Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері

Бастапқыда атап өткендей негізгі капитал (немесе негізгі қорлар) - өндірісте көп рет қатысатын еңбек құралдары, олар біртіндеп физикалық және моральды түрде тозады (ескіреді) және бөлшектеп (тозу шамасына қарай) өз құнын өндірілген өнімнің құнына (амортизация) қарай ауыстырады. Осылай, негізгі капиталдың құны дайын өнімнің құнымен біртіндеп өтеледі. Тауар сатылғаннан кейін ол кәсіпкерге ақшалай нысанда амортизациялық аударымдар түрінде бөлшектеліп қайтарылады, олар еңбек құралдарын жөндеуге, жаңартуға және жандандыруға пайдаланылады.

Ақшалай нысандағы негізгі қорлар негізгі қаражат деп аталады. Негізгі капиталдың құрылымында актив қорлар (өндіріске тікелей қатысатын – станоктар, машиналар және басқа да жабдықтар) мен пассивқорлар (өндіріс үшін қажетті жағдайлар туғызады - өндірістік ғимараттар, құрылымдар және басқа да объектілер) болады.

 
  Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері - student2.ru

Сурет 6 - Негізгі қорларды актив және пассивке бөлу

Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың үш басты көрсеткіштерін бөліп айтуға болады:

1. қор қайтарымы -ол қорлардың өнімділік деңгейін білдіреді және қор құнының бірлігіне келетін өнім құнымен белгіленеді;

2. қор сыйымдылығы – қорқайтарымға керісінше көрсеткіш, ол өнім бірлігін шығаруға арналған негізгі қорлардың шығынын сипаттайды;

3. құрал-жабдық жұмысының ауысымдылық коэффициенті.

Ол кәсіпорында орнатылған жабдықтың әр бірлігінің белгілі бір кезең ішінде орташа есеппен тәулігіне қанша ауысым жұмыс істегенін көрсетеді. Мысалы, егер цехтағы 200 станоктың 1-ауысымда 180, 2-ауысымда – 100, ал 3-ауысымда –40 жұмыс істесе, ауысым коэффициенті =1,6 (180+100+40):200), яғни әрбір станок үш ауысымдық тәртіпте, орташа түрде 1,6 ауысым пайдаланылды.

Кәсіпорындарда негізгі қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткіш - қор қайтарымы болып табылады. Қор қайтарымы көрсеткіші мына формуламен есептелінеді.

Ққ = Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері - student2.ru

мұндағы: V- жыл ішіндегі өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн есебімен;

Қ- негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.

Бұл формула негізгі өндірістік қорды пайдалану денгейін егжей тегжей пайдалану үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығының арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтанғанға қарағанда өнімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте оңды нұсқа болып есептеледі. Өйткені осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғарғы дәрежеге жетеді. Қор қайтарымының қарсы көрсеткіші – өнімнің қор сыйымдылығы (Қс). Бұл өнімнің өлшеміне шаққанда негізгі қордың құнын сипаттайды (тенге).

Қс = Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері - student2.ru

мұндағы: Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері - student2.ru – жыл ішінде өндірілген өнімнің тауарлы немесе қалыпты

бөлігінің құны, тенге;

Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері - student2.ru –негізгі өндіріс қордың орташа жылдық құны, тенге.

Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме денгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, білікті қызметкерлерді пайдалану қажет.

Негізгі өндірістік қордың нәтижелігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі – жабдықтардың пайдаланылуын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол жетеді.

Әрбір кәсіпорын өз капиталының тиімді пайдалануына мүдделі. Материалдық игіліктерді өндірумен байланысты кәсіпорын пайдаланатын қандай да болсын капитал өз қозғалысын ақша түрінде бастайды. Өндіріс қорларын оңтайлы пайдалану тиімділігін арттырудың үш басты бағытын бөліп айтуға болады:

Бірінші бағыт негізгі капиталға қатысты. Ол қорқайырымын мына негізгі шаралардың көмегімен арттыруды (немесе қорсыйымдылығының төмендеуін) көздейді:

· анықталмаған, әрекет етпейтін жабдықтарды жою;

· актив қорлар үлесін көбейту, пассив қорлардың шығыстарын қысқарту;

· жабдықтың жұмыс ауысымы коэффициентін арттыру (тұрып қалуды болдырмау, пайдалануды жақсарту және техниканы жөндеу, 2 және 3 ауысымдағы еңбекті ынталандыру және т.б.);

· ескірген қорларды жаңа жоғары өнімділігі бар техникаға ауыстыру;

· құрылымды жеделдету және жаңа күштіліктерді қолданысқа енгізу.

