М.Хрохтын улттык козгалыс концециясы.

Концепция нации, национализма и национальных движений, созданная современным чешским историком М. Грохом, прошла несколько этапов становления и развития. Начало ее разработки относится к 1961 г.1; первые итоги были подведены в монографиях 1968 и 1971 гг.2, и, наконец проблема "национальные движения и буржуазные революции" рассматривалась в монографии 1981 г.3 В наиболее полном и развернутом виде эта концепция предстала в 1985 г.4 в исправленной, переработанной и дополненной
публикации, обобщающей аналитический и статистический материал из книги 1968 г. и фактические сведения по истории отдельных наций - из исследования 1971 г. По выражению Э. Хобсбаума, именно монография 1985 г. открыла "новую эру в изучении национально-освободительных движений"5.
Все перечисленные труды основаны на компаративном принципе; во всех были широко использованы биографический и количественный методы, в первую очередь - для макроанализа социальной структуры6. Эти книги вызывали обширные отклики, как правило, дискуссионного характера. При этом позиции критиков7, бесспорно признававших фундаментальный характер и стимулирующую роль исследований Гроха, варьировались в довольно широком диапазоне - от "ортодоксально-марксистской» ставившей в вину Гроху недостаток марксизма8, до "государственнокультурологической", упрекавшей его в попытке сочетать Два "великих мифа XIX и XX веков" — марксизм и национализм9.

Основу концепции Гроха составляет трактовка нации как "компонента социальной действительности, имеющего историческое происхождение"10. Это объективистское понимание расходится с позицией многих крупных теоретиков национализма, в частности Х.Кона и его последователей, считающих национализм первичным, формирующим фактором, а нацию - его производной, продуктом национального сознания, национализма, национальной воли и национального духа11. Большая открытость другим факторам общественного и экономического развития отличает работу немецкого историка Е.Лемберга, хотя основная посылка остается той же, что и у Кона. По Лембергу, объективные отношения играли определенную роль в формировании нации, занимая при этом второе место после национализма, "идей, которые создали нацию"12. Эта теория в 60-70-е годы была поддержана рядом историков из Восточной Европы13.
Интерпретация нации как "реально существующего феномена, выражающего себя в националистических движениях", в корне расходится также с концепцией другого теоретика национализма - Э.Геллнера, считающего, что нации не существуют "в реальности", а возникают как особая форма соединения культуры и государства, возможная при определенных исторических условиях14.
Итак, Грох определяет нацию как "большую социальную группу, характеризуемую комбинацией различных типов отношений (экономических, территориальных, политических, религиозных, культурных, лингвистических и т.п.), которые возникают, с одной стороны, из решения фундаментального противоречия между человеком и природой на определенной компактной территории, с Другой стороны, - из отражения этих отношений в сознании людей"15.
Признавая важнейшую роль экономических отношений в процессе формирования нации, Грох а то же время предостерегает от трактовки "развития отношений обмена и национального рынка" в качестве единственной причины формирования современной нации. По его мнению, "экономическое развитие определило скорее природу составных частей, из которых сформировалась нация; Форма же ее, с другой стороны, была обусловлена ТеРриториальными, лингвистическими и политическими

8. Жәдитшілік (араб.: جادىيدىيييا‎ — «жаңа») — 19 ғ. екінші бөлігінде пайда болған, 20 ғ. басында кең тараған қоғамдық-саяси және діни қозғалыс. Мұсылман әлемінде, әсіресе Ресей түркі тілдес мұсылман зиялы қауымының озық бөлігінің өкілдері арасында кең тараған. Ресей империясының түркіхалықтарының ағарту үдерісіне және жалпы халықтарының дамуына үлкен тарихи рөлін ойнаған. Жәдиттердің халықты ағарту, өзгерістер мен дамыту үшін еңбек ету, демократиялық құқықтар үшін күрес, бір жағынан исламды сақтау, екінші жағынан Еуропаның жақсы жақтарын алу — түркі тілдес мұсылман халықтарының дамытуында үлкен үлес еді. Жәдиттердің еңбегі бекер емес еді.

Халық ағарту

Ысмайыл Ғаспыралының жаңа оқу тәсілінің насихаттандыру толқынында пайда болып, әр қарай дамып кеткен. Жәдиттердің негізгі ұстанымдарының бірі — мұсылман мектептерінде балаларды жаңа бағдарлама бойынша оқыту. Мысалы, араб әліпбиін үйреткенде, дыбыс тәсілімен (әр әріпті белгіленетін дыбысына сай) оқыту, бұрыңғыдай әріп құрастырушылық тәсілімен оқытпау. Жәдиттердің пікірі бойынша, жаңа тәсілін пайдаланып, әліпбиді үйрену жеңілірек, демек жұрттың көбірек адамы сауатты бола алады. Білім беру кейбір өзгерістерінің арасында мектептерде сәкі орындықтарын, тақталарын, карталарын пайдалану, кейін әл-Каһирада, Қазанда немесе Ыстамбұлда басып шығарылған жаңа оқулық кітаптарын пайдалану, балаларды сыныптарға бөлу, ал оқу уақытын сабақтарына бөлу еді. Оқу бағдарламасына кейбір зайырлы ғылымдары, мысалы, тарих, жағрапия енгізілген еді. Шынында да, бұрын тәсілі бойынша сауатын ашу үшін үш жыл керек болса, жаңа тәсілі бойынша соған бір жыл-ақ жеткен еді. Осындай оқу тәсілін «төте оқу» деп атаған еді.

Жәдиттер мектеп жүйесін түбегейлі өзгерткісі келді, бірақ білім беру сипаты діни көзқарастарының негізінде қалдырғысы келді. Осылайша, жәдиттер дінді білім беруінен бөлмеген, бірақ білім беру саласында да, кейін басқа тұрмыс салаларында өзгерістер үшін болған. Бұл жәдиттердің көзқарастары керітартпа қағидаларымен қайшылықта еді.

