Беғазы–Дәндібай мәдениеті

Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда пайда болған жаңа мәдениет – Беғазы–Дәндібай мәдениеті.

Мал шаруашылығы мен металлургияның жедел дамуы елдердің еңбегін көп қажет еткендіктен, қоғамда ер адамдар рөлі жоғарылап, әкелік отбасылыққатынас орнады. Қоғамның негізгі тобы-жауынгерлер. Үнді-иран шежірелеріне қарағанда абыздар да жоғары бағаланған. Олар – діни жоралғыларды жүргізуші, ежелгі дәстүр мен білімдерді сақтаушылар.

Андроновтықтардың антропологиялық сипаты –еуропалықнәсіл (Нұра өзенінің жағасынан табылған тас келсаптағы ер адам басының мүсіні). Тілі – үнді-ирандық.Б.з.б. ІІ-І мың ж. рулық қатынастар ыдырап, тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.

Беғазы мәдениеті дәуірінде жерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық қоғамның көрнектімүшелерінің қабырлары. Тағы малдарды, жануарларды қолға үйрету көшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі.

Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қарабидай, тары егілген.

Ола дәуіріндегі діни наным - сенімдер

Қола дәуіріндегі тайпалардың діни нанымдары мен сенімдеріне келетін болсақ, ол тұстағы адамдардың тұрмысы мен әл-ауқаты түгелдей табиғатқа тәуелді болғандықтан, олар табиғат күшін киелі рух деп білген. Бұл күштер ең алдымен су, күн, от, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі еді. Қола дәуірінің тайпалары ата-бабаларына сыйынған және о дүниеге сенген.

Күн мен от жарық жылылықты береді, мұның бәрі қайырымды құдіретгі рухтармен байланыстырылды. Адам мен жануарларға сусыз өмір жоқ, сондықтан суға да, сол сияқты, ай мен жұлдызға да табыну сияқты наным күшті болды.

Ауру адамдарды емдеу және оларды өлімнен сақтап қалу әрекеттер де болып отырған. Ол әрекеттер нәтиже бермеген жағдайда өлген адамды о дүниеге қажет деп санаушылық, о дүниеде тамақ керек деп, тамақ пен киіммен, құралдарымен қару-жарағымен, сәндік заттарымен барынша жақсылап көму - қола дәуіріндегілерге тән рәсім.