Екінші бағыт айналым капиталына қатысты өнімнің материалсыйымдылығын төмендету маңызды болып табылады, яғни материалдық ресурстардың (металл, ағаш, отын, қуат және т.б.) өнім бірлігіне жұмсалуы. Бұл осы ресурстардың үнемделуін көздейді. Әсіресе:

· жаңа үнемдегіш материалдар мен бұйымдардың озық конструкциялары;

· ресурс жинақтағыш технологиялар мен еңбекті тиімді ұйымдастыруды енгізу;

· ресурстардың үнемделуін ынталандыру және өнім сапасын жақсарту.

Үшінші бағыт – капитал айналымының уақытын қысқарту. Осындай қысқарту ресурстардың үнемделуіне ықпал етеді. Айналымды жеделдетудің нақты жолдарын анықтау үшін капиталдың айналым уақытының құрылымын білу қажет. Айналмалы капиталдың айналым уақыты ауыспалы айналымның бір айналымына тең. Негізгі капиталдың айналым уақыты авансыланған негізгі капиталдың жылдық амортизациясына тең. Авансыланған бүкіл капиталдың айналым уақыты авансыланған капиталдың жылдық амортизациясы мен айналмалы капиталдың жылдық айналым сомасына қатынасы. Айналым уақыты өндіріс уақыты мен айналыс уақытынан тұрады. Капитал айналымының жылдамдығы өндіріс тиімділігіне ықпал етеді. Көп мөлшерде пайда табу мақсатымен кәсіпкер капитал айналымын тездетуге мүдделі болады.

Өнеркәсіптің дамуының маңызды мақсаттарының бірі ең алдымен оның тиімділігін көтеру және шаруашылықтың ішкі резервтерін толығымен пайдалану есебінен өндірісті қамтамасыз ету. Ол үшін негізгі өндірістік қорлар тиімдірірек пайдалану керек. Өнеркәсіп өнімінің өндірісінің көлемін ұлғайту келесілер есебінен жеткізіледі:

· негізгі қорларды іске қосу;

· пайдаланылып жатқан негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсарту.

Өнеркәсіптің, олардың салаларының және кәсіпорындардың негізгі қорлардың өсуі жаңадан құрылыстар арқылы қол жеткізіледі, және сонымен бірге қайта құрастыру және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейту арқылы жүзеге асады. Жалпы өнеркәсіпте өнім өндірісінің өсімін жыл сайын жаңадан іске қосылатын қорлардан артық болатын жұмыс істеп жатқан негізгі өндірістік қорлар арқылы алуға болады.

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану деңгейін анықтау үшін өндірілген өнімнің натуралды және құндылық (ақшалай) бірліктерде және уақыт бірліктерінде қолданылады. Өндірістік күш-қуатты пайдалануын есептеу үшін өнім өндірісінің көлемінің тек натуарлды көрсеткіштері пайдаланылады. Негізгі қорларды пайдаланудың натуралды бірліктері ең алдымен салыстырмалы бір типтік өнім өндірілетін өнеркәсіп өндірісінің салаларының кәсіпорындарында пайдаланылады. Өндірістік күш-қуаттарды жоспарлау және қазіргі жағдайларын талдау барысында қолданылатын, жабдықтардың балансын құрастыру барысында және т.с.с . негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың натуралдық көрсеткіштері дегенмен кәсіпорынның, саланың, жалпы өнеркәсіптің негізгі өндірістік қорлардың жалпы жиынтығын тиімді пайдаланудың жалпы сипаттамасын көрсетпейді.

