Сабақтас құқықтардың объектiлерi 3 страница

6. Адамдардың жеке өмірі тек қоғамның мүддесі тұрғысынан алғанда ғана тақырып бола алады. Бұдан тыс жағдайларда адамдардың жеке өмірі туралы мәлімет таратуға болмайды.

7. Журналистік тексеру шеңберінде шындығына жетуге болатын ақпараттар мен фактілерді растығы анықталмайынша ақпарат ретінде көпшіліктің талқысына ұсынуға болмайды.

8. Оқырмандар мен басқа да жекелеген адамдар құпия қалу (конфиденциалды) мақсатымен тапсырған мәліметтерді бұқараның мүддесіне айтарлықтай дәрежеде зиян тиюі ықтималынан тыс жағдайларда әшкерелеуге болмайды.

9. Бір бұқаралық ақпарат құралының өз еңбегімен тапқан ақпаратын (хабарын, өнімін, шығармасын) сол органның таратылу процесі аяқталмайынша екінші бұқаралық ақпарат құралы өзінің өніміндей қолдана алмайды. Ақпарат агенттіктерінен келіп түскен ақпараттарды пайдаланғанда агенттіктің аты аталуы тиіс.

10. Сот үкімімен «қылмысты», «айыпты» яки «кінәлі» саналмайынша ешкімді қылмысты, айыпты, кінәлі деп жариялауға болмайды.

11. Журналист ақпарат көзін жасырын (аноним) сақтауға құқықты. Бірақ, қоғамдастықтың пікіріне экономикалық, саяси немесе жеке басының мүддесі тұрғысынан қысым жасау мақсатымен таратылған ақпараттардың көзін айтуға міндетті.

12. Журналист өзінің кәсіби міндеттерін журналистиканың абырой-беделіне дақ түсірмейтін әдістермен жүзеге асыруға міндетті.

13. Журналист қатыгездік пен зорлық-зомбылықты уағыздайтын, сонымен қатар адами құндылықтарды рәсуа қылатын ақпараттарды таратпайды.

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын жарнамалар да жоғарыда аталған қағидаларға сәйкес болуы керек.

15. БАҚ қате таратылған мәліметтерді түзету міндетін орындайды»

Швеция Корольдігінің парламенті «Риксдаг» 1974 жылы қабылдаған «Баспасөз еркіндігі туралы Актінің» көптеген баптарында «қоғамдық тыныштықты сақтау мақсатымен қабылданған заңдарға қайшы» ақпараттарды таратуға тыйым салынған. Аталмыш заң рухани мәдениет мүдделеріне қайшы және жеке тұлғалардың құқықтарын бұзатын ақпараттарды таратуға да тыйым салады. Бұл елде алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдерін жарнамалауға шек қойылғаны сондықтан. Осы заңның 2-тарауы бойынша ресми құжаттарды пайдалануға мына себептер бойынша тыйым салынады:

1) Мемлекеттің қауіпсіздігін яки оның басқа мемлекетпен немесе халықаралық ұйыммен қарым-қатынастарының қауіпсіздігін сақтау.

2) Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы, ақша немесе басқа валюталық саясатын қорғау.

3) Жалпы экономикалық мүдделерлі сақтау т.т.

Журналистерге қойылатын талаптарды (арнайы жоғары білім, құқықтық сауаттылық, белгілі қылмыстар бойынша сотталмағандық, тіл т.т.) күшейту керек. Журналистікке қабылданған азаматтардың «ант» бергені жөн.

6. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының еліміздегі іс-әрекеттері мен басылымдарын, теле-радио хабарларын заң талаптарына сәйкестік тұрғысынан тексеру керек. Кейбір елдердің заңдарында жауапты редактор яки құрылтайшы болу үшін сол елдің азаматы болу шарты келтірілген. Шетелдік БАҚ Сыртық істер министрлігі және Ішкі істер министрлігінен арнайы рұқсат алуы мәселесі айқындалуға тиісті.