Саяси көзқарастары

Жәдиттер ерлердің мен әйелдердің құқықтарын теңдігі үшін күрескен. Мұсылман қоғамында жеке адамның билігі емес, мәжілістің билігі жөн деп ойлаған. Осылайша, жәдиттер Ресейде парламентаризм үшін күресуге басталды, ақырында Ресей патшаның, Османлы империясының сұлтанының, Бұқар әміршісінің езгісіне қарсы болып кетті, тіпті монархияны жойып, республиканы орнатуы жөн деп ойлаған. Осылайша, жәдиттер қозғалысы саяси қозғалысына айналып кетті. Жәдиттердің пікірі бойынша феодалдық тұрмысын өзгеріп, ұлттық буржуазиясын қарқынды дамытуы басталады. Осылайша, большевиктермен көзқарасынан, жәдиттер — «буржуаздық-демократиялықұлтшылдар» деп саналады. Шынында, жәдидтер ұлттық буржуазиясын қамын ойлаған, феодалдық тұрмысын жойып, буржуазия билеген Еуропадан түркі тілдес халықтары кем еместігін көрсеткісі келген. Шынында да, олар демократтар еді, өйткені, демократия өзгерістері дамыту үрдісіне үлес қосады деп ойлаған еді. Жұрттың қамын ойлады. Шынында да, өз ұлттың сүйіп, оны көтергісі келді. Исламнан да бет бұрмаған, исламды хақ діні ретінде ұстаған. Бірақ та Еуропадағы тұрмыстың жақсы жақтарын өз елінде енгізгісі келген еді.

Жәдиттердің арқасында империяда «бұратана халықтар» есептелетін түркі тілдес халықтарының газеттері, журналдары пайда болған. Кітаптарды басып шығаруының мүмкіндігі туғызылған. Арабша оқуға үйрену жаңа тәсілінің арқасында көбірек адамдардың сауаты ашылды. Ұлттық рухы көтерілді. Кейін, жәдиттер саясатқа үлкен үлес қосуын бастады. Мысалы, «Алаш Орданың» азаматтары, Қоқанавтономиясында, Бұқар Халық Кеңес Республикасында, Хорезм Халық Кеңес Республикасында, Әзірбайжан Демократиялық Республикасында билігінде тұрған зиялылар не өздері жәдиттер еді, не жәдитшілік әсеріне түсіп, «төте оқудың» арқасында оқып шыққан, білімді адамдар болып кеткен. Жәдитшілік тұраншылық идеясының серігі болып кетті. Кейбір жәдиттер, мысалы, Айни, кейін большевик болып кеткен. Басқалары, керісінше, керітартпа мұсылмандармен қосылып — панисламист, діни экстремист, баспашы болып кетті.

Айраткерлер

Жәдитшілік ең жарық тұлғасы Ысмайыл Ғаспыралы еді. Еділдегі татарлардың арасында жәдидизмні Мұса Бигиев, Әбдінәсір Құршауи таратты. Кейін, жәдитшілік идеялары қазақ даласына және Түркістанға, Орта Азияға келген. Мұстафа Оразай, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, ХалелДосмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатұлы жәдитшілік толқыны арқасында өз потенциалын көрсете алған. Өзбек халқы арасында М. Бехбуди, А. Авлони, И. Рахматуллаев, М. Расули, Комил Хорезми, Ы. Абиди, З. Фахриддин-заде деген жәдиттердің аттары қалған. М. Акмулла, М. Уметбаев, Р. Фахретдинов, З. Расулев та жәдитшілік «жарық жұлдыздары» болып саналанады. Жәдитшілік өзбек коммунисті Ходжаевқа да, Әзірбайжан Демократиялық республикасының мемлекеттік қайраткері Мамед Эмин Расул-задэге де әсер етті. Жәдитшілік «Алаш», «Мұсават» тағы басқа ұлттық партияларының идеологиясына әсер етті. Ал жәдидтердің өз партиясы да еді, бұл «Иттифок-и муслимин» еді.