Шаруашылық қызметті жалпы талдау үшін, күрделі салымдарды жоспарлау үшін, өнеркәсіптің барлық звеноларының негізгі қорларын және өндірістік күш-қуатты іске қосу үшін өндірістің тиімділігі көрсеткіші, негізгі қорлардың бірлігіне есептегенде өнім өндірісі - қорқайтарымы көрсеткіші деп аталатын маңыздылығын алуда. Сонымен бірге қорқайтарымының кері көрсеткіші – қорсыйымдылығы көрсеткіші пайдаланылады. Қорқайтарымның көрсеткішін анықтау барысында құндылық және натуралдық өлшемдер бірліктері қолданылады.
Негізгі қорлардың неғұрлым толық пайдалануы өндіріс көлемінің өзгеруі барысында өндірістік күш-құаттардың жаңасын іске қосу қажеттіліктерді төмендетуге әкеледі, сәйкесті кәсіпорынның пайдасын тиімді пайдалануына жеткізеді(тұтыну қорына пайдадан салымдардың үйлесін көбейтуге, тұтыну қордың жоғары бөлігін технологиялық үрдісті механикаландыруға және автоматтандыруға бағыттауға және т.с.с. ).

Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту сонымен бірге олардың айналымдарын жеделдету деп саналады. Бұл физикалық және моралдық тозу мерзімдерінде айырмашылықты қысқарту мәселелрді шешуге ықпалдасады, негізгі қорлардың қарқынын жеделдетуге мүмкіндікті туғызады. Негізгі қорларды тиімді пайдалану қазіргі уақыттың экономикалық реформалардың тағыда басқа басты мақсатпенен тығыз байланысты — өндірілетін өнімнің сапасын жоғарлату, өйткені нарықтық бәсеке жағдайында жоғары сапалы өнім жедел өткізіледі және жоғары сұранысқа иеленеді.

Жұмыс істеп жатқан негізгі қорларды және өнеркәсіп кәсіпорындардың өндірістік құаттарын және соның ішінде жаңадан іске қосылғандардың пайдалануын жақсарту келесі есебінен жеткізілу мүмкін:

· өндірістік күш-құаттарды және негізгі қорларды пайдалану интенсивтілігін жоғарлату;

· оларды толтыру экстенсивтілігін жоғарлату.

Өндірістік күш-қуаттарды және негізгі қорларды анағұрлым интенсивті пайдалану ең алдымен соңғыларды техникалық жетілдіру есебінен жеткізіледі. Өнеркәсіп кәсіпорындардың тәжірибесі жабдықтардың бірлігінің күш-қуатын көбейту үрдісі қалыптасқанын көрсетеді:

· станоктарда, машиналарда және агрегаттарда ең жауапты бөлшектер мен тораптар нығайтылады;

· өндірістік үрдістердің негізігі көрсеткіштері жоғартылады(жылдамдық, қысым, температура)

· тек негізгі өндірістік үрдістер мен операциялар механикаландырылып және автоматтандырылып қана қоймайды, сонымен бірге көп жағдайда өндіріс барысын және жабдықтарды пайдалануды баяулататын қосалқы және көліктік операциялар да осындай үрдістерге ұшырайды.

Ескірген машиналар модернизацияланады және анғұрлым жетік жаңаларменен ауыстырылады.

Негізгі қорларды қарқынды пайдалану технологиялық үрдісті жетілдіру жолымен жоғарлайды; бір текті өнімнің өндірісінің оптималды шоғырлану базасында өндірістің үздіксіз ағынын ұйымдастыру, оны өндірілетін өнімнің сапасы және берілген технологияның талаптарына сәйкес дайындау; кәсіпорындардың, цехтардың және өндірістік учаскелерідің, басқа да біраз шараларды жұргізу жұмысының бірқалыпты, жұмысының ырғақтығын қамтамасыз ету. Өз кезегінде бұл еңбек заттарын өңдей қарқынын, жылдамдағын көбейтуге және уақыттың бірлігіне, жабдықтардың бірлігіне немесе өндірістік алаңның 1 шаршы метіріне өнім өндірісін көбейтуді қамтамасыз етеді.

Жұмыс жасайтын кәсіпорындардың негізгі қорларын қарқынды пайдалану жолы олардың техникалық қайта жарақтануды, негізігі қорларды жаңарту қарқынын көбейтуді еңгізеді. Өнеркәсіптің біраз салаларының жұмыс жасау тәжірибесі жұмыс істеп жатқан фабрикалар мен зауаттардың техникалық қайта жабдықтауды көрсетеді. Әсіресе бұл негізігі қорлардың анағұрлым тозу жағдайында кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Негізгі қорларды пайдалану экстенсивтіілігін жақсарту бір жағынан күнтізбелік кезеңде (ауысым, тәүлік, ай, тоқсан жыл барысында) жұмыс істеп жатқан жабдықтардың жұмыс уақытын ұлғайтуды көздейді, ал екінші жағынан кәсіпорында және оның өндірістік звеносында бар жалпы жабдықтардың құрамында жұмыс істеп жатқан жабдықтардың санын және үлес салмағын көбейтуді көздейді.