7. Интернет, Х-25, Х-45, э-почта сияқты электрондық ортаны пайдалану арқылы таратылатын ақпараттар мен мәліметтердің заңдағы мәртебесін (статус) белгілеген жөн. Әсіресе, осындай қызметті берушілер (сервис провайдер) уә пайдаланушылардың құқықтық жауапкершілігі нақтылануға тиісті. Мұндай заң Батыс елдерінде (мәселен, Германиядағы мультимедия туралы заң) мемлекет (э-мемлекет, e-state) және мемлекеттік емес құрылымдардың ресми құжаттарына қойылатын талаптарды белгілейді.

8. Мемлекет органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен қатынастары, атап айтқанда журналистердің ресми жыйындарға қатысуы (аккредитациялау) және мемлекет органдарынан мәлімет алуы тағы да нақтылануы керек. Швейцария мемлекетінің парламенті 1994 жылы қабылдаған «Жұртшылықты мәліметтендіру туралы Заңында» бұл мәселе егжей-тегжейлі шешілген.

9. Мемлекетіміздің унитарлық сипатына, ұлттық егемендігіне, ұлттық қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке, қоғамдық мүддеге, денсаулық пен моральдық құндылықтарға қарсы басылымдардың елімізде шығарылуы немесе шетелдерден елімізге кіргізілуі мәселесі БАҚ туралы заң актілерінде қарастырылуы және Үкіметтің қажетті шараларды қолдануы нақтылануы тиіс.

2.

14 билет

1. Авторлық құқық объектiсi. Жалпы ережелер

1. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.

2. Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:
1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);

2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты);

3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);

4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты);

5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты);

6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.

3. Заңның осы бабының 1-тармағында аталған белгiлерi бар және дербес қолдануға болатын туынды бөлiгi (оның атауымен, кейiпкерлердiң атауларымен қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.

4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.

5. Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi меншiктену құқығымен байланысты емес.
Қандай да болсын материалдық объектiге меншiк құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген туындыға авторлық құқықтың берiлуiне әкеп соқпайды.

Сабақтас құқықтардың объектiлерi

Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады.

2. Авторлық шарттың ережелерi. Авторлық шарттың
нысаны. Авторлық шарт бойынша жауапкершiлiк

1. Авторлық шартта:

1) туындыны пайдалану әдiстерi (осы шарт бойынша берiлетiн нақты құқықтар);

2) құқық берiлетiн мерзiм мен аумақ;

3) сыйақы мөлшерi және (немесе) туындыны пайдаланудың әрбiр әдiсi үшiн сыйақы мөлшерiн белгiлеу тәртiбi, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ тараптар осы шарт үшiн маңызды деп есептейтiн басқа да жағдайлар көзделуге тиiс.

2. Авторлық шартта құқықтың берiлу мерзiмi туралы ереже болмаған жағдайда, егер пайдаланушыға бұл жөнiнде шарттың бұзылуына дейiн үш ай бұрын жазбаша хабарланған болса, автор шартты ол жасалған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұза алады.

3. Авторлық шартта құқық берiлетiн аумақ туралы ереже болмаған жағдайда шарт бойынша берiлетiн құқықтың қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.

4. Туындыны пайдалануға авторлық шарт бойынша тiкелей берiлмеген құқықтар берiлмедi деп саналады.

5. Шарт жасалған кезде белгiсiз болған туындыны пайдалану құқықтары авторлық шарт мәселесi бола алмайды.

6. Сыйақы туындыны тиiсiнше пайдалану әдiсiне сәйкес түсетiн табыс процентi түрiнде авторлық шартта немесе, егер мұны туындының сипатынан немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне байланысты жүзеге асыру мүмкiн болмаса, шартта көрсетiлген сома түрiнде не басқаша түрде белгiленедi.

7. Авторлық шарт бойынша берiлген құқықтар, егер ол тек шартта тiкелей көзделген болса, басқа адамдарға түгелдей немесе iшiнара берiлуi мүмкiн.

8. Осы Заңның 14 және 33-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автордың болашақта жасайтын туындыларын пайдалану құқықтары авторлық шарт мәселесi бола алмайды.

9. Автордың болашақта белгiлi бiр тақырыпта немесе белгiлi бiр салада туынды жасауына шек қоятын авторлық шарт ережесi жарамсыз болып табылады.

10. Осы Заң ережелерiне қайшы келетiн авторлық шарт ережелерi жарамсыз болып табылады.

11. Авторлық шарт жазбаша түрде жасалуға тиiс. Туындыны мерзiмдi баспасөзде пайдалану туралы авторлық шарт ауызша түрде жасалуы мүмкiн.