10. ХХ–шы ғасырдың басындағы Қазақстандағы мусылмандык реформалар
ХХ—шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт—азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақ халқын рухани жағынан да отарлады: тілінен, ділінен бірітіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды. Бұл жөнінде М.Дулатов 1907 жылы жазған " Қазағым менің, елім менің" атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: " ...ең алдымен қазақ халқы — Ресейге тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады.... Өздеріңіз көп жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып—соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді... . ... енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет—ғұрыптарымызға, біздің молдаларға да тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды.... .... енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып қазақтардың суымен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Чиновниктерде арқалаған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін иемденуде.... Бұлар сорлы қазақтарды ұрып—соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде ..." [1, 30 б.] Сөйтіп Қазақстанда ең алдымен отаршылдыққа қарсы ұлттық сұраныстарға жауап беруге бағытталған идеялар, одан туындаған қозғалыстар мен саяси партиялар құрыла бастады. Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан—жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап—тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. Сондықтан да 1905–1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Ресей қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп, нақтылы іс—әрекеттерге барды. Олар, атап айтқанда қазақ қауымын ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі жүйесін қалыптастырудың отарлық сипатын өзгертуді талап етті. Қазақ интеллигенциясының қоғамдық—саяси қызметінің тағы бір бағыты Ресейден Қазақстанға орыс мұжықтарын көшіру ісін басқаратын аударушылардың қоныс аударушы мекемелерінің қызметін тоқтату үшін саяси күрес жүргізуге арналды. Үшіншіден, ұлттық—либералдық қазақ интеллигенциясы қоғамының саяси өміріне өзін өкімет пен дергілікті халық бұқарасын байланыстыратын күш ретінде көрсетуге ұмтылды[1, 38 б.]. Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретінде тарихи дамуының негізгі ерекшелігі, оның жергілікті халқының түркі тілдес халықтардан құралуы еді. Мұсылмандар ынтымақтастығы идеясы мен олардың санасындағы ұлт—азаттық қозғалыстағы " дін бірлігі" түрік халықтарының бір туғандығы туралы, олардың тарихи тағдырының ортақтығы туралы ұғымдар тығыз байланысты болып табылады. ХХ ғасыр басында панисламизм және пантүркішілдік ұлт—азаттық қозғалыстардың идеясына айналып, тегі мен тағдыры бір түрік халықтарын жақындата түсті. ХХ ғасыр басында түрік халықтарының ұлт—азаттық күресіндегі негізгі бағытын таңдау бірігу негізіне — олардың исламға (исламшылдыққа) немесе олардың түрік қауымдастығына (түрікшілдікке) бет бұруымен тікелей байланысты болды. Пантүркішілдік, панисламизм Ресейде ХІХ ғ. 80—шы жылдарында татар интеллигенциясының мәдени—либералдық қозғалысы ретінде өмірге келді. Оның теориясының қалыптасуы мен таратылуы қырым—татар ағартушыларының қоғамдық және ғылыми қызметтерімен тығыз байланысты. Пантүркішілдіктен шыққан " жадидшілік" екі идеяның — ағартушылық пен діннің бірігуін білдіреді. Жадидшілдіктің негізін салған Исмаил Гаспаринский (1851–1914) 1883 жылы Ресейдегі мұсылмандар " тіл, идея, әрекет жағында да бірігу керек" деп атап көрсетті. Оның ізбасары Жүсіп Ақшора түркi тілінде сөйлейтін ұлттар бірігіп, бірлікке келген " ұлт одағы" болып құрылуы керек дегенді ортаға салды. 1917 жылы қазан төңкерісінен кейін түркiшiлдiктi жақтаушылар Ресейде қуғынға ұшырап, көпшілігі Түркияға кетті. Сөйтіп, бұл идея түрік зиялыларының қолына өтіп, жаңа Түркияны қайта гүлдендірудің рухани тірегіне айналды. Қазақстанға панисламизм мен пантүркішілдік идеясы ХІХ ғ. соңында келді. Бұл идеяның жақтастары дін басылар, буржуазия және интеллигенция өкілдері болды. Қазақстандағы жадидшілер жаңа әдісті мектептер ашып, онда жаратылыстану, тіл, әдебиет сияқты зайырлы пәндер басым жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырды. Ресейдегі панисламизм қозғалысының жақтастары жалпыресейлік мұсылман съездерін ұйымдастырып өткізіп отырды. Оған қазақтардан да депутаттар қатысты: І мұсылман съезі — 1905 ж., ІІ мұсылман съезі — 1906 ж., ІІІ мұсылман съезі — 1907 ж. өтті. 1905 жылы «Бүкілресейлік мұсылман одағы» (Иттифак муслимин) құрылып, оған қазақ дін басылары да мүшелікке кірді. Ақпан революциясынан кейін 1917 жылы осы идеялар негізінде біраз саяси партиялар сахнаға шықты. Мысалы; "Шура—ислами«(Ислам кеңесі), «Шура—улема» (Діни қауым кеңесі). ХХ ғ. басында әлемнің күшті империялардың түркі халықтарының бірігуінен немесе ислам дініндегілердің бір ұранның астына жиналуынан алаңдағаны сонша, ендігі жерде бұл идеялар мүлдем жат атаулар қатарына қосылды. Сол үшін де түрікшілдікті " пантүркизм" , исламшылдықты " панисламизм" деп атады. 