Жабдықтардың жұмыс уақытын көбейту келесі есебінен қол жеткізіледі:

· әр бір өндірістік бөлімінде жабдықтардың белгілі бір топтарының өндірістік күш-құаттар арасындағы пропорцияларды қолдау , кәсіпорынның цехтары арасында, өнеркәсіптің әр бір саласының ішінде белгілі бір өндірістердің арасында, өнеркәсіптің салаларының дамуының қарқындары мен пропорциялары арасында және жалпы халық шаруашылық бойынша пропорцияларды қолдау;

· негізгі қорларды күтіп пайдалануды жақсарту, пайдаланылатын өндіріс технологиясын ұстану, жабдықтарды дұрыс пайдалануға ықпалдасатын өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, тұрып қалғанды және бұзылғанды болдыртпай алдын алу, жабдықтардың жөндеумен байланысқан тұрып қалғандарын қысқартатын және жендеу арасындағы кезеңді ұлғайтатын өз уақытында және сапалы жөндеуді жүзеге асыру;

· жұмыс уақыттың шығындарында негізгі өндірістік операциялардың үлес салмағын көбейтетін шараларды жүзеге асыру, өнеркәсіптің біраз салаларының кәсіпорындардың жұмысында мауысымдылықты қысқарту, кәсіпорынның жұмысынынң ауысымдылығын көтеру;

· жабдықтарды жөндеу қызметінің сапасын көтеру жолмен жабдықтардың ауысым ішіндегі жұмыссыз тұрып қалған уақыты қысқарту және мүлдем жою, жұмысшы күшпен, шикі затпен, жағар-жанар маймен, жартылай фабрикаттармен негізгі өндірісті өз уақытында қамтамасыз ету;

· жабдықтардың бір тәулік бойы жұмыссыз тұрып қалғанын қысқарту, оның жұмысының ауысымдылық коэффициентін көтеру.

Кәсіпорындарда жұмыс істеп тұрған станоктар, машиналар және агрегаттардан басқа жабдықтардың белгілі бір бөлігі жөндеуде және резервтерде болады, ал тағы бір бөлігі – қоймаларда. Орнатылмаған жабдықтардың өз уақытында жасалған монтажы, және сонымен бірге жоспарлы жөндеуде және резервте тұрғанғандарды есептемегенде барлық орнатылған жабдықтарды іске қосу негізгі қорларды пайдалануды жақсартаты.

Жабдықтардың жұмысының ауысымдылық коэффициентін көбейту мақсатты шешу барысында ең алдымен көптеген кәсіпорындарда ең алдымен жұмысшы күштің жетіспеушілігінен пайдаланылатын негізгі жабдықтар толығымен қолданыста жоқ екенін естен шығармау керек.
Негізгі өндірістік қорларды, өндірістік күш-қуаттарыды пайдалануын жақсарту және еңбек өнімділігін өсірудің мәселелерін табысты шешуіне ірі өндірістік бірлестіктерді ұйымдастыру үлкен әсер береді. Сонымен бірге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістің мамандандырылуына және техникалық қайта жарақтануына үлкен көңіл аударылады, олардың мамандануына тән емес өнімнен бас тарту, ірі индустриалды орталықтарға тартылатын, жұмысшы күштің резервтері қалыптасатын кішігірім және орташа қалаларда мамандандырылған өнеркәсіп объектілерін құрастыру.
Жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарда мамандандырылуын дамытуға бағытты жүзеге асыру барысында бұл оның өндірістік құрылымын қарапайымдатады, қосалқы және қызмет көрсету бөлімшелер есебінен жұмысшы күшті босатады, сонымен негізгі цехтардың екінші ауысымдарын қалыптастырады және ауысымдылық коэффициентін көтереді.
Ауысымдылықты көтерудің маңызды жағдайының бірі өндірістік үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру болып табылады, және ең бірішінден қосалқы өндірістерде, өйткені бұл механикаландырылмаған ауыр жұмыстардан адамдарды екінші ауысымдағы квалификацияланған жұмыстарға ауыстыруға мүмкіндік жасайды.
Көтеру-тасымалдау, жүкті тиеу және түсіру және қоймадағы жұмыстарды механикаландыру қарқынын жеделдету өнеркәсіп кәсіпорындарда негізгі және қосалқы өндірісті механикаландыру деңгейінде орын алатын диспропорцияларды жою үшін, қосалқы жұмыстардың біраз көлемін босатуда, жұмысшы күштермен негізгі цехтарды толықтыруды қамтамасыз етету үшін, жұмыс күшін қосымша тартусыз жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарда өндірісті кеңейту және кәсіпорындардың жұмыстарының ауысымдылық коэффициентін көбейтуде негіз болып табылады. Жұмысшы күште тапшылықты сезінетін ірі қалаларда жабдықтарды қайта құрастыру, кеңейту, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру жолымен кәсіпорындарда жұмыс жасайтын негізгі қорларды пайдалануын жақсартуда мәселені шешуде өте маңызды рөлды алады.

