Тәуекелдерді төмендету тәсілдері мен басқару әдістері
Тәуекелді басқару дегеніміз – тәуекел факторларын бейтараптандыру (нейтрализациялау) және талдау әдістерінің жиынтығы. Тәуекелді басқаруды кәсіпкердің қабылдаған шешімдерін іске асыру барысында болуы мүмкін теріс салдарларды азайту және қате шешім қабылдау қаупін төмендету мақсатын көздейтін іс-шараларды дайындау және іске асыру үрдісі ретінде қарастыруға болады.
Тәуекелді басқару үрдісін 6 сатығабөлуге болады:
1.мақсатты анықтау.
2.тәуекелді айқындау.
3.тәуекелді бағалау.
4.тәуекелді басқару әдістерін таңдау.
5.таңдалған әдістң қолдану.
6.нәтижелерді бағалау.
Соңғы кездері кәсіпкерлік қызметте «тәуекел-менеджмент» термині кеңінен қолданыла бастады. Тәуекел –менеджмент- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайда болу мүмкін тәуекел мен қаржылық қатынастарды басқару жүйесі. Ол айқынсыздық жағдайында тәуекел дәрежесін төмендету және пайданы ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізуді қамтиды. Тәуекел –менеджменті кәсіпкерлік қызметте тәуекелді басқарудың ғылыми әдістерінің жиынтығы деп атауға болады.
Тәуекел –менеджментте қарастырылатын негізгі мәселелер бюджетті қалыптастыруға, ниесиелеуге, табыстылыққа, инвестицияға, бәсекелік күреске байланысты шешімдер қабылдау болып табылады. Тәуекел-менеджменті келесі жағдайларды қамтиды:
-тәуекелді идентификациялау, талдау және бағалау;
-тәуекелді жағдайлардың теріс салдарларын жою бойынша іс-шара әзірлеу;
-кәсіпкерлік қызметтің өміршеңдік механизмін жасау;
-кәсіпорынның табысты жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
-сақтандыру жүйесін құру;
-нарық конъюнкуратысының өзгеру мүмкіндіктерін ескере отырып даму болашағын болжау.
Тәуекел-менеджмент басқару жүйесі ретінде келесі екі ішкі жүйеден тұрады:
1)басқарылатын ішкі жүйе –басқару объектісі;
2)басқаруш ішкі жүйе – басқару субъектісі.
Ішкі жүйелерге сәйкес тәуекел –менеджменттің келесі функциялары болады:
1) Басқару объектісінің функциялары: тәуекелге бару; тәуекелді капитал салымдарын ұйымдастыру; тәуекел мөлшерін төмендету бойынша жұмыстар жүргізу; тәуекелдерді сақтандыыру үрдісі; шаруашылық үрдістегі субъектілердің арасындағы байланыстар мен экономикалық қарым-қатынастарды қалыптастыру.
2) басқару субъектілерінің функциялары: болжау; ұйымдастыру; реттеу; үйлестіру; -ынталандыру; бақылау.
Тәуекелді басқару әдістері:
1.Тәуекелден бас тарту әдісі. Тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістердің бірі. Тәуекелден бас тарту әдісі деп сол немесе өзге де қолайсыз оқиғалардың әсерінен ішінара немесе толықтай құтылуға мүмкіндік беретін іс-шаралардың жиынтығын айтамыз. Оның келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
-сенімсіз әріптестерден бас тарту; тәуекелі жоғары жобалардан бас тарту; гранттарды іздеу, кәсіби біліктілік деңгейі мен құзіреттілігі төмен қызметкерлерді жұмыстан босату.
2.Тәуекелдерді оқшаулау әдісі. Бұл әдіс жиі қолданылмайды. Оның келесідей әдістерін қарастыруға болады:
- венчурлік кәсіпорындар құру; тәуекелді жобаларды орындау үшін арнайы құрылымдық бөлімше құру; тәуекелді жобаларды іске асыру үшін бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасу.
3.Тәуекелдерді әртарапттандыру әдісі. Бұл әдіс тәуекелдерді әртүрлі бағытта бөлумен байланысты болып келеді. Оның келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
-жобаға қатысушылар арасында жауапкершілікті бөлу;
-қызмет түрлерін әртараптандыру;
-жеткізу мен өткізуді әртараптандыру.