1905 жылдардағы ресейлiк революциядан соң өрлеу алған жалпыресейлiк мұсылмандық қозғалыстар, бiрiншiден, Мемлекеттiк Дума деңгейiнде түркi және басқа мұсылман халықтарының ең өзектi саяси және әлеуметтiк мәселелерiн қоюға, оларға отаршыл билiктiң назарын аударуға мәжбүр етті. Екiншiден, татар, қазақ және басқа мұсылман елдерiнiң ұлт—азаттық қозғалысының ширауына қолдау жасап, дем берiп отырды [2, 35 б.]. Ә. Бөкейхановтың 1910 жылғы жарияланған " Қырғыздар" атты әйгілі мақаласындағы ой тұжырымдары Петербург қаласында А.И. Костянекийдің редакциясымен жарық көрген " Формы национального движения в современных государствах" деген еңбекке енді. " ... Қырғыз халқының арасында, — деп жазады Ә. Бөкейханов осы мақалада — саяси партиялар әлі пайда болған жоқ... орыстандыру саясатының ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың халықтарындай, қырғыз халқы да үкіметке қарсы пікірде және орыстың оппозициялық партияларына көңіл қояды. Жақын болашақта... қырғыздар арасында қалыптасып келіп екі саяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірін ұлттық—діни бағыттағы деп айтуға болар, ал оның мақсаты қырғыздарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі қырғыз келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт мұсылман—татар партияларын үлгі тұтар, екінші оппозициядағы орыс партияларын, атап айтқанда, халық бостандығы партиясын үлгі етпек..." [1, 35б.]. Сөйтіп, 1905–1907 жылдардағы революция кезінде қазақ қоғамында қазақ интеллигенция қатарында ұлт мәселесі жөніндегі идеялар пайда бола бастады. Бұл жылдары қазақ интеллигенциясы тарапынан Ресей жеріндегі саяси партияларды қазақ жеріне тарту жұмыстары жасалды. Мәселен, 1905 жылы Кадет партиясының бастауыш ұйымын құру жүргізілді, І—ІІІ бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайлары өтіп, " Мұсылман партиясы қоғамының" құрылуы басталды. І Дүние жүзілік соғыстың басталуы мен шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастауы 1913 жылы А. Байтұрсыновтың " Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды" деп жазғанымен дәл келіп, ұлттық мүддені көтеру мәселесі алға шықты. 1916 жылғы ұлт—азаттық революция, қазақ интеллигенциясының либералдық—демократиялық зиялылар тобы мен социал—демокртатяилық тобы болып бөлінуіне әкеліп, алғашқы ұйымдар мен қозғалыстардың басталуына тудырды. 1917 жылы 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық—демократиялық төңкеріс болып, монархия құлады. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы қуанышпен қарсы алды. Қазақтар самодержавиенің құлатылуын құттықтап, бұл фактіге өздерінің сан ғасырлық күресінің нәтижесі, 1916 жылғы ұлт—азаттық қозғалыс мақсаттарының қанағаттандыруы деп қарады. Ақпан төңкерілісі патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясаты саласында өзінің жалпы азаматтық мұраттарды—бостандықтарды, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. Революция туралы Қазақстанда ұлттық—демократиялық қозғалысынң басшылары қуанышпен қарсы алды. Кадет ұйымы Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде құрыла бастады. Олардың ұлттық мүддеге байланысты ұстанымдары жоғары айтылған мақалада айқын көрініп тұр. Кадет партиясныың мақсаты: бөлінбес біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру, қоныстандыру саясатын қолдау еді. Кадеттер басқа саяси партиялармен солдат казармаларында еңбекшілерді соғысқа қарсы, бүкіл үкімет билігінің жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің қолына көшу жолында митингілер мен пікір сайыстар өткізді. 1917 жылдың көктемінде өлкенің ірі қалаларында, уездердің көпшілігінде, болыс орталықтарының бір бөлігінде Эсер (СР) партиясының ұйымдары құрылды. Осы ұсақ буржуазиялық партияның " жерді оны өңдейтіндерге беру керек" , " жер бүкіл халықтың меншігі" деген ұрандары, Түркістандағы съезде патша өкіметінің отарлау саясатының айыптауы оның уақытша табысқа жетуін қамтамасыз етті. 1917 жылғы жазға қарай барлық кеңестер солардың қолында болды [3,35 б.]. Халықтың ауыр жағдайын шешу үшін өлкеде бірнеше съездер өткен болатын. 1917 жылғы мамыр айында өткен Ташкенттен өткен эсерлер партиясының Түркістан өлкелік съезд іс жүзінде Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халқына ұлттық автономия беруге қарсы шықты. Осыған мазмұндас сәуір айында Омбы қаласында өткен Батыс Сібір эсерлерінің конференциясында да қабылданды [1,109 б.]. Сонымен қатар қазақ өлкесінде діни сипаттағы партиялар құрылды. 1917 жылғы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде, кейін сол жылдың 17–20 қыркүйегінде өткен Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінен кейін Иттифок—муслимин (мұсылмандар одағы) партиясының құрылғанын жариялады. Бұл парттия тұңғыш мұсылман партиясы Түркістан федералистердің партиясы болды. Сол сияқты 1917 жылы 14 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде Шура—ислами ұйымы құрылды. Бұл ұйым ұлттық—демократиялық бағытта саяси күштері Алаш партиясымен қарым қатынаста болды. Мәселен, 1917 жылы " естеліктерден үзінділер" атты М. Шоқайдың естеліктерінде өлке зиялылары мен діни қызметкерлердің қоғамдық—саяси өмірге араласу, әр түрлі саяси ұйымдардың пайда болуы, Қоқан автономияның құрылуы оның Кеңес үкіметімен арақатынсы, ұлттық мүдделерді көтеру туралы деректемелік мәні зор мәліметтер молынан кездеседі. Онда Алаш қайраткерлерінің батыс және шығыс топтары жетекшілерінің қозғалыстың Түркістандық басшылар тобымен байланысты мен өзара қатынасын ашып көрсететін мәліметтер де бар. Сөйтіп, 1917 жылдың 22 қарашасында Шура—ислами Қоқан қаласында өткен Бүкіл Түркістандық төтенше ІV съезінде кеңес үкіметін мойындамау мен Түркістан автономиясын құру туралы шешім қабылдайды. Түркістанда ұлт бағдарламасын нақты іске асыру нәтижесі айқындала түсті. Империялық ойлаумен шовинистік көзқарас ұлғаю, ұлттың өзін—өзі билеу идеологиясын большевиктердің жете бағаламауын айқындады. 