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін көтерудің маңызды жолы бұл жабдықтардың артық санын азайту және орнатылмаған жабдықтарды жедел түрде іске қосу болып табылады. Еңбек құралдарының көп санынын жұмыс істемей тұрғаны өндірісті өсіруге мүмкіндікті азайтады, физикалық тозуына байланысты өнімде затталған еңбектің тікелей жоғалтуларына әкеліп соқтырады, өйткені ұзақ уақыт бойы сақталынып тұрған жабдықтар іске қосуға жарамсыз болып қалады. Жақсы физикалық жағдайда тұрған басқа жабдықтар моралдық тозған болып шығуы мүмкін және олар физикалық тозған ретінде есептен шығарылады.

Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту көп жағдайда кадрлардың біліктілігіне әсіресе машиналарға, механизмдерге, агрегаттарға және өндірістік жабдықтардың басқада түрлеріне қызмет көрсететін жұмысшылардың шеберлігінен тәуелді.
Жұмысшылардың жұмыстарының творчестволық және жауапкершілікпен орындалуы негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда маңызды шарттарының бірі.

Белгілі болғандай моралдық және материалдық ынталандыру жүйені жетілдіруден көп жағдайда негізгі қорларды пайдалану деңгейі тәуелді. Жоспарлаудың және экономикалық ынталандырудың жаңа жағдайларында жұмыс жасайтын өнеркәсіп кәсіпорындарда техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау жаңа экономикалық механизм, оның ішінде өндірістік қорлар үшін төлемдерді еңгізу, көтерме бағаларды қайта қарастыру, рентабелділік деңгейін анықтау үшін жаңа көрсеткіштерді пайдалану, кәсіпорындарда марапаттау қорларды ұйымдастыру негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсартуға ықпалдасады.

Технология бойынша жаңа ұсыныстарды еңгізу жолымен еңбек өнімділігін көбейтуде өндірістік жұмысшылардың талпыныстарын естен шығармау керек, бұл орайда қорларды жаңарту үшін марапаттаудың мақсаты оны тиімді өткізуде жұмысшыларда материалдық қызығушылықты туғызуға бағытталған. Жаңа техника бойынша шаралар үшін марапаттау жүйенің негізінде келесі қағидалар жатыр:

· негізгі құралдарды жаңарту бойынша жұмыстардың барлық кезеңдерінде ынталандыру жүргізу, оның ішіне ғылыми-техникалық және жобалық-құрастырушылық бөлімшелердің қызметкерлеріне сый ақыларды төлеу де жатады;

· негізгі қорларды жаңартатын жұмысшыларды алдымен марапаттау;

· жұмысты атқаруда өзіндік қосқан үлесі бойынша белгілі бір жұмысшыларға арнайы сый ақылардың көлемін анықтау.

Өнеркісіптің басқарудың барлық звеноларында құрастырылатын негізгі қорларды пайдалануды жақсарту бойынша кез келген шаралардың кешені өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуын қамтамасыз етуді көздеу керек, ең алдымен шаруашылықтың ішіндегі резервтерін тиімді және толық пайдалану есебінен және машиналар мен жабдықтарды анағұрлым толық пайдалану жолменен, ауысымдылық коэффициентін көтеру, жұмыссыз бос тұрып қалуын жою, жаңадан іске қосылатын күш-құатты меңгеру мерзімін қысқарту, өндірістік үрдістерді әрі қарай интенсивтендіру. Негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда жұмысшыларды материалдық ынталандырудың орны өте маңызды.

Наши рекомендации