Аракөл елтірісін дайындау технологиясы

Қозыларды сою.Қаракөл қозылары бонитировкаланған кезінде, яғни туғаннан 1-2 күннен кейін сойылады. Себебі алғашқы 1-2 күнінде елтірісі қалыпты түзілетін қозылардың ұрықтық кезеңнен кейінгі елтірісінің жетілуі аяқталады. Жаппай сою мерзімінен ауытқуы (1-2 күннен асыру) елтірінің жасына қарай, дене бітіміне, елтірісінің сапасына, бұйрасының типі мен мөлшеріне, жүннің сипаты мен өсуіне, қозының түсіне, қоздау мерзіміне, жайылымның жағдайына, енесі мен қозының қанына байланысты болады.

Дене бітімі берік, елтірісінің сапасы жоғары типі мен тығыздығы бойынша бұйрасының мөлшері орташа және кішкентай, жүннің бояуы қою, өсу шапшаңдығы қалыпты қозылардың елтірі сапасы жақсы сақталады. Ал дене бітімі бос, елтірісінің сапасы төмен, типі бойынша нашар және бұйрасы болбыр, әсіресе, бұйрасы ірі қозылардың елтірісі көк, қоңыр, жалпы алғанда бояуының интенсивтілігі төмен қозыларының елтірісі тез өзгереді. Елтірі үшін негізінен жоғары сапалы елтірісі бар еркек қозыларды (тұқымға қалдырғандары мен бракқа шығарылып, етке арналғандарынан басқаларын), сондай-ақ тіршілікке қабілетсіз ұрғашы қозыларды (көк қозылардың альбиностары) сояды. Сояр алдында қозылардың үстін тазартады.

Қаракөл қозыларын соятын арнаулы қондырғыны пайдаланбай сойғанда, үстелге (торлы) жатқызып сояды, ол қан жиналатын астаумен жалғастырылған. Союдың бір жолы алдын-ала тамағының астынан ұзын бойына тілу болып табылады. Бұл әдісті қолданғанда қозы үстелде аяқтары жоғары қаратылып жатуы тиіс. Оның мойнының төменгі жағынан өткір пышақпен ұзындығын 5-7 сантиметр етіп ұзыннан тіледі, содан соң тамағын бауыздап, сол үстелдің үстіндегі ерекше планкі арқылы қаны астауға ағатындай етіп жатқызып қояды. Қозыны көлденең бауыздауға болмайды, өйткені қаракөлдің мойыны енсіз болып қалады. Тамағынан қаны ағып болған соң оның терісін жедел сыпырады.

Теріні сыдыру 3 процестен тұрады: терінің астына ауа жіберу, теріні тілу және сыдыру. Тері астына ауа жіберу оны дұрыс тілуге көмектеседі және теріні сыдыру оңайға түседі.Теріні сыдырушы оны тор столға салып қойып, тілерсегінің ішкі жағынан 2-3 сантиметрдей етіп тіледі. Әуелі сол тілікке түтікше орнатылады. Компрессормен берілетін қысым 0,2 - 0,3 атмосферадан аспауы тиіс. Одан жоғары болса, терінің шелі жарылып кетеді және ол тек теріні илегеннен кейін ғана көзге түседі. Теріні әуелі артқы тесігінен тамағындағы тілікке дейін қарынның орта сызығы бойынша тіліп шығады. Содан соң, оны алдыңғы және артқы аяқтарының ішкі жағынан тұяғынан ішіндегі тілікке дейін тіледі. Аяқтарындағы тілік бұйраланған және бұйраланбаған жүннің шекарасынан өтуі тиіс те, бұйраланбаған жері қарын терісінің (теңбілдің) табиғи жалғасы болып шығуы керек. Тері сол үстелде жатқанда сыдырылады. Әуелі теріні пышақпен және бармақтап бүйірінен арқасының орта сызығына дейін босатады. Содан соң аяқтарынан сыпырып, тұяғының түбінен кесіп алады. Бұдан кейін теріні сыпыру үшін оны артқы аяқтарынан ырғаққа іліп қояды, содан соң теріні құйрығынан пышақпен босатады да, алдыңғы жағынан тағы да бармақтайды, арқасына кейіннен басы мен құлақтарына келгенде пышақты пайдаланады. Сыдырып болғаннан кейін тұздар алдында теріні шелдейді: арнаулы пышақпен оны кеткен еттерден, майдан, құлағының шеміршектерінен, ластан және қаннан тазалайды. Содан соң тері арнаулы бөлмеде тұздалады. Онда оларды бірінің үстіне бірін шеліп жоғары қаратып, тақтайлап жинайды. Сонда олар шелі жағынан да, жүні жағынан да жақсы тұздалады. Әр елтірінің шелін ысқылап, тұзды біркелкі етіп жағады, бір теріні түздау үшін 600-800 грамм стандартты тұз керек. Тақтайлап жиналған терілер ағаш үлдіріктерде тұрады. Олардың ортасынан қыры болады да, ол шеттеріне қарай ойыс тартады, оның үстінде тесіктері болады. Сонда терінің тұзды қаны жақсы ағады. Тақтайлап жиналған терінің биіктігі 75 сантиметрден аспауы тиіс. Бір үйіндіге 80-100 теріден артық салынбайды.

