Жетілдірілген гидромелиоративтік жүйелер мен оларды пайдалану талаптары

Дәріс

Дәрістің мақсаты:Білімгерлерді жетілдірілген гидромелиоративтік жүйелермен және оларды пайдалану талаптарымен таныстыру.

Түйін сөздер: ұзақ уақыттылық, сенімділік, тоқтаусыздық, жөндеуге жарамдылық.

Қаралатын сұрақтар:

1.Кең ауқымды жаңбырлатқыш машиналар суару жүйесі, жүйектеп суғаруға арналған өзіндік арынды жүйе, құрғату- ылғалдандыру жүйелері, арнайы жүйелер туралы жалпы ұғым.

2.Жүйелерге қойылатын негізгі талаптар: сапасы, беріктігі, тоқтаусыз ұзақ жұмыс істеу, жөндеуге бейімділігі, сақталу мерзімі.

3.Сушаруашылық жүйелер мен олардың гидротехникалық құрылымдарының сапасының негізгі көрсеткіштері. Оларды мелиоративтік, экологиялық және экономикалық тұрғыда бағалау.

4.Гидромелиоративтік жүйелері мен құрылымдарын пайдалану шарттары мен талаптары.

3.1 Жетілген гидромелиоративтік жүйелер бойынша түсінік және негізгі ережелері.

Гидромелиоративтік жүйелердің тиімділігі және экологиялық қауіпсіздігі олардың саласына, оларға жүктелген міндеттер нақты және сенімді орындалуына байланысты.

Жүйенің сапасы- бұл жүйені сол немесе басқа дәрежеде техникалық жетілдірудің белгілі қасиеттерінің жиынтығы.

Жүйенің сапасы және бөлшектері жобада қабаланады, құрылысты салғанда қамтамасыз етіледі, пайдаланғанда қалпына келтіріледі және ұстап тұрады.

Міндеттердің орындалу нақтылығы- бұл реттелетін өлшемдердің (су шығыны, топырақтың ылғалдылығы және т.б.) берілген өлшемдерде дәл мағынасына жақындау дәрежесі. Міндеттерді берілген дәлдікпен орындау дегеніміз реттелетін өлшемдер алдын ала шекте болуы.

Сенімділік – бұл берілген міндеттерді орындайтын нысанның қасиеті (жүйелердің бөлшектері ) жүйелер толығымен берілген шекте анықталған пайдалану көрсеткіштерінің мәнін талап етілген уақыт аралығында сақтау. Мелиоративтік жүйенің сенімділігі бөлшектердің техникалық сенімділігімен және басқару жүйесінің сенімділігімен толығымен анықталады.

Нысанның жалпы техникалық сенімділік қасиеті дегеніміз тоқтаусыздығы, ұзақ уақыттық жөндеуге жарамдылығы және сақталуы.

Тоқтаусыздығы – бұл нысанның (жүйенің немесе оның элементтерінің) шамалы уақыт ішінде жұмыс істеу қабілетін үздіксіз сақтау қасиеті.

Ұзақ уақыттылық – бұл нысанның орнатылған жүйедегі жөндеу немесе техникалық қызметі шамасының жақындау жағдайына дейінгі жұмыс істеу қабілетін сақтау қасиеті.

Орындамау (тоқтап қалу)- нысанның жұмыс істеу қабілетінің бұзылуы. Көрсету сипатына байланысты кнеттен және біртіндеп болып бөлінеді, ал салаларына байланысты жарым – жартылай және толығымен орындамау (тоқтап қалу). Жарым – жартылай оырдамауда (тоқтап қалуда ) нысанды тағайындалуына (бағытына) байланысты жарым- жартылай пайдалануы мүмкін , толық орындамауда (тоқтап қалуда) – нысанды бағытына байланысты, пайдалану мүмкін емес.

Жөндеуге жарамдылығы – бұл нысанның тоқтап қалу себептерін ескертуге және табуға бейімделу қасиеті, жөндеу және техникалық қызмет жүргізудің нәтижесінде солардың салдарынан келген зақымды жою.

Сақталуы – нысанның сақталатын және одан кейінгі кезеңдң үздіксіз және жұмысқа жарамды жағдайында сақтау қабілеті.

Гидромелиоративтік жүйелердің жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету – пайдалану қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.

Жоғарғы сапаға ие болуы және оларға жүктелген міндеттердің берілген нақтылығы мен сенімді түрде орындалуы қамтамасыз ету гидромелиоративтік жүйелердің жетілгеп түрі деп аталады. Олардың келесі негізгі белгілері бар: звена міндеттерін айыру, резервтер мен жетілген кері байланыстың бары, қимылдың дискреттілігі, жүйелерді үздіксіз жетілдіру. Мелиорация ғылымы мен техникасының қазіргі деңгейде дамуы техникалық жетілген гидромелиоративтік жүйелерді жасауға нақты мүмкіншілік бар.

Бұндай жүйелерді жасаудың негізгі мақсаты топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру, мелиорацияланған жердің өнімділігін көтеру, су, жер, энергетикалық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, су ресурстарын қорғау және сапасын жақсарту, қоршаған табиға ортаны сақтау және жақсарту.

Наши рекомендации