Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.

Азаматтардың әрекет қабітеттілігі құқық субъектілігінің екінші элементі болып табылғаңдықтан оған төмеңдегідей шықтама беруге болады. Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі Азаматтық Кодекстің 17-ші бабы толықтай көрсетілген.

Азаматтық әрекет қабілеттілігінің маңыздылығы сонда, ол өз әрекеттерінің нәтижесіңде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесіңде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдер жасау және олар үшін жауап беру ғана түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зияңды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.

Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлеміңде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Он сегіз жасқа толғаннан соң азамат азаматтық айналымның толық қатысушысы болып саналады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.

Әрекет қабілеттілігің шектеудің екі түрі бар:

1. Әрекет кабілеттілігін табиғи түрде шектеу;

2. Әрекет қабілеттілігін сот орыңдарының шешімі негізінде шектеу.

Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу азаматтың жасына байланысты. Сөйтіп, азаматтық құқық теориясыңда қалыптасқан ережелерге байланысты әрекет қабілеттілігін үш түрге белуге болады. Толық жартылай (ішінара) және шектеулі әрекет қабілеттілігі.

Жеке тұлғаның жеке заңы көптеген коллизиялық мәселелерді шешу үшін қолданылады. Мысал ретінде жеке тұлғаның әрекетқабілеттігінің коллизиялық мәселелеріне тоқталайық. Біздің заңнамамызда жеке тұлғаның әрекетқабілеттігіне қатысты арнайы ережелер көзделген. Әрекет қабілеттілік дегеніміз-азаматтың өз еркімен құқықтар мен міндеттерді иелену мен жүзеге асыру, өзіне азаматтық міндеттер тудыру мен оларды атқару, өзіне азаматтық міндеттер тудыру мен оларды атқару. Әрекетқабілеттікке байланысты коллизиялық мәселелердің туындау себебі-әрекетқабілеттігінің пайда болу жасы мемлекеттерде түрліше орнатылады. Негізінен әрекетқабілеттіктің коллизиялық мәселелері тұлғаның жеке заңына сәйкес шешіледі. Сондықтан, жеке заңына сәйкес әрекетқабілеті болып танылатын тұлға, басқа мемлекеттерде де әрекетқабілетті деп саналуы тиіс. Ал, жеке заңына сәйкес әрекетқабілетсіз деп танылуы міндет емес. Азаматтық кодексінің 1095-бабының 2-пунктіне сәйкес, жеке тұлғаның мәмілелерге және зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің ел заңымен анықталады.

Құқықтық жәрдем туралы шарттарда жеке тұлғаның әрекет қабілеттігі азаматтық заңымен анықталады. Ал ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасаған кезде тұлғаның әрекетқабілеттігі мәміле жасаған ел заңымен анықталады.

Азаматтық кодекстің 1095-бабының 5-пунктінде жеке тұлғаны әрекетқабілетсіз және әрекетқабілеттігі шектеулі деп тану сот елінің заңына бағынады. Халықаралық шарттарда кейде бұл мәселе өзгеше шешілуі мүмкін. Құқықтық көмек туралы шарттарға сәйкес түлғаны әрекетқабілетсіз немесе әрекетқабілеттілігін шектеу негіздері белгілі болса, ол тұлғаның азаматтық сотын ескертуі тиіс. Егер үш ай ішінде азаматтығының соты істі бастамаса, не өз пікірін білдірмесе, онда тұрғылықты жер соты өз елінің заңнамасына сәйкес әрекет қабілеттікті шектеу немесе одан айыру туралы істі қарауға құқылы, бірақ егер шетелдіктің азаматтық заңнамасында сондай негіздер көзделсе ғана. Сот шешімі міндетті түрде шетелдіктің азаматтық сотына жіберіледі.

Тура сол бапта жеке кәсіпкерлікке байланысты коллизиялық мәселе шешіледі. Жеке тұлғаның жеке кәсіпкер болу қабілеттілігі және сонымен байланысты құқықтар мен міндеттер жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде тіркелген ел заңымен анықталады. Тіркелу мемлекеті болмаған жағдайда, жеке кәсіпкерлік қызметті басым жүзеге асыратын ел заңы анықталады. Тіркелу мемлекеті болмаған жағдайда, жеке кәсіпкерлік қызметті басым жүзеге асыратын ел заңы қолданылады. Жеке тұлғаның есімге байланысты құқықтыры, оны қорғау мен қолдану оның жеке заңымен анықталады.

Қорғаншылық пен қамқоршылықты орнату мәселесінде де жеке тұлғаның жеке заңы қолданылады: кәмелетке толмаған, әрекетқабілетсіз немесе әрекетқабілеттігі шектеулі кәмелетке толмағандардың үстінен қорғаншылық пен қамқоршылықты орнату сол орнатылуы тиіс тұлғаның жеке заңымен анықталады. Қорғаншының қорғаншылықты не қамқоршылықты алу міндеті сол тұлғаның жеке заңымен анықталады.

Ал мұрагерлік қатынатардың коллизиялық мәселелерін Азаматтық кодекстің 1121, 1122-баптары жеке заң арқылы шешеді. Мұрагерлік қатынастар мұрадардың соңғы тұрақты тұру ел заңымен анықталады, егер мұрадар мұрасында азаматтық заңын көрсетпесе. Тұлғаның мұраны құру мен оны жою қабілеттігі, мұраның нысаны мен оны жою актісі мұрадардың мұраны құру кезіндегі соңғы тұрақты тұрған ел заңымен анықталады, егер ол өз азаматтығының заңын таңдамаса.

Наши рекомендации