Сақ дәуірі

Қазақстанда ең алғашқы пайда болған тайпалық одақ-сақтар (скиф)деп аталады.Сақтар (скиф)Қазақстан жерінің негізгі бөлігі б.з.д.VII-I ғ.ғ.мекендегенін деректер көрсетеді.Сақтар туралы тарихи деректер ежелгі ирандықтардың қасиетті кітабы «Авеста»мен Бехустин сына жазуларында кездеседі.Сақтар (скиф)туралы алғашқы жазба деректер Геродоттың еңбегінде жазылған.Грек жазбаларында сақтарды «азиялық скифтер»деп атаған.Сақтар (скиф)туралы парсы билеушілері Дарий мен Ксеркстің жарлықтары баяндалған жазбалар өте бағалы.Ежелгі парсы деректерінде сақтарды (скиф) «Құдіретті еркектер»деп атаған.Сақтарды (скиф)иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар»деп атаған.Сақтарды (скиф)үш топқа бөлген: хаома сусынын даярлайтын сақтар (скиф),теңіздің арғыжағындағы сақтар (скиф),шошақ бөрікті сақтар (скиф).Парадарайа сақтары Арал теңізінің маңында өмір сүрген.Тиграхауда сақтары «шошақ бөріктілер»деп атаған.Сырдарияның орта ағысында,Тянь-Шаньда,Жетісуда мекендеген.Хаома сусынын дайындайтын сақтар Мургаб аңғарында өмір сүрген.Хаумаварга сақтары деп атаған.Теңіздің ар жағындағы сақтарды жазба деректерде түрлі атпен атайды (дайлар,аргиппейлер,исседондар т.б.).Сақтардың аримаспа тайпасы Таулы Алтайды мекендеген.Сақтар отырықшы-көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.Сақ тайпаларының Шырық-рабат,Бабыш-молда,Баланды ескерткіштері туралы грек ғалымы Страбон айтқан.Сақтардың Шырық-рабат қаласы Қызылорда қаласынан 300 шақырым жерде орналасқан. Сақтардың мал шаруашылығында жылқы өсіру маңызды орын алған.Батыс және Орталық Қазақстанда негізінен көшпелі мал шаруашылығы дамыды.Сақ шаруашылығында ірі қара малы аз өсірілді.Сақ қоғамында жоғарғы билеушінің титулы-көсем болған.Сақ қоғамында көсем аспан мен жердің арасындағы дәнекер болып есептелген.Олардың дүниетанымында көсемдер «мәңгілік» өмір сүрген.Сақ қоғамы жауынгерлер,абыздар,қауым мүшелері болып үш топқа бөлінеді.Сақ көсемнің жерге соқа салу жұмысын жүргізуі оның халықпен байланыстылығын көрсетеді.Сақтарда тайпалар одағын тайпа көсемі басқарды.Тайпа көсемі-бас қолбасшы болды.Сақ қоғамында тұтқындарды үй шаруашылығында пайдаланды.Сақ қоғамында әйелдер еркектермен тең құқықта өмір сүрді.Сақ патшасы Зарина б.з.д.VI ғ.Сақ патшасы Томирис б.з.д.531-528 жылдар.Сақ патшасы Аморга б.з.д.538 жыл.Скунха атты сақ патшасы б.з.д.517 жыл.Б.з.д. IV ғ.сақтар парсылармен соғысты.Сақтарға қарсы соғыста жеңіліп,өлтірілген парсы патшасы Кир.Сақ мифологиясында ат күн отпен тұспалдаса,қабан найзағайдың нышаны болып саналған.Парсылармен соғыста сақтың малшысы Ширақ ерлік көрсетіп,қаза тапты.Б.з.д.490 ж.Марафон шайқасында сақтар парсылармен одақтасып,гректерге қарсы соғыст.Көшпенділерде б.з.д.VII ғасырдағы мәдениетке «аң стилі» тарады.«Алтын адам» 1969 ж.Алматы облысы Есік қаласы жанындағы сақ қорғанынан табылған.Сақ қорғандарынан табылған әшекейлер мен бұйымдар «аң стиліне»жатады.Сақтардың б.з.д.VII ғасырдағы діни орындарын Жетісудан ашты.Рим тарихшысы Квинт Курций Руф сақтардың көктен түскен сиқырлы сыйы бар екендігі туралы аңызды әңгімелейді.Онда:

«соқа мен қамыт» егіншілерге

«найза мен садақ» сарбаздарға,жауынгерлерге

«жайпақ тостаған»-абыздарға арналға

Сақтар (скиф)Орта Азия,Сібірден бастап Қара теңізге дейін өмір сүріп Қытай,Үнді,парсы елдерімен саяси экономикалық байланыста болды.Сақтарда аң бейнелері бар заттар тұмар мен бойтұмар қызметін атқарады.Сақтарға «дала жолы» арқылы қытай жібегі,үндіден пирит,бисер,парсылардан түрлі-түсті маталар тасылды.Сақтар (скиф)мәдениеті көршілес елдердің мәдениетінің гүлденуі

Ықпал етті.

