Тапсырма. а) Схема бойынша жоғарыдағы жоспар қалай толықтырылғанын айтыңыз
а) Схема бойынша жоғарыдағы жоспар қалай толықтырылғанын айтыңыз.
Ғылым мен мәдениеті |
ҚАЗАҚСТАН |
Өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан ның орналасқан жері |
Табиғаты, географиялық ерекшеліктері |
Тарихи жерлері |
Ғылым мен мәдениеті |
Қазақ халқы |
Мемлекеттік рәміздері |
ә) Схемаға сүйене отырып Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеп беріңіз.
6-тапсырма.Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Келіссеңіз, өз ойыңызды дәлелдеңіз.
Туған жердің тарихын білу - әрбір адамның қасиетті борышы. Өз халқының тарихын, әдебиетін, мәдениетін меңгерген адам ғана өзге халықтардың мәдениетін сыйлай алады.
7-тапсырма.Мына сөздердің синонимін анықтаңыз, сөйлем құраңыз.
Ұлан байтақ, әйгілі, негізгі, кідіреді.
8-тапсырма.Сұхбатты толықтырыңыз.
- Асқар сен білесің бе? Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
- Иә, білемін. Ол..?
- Ал, Қазақстанның шекарасы туралы не айта аласың?
- ?
- Біздің еліміздің қазба байлықтары туралы не айтуға болады?
- ?
- Біздің еліміз қандай ұйымға мүше болып кірген еді?
9-тапсырма. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Халық өнер адамдарын аса...
2. Қолөнер ежелден жақсы...
3. 1992 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары...
10-тапсырма.Сөздердің орын тәртібін анықтаңыз, сөйлемді дұрыс құрыңыз.
1. Қабылдануы, Қазақстан, негізгі, Республикасының, 30 тамызда, 1995 жылы, Заңы, Конститутциясы.
2. Ғылымы, жоғары, ел, дамыған, мен, мәдениеті, Қазақстан.
3. Белгілі, жері, бай, та, қызық, тарихымен, қазақ.
11-тапсырма.Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы сұхбат құрыңыз.
12-тапсырма.Мына сөйлемдердің интонациясын анықтап, түрлендіңіз.
Мына мәтінді оқы. Бұл тапсырманы мен орындадым. Елімізде кәсіпкерлікті қолдау басталды. Кәсіпкерлік тәуекелшілдікке бастайды. Жаңашыл адам – табыскер. Заманауи маман қандай болу керек? Баян – инженер. Көрмелер арқылы жаңашылдарды анықтадық. Табыс көзі – еңбек. Сен Лондонға барасың. Біз бұл оқиғаны естігенде ... Ержан салық төлеген шығар? Бүгін ауа райы жаңбыр жауатынға ұқсайды. Салықтың сомасы өскен болар.
13-тапсырма.Мына хабарлы сөйлемдерді лепті, сұраулы, бүйрықты сөйлемдерге айналдырып, интонацияның қызметтерін анықтаңыз.
Мен қаржыгер боламын. Бизнесті дамытуға көп күш, қайрат, жігер керек. Асан мемлекеттік және жергілікті басқару бөліміне оқуға түсті. Есепші мамандығын меңгеру үшін көп оқу қажет. Менің досым «Есеп және статистика» факультетін қызыл дипломмен бітірді. Есет, үйге тезірек кел. Туған елдей ел жоқ, туған жердей жер жоқ. Алматы – біздің тәуелсіздігіміздің алтын бесігі, мемлекетіміздің алтын діңгегі. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – «банктердің банкі». Астана келбеті – ұлт келбеті. Ыстық қой, шіркін, туған жер. Төлемақы төлеушілер кешіктермей тең үлестер төлейді. Дара кәсіпкерлер жылдын-жылға көбейіп жатыр. Жеке тұлғалар үшін жаңа салықтар белгіленді. Қоршаған ортаны қорғау – ортақ іс.
14-тапсырма.Мына сұраулы сөйлемдердің интонациясына қарап, жасалу жолдарын анықтаңыз.
Қазақстанның Ұлттық банкі қандай қызметтер атқарады? Шаруа қожалықтары, олардың бірлестіктері, жалгерлер және жеке еңбек қызметімен айналысушы тұлғалардың саны биыл өсті ме? Экономикадағы инфляция келіп жатқан шығар? Әсия бағалы қағаздар сатып алган болар? Бухгалтерлік есеп бүкіл халықтық ілімге жата ма? Есеп саясатының мақсаты не? Жалпы табыс өзіндік құн сомасының айырымын есептеу шығару көрсеткіші болып табыла ма? Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар көп шығар? Сыйақы төлеудің қандай заңдылықтары бар? Бағалы қағаздар нарығының өзіндік ерекшеліктері бар шығар, сірә? Маркетингтік зерттеулерді күшейтудің мәні не? жекеменшіктендіру дегеніміз бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі бола ма?
СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