Тақырып 2 Материалдық емес активтердің есебі
Мақсаты:Материалдық емес активтерді тану. Бақылау.
Жоспар:
1. Кәсіпорында құрастырлған материалдық емес активтердің өзіндік құны. Кәсіпорында жасалған саудалық маркалар, әскерлік бедел.
2. Бастапқы құн бойынша есепке алудың моделі. Қайта бағалау құны бойынша есепке алу моделі.
3. Шектелмеген пайдалы қызмет еу мерзімі бар материалдық емес активтер.
4. Материалдық емес активтерді қолдануды тоқтату және есептен шығару.
Материалдық емес активтердің негізгі айрықша ерекшелігі болып олардың материалдық формаларының жоқтығы, яғни сезілмейтіндігі («материалдық емес» деген сөз латын тілінен шыққан, «тигізу, сезіну» мағынасын білдіреді). Осы аталған ерекшелігі олардың есебін жүргізуде қиындықтар тудырады, яғни материалдық емес активтердің физикалық сапасының болмауы - оларды бағалауды, құнын нақтылауды, экономикалық қызмет ету ұзақтығын және оларды пайдалану арқылы болашақ экономикалық пайданы анықтауды біршама қиындатады.
Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес материалдық емес активтер дегеніміз - нақты физикалық нысаны жоқ, ұйымның өндіріс процесі мен тауарлар және қызметтерді сату кезінде, сонымен қатар әкімшілік мақсаттарда, жалға беруде ұзақ уақыт пайдаланылатын ақшалы емес активтер.
Материалдық емес активтердің есебі материалдар есебінің ұстамдары сияқты ұстамдарға негізделіп жүргізіледі.
Материалдық емес активтерді жіктеудің негізгі белгілері болып оларды сатып алудың тәртіптері (анықтамалығы), жекеше есеп бірлігіне бөлінетіндегі, айырбасталатындығы, болашақтағы тиімділікті алудың мерзімі саналады.
Материалдық емес активтер басқа жақтан сатып алынуы (патенттер, франчайзинг) немесе ұйымның өз күшімен жасалынуы мүмкін. Материалдық емес активтерді сатып алу тәсілдеріне қарай олардың жекеше есеп бірліктеріне бөлінуі және анықтылығы айқындалады (активтерге жұмсалған шығындар кезең шығындарына апарылуы немесе нақты сезілмейтін активтердің сипатына қарай капиталдандырылуы (қорландырылуы) мүмкін).
Материалдық емес активтер мына жағдайларда анықталуы мүмкін:
- сатып алу арқылы - көп жағдайда заңды құкықтар алу (патент, авторлық кұқық және т.б.);
- ұйымның өзі шығаруы немесе ұйымдардың бірігу нәтижесінде сатып алу арқылы - егер активтерді жалға
беру, сату және айырбастау кезінде болашақ экономикалық тиімділік осы активке тікелей апарылатын болса.
Материалдық емес активтерді анықтамасы оларды тану кезінде басқа активтерден айқын ажыратып - жеке есеп бірлігіне бөлуді талап етеді. Осындай ерекшеліктің бірі олардың жекелігі саналады. Егер ұйым активтерді жалға беріп, сатып, айырбастап немесе болашақ экономикалық тиімділікті бөле алатын болса, онда ол бөлінетін болып есептеледі. Бөлінетін активтер болып сауда маркалары. патенттер, авторлық құқықтар табылады. Бөлінбейтін активтер болып гудвилл - ол басқа активтерден бөлектеніп қызмет істей алмайды және ол ұйымды сатып алу кезінде пайда болады.
Айырбастылық - бұл активтердің бөлек сатып алыну немесе сатылу мүмкіндігі (мысалы. патенттер, тауар маркалары). Дегенмен де, кейбір материалдық емес активтер жеке есеп бірлігі болып есептелсе де, жекеше сатылмайды және сатып алынбайды (мысалы, ұйымдастыру шығындары).
Болжамды экономикалық тиімділікті алу кезеңі экономикалық жағдайларға, құқықтық шектеулерге немесе келісім шарттың жағдайларына байланысты анықталады.
Материалдық емес активтердің ең көп кездесетін түрлері: лицензиялық келісімдер, компьютерлік бағдарламалық қамсыздандырулар, патенттер. авторлық құқықтар, сатып алынған тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, материалдық емес активтердің сипатын куәландыратын сынақ-құрастыру жұмыстары болып табылады.