1918 жылы қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды. 5—ші ақпанда Қоқан қаласы шабуылмен алыр өртелді. Ресей республикасындағы құрамындағы аймақтың автономия идеясын ұсынды. Съезд " Түркістан федерациялық республикасы" парламенттік республика негізінде құрылуға тиіс деп белгіледі. Құжаттарға талдау жасау көрсеткендей, Шура—ислами сияқты, Шура—улема де Түркістанды Ресейден бөлудің сеператтық иядеяларынан аулақ болды. Көрнекті дін заңның белгілері басшылық жағдайға ие болған бұл саяси ағымдар шариғат пен әдет негіздерін қорғаумен қатар, адамзат қоғамының демократиялық нормаларын да қорғады. Бұл саяси ағымдар мен солардың негізінде иттифок—и—муслимин партиясының балама бағдарламалық идеялар ұсынғанын және патша үкіметіне қарсы біртұтас демократиялық блокка қосыла алатынын аңғармау қиын емес. Діни сипатына қарамастан, бұл саяси ағым Түркістан мен Қазақстан жеріндегі тұратын жалпыұлттық мүдделерін де білдірді. Революцияның дамуына, саяси тайталастың өрістеуіне қарай күштердің ұлттық негізінде топтасуы жүріп жатты [4,34 б.]. Мәскеуде өткен Бүкіл Ресей мұсылмандар съезіне оралайық. Съезде империяны мекендеген мұсылман халықтарының ортақ мәселелерін қарастырды: мұсылмандарға үндеу, мұсылмандардың ортақ органдары туралы, Ресейдің мемлекеттік құрылысы, аграрлық, әйел және жұмысшы мәселелері, Құрылтай алдында сайлауына дайындық, әскери мәселе, діни мәселе, оқу ағарту, жергілікті басқару, соғысқа көзқарас, Ресейлік мұсылмандарының Орталық бюросы туралы. Осы кезеңде құрылған Түркістандық Ерік партиясын да назардан тыс қалдырмаған жөн, өйткені 1919 жылдың көктемінде құрылған партяи ұлт мәселесіне көп көңіл аударды. Бұл партияның құрылуына қазақ Жанұзақов, башқұрт Вавилов, өзбек Әріпов бас—көз болды. Партияның құрылу үрдісі 1926 жылға дейін созылды. Бұл партияның ерекшілігі оның бағдарламасында бір емес, бірнеше ұлттар мен халықтардың алдындағы көкейкесті мәселелерінің көтерілуінде жатыр, яғни оның жетекшілері ұлттық мүдделерден гөрі ұлтаралық мәселелерді көре білді, жалпы халықтық мақсаттарды саралауға жеткізді [4,253 б.]. 1905 жылы басталған Алаш қозғалысы 1917 жылы қайта Алаш партиясы болып жалғастырылды. Партияның негізгі бағыты — реформистік жолмен қазақ елін жаңа белестерге көтеру. Алаштықтардың мақсаты қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру. " Қазақтарға, жаңарған Ресей азаматтарына" деген мәлімдеде Ә. Бөкейханов былай деді: " ... Ресейдің барлық халықтары үшін бостандықтың, теңдіктің және туысқандықтың күні туды. Жаңа қоғам мен жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтар ұйымдасуы керек. Жаңа қоғамды қолдайтын барлық ұлттармен байланыса жұмыс істеу қажет... Жер мәселесін тез арада талқылаңыздар. Біздің ұранымыз демократяилық республиканы және жерді одан мал шаруашылығы мен егіншілік арқылы табыс алатындарға беру. Құдайдан, басқадан қорықпаңыздар... Әділет жолымен жүріп, жаңа үкіметті қолдаңыздар. Министрліктің азық—түлік жөніндегі өкілдермен майдандағы өзіміздің жұмысшыларға көмек көрсетуіміз керек. Халықтың пікірін жеткізіңіздер..." Үндеу авторының, алдағы атқарылар негізгі үш саласы бойынша басты мақсат—міндеттерді айқындағандығын аңғару қиын емес. Олар: 1. Саяси әрекетте бірінші орында жалпыресейлік проблемалар, әсіресе үкімет туралы және мемлекеттік құрылыс мәселелері тұра керек. 2. Көшпелі және отырықшы халықтардың мүдделерін есепке алып, аграрлы мәселелердің жиынтығын ешбір кешіктірмей саяси күрестің күн тәртібіне қою. 3. Құрылтай жиналысына тиянақты дайындықтар жүргізу бұрыңғы қорғалықтық пен бас июшшіліктен құтылу жолында халықтың бірлігін нығайту қажеттілігі. 1917 жылы 28 наурызда " Речь" газетінде Ә. Бөкейханов " Заңсыз тартып алынған жерлерді қазақтарға дереу қайтарып беруді" талап етті [1, 80 б.]. Алаш партиясы атпен танылған ұлттық—демократиялық қазақ зиялыларының өтпелі кезеңдегі саяси ұйымы халық санасының қозғаушы күшін міндетін жалпы алғанда заман талабына сай адал атқарды. Алаш шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегенімен, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту кезеңі батсан кешірген өтпелі саяси ұйым болғандығына қарамастан, қоғамдық саяси өмірде араласа бастаған кезде түбірлі екі ұлттық мақсат — қазақ халқын отарлау езгіден құтқаруды және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басыт нысана етір белгіледі. Осын негізгі мақстаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік саяси міндеттерді шешуді Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді. 1919 жылы 3 тамызда А. Байтұрсынов " Революция и киргизы" шағын еңбегін жазды. Бұл еңбегінде қазақтардың бірінші революцияны қуанышпен қарсы алып, патшаның геноцид саясаты тоқталғаны мен ұлт мәселесі, мақсат—мүддесі көтеріледі деп түсінгенін айта келіп, екінші революция қазақ—қырғыз халқы үшін мүлде түсініксіз, мәні жоқ деп қарастырылғанын айтады. ... Екінші революция тек қазақ халқы үшін емес, сонымен қатар қазақ зиялылары үшін де мәнсіз деп қарастырылып анархияның басталғанын түсінді. Мәселен, Әлиханның 1918 жылы " Қазақ" № 260 мақаласында алаш халқына мынадай үндеу жазды: " ...