4.Тәуекелдердің орнын толтыру әдісі. Бұл әдіс қауіпті алдын-ала ескерту механизмін жасауға байланысты. Мұндай әдістерге келесілер жатқызылады:
-іс-әрекетті стратегиялық жоспарлау; сыртқы жағдайды болжау; әлеуметтік-экономикалық және нормативтік-құқықтық орталарға мониторинг жасау; резервтер жүйесін құру.
Әртараптандыру (диверсификация) инвестицияланатын қаражаттарды бір-бірімен өзара тікелей байланысты емес бірнеше тәуекелді операциялар бойынша бөлуді білдіреді. Оның мақсаты: сәтсіздіктің алдын-алу немесе сақтандыру. Оның мысалы ретінде әртүрлі валютада салынған депозиттік салымдарды айтуға болады.
Лимиттеу тәуекелді операцияларда пайдаланлатын ресурстардың мөлшеріне шектеу қоюды білдіреді. Яғни, кәсіпкерлік қызметте тәуекелен болатын қауіпті зияндардан сақтайды.
Хеджирлеуді әртүрлі аспектіде қарастыруға болады. Тауарлар нарығындағы хеджирлеу депболашақтағы бағалар бойынша сатуға немесе сатып алуға тиісті тауарларға нарықтық бағалардың қолайсыз өзгерістеріне байланысты жоғалтулардан болатын тәуекелді төмендету. Сонымен қатар, оны валюта немесе пайыздық бағамның өзгеруі барысында туындайтын шығындарды болдырмай, тәуекелдерді жоюға септігін тигізетін құрал ретінде де қарастырылады.
Фьючерстік (жедел) мәміле – тауар және қор биржасындағы айтарлықтай кеңінен тараған операциялардың бірі, тауарды (қызметтерді), бағалы қағаздарды мәміле жасалғаннан кейін келісімшартта көрсетілген бағамен сатып алу немесе сату жөніндегі биржа мәмілесі.
Сақтандыру тәуекелді төмендетудің негізі әдістерінің бірі. Ол тәуекелге байланысты зиян шеккен жағдайда, жеке немес заңды тұлғаның мүліктік мүдделерін қорғауды білдіреді.
Өзін-өзі сақтандыру деп тәуекелді операцилардан болуы мүмкін зияндарды жабу үшін кәсіпкерлер өздерінің меншікті резервтік қорларын құруын айтамыз. Ол келесі жағдайларда қажет:
-тәуекелді төмендету әдістерінің басқа түрлерімен салыстырғанда, оны пайдаланудан болатын экономикалық пайда күмәнсіз болса;
-тәуекелді басқарудың басқа әдістерінің шеңберінде тәуекелдерді жабу немесе төмендетуді қамтамасыз ету мүмкін емес болса.
Өзін-өзі сақтандыру кеселі нысандарда іске асырылады:
-резервтік қорды қалыптастыру;
-мақсатты резервтік қорлар құру;
-материалдық және қаржылық ресурстардың сақтандыру қорлары жүйесін қалыптастыру;
-есепті кезеңде алынған пайданың бөлінбеген бөлігі.
Ішкі кәсіпкерліі тәуекелдерді төмендету үшін бизнестегі әріптестерді және қызметкерлерді таңдауда мұқият болу қажет. Американдық кәсіпкерлер әріптестің төлем қабілеттілігін тексеру үшін 5 «С» моделін жиі қолданады:
1)әріптестің (қарыз алушының) жеке тұлғасы - оның репутациясы, жауапкершілік дәрежесі;
2)қаржылық мүмкіндіктері – активтерді сатудан түскен қаражаттар немесе ағымдағы түсімдер есебінен алынған қарызды жабу қабілеті;
3)мүлік – меншікті (акционерлік) капиталдың мөлшері мен құрылымы;
4)қамтамасыз ету – кепілге ұсынылған активтердің түрі мен құны;
5) жалпы жағдайлар – жалпы эономикалық жағдай және басқа да факторлар.
Сонымен қатар, тәуекелді басқару кезінде келесі қағидаларды есте сақтау қажет:
1)меншікті капитал мүмкіндік беретіннен артық көлемде тәуекелге баруға боламайды;
2)тәуекел салдарлары туралы ойлану қажет;
3)аз пайда үшін көп салыммен тәуекелге баруға боламайды;
4)әрқашан да бір ғана шешім бар деп ойлауға болмайды.