Йсін, Қаңлы, Ғұн

Б.з.д.ІІ ғасырда сақ тайпаларының орынына үйсіндер келді.Олардың территориясы Жетісу болды.Үйсіндердің астанасы Қызыл Аңғар қаласы Ыстық көлдің жағасына орналасқан.Үйсіндердің жоғарғы титулы Гуньмо.Ежелгі үйсіндердің негізгі шаруашылық түрі мал шаруашылығы. Көбінесе жылқыны қастерлеген. Олар қой, ірі қара, түйе өсірген, тары еккен, құлан, сайғақ, бұғы аулағанҮйсіндер жайлы деректерді тарихшы Сыма-Цянь қалдырды.Шудағы үйсіндердің баспанасы қыш кірпіштен соғылды.Қытай деректерінде үйсіндер көшпелі тайпа ретінде көрсетіледі.Үйсіндердің жеке меншігі мал мен жер болды. Көбінесе жылқыны қастерлеген. Қарғалы үңгірінен үйсін тайпаларының жәдігерлер табылған.Үйсін тайпалары көне түрік тілінде сөйлеген.Үйсіндер қаңлы,ғұн тайпаларымен ұзақ соғысып Қытаймен тең дипломатиялық және туыстық қатынаста болды.Қарғалы тау шатқалынан табылған тәж (диадема)үйсін тайпасына тән әйел әшекейі.Қарғалы диадемасын жасаған ұста б.з.д.ІІ ғ-б.з.І ғасырда өмір сүрген. Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.д.ІІ ғасырдың аяғында пайда болды. Батыс үйсіндердің шекарасы Шу және Талас өзендері арқылы өтіп, Қаратаудың шығыс бөліктеріне дейін созылып жатқан.

