Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау

Кәсіпорын қызметін анықтайтын көрсеткіштер мына төмендегі талдау мақсаттарына байланысты болады:

· Стратегиялық мақсат. Осы кәсіпорын қызметі нәтижелілігінің өзімен бәсекелестік басқа кәсіпорынның қызметімен салыстыру қажет. Осыған орай, қорытындылау көрсеткіштерін және қызметін қандай бір элементтерінің көрсеткіштерін таңдаған жөн.

· Тактикалық мақсат. Басшылық кәсіпорын қызметін бақылайды. Кейбір бөлімшелердің немесе қандай бір болмасын өнімнің жұмыс істеу тиімділігінің көрсеткіштері есептелінеді.

· Жоспарлау міндеті. Түрлі ресурстардың немесе осы ресурстардың түрліше ұшастырылуының пайдалылығын салыстыру қажет.

· Басшылықтың басқадай мақсаттары. Кәсіподақ пен ұжымдық шарт жасасу жөнінде келіссөздер жүргізу.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және коммерциялық қызметі қасиетінің әр түрлілігі және түрлі белгідегі көрсеткіштердің көптеген түрлеріне ықпал етеді. Сонымен, оларды пайдалану проблемасы мынадан тұрады: олардың бірде-бірі әмбебап көрсеткіштерін орындамайды, бір мағынада, бизнесте қол жеткен табыстар немесе сәтсіздік туралы пікір алысу мүмкіндігі туралы. Сондықтан да, практикада әр уақытта бір-бірімен байланысты көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады, бағаланады немесе кәсіпорын қызметінің түрлі жақтарын көрсетеді.

Кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принцптері:

· Нақтылығы. Талдау нақтылығы деректерге негізделеді, оның қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдаланады.

· Жиынтылығы. Процесті объективті бағалау мақсатында оны жан-жақты зерделеу.

· Жүйелілігі. Бір-біріне өзара байланысты экономикалық құбылыстарды зерделеу, бірақ оқшаулау емес.

· Тұрақтылығы. Талдауды түпкілікті, алдлын ала белгілі аралық уақыт арқылы жүргізу керек, бірақ оқиғадан оқиғаға дейін емес.

· Объективтілігі. Экономикалық құбылыстарды тәжірибелі және әділ зерделеу, объективтік қорытындылар жасау.

· Пәрменділігі. Практикалық мақсатқа пайдалану, өндіріс қызметінің жаңа нәтижелілігі үшін талдау қорытындысының жарамдылығы.

· Үнемділігі. Талдауды жүргізуге байланысты шығындар, оны жүргізу нәтижесінде алынған сол экономикалық тиімділіктен елеулі түрде аз болуы керек.

· Салыстырымдылығы. Деректеу және талдау қорытындылары бір-бірімен жеңіл салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық процедураларды (тәртіпті) тұрақты түрде жүргізуде қорытындылардың сабақтастығы сақталуы қажет.

· Ғылымдылығы. Талдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген әдістер мен процедураларды басшылыққа алу керек.

Көрсеткіштер жеке, топтық және жалпы болып бөлінеді. Талдау мақсатына байланысты көрсеткіштер: абсолюттік, салыстырмалық және орта мөлшерлік нысаны түрде білдіруі мүмкін. әрбір нақты экономикалық көрсеткіш сапалық анықтықта(кеңістік, уақыты және мөлшері) болады.

Стратегиялық жоспар - бизнестің негізгі даму жоспары және ұйымдардың ұзақ мерзімді құрылымдық жоспары. Кәсіпорын стратегиясы жүйелі түрде қаралмайды, тек қажет болған жағдайда ғана қарастырылады. Мысалы, жаңа технология енгізілгенде, тұтынушылардың талғамы өзгергенде, жаңа бәсекелес пайда болғанда, міне осындай жағдайларда қарастырылады. Ол үш жылдан да ұзақ мерзімге (үш жылдық, бес жылдық және он жылдық жоспарлар) әзірленеді, ал кен өндіру және электр энергиясы өнеркәсіптерінде жоспар 20 жылға немесе одан да ұзақ уақытқа жасалады.

Стратегиялық жоспарлау арқылы бизнес саласындағы кызметті қалай кеңейту туралы шешім қабылданады, бизнестің жаңа саласын қалыптастырады, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру процесін ынталандырады, нарықтық сұранысты қанағаттандыру үшін кәсіпорын қандай шарттарды орындауы керектігін, қандай нарықта әрекет етуді, бизнесті қандай серіктестікпен жүргізуді және т.б. анықтайды. Стратегиялық жоспарлаудың нәтижесінде кәсіпорын алдағы кезеңнің мақсаттарын айқындап, оларға қол жеткізетін құралды жасайды.

Стратегиялық жоспарлау ұйым үшін мақсат таңдау процесі және оның шешу жолындағы шешім. Стратегиялық жоспарлау барлық басқарушылық шешім негізі болып табылады. Жоспарлар жеке позицияны емес, жалпы ұйым үшін өңделу керек. Ресми жоспарлау мен ұйым жетістігі арасында тұрақты оң корреляция құралады. Стратегиялық жоспарлау басты компоненті бұл мақсаттар арқылы шешім шешіледі, жоспарлаудың негізгі кезеңдері көрсетіледі. Мақсат миссиядан тұрады. Миссия басшы өзінің шешімдерін негіздейтін бағыт ретінде жүреді. Мақсат тарлығы шешім қабылдау баламаларын табы мүмкіндігін азайтады. Өте кеңейген миссия ұйым жетістігіне кедергі болады. Мақсаттар нақты, өлшенетін, уақытқа бағытталған, ұзақ және қысқа мерзімді, қолжетімді болу керек. Сыртқы ортаны бағалау сыртқы мүмкіндіктер мен қауіптерді бағалайды. Ұйымның күшті және әлсіз жақтарын басшылық жоспарлауды тиімді жүргізу үшін анықтайды. Басқарушылық зерттеу ұйымның функционалдық зоналарын методикалық бағалауды білдіреді. Ұйым құзіретінде төрт сратегиялық баламалар бар: шектеулі өсу, өсу, қысқару және бұл варианттар бірігуі. Барлық жағынан талдау жүргізгеннен кейін ғана баламалар таңдалып, стратегия алынады. Жалпы стратегия алынғаннан соң басқа функциялармен біоіктіруге болады. стратегия байлау маңызды механизмі бағдарлау жоспарын өңдеу: олар тактика, саясат,процедура, ережелер. Тактика нақты қысқа мерзімді стратегиялар. Саясат дегеніміз іс әрекет пен шешім қабылдау үшін жалпы бағдар. Процедура нақты жағдайда қолданылуы керек әрекеттер жазылуы. Ереже нақты жағдайдағы әрекет. Бюджет ресурстарды тарату механизмі ретінде жоспарлауда нақты жағдайды салыстыру үшін бақылауды өзіне біріктіреді. Мақсаттар бойынша басқару жоспарлау, бақылау, мотивация әдістері ұйым мақсаттары, басшы, қызметкер арасындағы мақсаттар жақсарту арқылы стратегия жүзеге асырылады. Стратегия жүзеге асырылуы я өзгерісінда басшылық әрдайым құрылым өзара байланысын ескеру керек. Құрылым стратегияда негізделеді, сондықтан оның тиімділігін қамтамасыз ету керек.

Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.

Наши рекомендации