Біздің қазақ жері қазір бұл Ресей ылаңынан аман. Алаштың баласы аман қалар ма? Жоқ па? Болжап болмайды... Аға—іні, алаштың азаматы, бірлік, бүгінгі үй ара уақ істі таста, мына қараңғы бұлт Ресей ылаңынан алаш болып қорғайтын жолға шық. Ресей мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды, бірліктен айырылсаң, мына орысша қаңғып өтеміз. Көш басталған аға, зиялы іні, жергілікті жұрт қызметін таза атқар. Жалпы жұртқа мұрындық бол!" Алдында айтылып келген фактілерге сүйене отырып, алаштықтардың контрреволюционерлермен бірігіп, 1918–1920 жылдары шетелдік интервенциямен азамат соғысы кезінде кеңестерге қарсы соғыс қималдарын жүргізді. 1917 жылы Ресейдегі Кеңестер мен Уақытша үкімет арасындағы саяси қарсылықтың тереңдей шиеленісе түсуі барысында ұлттық социалистер ұлттық буржуазиялық ұйымдарын өз іргелерін аласырақ салып, тіпті кейбір әлеуметтік—саяси мәселелер төңірегінде оларға ашық түрде шыға бастады. Осыған ұқсас, сонымен сабақтас үдерістер Қазақстанда да орын алды. Ұлттық интеллигенцияның аз бөлігі (негізінен төменгі буын өкілдері) социалистік идеяларды ұстанып, социал—демократтар немесе эсерлермен (социал—революционерлермен) ынтымақтастықта болды. Олардың арасында С.Сейфуллин, С.Меңдешев, К.Тоғысов және т.б. ерекше көзге түсті. Үш жүз 1917 жылы қазан—қараша айларында пайда болды. Әуел баста ол Алаш партиясымен бірлесе әрекет жасау мүмкіндігі туралы мәлімдегенімен, ол ойынан тез қайтты да, көп кешікпей Қазақстанның қоғамдық—саяси және әлеуметтік—экономикалық мәселелері жөнінен Алаштың басты опонентіне айналды [1, 126 б.]. Үш жүз өзінің әлеуметтік тегі жөнінен ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Оның бағдарламалық мақсат—мүдделерінің алғашқы кезде Алаштың программасынан көп айырмасы болған жоқ. Олар соғыс мәселесі жөнінде ғана Алаштан басқа позиция ұстады. Кейінірек, елде саяси хал—ахуал шиеленісіп, өкімет үшін күрес шырқау шегіне жетіп, таптық жіктеу процесі күшейген жағдайда Үш жүз іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті және Қазан революциясы жеңіске жеткен соң Алашқа қарсы ашық күреске шықты [1, 129 б.]. Жұмысшы қозғалысының дамуында жергілікті ұйымдар мен социал—демократтар тобы маңызды рөл атқарды. Қазақстанда тұңғыш маркстік үйірме Атбасарда 1896 ж. ұйымдастырылды. ХХ ғ. басында маркстік үйірмелер Ақмолада, Петропавлда, Оралда, Қостанайда, Семейде, Верныйда пайда болды. 1905 ж. бұрын құрылған маркстік үйірме негізінде Петропавл және Оралда РСДЖП ұйымдары, Қазалы мен Түркістанда социал—демократтар тобы, ал кейінірек — Ақмола, Көкшетау, Ақтөбе, Павлодар және басқа қалаларда рәсімделді. 1906 ж. РСДЖП ұйымы Семейде құрылды. Солардың ішінде ең ірісі Петропавл ұйымының құрамында 147 адам, Оралда — 150 адам болды. Бірінші орыс революциясы жылдарында Қазақстанда социал—демократтар саны шамамен 500—ге жетті. Өлкедегі социал—демократтар топтары мен ұйымдары теміржол желілері бойындағы қалаларда, теміржол шеберханалары мен деполары орналасқан станцияларда пайда болды [5, 88–145 б.]. Міне осылай, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ қоғамына жақын емес, таптық жіктелудің күшеюімен алғашқы қазақ партиялар мен қозғалыстар қалыптасты. Қорытынды жасасақ, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ өлкесінде Кадет, Эсер, Алаш, Үш жүз, Шура—и—Ислами, Муслимин—и—иттифок, Ерік саяси партиялар құрылған еді. Кадет, Эсер партиялары ұлттық мәселелерді көтерген жоқ, ұлттық идеяларға қарсы болған, тек билік жолына ұмтылған, жалпы халықтық мәселелерді жамылып алған, қазақ өлкесінде үлкен нәтижелерге жете алмаған көз бояушы партия қатарына жатқызуға болады. Ұлттық мүддені көтере білген қалған партиялардың ішінде Шура—и—Ислами, Муслимин—и—иттифок негізгі басым бағыты діни ұстанымдарға, соның нәтижесінде мұсылмандық, діни мүддені көтеруге кетіп қалған партиялар. Ұлттық мүддені көтерген Алаш, Үш жүз партиясы болды. Бірақ, Үш жүз партиясы ұлттық мүддені көтерсе де, билік жолындағы талас—тартыста бұзылып, күштері басым жаққа ауысқан партия деуге болады. Ал Алаш сол кезде нағыз ұлт мәселесін көтеріп, ұлт алдында адал қызмет атқарған партия болды. Сонымен, ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында түрлі саяси ағымдар, көзқарастар өрістеді. Түркішілдік, исламшылдық, ұлттық—демократиялық, социал—демократиялық қозғалыстар қалыптасып, дамыды. Бұл ағымдардың саяси өзегін интеллигенция өкілдері, соның ішінде ұлттық интеллигенция өкілдері құрады. Интеллигенция өкілдерінің қоғамдық—саяси қызметінің негізгі түрлері: саяси баспасөзді дамыту, петициялық қозғалыстарды жетілдіру, бүкілқазақ съездерін шақыру, мұсылман съездеріне қатысу, думалық қызметтерге араласу, ең маңыздысы қазақ халқының мүддесін барлық жерде қорғау болды.