Қытайдың Хань император сарайы ғүндарға қарсы күресте одақтас іздеп, "Батыс өлкесіне" б.з.б. 138 ж.Чжан Цянь бастаған елшілік жібергенде ол Жетісуда болып, үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің жалпы саны 630 мың адам, 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтадыБ.з.б. 73-жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және ғұньмоның өзіне карайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі де ғұньмоға тәуелді болды. Хань империясы және ғұн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен ғұн әміршілерінің қыздарын үйсін ғұньмоларына әйелдікке беріп отырды.Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектеріне, әскери және діни адамдар, жрецтер болып сондай-ақ жәй мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапайым топтарға бөлінген. Үйсіндердің әлеуметтік топқа бөлінуін олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетеді.Қаңлыларб.з.д.ІІІ ғасырдан белгілі бола бастаған тайпа.Қаңлылар Қаратау жотасынан Сырдариының орта ағысына дейінгі жерлерде мекендеген.Қаңлылардың астанасы Битянь қаласы.Қаңлылар Қытай,Парфия,Рим,Кавказ елдерімен саяси экономикалық байланыста болған.Қаңлылар олармен әскери одақ құрып ғұндармен,үйсіндермен,соғыстар жүргізген.Қаңлы жеріндегі елді мекен-Көкмардан.Қаңлылардың басты байлығы мал болып есептелген.Археологиялық қазба деректерінде,қаңлы жерінен қытай теңгелері мен айналары,Үнді елінде жасалған маржан моншақтар,Ираннан әкелінген әр түрлі бағалы тастар табылған.Қаңлыларда билік мұрагерлікпен әкеден балаға беріліп отырған.Қаңлыларда құлдар негізінен ас пісірумен,мал күтумен сондай-ақ әр түрлі шикізаттарды өңдеумен айналысқан.Қаңлылар арасында табиғатқа,ата-баба аруағына табыну сияқты діни ұғымдар болған.Б.з.д.І ғасырдың ортасында үйсін мен қаңлы тайпаларының арасында қырқысулар басталды.Үйсіндер мен қаңлылардың қырқысуының нәтижесінде үйсіндердің жері Түрік қағанатының құрамына енді.Қаңлылардың археологиялық ескерткіші Мардан-күйік қорымының орны ерекше.Қаңлылар жеріндегі ескерткіштер ІІ-V ғ.ғ.жатады.Қаңлы тайпасының қандай кәсіппен шұғылданғаны жөнінде мағлұмат аз. Бірақ оларда мал шаруашылығы кеңінен дамыған, егіншілік кәсібімен айналысқан, қолөнер ісінде олар алтын, күміс және темірден бұйым жасауды білген. Үйсіндер менқаңлылар Алтай, Орта Азия және Сібір халықтарымен саяси және экономикалық байланыс жасап тұрған. Үйсіндер мен қаңлылардың арасында табиғатқа табыну, ата-бабаның аруағын құрметтеу сияқты діни таным көп тараған. Олар табиғаттан тыс қүдіретті күш бар деп сеніп, құрбан шалған. Сонымен қатар олар күнге, айға, жұлдызға табынған.Ғұндар Қазақстан жеріне Орталық Азиядан б.з.б І асырдың соңы мен б.з. І ғасырында келді.Ғұн тайпаларының билеушісінің титулы шаньюй.Б.з.д.ІІІ ғасырда ғұн тайпаларының басшысы болып Мөде шаньюй сайланды.Ғұн қоғамында 24 ру болған.Ғұндар туралы археологиялық қазбалар мен қытай жазба деректері негізгі дерек көздері болып табылады.Ғұн тайпалары ежелгі түрік тілінде сөйлеген.Б.з.д.55 жылы Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып 2-ге бөлінген.Оңтүстік ғұндары Хань империясына бағынды.Солтүстік ғұндарды чжи-чжи шаньюй басқарды.Ғұн қоғамында шаньюйдің жақын туыстары түменбасы деп аталды.Солтүстіктегі ғұндар Монғолияның солтүстік батысындағы Қырғыз-Нұр көлінің маңына өз ордасын орнатты.Қазақстан жеріне бірінші қоныс аударуда ғұндарды Чжи-чжи басқарды.Ғұндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аудару б.ғ. 93 жылы басталды.Ғұн әскерінің негізін атты әскер құрды.Ғұн билеушісі Чжи-чжи Қаңлы мемлекетімен Үйсін мемлекетіне қарсы соғысу үшін одақ жасасты.Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына ғұндар негіз болды.Чжи-чжи шаньюй Марка Крас армиясының римдік жауынгерлерін өз қаласын қорғаған кезде пайдаланды.Б.з.ІV ғ.Дунайға дейін жетіп,ғұн деген атпен Венгрияға қоныстанды.Ғұн қоғамында үй қызметшісі және бақташы есебінде құлдар пайдаланылды.Ғұндар Еуропа елдерінде Аттиланың басшылығымен шапқыншылық жасады.Рим империясының құлауына ғұндар басыншылығы әсер етті.ІІ-V ғасырда зергерлік өнерде алтын көп қолданылды.ІІІ-V ғ.ғ.далалық тайпа қолөнерінде «полихромдық стиль»аталған сәндік өнер гүлденіп өркен жайды.Ғұндардың басты шаруашылығы мал өсіру, соның ішінде жылқы және қой бағу. Оларда сонымен қатар отырықшылық пен егін шаруашылығы да болған, қолөнері де дамыған. Тұрмыста қажетті бұйымдарды металдан, тастан, ағаштан, сүйектен, киізден, балшықтан жасаған. Керамика ісі өркендеген. Олар Қытай және т.б. елдермен сауда жүргізген. Ғұндар 24 руға бөлінген. Ел басында ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы тұрған. Жылына үш рет олардың жиналыс-кеңесі өткізілген. Елді көсемдер басқарған.

