Алматы қаласының мәдени ошақтары

Алматы – елдің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы. Басты қала құндылықтарының бірі – Көктөбе. Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биіктікте орналасқан. Көктөбеге қанатты жолмен көтеріледі. Көктөбенің басына шығу арқылы қаланың алақандай көрінісін тамашалауға болады. Дәл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куәсі бола аласыздар. Бұл жерде шағын хайуанаттар бағы бар. Қонақтарға қымбат мейрамханалар қызмет көрсетеді. Медеу. Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Ол қаладан 15 км. қашықтықта орналасқан. Медеуге қала тұрғындары қысы-жазы барады. Қыста шаңғы тебуге өте қолайлы жер. Қыста қысқы спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Мың баспалдақ арқылы жоғары көтерілуге болады. Таудың ауасы тап-таза. Медеу туристердің ең сүйікті орындарының біріне айналған. Бұл орындар адамдарға жайлы демалыс сыйлайды. Бұл жерлерге қала тұрғындары мен қонақтар жиі барып демалады.

Сәулетті Астана

Қазақстан Республикасының астанасы - Арқаның төрінде орналасқан Астана қаласы. 1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді. Астананың рәмізі - Бәйтерек. Бәйтерек- әсем, биік ғимарат, сол жағалаудың көркі. Қазіргі кезде Астана ең сұлу жас қала. Астанада ғажап зәулім ғимараттар салынып жатыр. Астананың сол жағалауында Елбасының Резиденциясы, Ақорда, Парламент, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі т.б. ұйымдар мен мекемелер орналасқан. Астанада 9 шағын аудан және «Орбита», «Шұбар», «Жастар», «Целинный» шағын аудандары бар. Астанада көптеген білім ошақтары: 50-ден астам орта білім беретін, арнаулы орта білім беретін мектептер және жоғары оқу орындары бар. Астанада театрлар, Президент мұражайы, цирк, «Думан», «Конгресс Холл», Жастар» орталығы, т.б. ойын-сауық орындары көптеп саналады. Бас қалада біздің еліміздің атақты, ұлы адамдарының – Абайдың, С. Сейфуллиннің, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ескерткіштері бар. Астана күннен-күнге гүлденуде. Астананың болашағы зор.

Мұхитарал

Қазақстан мұхитпен шектеспейтіні белгілі. Қазақ даласына ең жақын деген мұхит жағалауы 4000 шақырым қашықтықта орналасқан екен. Ал сіздің тек мұхиттарда тіршілік ететін акула, сегізаяқ, мурена сияқты жыртқыш балықтарды көргіңіз келе ме? Онда сізге Астанаға баруға тура келеді. Астанамызда «Думан» ойын-сауық орталығының ішінде орналасқан Мұхитарал бар. Мұхитбақ дегеніміз – шындығында, алып аквариум. Мұнда 2000-нан астам теңіз тұрғындары тіршілік етеді. Мұхитарал әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағынан тұрады. Аквариумның қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізден тұрады.

Аквариумдерде тасбалықтар, қанатты теңбілдер, кірпібалықтар жүзіп жүреді. Мұхитаралдың ең алып тұрғындары: акулалар, теңіз алабұғалары, үлкен патшабалықтар. Бұлардың барлығы Тынық мұхиттың шығысазиялық жағалауында тіршілік еткен.

Барлық аквариумдердегі судың жалпы көлемі – үш миллион литрге жетеді. Бұл су арнайы мұхиттан әкелінбеген, жергілікті су. Оны мамандар күн сайын арнайы сүзгіден өткізіп, тазартады. Ал Қызыл теңізден жүз жиырма тонна тұз алдыртқан. Сүңгуірлер күн сайын аквариумдардың түбін тазалайды. Келушілердің теңіз жәндіктерін қоректендіру сәттерін қызықтауға мүмкіндігі бар. Күніне екі рет жүзгіш мамандарымыз су астына түсіп оларды қоректендіреді. Бұндай ғажайып окенариумды көріп, сіз тамаша әсер аласыз. Өзіңізді ертегілер әлеміндегі су асты патшалығында жүргендей сезінесіз. Қазақта «көп естігеннен бір көрген артық» деген мақал бар. Ал ендіше, жолыңыз болсын!

Азақстан туризмі

Туризм адамдарды әрбір мемлекеттің табиғат көркімен, ереше сұлу жерлерімен таныстырады. Қазіргі заманғы туризм өндірісі дамып келе жатыр. Елімізде 2000 жылдың 22 тамызында үкімет мәжілісінде Қазақстандағы туризмді дамыту шаралары туралы мәселе тұңғыш рет қаралды.

Қазақстанның туристік ұйымдары отандық туризмді насихаттау үшін болашағы бар 75 жоба жасады. Олар: іскерлік, тарихи-мәдени, сауықтыру, ғылыми, әуесқой-спорттық, балық аулау, тау туризмі т.б. және соңғы кездердегі әуе және экологиялық туризмдерін жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 10 желтоқсанында «Лицензиялау туралы» заңы аясында елімізде 638 ұйымға туристік қызметпен айналысу құқығы берілген. Лицензия берілген туристік компаниялар елімізге туристер тартумен емес, сыртқы туристік сапарлар ұйымдастырумен айналысуда.

Еліміздің туристік аймақтары – Алматы, Көкшетау, Қапшағай, Маңғыстау өңірлері. Олар туризмнің нағыз орталықтары. Көбінесе туристік кәсіпорындар Алматыда орналасқан. Себебі транзиттік жерлер Алматыдағы фирмалар арқылы өтеді. Шетелден келетін туристердің басым бөлігі Алматы қаласында атбасын тірейтіндіктері біздің қаламызға ғана емес, туризм бизнесінің Қазақстан бойынша дамуына жол ашпақ. Бүгінгі Алматы тоғыз жолдың торабы, әсем табиғаты жайлы, еліміздің ғылыми және ағарту орталығы ретінде көз тартады. Тек қала ішінде ғана емес, оның сыртындағы әлемдік маңызы бар «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» демалыс орны, «Алатау» туристік базалары әсем табиғат аясында тұрып сұлулығымен көз тартады.

ТҮРКІСТАН

Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің тәңірі берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен

Тұранда ер түрігім туып-өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранның тарихы бар отты желдей,

Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.

Тұранның жері менен суы да жат,

Теңіздей терең ауыр ой бергендей.

Тұранның ені-шексіз шөлі қандай,

Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!

Тұранның дария аталған өзендері

Тасыса, шөлді басқан селі қандай!

Тұранның таулары бар аспанға асқан,

Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.

Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ,

Жаралып таудан аққан салқын жастан.

Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,

Шалқыған егі-шетсіз Теңіз, Арал.

Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің

Бауырында дүние көрген түрік көкжал.

Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,

Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!

Еріксіз ер түрікті ойға аларсың,

Көкке асқан Хантәңіріге қарай-қарай.

Наши рекомендации