Тақырып - бҰршаҚ дӘнді даҚылдарыныҢ зиянды жӘндіктері
Түсініктеме
Бұршақ бітесі - Acyrthosiphon pisi Kalt. (Homoptera отряды, Aphidinea отряд тармағы, Aphididae тұқымдасы).
Бітеңің денесі біршама жуандау, денесінің ұзыныдығы 4,5-5 мм. Қанатсыз аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр-қызыл болып келеді. Ұрықтанған жұмыртқа көпжылдық бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде және жерге түскен бұршақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдан өткеннен кейін аналық- негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп, колониялар түзеді. Мұнан ары қарай аналық-орналастырушылар пайда болады. Қанатты аналық-орналастырушылар біржылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол жерде жаңа колониялар құрады. Бір жылда 10-ға жуық ұрпақ беріп дамиды. Бітелер өсімдіктердің жас ұлпаларында және гүл шоғырына қоныстанады. Колонияның өсуі жоғарғы бөліктен басталады. Олар көпжылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын жұмыртқа салады. Бұршақ бітесі бұршаққа, сиыр жоңышқаға, жоңышқаға, жасымыққа зиян келтіреді. Дернәсіл мен имаго шырынды сорып, жапырақты ширатады, дамуды тоқтатады, зақымданған мүшенің түрін өзгертіп, егіннің түсімін төмендетеді. Бітенің жаппай көбеюі ауа-райының қолайлы (жылы - жаңбырлы) жағдайларында байқалады.
Күресу шаралары. Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдарын бұршақ бітеден қорғау үшін кеңістікті оңашалаудың үлкен маңызы бар. Бұршақ дәнділерді қайталап отырғызуға болмайды. Жерге түскен дән өскіндерінің пайда болуына (өсуіне) жол бермеу керек. Көп жылдық бұршақты төмен кесінді жасап жинау қажет. Егер энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу (сермеу) жасаған кезде 25-30 дара біте түссе немесе 20% өсімдік залалданған болса, онда инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жүргізеді.
Түйнекті бізтұмсықтар: теңбіл - Sitona lineatus L. және қылшықты - S. Crinitus Herbst. ( Бізтұмсықтар тұқымдасы - Curculionidae,қоңыздар отряды - Coleoptera).
Қоңыздың бастүтігі қысқа, денесінің ұзындығы 3-5 мм, денесінің түсі топырақты-сұр болып келген. Дернәсілдің сыртқы құрылысына тоқталатын болсақ, олардың денесі иілген, аяқтары жоқ, ақшыл-қоңыр басы бар, дене тұрқы 5 мм-ге дейін жетеді. Қоңыздар жердің беткі қабатында және өсімдік қалдықтарының астында, көбінесе көпжылдық бұршақ өсімдіктері алқаптарында қыстайды. Көктем уақытында олар дәнді-бұршақ дақылдарының өскіндеріне қоныс аударуы мүмкін. Қоңыздар топыраққа және өсімдік мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Дернәсіл дамығаннан кейін топырақтың астына кіріп, азотфиксациялайтын түйнекті кеміріп қоректенеді. Шілде-тамыз айларында қоңыздардың қуыршақтану кезеңінен кейін жас ұрпақтың таралуы пайда бола бастайды. Түйнекті бізтұмсық бір ұрпақ беріп дамиды. Негізгі қауіпті ересек жәндік пен дернәсіл келтіреді. Қоңыздар жапырақтың шетін кеміріп, «мүсінді зақымдану» қоздырады. Жапырақтың дәнжарнағының және өсу нүктесінің зақымдануы өскіннің жойылуына әкеледі. Дернәсілдер түйнек ұлпасын зақымдап, азоттың мөлшерін төмендетеді және өсімдіктің өсуін тежейді. Түйнекті бізтұмсық бұршақ, сиыр жоңышқа, люпин, жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, беде үшін қауіпті болып табылады.
Күресу шаралары. Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғау үшін учаскілерді көпжылдық бұршақ дақылдарын біржылдық бұршақ дақылдарынан кеңістікті оңашалау керек. Агротехникалық шаралар егіс және өсімдіктерді күту кезінде қолайлы мерзім ішінде жоғары деңгейде орындалуы тиіс. Егін себу алдында тұқымды нитрагинизациялау түйнектің пайда болуына жағдай жасайды. Егінді жинағаннан кейін бірден топырақты терең сүдігер жыртып өңдесе, зиянкестердің қуыршақтары мен дернәсілдерінің жойылып кетуіне мүмкіндік туғызады. Егер бізтұмсықтардың саны біржылдық дәнді-бұршақ дақылдарының өскіндерінде 1мІ- та 10-15 дара, көпжылдық 1мІ- та 5-10 дара немесе жапырақтың зақымдану дәрежесі 10-15% құраса, онда қоңыздарға қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізеді.
Бұршақ жемірі - Laspeyresia nigricana F. (Tortricidae- тұқымдасы, Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды).
Есейген құрттардың денесінің ұзындығы 12 мм, ақшыл сары, басы қоңыр түсті болып келеді. Денесін түк пен сүйел жапқан. Есейген құрттар пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде ұшады да, өсімдіктің жер бетіндегі мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Құрттардың дамуы дәннің ішінде өтеді. Құрттар топырақтың арасына піллә торын түзіп, сол пілләнің ішінде қыстап шығады. 1-2 ұрпақ беріп дамиды. Құрттар көбінесе бұршақты кейбір жағдайда сиыр жоңышқаны, чинаны зақымдайды. Бұршақтың ішіне еніп, дәнді кеміреді.