№7 Түркеш, Қарлұқ

VIII ғ.Басында Түріктердің Қытайға қарсы күресі түркештердің жеңілісімен аяқталды.Батыс Түрік қағанатының орнына Түркеш қағанаты келді. Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін оның баласы Сақал-Қаған билік етті. Оның ел билеген кезеңі 706-711 жылдар. Бұл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі болды, бірлік болмады. Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. Оңүстіктен оған Қытайдың Тан империясы, шығыстан Орталық азиялық түріктер қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде (Бөлісу жанында) түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. Бұл кезде арабтарға қарсы самархандықтар мен Орта Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арбтарға түріктер, соғдылар Шаш (Ташкент) қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Исфиджабқа шабуыл ұйымдастырды. Көптеген қиындықтардан кейін, Түргеш қағанаты Сұлу қағанның (715-738 жж.) тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сұлу екі майданда: батыста арабтарға карсы, шығыста Қытай Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргештер Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. .Дегенмен.арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бұхара қаласын басып алды. 737 жылы Сұлу арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-Тархан өлтірді. Сұлу қаза болғаннан кейін билік үшін түргештердің өз ішінде ұзаққа созылған күрес жүрді, оны Тан (Қытай) империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістан жеріндегі билеушісі 748 жылы түргештердің басты қаласы Суябка әскер жіберіп, оны басып алды. Шаш қаласының билеушісі өлтірілді. өз ішінен әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы құлады.

Қарлұқ тайпалары VII-X ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрін де қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнщ баурайларын мекендеді. Қарлүқ тайпаларының бірі IX ғасырдың бас кезінде Отырар (Фараб) қаласы шаңына барып қоныстанған.

V ғ.ҚарлұқтарҚарлұқтардың құрамына үш ірі ру бірлестіктер - Моула, Чжисы және Ташли кірді. Бірінші тайпаның аты Моула - бұлак деп аталған. Басқа бір тобы Чжисы - шігіл деп аталды. Шу аңғарында түрған қарлүқ қоныстарының орталығы - Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың көсемдерін «жабғу» деп атаған

Қарлұқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алған, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі - Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізіп отырған. Қарлұқтар көбінесе үйғырлармен және қырғыздармен соғысып тұрды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Қан (қазіргі Луговой стансасы) қаласына жетеді. 812 жылы олар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата Жеңеді. Олардың жабғысы Қимақ еліне қашып кетуге мәжіүр болған.

840 жылы Орталық Азия даласында аса маңызды тарихи оқиға болады. Енесей қырғыздары ¥йғыр қағанатын талқандап, оның халқын Турфан аймағн мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді. Бүл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, қарлұқ жабғысы Білге құл Қадырхан шебер пайдаланады. Ол жаңадан қаған атын алып, өзінің жоғарғыөкіметті алуға қақысы бар екенін ашықтан-ашық жариялайды. Бірақ осы кезде саманилер оған қарсы шығып, Исфиджабты басып алады. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан қорғағанмен ақырында қала қүлап, халқы ислам дінін қабылдайды.

Оғұлшақ өз ордасын Тараздан Қашғарға көшіреді

Тарихи деректер бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлақ, Түзын, Балиг, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг, Пенчуль т.б. Қарлұқтардың астанасы және олардың көптеген қалалары ¥лы жібек жолы бойында орналасты.

Қарлүқ қағанаты өз қолына берік саяси-экономикалық байланыс жүйесін орната алмады. 940 жылы қашғарлықтар Баласағұнды басьш алды да, қарлұқтар мемлект құлайды.

Арахан мемлекеті

Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін Щтт қоныс етті. Оның қүрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағүн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы.

Қарахан әулетінің негізін салушы Сатүқ Боғрахан болып есептелінеді. Сатүқ Тараз және Қашқар қалаларын өзіие қаратып, 942 жылы Баласағүндағы билеушіні қүлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Қарахан мемлекетінің өз тарихы осы уақыттан басталады. Мемлекетіің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатүқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мүсаға көшті, ол 960 жылы мемлекетінін халқын ислам дініне қаратты. 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бүқараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекехше ойсырата соққы берді. Қарахан хандығы қиян-кескі үзақ соғыстардан кейін 1004-1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей шіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХІ-ғасырдьщ 30 жылдары шығыс және батыс қағанаты болып екіге бөлінеді. 1) Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағүнға жақьй^ кейін Қашғар қаласы болды. 2) Мәуеренахр жерлері - Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды.