11-12-13. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен көзқарастың қалыптасу белесінде халқымыздың өткен жолы мен оның рухани түлеуін тану құралы ретіндегі тарихи ғылымының көкейкестілігі, мән-мағынасы күрт кеңейіп, толыға түсуде. Отандық тарихнамада тарихты бұрынғысынша түсінуден арылып, оны қайта қарап, соны талдау жасау белең алып келеді. Зерттеушілерге ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезеңі ерекше ынта-ықылас туғызатыны даусыз. Ресейде капиталистік қатынастардың дамуы орталықтағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл отарлық шет аймақтардағы өмір салаларында да- экономикада, мемлекеттік құрылымда, мәдениетте ғаламат өзгерістерге жеткізді. Жаңа экономикалық укладтың объективті заңдарының ықпалымен қазақтың қоғамдық санасында елеулі өзгерістер орнығып, ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады.[1] Кеңес үкіметі кезінде қоғамдық ғылымда үстем болып келген таптық көзқарас ұғымы әрбір адам мен әрбір халықтың жеке өзінің бостандығы, бүкіл адамзат мәдениетіндегі жетістіктерге еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адам баласына тән өркениетті игеру жолында құжырлылықпен күрескен ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ интеллигенциясының қызметін объективті зерттеуге кедергі жасады. Қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихы, осы процестің тарихи-мәдени алғышарттары бір жақты қарастырылды. Қазақ интеллигенциясы алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің ықпалымен қалыптасып, дамыды деген сыңаржақ қағида орын алды. Қазақ интеллигенциясын қалыптастырудағы ұлттық рухани бастау-көздер, қоғамда орын алған әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайлардың ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ интеллигенциясының жеңе легінің пайда болуы мен оның нақтылы іс-әрекетіне жасаған әсері зерттеушілер назарынан тыс қалды. Ал Алаш қозғалысының пайда болуына ұйтқы болып, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің белсенді қайраткерлері болған Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлт зиялылары "халық жаулары" деген жалған жалалармен айыпталып, олар туралы айтуға да жазуға да ресми түрде тыйым салынды. Осынау күрделі тарихымыздың кезінде зерттеуге тыйым салынған "ақтаңдақ" беттерін саралау бүгінгі күн тарихшыларының алдындағы үлкен міндеттердің бірі. Демек, қарастырылып отырған тақырыбымыз арнайы ғылыми зерттеу объектісі болуға әбден лайық, тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі.[2] ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды, адамдардың өздерін күш қолданатын революция емес, қоғам мүшелерінің санасын өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңғырту практикасына тартылуы ғана өзгерте алады деп санап, қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге асырды. Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай өзгерістерге қатыса алмайды және оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған бірдей дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жеке дара белгілемейді, қайта адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеумен кәсіби тұрде айналысатын интеллигенттер анықтайды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында Қазақ газеті мен Айқап журналы төңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы осындай интеллектуалдар тобы болды. Ұлттық зиялы қауым ХХ ғасырда біршама тарих сынынан өтті. Монархтық Ресейдің ХIХ ғасырда жүргізген отаршылдық саясаты күрескер, ұлтшыл азаматтардаң өмір сахнасына шығуына себеп болды. Аталған режим өз бағытын негіздеу үшін қазақ даласында орыс-қырғыз школдарын ашып, ұлт интелигенциясын ықпалында ұстағысы келді.[3] Бірақ бұл керісінше болып шықты. Жастардың бірден-сараны алдауға ергені болмаса, көбі отаншыл, елжанды боп өсті. Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамедсалықтарды үлгі тұтты. Алайда бұлардың бәрін отаршылдық жүйенің құрбаны деп есептеді. Тіпті олардың тосыннан келген ажалына осы режим кінәлі деп санады. Сондықтан ендігі жерде топтаса күресудің, сауатты саяси текетірестің амалын қарастырды. Осы көзқарас жаңа тұрпатты интеллигенцияның ой-сана темірқазығы еді. ХХ ғасырдың басындағы, қазақ халқының идеологиялық өкілдері рөлін атқарған қазақ ұлттық демократиялық интеллегенциясы өзінің алдына халқын дағдылы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең жоғары мұраттарына бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Ол қазақ халқының объективті мүдделері мен жағдайын жүйеге түсірілген теориялық білім ретіндегі идеолдогиялық деңгейде ұғынып білдіруге, оның саяси күрес бағдарламасын тұжырымдауға ұмтылды. Демократиялық ұлттық интеллегенция қоғамның таптарға бөлінуі мойындамай бүкіл халық атынан әрекет етті. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресте көмектесуге ұмтылды, әрбір адам мен әрбір халықтың жеке бостандыққа және бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адамзаттық қазыналар жолында күресті. Осы мақсатпен қазақ интелегенциясы 1905 жылдан бастап саяси қызметті қызу өрістетті. Қазақ интелегенциясы саяси қызметінің қорытындысында «Алаш» партиясы құрылды.[4] Саяси күреспен қатар қазақ интелегенциясы ағартушылық қызметті де кеңінен өрістетті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интелегенциясы дәрігерлердің, саясатшылардың, судьялардан, ақын- жазушылардан қаралып, мұның өзі қазақ ғылымының орнығып, алғашқы қадамдар жасауы үшін А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев ж.б. қыруар істер тындырды.