Күресу шаралары. Бұршақты бұршақ жемірінен қорғаудың тиімді жақтарының бірі -ерте және қысқа мерзім ішінде жинау, бұршақты жинағаннан кейін сүдігер жырта өңдеу, өсімдік қалдықтарын құрту.
Бұршақ қоңызы - Bruchus pisorum L. ( Coleoptera - қоңыздар отряды. Bruchidae – дәнектер тұқымдасы). Қоңыздарының бүйірінің алдыңғы арқасында және жамбастың төменгі жағында тісшелер орналасқан. Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының астында екі ірі қара дақтары бар. Денесінің ұзындығы 4,5-5 мм ақшыл түктермен қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл – сары, ұзындығы 5-6 мм. Қоңыздар тазалау, сақтау және егінді жинаған жерлерде бұршақтың ішінде қыстайды. Дернәсілдің ересек жәндікке айналуы, қыстап шығуы құрғақ тұқымның ішінде өтеді. Жұмыртқаны бұршақтың жармасына салады. Дернәсілдер бұршақтың ішінде қоректенеді.
Күресу шаралары. Егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Аңыздарды сыдыра жырту, топырақты терең өңдеу қоңыздар мен дернәсілдердің едәуір жойылуына әкеледі. Қойма орындарында тұқымдарға газбен өңдеу және салқындату жұмыстарын жүргізу қажет. Егер шанақтану кезінде энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу жасағанда 15-20 қоңыз табылса, онда бұршақ қоңыздарын жою үшін инсектицидпен өңдейді.
Үрме бұршақ қоңызы - Acantoscelides obtectus Say. (Coleoptera - қоңыздар отряды, Bruchidae – дәнектер тұқымдасы).
Ересек жәндіктің денесі қара, ұзындығы 3-3,5 мм, құрсағы қызғылт жирен болып келген. Дернәсілінің денесінің түсі ақ, иілген, оны ұзын қылшықтар жапқан, ұзындығы 5 мм-ге дейін жетеді. Есейген даралары
егістік жерлерде тұқымда немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қоймаларда қысқы мезгілде 2 ұрпақ беріп дамуын жалғастыруы мүмкін. Аналықтары жұмыртқаларын бұршақтың жігіне немесе жіктің кемірілген жеріндегі шұңқырларға және қоймаларда тұқымның арасына салады. Үрме бұршақтан басқа ноқатты, чинаны, асбұршақты және т.б. бұршақ тұқымдастарын зақымдайды. Бір дәннің ішінде бірнеше дернәсіл дамиды, сондықтан дәннің сыртқы бетінде бірнеше шығу тесіктері болуы мүмкін.
Күресу шаралары. Бұршақ қоңызының күресу шараларына ұқсас.
Бұршақ немесе акация көбелегі - Etiella zinckenella Tr.( Lepidoptera – қабыршақ қанаттылар отряды, Phicitidae – қаракүйе тұқымдасы). Құрттың денесінің ұзындығы 15-20 мм, басы сары – қоңыр, ал тұлғасының түсі қоңыр – жасыл, қоңырлау немесе ақшыл – қызыл болып келеді. Құрт пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде және түнде ұшады. Жұмыртқаларын пісіп жетілмеген бұршаққа, гүлдің қалдықтарына салады. Құрттар жұмыртқадан шыққаннан кейін бұршақтың қабығының астында, содан соң тұқымымен қоректенеді. Құрттардың қуыршаққа айналуы топырақта өтеді. 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Бірінші ұрпақ акацияда, бұршақта, сиыр жоңышқада, чинада дамиды. Екінші және үшінші ұрпағы сояға, люпинге, жазғы мерзімде себілген бұршаққа қауіпті болып табылады.
Күресу шаралары. Бұршақ тұқымдастарының егісін ақ және сары акациядан кеңістікті изоляциялау керек. Құрттарды құрту үшін бұршақты
жинағанан кейін топырақты терең сүдігер жыртудың маңызы бар. Жаппай жұмыртқа салу және құрттардың жұмыртқадан шығуы кезінде инсектицидпен бүрку жұмыстарын жасау қажет.
1- тапсырма. Бұршақ бітенің, бұршақ және үрме бұршақ қоңызының, түйнекті бізтұмсықтың, акация көбелегінің даму циклімен және өсімдіктің залалданған нышандарымен зерттеп танысу
2-тапсырма. Біржылдық бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғаудың шараларын қарастырыңыз.
3- тапсырма. 7- кестені жазып толтырыңыз.
7- кесте. Бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері.
Түр, жүйелі орны | Зақымдайтын дақылдары, зиян келтіретін кезеңі | Зияндығы | Қысқаша биологиясы | Күресу шаралары |
Бақылау сұрақтары.
1. Бұршақ тұқымдас дақылдарды зақымдайтын фитофагтардың түрін және отряды мен тұқымдасын сипаттаңыз.
2. Бұршақ бітенің дамуы мен көбеюінің ерекшелігі қандай?
3. Бұршақ тұқымдас дақылдардың қатты қанаттылар отрядына жататын фитофагтардың даму циклін және зақымдауының өзгешелігін сипаттаңыз.
4. Бұршақ жемісжемірі мен бұршақ немесе акация көбелегінің биологиясының ерекшелігін және оның зияндылығын көрсетіңіз.
5. Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғаудың шараларын тізіп сипат