Прейскурант бойынша маталардың тұрмыстық тағайындалуына байланысты классификациясы

Негізгі мәліметтер.

Текстиль материалдары стандартта шикізаттың түрімен, тағайындалуымен жіктеледі.Кейбір материалдар одан да басқа қосымша нышандар бойынша бөлінеді.

Өңдеу әдісі бойынша: сурет басылған, түктелген, иленген болып бөлінеді.

Текстиль материалдарының жіктелінуі екі түрде жүргізіледі.

1. Стандарт бойынша (МЕСТ).

2. Саудалық жіктелінуі (прейскурант).

Көп жағдайда прейскурант бойынша белгіленген классификация қолданылады.

№030- мақта маталары үшін

№036- зығыр маталары үшін

№032- жүн маталары үшін

№034- жібек маталары үшін

№74-16- трикотаж жаймалары

№031- бейматаларға арналған.

Қажетті материалды прейскурантта тез тауып алу үшін, сондай-ақ классификацияда оның орнын белгілеу үшін материалды қысқаша белгілейді. Оны артикулдеп атайды. Артикул бұл әріпті – цифрлық ,немесе материалдың сандық шартты белгіленуі болып табылады.

Артикульдың қалған сандары реттік нөмерін көрсетеді.

Мақта маталары.

Мақта маталарының ассортименті көбінесе тағайындалуы бойынша топтарға бөлінеді ( ішкиімдік, көйлектік, киімдік , астарлық) кейбір жағдайларда көп қолданылған материалдардың түрлері де топқа біріктірілген (шыт маталар, сатин, бөз).

Мақта маталарының ассотиментінің жалпы топтары 17 бөлінеді. Мысалы: мақта матасы іш киімдік, жиһаздық , ақ жаймалық болып бөлінеді.

Кейбіртоп топршаларға бөлінеді. Мысалы: іш киім маталар тобы, бөздік және метальді топшаға бөлінеді.

Мақта мта артикулы басқа матаның артикулынан ерекшеленеді. Олардың артикулы 1,2,3 немесе 4 санынан тұрады. Матаның әрбір тобы үшін белгіленген сандар интервалы қарастырылған.

Мысалы:

1-100 аралағындағы сан шыт маталары үшін;

100-199 бөз маталары үшін;

200-500 іш киім маталары үшін;

501-699 сатин тобы үшін;

700-2999 көйлектік маталар үшін.

Топша үшін де белгіленген интервалдағы сандар қарастырылған. Мысал: Іш киімді топша үшін:

200-299 бұл бөз топшасы.

301-499 меткаль топшасы.

Осындай түрде прейскурантта маталардың орналасуы артикулдық бөлек сандарымен анықталады, тек қана нөмерімен белгіленеді.

Зығыр маталары.

Зығыр маталарының ассортименті 16 топқа бөлінеді. Артикулдың алғашқы екі саны матаның тобын көрсетеді және келесі түрде бөлінеді.

01- жакартты енді маталар;

02-жакартты және кареткалы енсіз маталар;

03-холстар мен енсіз жаймалар;

04-ақ және жартылай ақ енсіз маталар;

05-ақ және жартылай ақ енді маталар;

06-костюмдік, көйлектік маталар.

Ал қалған он топқа дөрекі жаймалар, парусина , борттық, қаптама және қапқа арналған маталар кіреді.

әрбір топ талшықтың құрамына байланысты 2 топшағ бөлінеді.

1. зығыр талшықтарынан өндірілген маталар;

2.жартылай зығыр маталар.

Топшасы артикулдың 3 саны болып табылады. Артикулдың 4,5,6 сандары реттік нөмерін көрсетеді.

№ 2 – практикалық жұмыс.

Жүн және жібек текстиль материалдарының ассортиментімен танысу

Жұмыстың мақсаты: Текстиль материалдарының ассортиментімен танысу

Негізгі мәліметтер.

Текстиль материалдары стандартта шикізаттың түрімен, тағайындалуымен жіктеледі.Кейбір материалдар одан да басқа қосымша нышандар бойынша бөлінеді.

Жүн маталары.

Жүн маталарының артикулы 405 санынан тұрады.Оның бірінші саны топтың нөмеріне сәйкес келеді. Талшықтың құрамы мен өндіру әдісіне байланысты жүн маталарының барлық ассотименті 6 топқа бөлінеді.