1056 жылы Шығыс Қарахан мемлекетінің билеушісі Қадырханшщ ұлы Иинал-тегін өкімет мүралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнщ иелігін басып алды, бірақ ол көп ұзамай Ииналды у беріп өлтіреді. Таққа Иинал-тегінің баласы Ибраһим ие болады, ол біраздан кейін Барысхан әміршілігімен соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын он бес жыл бойы (1059 -1074 жж.) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрұлхан мен Бограхан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпеи қосылады, ал екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді.

Қарахан мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси йнститут әскершмүралык жүйе болған. Хандар елді өзіне жақын адамдармен және уәзірлермен бірігіп басқарды. Мемлекет бі$неше үлестерге бедінді. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рүқсат еткен. Мүндай жерлер икта деп аталады. Қарахан қағанатында халықтың ең басты тіршілігі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған. Сонымен қатар мұнда қала өмірі, сауда, қолөнері, Шн шаруашылығы жақсы өркендедСр>

Русыіен, ВизантияШя, Иранмен, Закавказьемен, Орта Азиямен қызу сауда жүргізген қарахандықтар көршілес мемлекеттермен үзақ уақыт бойы табан тірескен соғыстар да жүргізді. Бүл соғыстар мемлекетті әлсіретпей қойған жоқ. Қағанатқа 1089 жылы Орта Азиядағы Селжүқ (Сельджук) сүлтандығы шабуыл жасап, Батыс Қараханның орталығы Самаршнд қаласын басып алды. Дәл осы кезде Шығыс Қарахан қағанатына Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Тоғүрыл шабуыл жасап, Қашғар қаласын өзіне қаратты. Осындай шапқынышылықтарға байланысты XII ғасырдың бірінші жартысында Қарахан мемлекші іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды. 1210 жылы ол біржолата қүлады.

Осы түста Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Киданның Ляо мемлекеті (907-1125) қүрылды. Кидандықтар Сұн (960-1279) империяёы жерінің бір бөлігін және Селенгі мен Орхондағы Үйғыр қағанатының жерлерін басып алып, Алтай мен Тарбағатайға қарай жылжыды. 1010 жылы Кидандар Жетісуға басып кірді. Кидандардың Ляо империяШ түрақты болмады. Көрші тайпалірдың соғыстарына және ішкі талас-тартыстарға байланысты Ляо империясы әлсірей берді. 1125 жылы ол тұнғыс-маньчж^р тайпаларының соққысынан бас көтере алмайтын халге жетті. Осыдан кейін Кидан тайпалары Елюй Дашидың басшылығымен батысқа қарай көшіп, Жетісу жеріне келіп орнықты (жергілікті жерлерде оларды қара қытай деп атады).

Кидандар Орта Азияға қарай жылжьш, Селжүқ сүлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Ос&гдан кейін Елюй Даши өзіи гурхан деп жариялады. Қайтар жолда гурхан әскерлері Бүқараны оңай басып алып, Баласағүн аймағына келіп орналасты. XII ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстанның, Бүқара мен Самарқандты қоса алғанда Мәуеренахр аймағының жері Қарақытай иелігідаг кірді.

Елюй Даши 1143 жылы өлді. Одан кейін Иле гурхан болды. Оның кезінде түңғыш рет халық санағы жүргізіліп, 84 мың отбасы бар екені анықталды. Иледен кейін де бірнеше гурхандар болды. Көп үзамай қарақытайлар Орта Азияны басып алған жерлерінен айшрыла бастады. 1198 жыліі Ауған аймағынан шыққан Гурид билеушілері қарақытайларға күйрете соқңші берді. Ал 1210-1213 жылдары Қарақытай мемлекеті Хорезм шахы Мүхаммедиен және наймандармен соғыстар барысында ыдырап қүлады.

Қазақстан жеріндегі ертеден келе жатқан тайпалар наймандар, керейттер және жалайырлар. Найман тайпалар одағы (түрікше "сегіз тайпа одағы")' VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты.

Наши рекомендации