Негізгі сөздер. €

• технологиялық мақсаттар үшін энергия мен жылу

• өндіріс жұмысшыларына жалақы

• әлеуметтік қажеттілік үшін есептеулер

• жалпы өндірістік шығындар

• жалпы шаруашылық шығындар

Өнімнңц өзіндік құны – бағаның алғашқы бағасы

Өзіндік құн - өндіріс шығындары мен өнімді жүзеге асырудың ақшалай түрі.

Өндіріс шығарылатын өнімнің өзіндік құнын толық шығын бойынша есептейді. Ол

ұсыныс бағасының төменгі шегі ретінде қызмет атқарады. Салық төлеу үшін

өнімнің өңделген өзіндік құнын қолданады.

Өндірісте нақты бағаны орнату үшін өнім бірлігінің өзіндік құнының есебі

жасалады. Оған кіретіндер:

• Шикізат пен материалдар;

• Қайтымды қалдықтар;

• өндіріс пен ұйымдардың өндірістік сипаттағы қызметтері мен жартылай
фабрикаттары мен сатып алынатын нәрселер;

• технологиялық мақсаттар үшін энергия мен жылу;

• өндіріс жұмысшыларына жалақы;

• әлеуметтік қажеттілік үшін есептеулер;

• жалпы өндірістік шығындар;

• жалпы шаруашылық шығындар;

• жарамсыздық;

• басқа да өндірістік шығындар;

• коммерциялық шығындар.

Көп номенклатуралы өндірісте бірінші алтауы тіке шығынға, ал қалғаны өндірісті ұйымдастыру және басқарумен байланысты жанама шығындарға жатады. Жай өндірісте барлық шығындар тіке ретінде қарастырылады. Бірінші оны өндірістік өзіндік құнды құрайды. Оған өнімді жүзеге асырудағы шығындарды қосқандағы коммерциялық шығындардың кірістірілуі толық өзіндік құнды құрайды.

Өнімнің өзіндік құнына кіретін шыгын құрамы

Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын құрамы Үкіметпен бекітілетін арнайы құжатпен реттеледі. Қазіргі уақытта толықтырулары мен өзгертулері бар «Өнімді жүзеге асыру және өндіру бойынша шығын құрамы туралы және түтсімді салықпен есептегендегі қаржылық нәтижелер құру тәртібі туралы ереже» қызмет етеді. Бұл құжат қандай шығындар өнімнің өзіндік құнынан, қандай шығындар түтсімнен қайтарылынатындығын анықтау үшін жасалған. Бұл түсімге салықты дұрыс құру мақсатында жүзеге асырылады.

Акциздер және акциздік алымдар

Акциздер - тауар құнына қосылатын және сатып алушылармен төленетін жанама салықтар. Акциздер мемлекет монополиясы болып табылатын және халыққа арналған жоғары рентабельді өнім мен тауарға тағайындалады.

Акциз төленетін тауарларға ҚР территориясында өндірілген және ҚР территориясына импортталатын тауарлар, сонымен қатар Салық Кодексінің 257-бабында көрсетілген қызмет түтрлері жатады.

Акциз төлеушілеріне жеке және занды тұтлғалар жатады. Олар:

1. ҚР территориясында акцизделетін тауар өндіреді;

2. Акцизделетін тауарды ҚР кедендік территориясына импорттайды;

3. ҚР территориясында дизельдік отын мен бензиннің бөлшектік және
көтерме саудасын жүзеге асырады;

4. Конфискеленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сонымен қатар ҚР
заңына сәйкес ҚР территориясында көрсетілген тауарға акциз төленбегенде,
қайтарымсыз мемлекет меншігіне өтетін тауарларды жүзеге асырады;

5. ҚР территориясында қызметтің акцизделетін түрін жүзеге асырады.

Төлеушілері болып резидент емес заңды тұтлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері жатады.

Акцизделетін тауар мен қызмет түрі:

1. Спирттің барлық түтрлері;

2. Алкогольді өнім;

3. Темекі;

4. Құрамында темекі бар басқа заттар;

5. Бекіре және осетра балығының;

6. Бензин (авиациялықты қоспағанда), дизельді отын;

7. Жеңіл автомобильдер (инвалидтерге арнайы арналған қолмен
басқарылатын автомобильден басқа);

8. Отшашушы және газ қаруы (мемлекеттік биліктің қажеті үшін алынатыннан
басқа);

9. Газ конденсаты қосылған шикі мұнай.

Акцизделетін қызмет түтрлері:

• Ойын бизнесі;

• Лоторея ұйымдастыру мен өткізу.

Акциздердің ставкасы ҚР Үкіметімен бекітіледі және табиғи күйінің есептелу бірлігіне абсолютті сома және тауардың бағасына үлес ретінде тағайындалады.

Алкогольді өнімге акциздердің ставкасы сусыз спирттің құрамының көлеміне тәуелді бекітіледі. Спирттің барлық түріне акциз ставкасы спирттің келесі қолдану мақсатына тәуелді түрінде дифференцияланады. Алкогольді өндіру үшін жүзеге асырылатын спирттің акциздік ставкасы алкогольді өнімді өндіру үшін қолданбайтын тұтлғалардың базалық ставкасынан төмен болады. Ойын бизнесінің объектілеріне ҚР Үкіметімен бір жылға есептелген акциздің базалық ставкасының максимальды және минимальды шектері тағайындалады.