2 Материалдық емес активтерді өлшеу
Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді және физикалық нысанда биматериалды болып табылады. Материалдық емес активтерді тану және оларды бағалау көпшілік жағдайда ұйымның осы активтерді тікелей пайдалану арқылы болашақ мерзімде болжамды экономикалық пайда алу ықтималдылығына байланысты болады және осы жағдайда активтің құны дұрыс анықталуы мүмкін.
Материалдық емес активтердің бастапқы құндарын өлшеу олардың басқа жақтан алынғандығына немесе ұйымның өзімен жасалғандығына байланысты және оны төмендегідей тәртіппен көрсетуге болады:
Материалдық емес активтер объектісін алу тәртіптері | Активтерді бағалау (құндарын анықтау) |
Құрылтайшылардың Жарғылық қорға салған салымдары | Егер заңмен басқалай қарастырылмаған жағдайда, тараптардың келісімі бойынша |
Басқа ұйымдардан немесе жеке тұлғалардан төлем арқылы сатып алу | Материалдық емес активтерді сатып алу және оларды пайдалануға жарамды қалпына келтіруге жұмсалған нақты шығындардың негізінде |
Басқа ұйымдардан немесе жеке тұлғалардан әшейін алу | Материалдық емес активтерді кірістеуге және оларды пайдалануға жарамды қалпына келтіруге жұмсалған нақты шығындардың негізінде |
Материалдық емес активтер ұйымға сатып алудың, ұйымдарды біріктірудің, айырбастаудың негізінде немесе мемлекеттік субсидиялардың есебінен кірістіріледі.
Материалдық емес активтер танылу сәтінде сатып алуға жұмсалған шығындар мен пайдалануға дайындау шығындарынан (активтерді сатып алуға, меншік құқығын беруге байланысты төлеген төлемдер) тұратын бастапқы құны бойынша бағаланады.
Сатып алу шығындары сатып алынған активтің немесе активтердің ағымдағы құндары бойынша анықталады, оған сатып алу бағасы, баждар. сатып алуға төленген орны толытырылмайтын салықтар, активтерді пайдалануға дайындау шығындар (заңгерлердің, бағалаушылардың кызметтері), делдал ұйымдарға төленген сыйықылар және материалдық емес активтерді алуға байланысты басқа да шығындар жатады.
Егер материалдық активтерді алу кезінде оларды пайдалануға жарамды жағдайына дейін жеткізу үшін қосымша шығындар жұмсалатын болса, онда бұл шығындар материалдық емес активтердің бастапқы құндарын жоғарылатады. Материалдық емес активтердің бастапқы құндарына капиталдандырылмаған несиелер бойынша сыйақылар қосылмайды.
Төлем мерзімі шектеулі материалдық емес активтердің бастапқы құны болып төлемді кейінгі қалдырғаны үшін шығыстарға апарылатын, сатып алушыға төленген сыйақыларды қоспағандағы активтердің сату құны мойындалады.
Материалдық емес активтер басқа материалдық емес аткивтерге айырбастау немесе жартылай айырбастау арқылы алынуы мүмкін. Мысалы, құнды қағаздарға айырбасталып алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны сатып алынып жатырған материалдық емес активтердің құнына тең құнды қағаздардың сату құны бойынша бағаланады.
Материалдық емес активтер бірдей қызметтің түрінде пайдаланылатын ұқсас активтерге айырбастау арқылы алынуы мүмкін, сондай-ақ ұқсас активтердегі үлестік қатысуға сатылуы мүмкін. Екі жағдайда да жаңа активтің өзіндік құны берілген активтің баланстық құнына тең болады. Мұндай айырбас табыс әкелмейтін мәміле деп аталады.
Материалдық емес активтер әшейін немесе өкіметтік субсидиялар арқылы ең төменгі төлем бойынша алынуы да мүмкін. Мемлекеттен әншейін алынған немесе мемлекеттік субсидиялар есебінен ең төменгі төлем бойынша алынған материалдық емес активтер, егер сатылу құны «белсенді нарық» сілтемесімен анықталса, онда материалдық емес активтерді ұйым сатылу (сату) құны бойынша мойындайды.
Активтердің белсенді нарығы жоқ болған жағдайда мұндай материалдық емес түрлері нөлдік немесе номиналдық, не болмаса материалдық емес активтерді пайдалануға жарамды жағдайына дейін жеткізу үшін жұмсалған нақты шығындардың сомасы бойынша анықталады.