1.- Мәуітті таза жүн маталары.

2.-Мәуітті аралас жүн маталары.

3.- Жұқа шұғалы таза жүн маталары

4.- Жұқа шұғалы аралас жүн маталары.

5.- Дөрекішұғалы таза жүн маталары

6.- Дөрекі шұғалы жартылай жүн маталары.

Артикулдың 2 саны топшасының нөмеріне сәйкес келеді.

Топшаға тағайындалу нышаны ойынша бөлінеді.

1. көйлектік маталар.

2. тегіс боялған боялған костюмдық маталар.

3. ала тоқылған және маанының типіне байланысты.

4. шұға маталары.

5. пальтолық маталар және матаның тпіне байланысты.

6. драптар, түктелген маталар.

Артикульдың қалған сандары реттік нөмерін көрсетеді.

Жібек маталары.

Жібек маталарының артикулы 5 саннан тұрады.. 1- саны матаның тобын көрсетеді және жіптің , талшықтың құрамын көрсетеді.

Жібек маталары 8 топқа бөлінеді:

1. Жаңа жібек маталары.

2.Жібек жіптері және басқада талшықтарымен араласып өңделген маталар.

3.Жасанды жібектерден өндірілген маталар.

4.Жасанды жіптер және басқа да талшықтармен араласып өндірілген маталар.

5.синтетикалық жіптерден өндірілген маталар.

6.Синтетикалық жіптер және басқада талшықтармен араласып өндірілген жібек маталары.

7.Жасанды және басқада талшықтармен араласып өндірілген маталар.

8.Синтетикалық және басқа да талшықтардың араласуынан өндірілген жібек маталары.

Артикулдың 2 саны матаның құрылымын көрсетеді және де топшасын белгілейді.

1. курептік маталар 2. біртегіс маталар 3. жакарттык.

№3 – практикалық жұмыс.

Трикотаж текстиль материалдарының ассортиментімен танысу

Жұмыстың мақсаты: Текстиль материалдарының ассортиментімен танысу

Негізгі мәліметтер.

Текстиль материалдары стандартта шикізаттың түрімен, тағайындалуымен жіктеледі.Кейбір материалдар одан да басқа қосымша нышандар бойынша бөлінеді.

Трикотаж жаймалары.

Трикотаж жаймалары прейскурант бойынша жабдықтың түріне байланысты, шикізат, өрім және өңдеудің түріне байланысты жіктелінеді.

Трикотаж жаймаларының артикулы 11 саннан тұрады. Артикулдың 1-2 саны айнымалыдағы салықсыз көтерме бағасының таблицасын белгілейді.

3-4 саны шикізаттың түрі мен тобын көрсетеді.

5-6 саны айнымалыдағы салықсыз көтерме бағасының таблицасына байланысты шикізаттың құнының топ нөмерін көрсетеді.

7-8 саны айналымдағы салықпен қоса көтерме бағасының таблицасы бойынша шикізат бағасының тобының нөмерін көсетеді.

9-10-11 саны жайманың номинальды беттік тығыздығвн көрсетеді.

№ 4 – практикалық жұмыс.

Беймата текстиль материалдарының ассортиментімен танысу

Жұмыстың мақсаты: Текстиль материалдарының ассортиментімен танысу

Негізгі мәліметтер.

Текстиль материалдары стандартта шикізаттың түрімен, тағайындалуымен жіктеледі.Кейбір материалдар одан да басқа қосымша нышандар бойынша бөлінеді.

Бейматалар.

бейматалар жаймасы прейскурант бойынша келесі түрде жіктелінеді:

а) Қолданылған талшық түріне байланысты.

1.мақта талшықтары

2. жартылай жүн маталары

3. жібек

4. зығыр талшықтары

б) Мата тәрізді бейматаларды өндіру технологиясы бойынша.

1. холстпен тігу

2. жіппен тігу

3. мата тігісі арқылы

4. инемен тігу әдісі

5. желімдеу

6. қиыстырылған.

Ал ватин типті бейматаларды өндіру технологиясы бойынша 2 бөлінеді:

7. холстпен тігу

8. инемен тігу

в) Бейматалардың тағайындалуы бойынша 6 бөлінеді.