Ойын бизнесінің объектілеріне тағайындалатын базалық ставка шегінде жергілікті, өкілеттілік органдары бірдей экімшілік-террториялық бірлікте қызметатқаратын салық төлеушілері үшін бірдей акциз ставкасын бекітеді.

Акциз объектіс болып табылады:

1. акциз төлеушілерімен жүзеге асырылатын келесідей операциялар; акцизделетін
тауарларды қайта өңдеуге беру; акцизделетін тауарларды жөнелту;

2. Бензин (авиациялықты қоспағанда), дизельді отынды көтерме бағамен сату;

3. Бензин (авиациялықты қоспағанда), дизельді отынды бөлшектік бағамен сату;

4. Мемлекеттің меншігіне қайтарымсыз берілген және мемлеетке мүрагерлік
бойынша өткен, конфискацияланған және иесі жоқ акцизделетін тауарларды
жүзеге асыру;

5. ойын бизнесі аясында қызмет атқару;

6. лоторея ұйымдастыру мен өткізу;

7. акцизделетін тауарлар мен акциз маркасын жоғалту немесе құрту.

Акцизделуге жатпайды:

• Салық кодексінің 268-бабына сай бекітілген талаптарға жауап беретін
акцизделетін тауар экспорты;

• Мемлекеттік медицина мекемесінде немесе ҚР тауар өндірушілік лицензиясы
дәрі және емдік препараттарды дайындау үшін этил спиртінің айналымы мен

өндірісін бақылау бойынша өкілетті мемлекеттік органмен анықталатын квоталар шеңберіндегі этил спирті;

• Медицинаға арналған спирттік құрамдағы өнім. Көлемі 0,1 литрден аспайтын
және ҚР заңына сәйкес дәрілік құрал ретінде тіркелген.

Тұтрақты акциз ставкалары бекітілген акцизделінетін тауар бойынша салық базасы табиғи күйіндегі акцизделінетін тауарлардың өндірілген, сатылған көлемі ретінде анықталады.

Қосымша құн салығы

Қосымша құн салығы (ҚҚС) тауар өндірісінің және айналымының барлық стадияларында жасалатын және оны өткізгенде, құн өсімінің бір бөлігі ретінде бюджетке төленетін алым нысаны.

Тауарлар өткізілгенде оның бағасы ҚҚС сомасына ұлғайтылған болып келеді. Бірақ есеп беру құжаттарында ҚҚС сомасы бөлек жолда көрсетіледі. Шикізатқа, материалдарға, жанармайға салынатын салықтар өндірістік мақсаттарға қолданылатындықтан өндіріс және айналыс шығындарына жатпайды, сондықтан да өнімнің бағасына да енгізілмейді.

Қосымша құн салығы тауар өткізілгенде оның өндіріс және айналыс процесінде жасалған қосымша құнының бір бөлігінің бюджетке алынатын алымы, сонымен қатар Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардан бюджетке төленетін төлемдер. Бюджетке төленетін қосымша құн салығы, өткізілген тауарлардан (қызметтерден) алынатын ҚҚС сомасымен және алынған тауарларға (қызметтерге) төленетін ҚҚС сомасының айырмасымен анықталады.

Бұдан, ҚҚС шекті тұттынушымен төленетін тауар (қызмет) бағасына қосылатын қосымша салық болып табылады. Бұл салық жері кәсіпорынға емес, тұттынушыға тұтседі. Кәсіпорын - ол тек бұл салықты жинаушы, сондықтан оның төленуіне мүдделі емес.

Салықтың алынуы бөлшектеп төлеу әдісімен іске асырылады. Тауар өндірісінің және айналымының технологиялық тізбегінің әрбір әтабында ҚҚС, оның сатылғанда және сатып алынғанда төленетін салықтардың айырмасына тең.

ҚҚС салынатын объекттер:

1. салық салынатын айналым;

2. салық салынатын импорт.

ҚҚС төлеушілері - Қазақстан Республикасының салық Кодексінің 208 бабына сәйкес, ҚҚС бойынша есепте тұтрған, мемлекеттік мекемелерден басқа барлық тұтлғалар. Импортқа салынатын ҚҚС-ң төлеушілері - Қазақстан Республикасының Кедендік заңнамаларымен анықталған, Қазақстан Республикасына тауарларды (қызметтерді) импорттайтын тұтлғалар.

Бюджетке төленетін ҚҚС сомасы салық Кодексінің 245-бабымен анықталған ҚҚС сомасымен, осы Кодекстің 235-бабымен анықталған ҚҚС сомасының айырмасымен анықталады.

ҚҚС мөлшерлемесі:

· ҚҚС мөлшерлемесі салық салынатын айналым мөлшеріне
байланысты және 13% - ға тең.

· Салық Кодексінің 222-224 баптарында көрсетілген салық
салынатын айналымдарға ҚҚС нөлдік мөлшерлемемен салынады.

· Салық салынатын импортқа ҚҚС сомасы, тауар (қызмет)
мөлшеріне байланысты 14%-ға тең.

Тауарды (қызметті) импорттағанда салық Кодексінің 516-бабының 2 пунктіне сәйкес ҚҚС сомасы, Қазақстан Республикасының Кедендік заңнамасымен анықталып, жалпы кедендік төлем құрамында төленуі мүмкін.

Наши рекомендации