Шелі қалың терілер 8-10 күн осылайша тұздалады. Терілердің тұздалу барысын ұдайы бақылап отырады. Терілердің жақсы тұздалуы үшін онда тұздың жеткілікті болуын, ағып жатқан тұзды қан астындағы терілерді бүлдірмеуін, ал араларда жатқандарының қызып бүлініп кетпеуін (ондай терілердің шелі бүлінеді де терілері түсіп қалады, сөйтіп елтірі ақаулы болып шығады) ұдайы қадағалап отыру қажет. Тұздалып болған терілерді жаппаның астына немесе күннің көзі түспейтін ашық жерде (жел жақсы соғып тұратын) кептіреді. Кептіру алдында терілерді мұқият жазады да, содан соң тегіс жерге жаяды. Кеуіп жатқан кезде теріні үнемі аударыстырып отырады.

Жақсы кепкен терінің шелі серпімділігін сақтайды, ал қаттырақ кепкендерінің шелі серпімді келеді. Әбден кеппесе, тері иістеніп, жүні түседі. Кеуіп болған терілерді жақсылап сілкіп, жүнін ластан тазартады.Тазартылған терілер тақтайлап жиналып, үстін бастырған күйде 3-4 күн жатуы тиіс. Солай жатқанда бұйрасының сапасына қатты әсер етеді. Олай жатқызбаған терілердің сорты төмен болатындығы байқалып жүр. Жатқызылған терілерді шаруашылықтың өзіне қолданылып жүрген. Мем.СТ бойынша сортқа бөледі. Бұлайша алдын ала сорттау шаруашылықтың қаракөлдің сапасы жөнінде жалпы мағмұлат алуға болады, сондай-ақ терілерді зауытқа тапсырғанда бақылауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда қозыларды союдың, теріні тұздаудың технологиялық процестері сипатталып жазылған. Мұның бәрі қол еңбегін қолдану арқылы жасалады.

Соңғы кездері қазақ ауылшаруашылық механизациясының ғылыми-өндірістік бірлестігі Қаракөл ғылыми-өндірістік бірлестігімен бірлесе отырып, қаракөл қозыларының өнімін басқа өңдеуге арналған жабдықтар кешенін жасады, ол республика шаруашылықтарында өндіріске енгізілуде. Оған: қозыны сойып, терісін сыдыратын қондырғы, оларды тұздауға арналған жабдық, кептіру қондырғысы және қаракөлді тазалайтын агрегат кіреді. Бұл жабдықтарды қазақ ауылшаруашылық механизациясының ғылыми-өндірістік бірлестігінің экспериментальді зауыты шығаруда.

Қаракөл қозыларын сою және олардың терісін бастапқы өңдеуді дұрыс жолға қою ісі, қаракөл өсіретін шаруашылықта орталықтандырылған сою пункттерін ұйымдастыруды талап етіп отыр. Егер шаруашылықтарда ондай пункттер болса, қозылардың дұрыс сойылып, оны дер кезінде бақылауға, теріні алғашқы өңдегенде ақау жібермеуге, қойдың қоздау барысында елтірілер сапасының қалай өзгеріп отырғандығына жалпы бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ондай пункттерді механикаландыру және кадрлармен қамтамасыз ету де оңайға түсетіні белгілі.

Наши рекомендации