, түрлері және меншікке қарсы қылмыстардан айырмашылығы. Әскери мүлікті қасақана кұрту немесе бүлдіру. Әскери мүлікті абайсызда кұрту немесе бүлдіру. Әскери мүлікті жоғалту. Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу.

Әскери жүргізу кұралдарын жүргізу және пайдалану тәртібіне қарсы қылмыстар. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу. Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу. Кеме жүргізу ережелерін бұзу. Олардың көліктегі қылмыстардан айырмашылыгы.

Семинар (тәжірибе) сабактарының тақырыптарының үлгі тізімі

1. Жеке адамға қарсы қылмыс.

2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.

3. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

5. Мемлекеттің конституциялық кұрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

6. Меншікке қарсы қылмыстар.

7. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар.

8. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.

9. Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.

10. Халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар.

11. Экологиялық қылмыстар.

12. Көліктегі қылмыстар.

13. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар.

14. Басқару тәртібіне қарсы қылмыс.

15. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар.

16. Әскери қылмыстар.

Наши рекомендации