[5] Мәселен, Ә. Бөкейханов қазақ халқының саяси және құқықтық сана- сезімін қалыптастыру жөнінде көп іс тындырған тамаша саясатшы ғана емес, сонымен қатар ғұлама экономист, әдебиетші және тарихшы болған. Оның қазақ халқының тарихын, әлеуметтік- экономикалық жағдайы мен мәдениетті зерттеуге арналған монографиялық мәні бар «Қазақтар» атты мақаласы 1910 жылы Петербургте жарияланды. Қазақ интеллегенциясының шығармаларында қоғамның негізгі идеялары, ой- пікірлері мен көзқарастары қарастырылған. Олар өз мақалалары мен кітаптары арқылы өз халқын ғасырлар бойы мүлгіген тіршіліктен оянуға, оны экономикалық және рухани тәуелділіктен азат етуге, өркениетті даму жолын нұсқауға ұмтылды. Қазіргі кезге дейін құнын жоғалтпаған А. Байтұрсыновтың «Маса» және М. Дулатовтың «Оян, қазақ» кітаптары нақ сол мақсатқа арналды. Қоғамды демократиялық жолмен жаңғырту жолындағы қозғалыс, әсіресе бірінші орыс революциясы самодержавиені біраз кеңшіліктер жасауға мәжбүр етті. Бастапқыда олар саяси салада булыгиндік Дума құрудан көрінді. І Мемлекеттік Думаның жұмысына қазақтың көзі ашық, зиялылары: Торғай облысынан- А. Қ. Бірімжанов, Уфадан- С.С.Жантөреев, Оралдан- А. К. Кәлменов, Астраханнан- Д. С. Ноян- Түндітов, Ақмоладан- Ш. Қосшығұлов және Семейден Ә. Бөкейхановтар қатысты. 1907 жылғы 20 ақпанда ашылған ІІ Мемлекеттік Дума құрамына қазақ халқынан оқыған мына зиялы азаматтар енді: Ақмола облысынан- Ш. Қосшығұлов, Торғайдан- Ғ. Бірімжанов, Семейден- М. Тынышбаев, Сырдариядан- Т. Аллабергенов, Оралдан-Б. Қаратаев, Астраханнан-Б.Құлманов.[6] Қазақ интеллигенция өкілдері Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуымен қазақ халқын сырттан жасалатын күйретуші әсерден қорғайтын қандай да бір заң қабылдауға қол жеткізуді мақсат етті, дегенмен де олардың Думаға қатысуының ең басты нәтижесі, негізінен, оның қазақтың ұлттық бірлігін нығайтуға және олардың саяси деңгейін көтеруге көмектескендігінде болды. Қазақ халқының Ресей империясына ортарлық құлдыққа түскен бүкіл кезең ішіндегі азаттық жолындағы күресінің шырқау шыңы 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысы болды. Қазақ халқының тарихында 1916 жылғы оқиғаларда қазақ интеллегенциясының алған орны мен атқарған рөлі туарлы мәселе ең жанға батарлық мәселеге айналды. «Алаш» партиясының негізі болған «буржуазияшыл- ұлтшыл» деп аталатын интеллегенция «қазақ халқының жауы және сатқандары», «барып тұрған контреволюционер», «патша малайлары» және т.б. сияқты ұғымдармен көрсетілді.[7] ХХ ғасырдағы ұлт интелигенциясы тарихында аумалы-төкпелі оқиғалар көп болса да, үш сапалық кезеңі аңғарылады. Олар 10-20 жылдардағы Алаш зиялылығы кезеңі, 50-60 жылдардағы ғылыми-шығармашылық интеллигенцияның өрістеу кезеңі, 80-90 жылдардағы қоғамның ояну кезеңі. Алаш зиялылығы кезеңінде өркениетті мемлекет құру мәселесі, ұлттың тағдыры болашағы күн тәртібіне қойылды. Бұл жолдағы күресті Ресей шындығындағы құқықтық жолмен жүргізу көзделді. Ашық тартысқа шығуға бодандықтан еңсесі түскен елдің жайы мұрша бермеді. Оқығандардың Ресейдегі түрлі партияға кіруі, ақырында одан күдер үзіп өздерінше саяси партия құруы, әрқилы шаруашылықтық- экономикалық механизмдермен қоғамдық-әлеуметтік шаралармен ел әл- ауқатын жақсартуға қам жасауы, айлық, жылдық учительдік курстарды ашуы, негізгі мықты,бағыты анық газет-журналдар шығаруы- ХХ ғасырдың 10 жылдарындағы жетістіктер. 1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс Алаш қозғалысына тұтқиылдан соққы болып тиды. 1919 жылдан бастап зиялылар күрес тактикасын өзгертті. Оқу-ағарту, баспасөз саласында жүріп халықтың деңгейін көтеруге тырысты. 1926 жылы мемлекеттік ұлт театрын құрды, 1920-1929 жылдары ғылымның барлық саласы бойынша оқулықтар жазды. Қазақ ән-күйлері нотаға түсіріліп алғашқы киносценарий жазылды, фольклорлық мұралар жинастырылды. Академиялық орталық құрылды. Осы істерге Әлихан, Ахмет, Міржақып, Смағұл, Тұрар, Сұлтанбек, т. б. ұйытқы болды. 20 жылдардың соңы мен 30 жылдары ұлт интеллигенциясы жаппай репрессияланды. Алаш зиялылығының тоталитаризм кезеңінде шет елде жалғасып, үмітті өшірмеген уақыты да болған. Бірақ эмиграцияға кеткен қазақ саусақпен санарлықтай. Алғаш шетке кеткен (1918) Мұстафа Шоқай 1941 жылы өлтірілді. Сонда жүріп ызбарлы Кеңеске қарсы біраз еңбек жазғанымен, барын бере алмай кетті. Зәки Уәлиди секілді естелік жазуға да ғұмыр бұйырмады. 1922 жылы Қытай асқан Райымжан Мәрсековтің онда немен айналысқаны бізге белгісіз. Бірақ ол да сонда 1937 жылы өлтірілді. Анығы: Мұстафа, Райымжан сынды рухы күшті жандар алаштың келешегі үшін басын бәйгеге тіккені.[8] 50-60 жылдары ғылыми-шығармашыл интеллигенцияның өрісі кеңейді. Мұхтар, Сәбит, Ахмет, Шәкен, Әлкей, Қаныш, Әбілхан т.б соңынан мол шәкірт ерді. Алғаш филиал ретінде құрылған ғылым академиясы іргелі ғылым жасауға ұйытқы болды. Әл-Фараби, Абай құбылысы зерделене бастады. Білімді қаламгер, сауатты оқырман өсіп шықты. Әдебиетшілердің санаткерлердің жаңа толқыны өмірге келді. Жас тұлпар секілді ұйымдар туды. Шенеуніктер мәдениетке ынтық болды. Белгілі жағдайлармен соғыс жылдары ашылған өнер ошақтары мен оқу орындарында ұлт интеллигентері көбейді.[9] Қазақ интеллигенциясының басты сіңірген еңбегі мынада: ол бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде байқап, қазақ қоғамын да қозғалысқа келтіру амалдарын іздестірумен айналысты, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланып, туған халқын феодалдық- патриархаттық мешеуліктен шығаруға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогресс, мемлекеттік тәуелсіздік алу жолдарын көрсетуге ұмтылды. Қорытындылай келе айтарым қазақ даласындағы ұлттық қозғалысқа интеллигенция жаңа тыныс берді. Тарихи тәжірибенің дәлелдеп отырғанындай, әлеуметтік күрт өзгерістер кезеңдерінде әрқашанда интеллигенция белсенділігімен, дербес бастамасымен ерекшеленіп отырған. Әлеуметтік, интеллектуалдық және адамгершілік сезімі жоғары интелигенция жеке адамның қоғамда алатын жағдайы туралы, оның санаға және сана-сезімге қатынасы туралы мәселе туралы мәселе көтерді.

13. XXғ басындағы қазақ интеллигенциясының мұсылмандық қозғалыстарға қатысуы

Наши рекомендации