12. Электрондық нысанда жасалған туындылардың, соның iшiнде ЭЕМ-ге және деректер базасына арналған бағдарламаның даналарын сату кезiнде, сондай-ақ көпшiлiк пайдаланушыларға оны пайдалануға рұқсат беру кезiнде оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де шарт нысандары мен оларды жасасу тәртiбiн қолдануға болады.

13. Авторлық шартта көрсетiлген мiндеттердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған тарап екiншi тарапқа келтiрiлген залалды, соның iшiнде алынбаған пайдасын өтеуге мiндеттi.
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. № 586 Заңымен.

33-бап. Тапсырыстың авторлық шарты

1. Тапсырыстың авторлық шарты бойынша автор шарт ережелерiне сәйкес туынды жасап, оны тапсырысшыға беруге мiндеттенедi.

2. Тапсырыс берушi шартта келiсiлген сыйақы есебiнен авторға аванс төлеуге мiндеттi. Аванстың мөлшерi, төлеу тәртiбi мен мерзiмi тараптардың келiсуiмен шартта белгiленедi.

3. Тапсырыс шартының ережелерiне тапсырыс туындысын табыс етпеген автор тапсырыс берушiге келтiрген нақты зиянды өтеуге мiндеттi.

3. 25-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды
бұзу үшiн жауапкершiлiк негiздерi

1. Азаматтардың немесе ұйымдардың (мемлекеттiк органның, азаматтардың қоғамдық, шығармашылық, ғылыми, дiни не өзге де бiрлестiгiнiң және заңды тұлғалардың) ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi тарату, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сотқа ықпал жасау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

2. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшiн мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың оған кiнәлi лауазымды адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының иесi, таратушысы, бас редакторы (редакторы), таратылған хабарлар мен материалдардың авторлары жауапты болады.

2-1. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi, бас редакторы (редакторы) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi , оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi , соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-таптық және рулық артықшылықты , қатыгездікті, зорлық пен порнографияны насихаттап , үгіттейтін хабарлар мен материалдарды таратқаны үшін, олардың алынған көздеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.

3. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату
үшін жауапкершіліктен босатылатын реттер

Бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін:

1) егер бұл мәліметтер ресми хабарлар мен құжаттарда айтылған болса;

2) егер олар жарнама және ақпарат агенттіктерінен немесе мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінен алынса;

3) егер олар өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының және азаматтардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса;

4) егер олар алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтіндерде айтылса;

5) егер бұл мәліметтер осы Заңның 18-бабына сәйкес міндетті хабарларда айтылса, бас редактор (редактор), сондай-ақ журналист жауапты болмайды.
Қазақстан Республикасының

15 билет

1. Елдің сөз бостандығы БАҚтардың бостандығымен өлшенеді. Ал, БАҚтардың бостандығын қандай көрсеткіштер анықтайды? Нақтылай атасақ:

бұқаралық ақпарат құралдарының заң мен ықпал жүзіндегі орынсыз шектелмеуі;

биліктегі үдерістердің БАҚ тарапынан бақылауда болуы, яғни биліктің БАҚтарға біржақты ақпараттың ұсынылуы емес, олардың сұранысының толық қанағаттандырылуы;

журналистердің материалдық жағынан тәуелсіз болуы.

Қазақстан БАҚ-ы тілге байланысты екі түрлі топты қамтып отыр. Елдегі орыстілді БАҚтар барынша еркін, ықпалды және материалдық жағынан молынан қамтылған. Ал, Қазақстандағы 60 пайызды қамтитын қазақтілді ақпарат тұтынушыларын қазақтілді БАҚтар ақпаратпен ойдағыдай қанағаттандыра алмай отыр, соның кесірінен қазақтілді бұқаралық ақпарат тұтынушыларының саны мен сапасы құлдырап, оның есесіне орыстілді БАҚтар гүлденуде. Өйткені, орыстілді аудиторияны қазақстандық БАҚтармен бірге заңсыз түрде ресейлік БАҚтар да экспанциялық сипаттағы мүмкіндігімен қамтуда. Бұл туралы Парламентте де ресми мәселе көтерілуде. Сондықтан да сөз бостандығы азаматтардың ақпаратпен әділетті түрде қамтылуы жөніндегі аспект ретінде де қаралуы керек.