Материалдық емес активтердің осындай жолмен сатып алу бухгалтерлік есепте келесі жазулармен көрсетіледі: материалдық емес активтер есебі шоттарының дебеті (10/2700 «Материалдық емес активтер бөлімінің шоттары») және 726/6230 «Атқарушы органдардың субсидиялары» немесе 72/6280 «Негізгі емес қызметтерден кірістер» бөлімінің 727/6280 «Басқалары» шоттарының кредиті.
Егер материалдық емес активтер ұйымдардың бірігуі нәтижесіндеалынса, онда олардың бастапқы құндары болып осы активтердің белсенді нарығының нақты бар екенін дәлелдеген жағдайда, мәміле жасалған күндегі активтердің сатылу құны есептеледі. Активтердің осы түрлері бойынша белсенді актив нарығы болмаса, онда материалдық емес активтер мойындал-майды, бірақ гудвиллға қосылады.
3 Ішкі жасалған материалдық емес активтерді бағалау
} Ұйымның өзі жасаған материалдық емес активтердің бастапқы құны болып материалдық емес активдерді анықтау сәтінен бастап жұмсалған тікелей және үстеме шығындардың сомасы есептеледі.
} Ішкі жасалған материалдық емес активтердің құны енбейтін және кезең шығындары болып саналатын шығындар болып мыналар саналады:
} активтерді пайдалануға дайындау үшін тікелей жұмсалған саудалық, әкімшілік және басқа да шығындар;
} активтерді пайдалану үшін қызметкерлерді дайындау шығындары;
} активтердің жоспарлы көрсеткіштер деңгейіне дейін жету үшін жұмсалған шығындар.
Субъектінің ішінде жасалған гудвиллматериалдық емес актив болып саналмайды, өйткені ақшасыз материалдық емес баптар бойынша жұмсалған шығындар болашақ экономикалық пайданың жоғарылауына ықпал етсе де, материалдық емес активтерді мойындаудың анықтамасы мен талаптарына сәйкес олардың қалыптасуын тудырмайды.
Мысалы, ұйымның шығындары нәтижесінде жабдықтаушылармен тұрақты байланыстары орнату мақсатында қол жеткізген жоғары беделі, жұмысшылардың біліктілік деңгейінің жоғарылауы, жарнама компаниялардың жоғары беделі және т.б.
Мұндай шығындар гудвиллдің құрамында тек ұйымдарды біріктіру кезінде бағалануы мүмкін.
Шығындарды мойындау
Материалдық емес активтердің анықтамасына және оларды мойындау кезіндегі талаптарға сәйкес келмейтін шығындар болып мыналар саналады: өндіріс басталған дейін зауытты немесе жаңа цехтар мен өндірістің ашылуына дейінгі жұмсалған шығындар, егер бұл шығыңдар негізгі құрадардың құнына қосылмаса;
заңды тұлғаны құру кезінде жұмсалған шығындар: ұйымды тіркеу және заңнамалық құжаттарды дайындау шығындары (қандай бір қызмет немесе іс-әрекет үшін лицензия, жарғы, құрылтайшы келісім шарт), мөр, мөртаңба және т.б.
өндірісте қызмет істейтін мамандарды оқыту шығындары;
цехты немесе заңды тұлғаны қайта құруға байланысты жұмсалған шығындар;
тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларды субъектінің өзі жасау үшін жұмсаған шығындары және т.б.
Материалдық емес баптарды қалыптастыру кезінде жұмсалған шығындар ұзақ уақыттан кейін де материалдық емес активтер құндарының бөліктері ретінде мойындалмауы тиіс.
Кейінгі шығындар
Материалдық емес активтер бойынша кейінгі жұмсалған шығындардың дұрыс өлшенуі және олардың белгілі бір материалдық емес активтерге теңестірілуі өте сирек кездеседі (болады). Ұйымның ішінде материалдық емес активтерді қалаптастырғаннан кейін немесе оларды алғашқы мойындағаннан кейін кейінгі жұмсалған шығындарға байланысты материалдық емес активтердің бастапқы құндарының жоғарылауы мына жағдайларда болады, егер:
а) материалдық емес активтерге жұмсалған кейінгі шығындардан болашақ экономикалық пайданы (тиімділікті) анықтау мүмкін болса;
б) жұмсалған шығындар өлшенетін болса;
в) жұмсалған шығындарды тиісті активтерге апарған жағдайда, бұл шығындар материалдық емес активтердің баланстық құндарын жоғарылатса.