1.ішкиімдік бейматалар

2.таралық және қаптауға арналған бейматалар

3.аяқкиімдік

4.жасанды былғарының негізгі ретінде

5.астарлық, фильтрлік, жиһаздық;

6.ватиндер.

№ 5 – практикалық жұмыс

Прейскурант бойынша маталардың тұрмыстық тағайындалуына байланысты классификациясы

Жұмыстың мақсаты:Прейскурант бойынша маталардың тұрмыстық тағайындалуына байланысты классификациясын анықтау

Маталардың тобы мен топшалары
мақта зығыр жібек жүн
I. Шыт II. Бөз III. Іш киімдік 1.бөз 2.меткальды 3.арнайы IV.Сатиндік 1.шөткелі сатин 2.тарақшалы сатин V.Көйлектік 1.маусымдық 2.жаздық 3.қыстық 4.филаментті жібек қосылған мақта маталары VI.Киімдік 1.тегіс боялған 2.арнайы 3.меланжды және ала тоқылған 4.қыстық VII.Астарлық VIII.Тиктік IX.Түктелген X.Орамалдық XI.Сүлгілік XII.Өңделмеген XIII.Жиһаздық-декоративті XIV.Көрпелік 1.байкалық 2.жаздық XV.Таралы, қаптайтын XVI.Дәке және дәкелік XVII.Техникалық маталар   I.Кең жаккардты 1.зығыр 2.жартылай зығыр II.Жаккардты және кареткалы 1.зығыр 2.жартылай зығыр III.Холсттар және сүлгілер 1.зығыр 2.жартылай зығыр IV.Ақ және жартылай ақ тар жаймалар 1.зығыр 2.жартылай зығыр V.Ақ және жартылай ақ кең жаймалар 1.зығыр VI.Костюмдік-көйлектік 1.зығыр 2.жартылай зығыр VII.Жұқа өңделмеген жаймалар 1.зығыр 2.жартылай зығыр VIII.Ала тоқылған жаймалар 1.зығыр 2.жартылай зығыр IX.Дөрекі өңделмеген жаймалар 1.зығыр 2.жартылай зығыр   X,XI.Борттық маталар 1.зығыр 2.жартылай зығыр 3.мақта XII.Қос жіптер 1.зығыр XIII.Равентухалар 1.зығыр XIV.Қаптайтын маталар I.Табиғи жібек 1.крептік 2.тегіс 3.жаккардты 4.түкті 5.арнайы II.Табиғи жібек басқа талшықтармен араласқан 1.креп 2.тегіс 3.жаккардты 4.түкті III.Жасанды жібек 1.креп 2.тегіс 3.жаккардты 5.арнайы IV.Басқа талшықтармен араласқан жасанды жібек 2.тегіс 3.жаккардты 4.түкті 5.арнайы V.Синтетикалық жібек 2.тегіс 3.жаккардты 4.түкті VI.Басқа талшықтармен араласқан синтетикалық жібек 2.тегіс 3.жаккардты 4.түкті 5.арнайы VII.Штапельді жасанды талшықтардың басқа талшықтармен араласуынан 2.тегіс 5.арнайы VIII.Штапельді синтетикалық талшықтардың басқа талшықтармен араласуынан 2.тегіс 4.түкті I.Таза мәуітті жүн 1.көйлектік 2.костюмдік тегіс боялған 3.костюмдік ала тоқылған және фасонды 5.пальтолық 9. арнайы II.Шұғалы таза жүн 1.көйлектік 2.костюмдік 3.костюмдік ала тоқылған және фасонды 5.пальтолық 9.арнайы IV.Жұқа шұғалы таза жүнді 1.көйлектік 2.костюмдік ала тоқылған 4.сукно 5.пальтолық 6.драп 9.арнайы V.Жұқашұғалы жартылай жүн 1.көйлектік 2.шевиот 3.костюмдік ала тоқылған және фасонды 4.сукно 5.пальтолық 6.драптар 7.түкті 8.көрпелік 9.арнайы V.Дөрекі шұғалы таза жүн маталар 4.сукно 5.пальтолық 7.түкті VI.Дөрекішұғалы жартылай жүн 4.сукно 5.пальтолық 6.драп 8.көрпелік 9.арнайы  

Тағайындалуына байланысты тұрмыстық

Наши рекомендации