Қазіргі кезде Қазақстандағы қазақтілді БАҚтардың бостандығы жөніндегі әңгімеден гөрі қазақтілді БАҚтарды құтқару мәселесі пайда болып отыр. Оларды неден құтқару керек?

қаражаттық кіріптарлықтан: елдегі жарнаманың 100 пайызы орыс тілінде беріліп, кейбіреуі ғана қазақшаға амалсыз аударылады, соған сәйкес қазақтілді БАҚ жарнамадан табыс таба алмауда;

саяси-идеологиялық кіріптарлықтан: қазақтілді журналистерді мамандыққа даярлайтын оқу орындарының бір-екеуінен басқасы қазіргі заманғы журналистиканы меңгермеген, кеңестік әдістемеден арылмаған, тоталитарлық санадағы насихатшылықтан ада болмай отыр;

біліктілік кіріптарлықтан: қазақ журналистері ескі әдістемелік оқу жүйесімен, практиканы меңгермеген күйі диплом алып шығуда, олар өздерінің қоғамдық миссиясын күнкөріспен ғана шектеуде, төртінші биліктің тұтушысы болу қабылетінен айырылған кеңестік мұғалімдер сабақ беруде.

Сөз бостандығы азаматтық қоғам дамуының басты күтілген нәтижелерінің бірі болуға тиіс; бұл тараптан алғанда, қазақ журналистикасының дамуына мониторинг жасалмақ түгілі, оны дамыту бағдарламасы жоқ. Керісінше, журналистиканы тәуелділікке итермелейтін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс деген желеумен атқару билігінің шараларын біржақты насихаттауға арналған ақша мен сыйлық үлестіріледі.

2. . 5-тарау. Журналистің құқықтары мен міндеттері

20-бап. Журналистiң құқықтары

Журналистiң:

1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;

2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға;

4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға;

5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға;

6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;

7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;

8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;

9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;

10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.

21-бап. Журналистiң мiндеттерi

Журналист:

1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;

2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;

3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;

4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.

16 билет

1. сөз бостандығын қорғау жөніндегі "Әділ сөз" қорының төрайымы Тамара Калееваның пікірін мысалға келтірген. Оның пайымдауынша, соттың В.Михайловқа қарсы әрекеттері "қалалық әкімшіліктің "Диапазон" газетін қаржылық тұрғыда құрдымға кетіруге бағытталған талпыныстарының" бір көрінісі болумен бірге "алдағы күзге белгіленген парламент сайлауы қарсаңында тәуелсіз оппозициялық бұқаралық ақпарат құралдарының үнін тұншықтыруға мәжбүрлеуді мақсат тұтқан үкімет саясатының бір құрамдас бөлігі" болмақ.

Журналистерді қорғау жөніндегі комитеттің атқарушы директоры Қазақстан президентін "қоғам өкілдерінің деректерді мұқият зерттеуге деген талпыныстары мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сынап-мінеуіне жергілікті және жалпыұлттық басшылардың төзімділікпен қарауы үшін" "қолдан келгенінше қолғабыс жасауға" шақырды. "Қоғамды ақпараттардан құлағдар ету жөніндегі кәсіби ролін нәубеттен қорыққан журналист ешқашан дұрыс атқара алмайды",- дейді Э.Купер.

Оның пікірінше, "Республика басшылығы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009-жылы төрағалыққа сайлану арқылы бұрынғы Кеңестік республикалар арасында адам құқықтарын қорғау саласында жетекші роль атқаруға мүдделілік танытып отырғанын ескерсек, мұндай шара - Қазақстанда демократияны дамытудағы оң қадам болмақ".
Источник:http://kaz.gazeta.kz/art.asp?aid=33295
Использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на конкретную страницу сайта в первом абзаце и в конце публикации с указанием источника (медиа-портал Gazeta.kz, гиперссылка на страницу сайта). Использование скриншотов с видео, фотографий и иллюстраций запрещается без письменного разрешения редакции ([email protected])

17 билет

1. Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.[1] Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.

Мақсаты[өңдеу]

Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:

бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;

ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;

халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;

осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.

БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.

БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.

Наши рекомендации