Индустрияландыру жылдарындағы Қазақстан

Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928-1932 жылдары өтті. Бұған дейін Қазақстанда Қарағандыдағы көмір кен орындары, Ембідегі мұнай өндірісі, Алтайдағы түсті металлургия сияқты санаулы ғана өнеркәсіп орындары болды. Жалпы, өнімнің 84,4%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі болды. Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.Ол қиыншылықтар:

1.Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі.

2.Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы шақырымына 1 шаршы шақырым темір жолдан келді.

3.Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 % - і шаруалар еді.

4.Жергілікті мамандардың жетіспеуі.

5.Жаңа экономикалық саясат тоқталып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы.

6.Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы.

7.Әміршілдік – төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі.

Елді индустрияландыру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен өндірісі орындарын, теміржол жүйесін дамыту керек болды.Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бой көтере бастады. Олардың ішінде қуаты жағынан елде үшінші орын алатын Семей ет, Гурьев (Атырау) балық – консерві, Алматы жеміс – консерві комбинаттары, Жамбыл, Мерке, Талдықорғандағы қант заводтары сияқты кәсіпорындар іске қосылды.КСРО индустрияландырудың жоспарына Қазақстан да енгізілді.Индустрияландыруды жүзеге асыру жолында әкімшіл-әміршіл саясат қатты бұрмалады. 1925-1933 жылдары Қазақстан коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Гологщекин болды. Ф.И. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы болған жоқ, сондықтан қайтадан революция жасау керек деп шешті. Осы ойын іске асыру мақсатында ол «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұсынды. Бұл ұсынысты И.В. Сталин қолдады. Ф.И. Голощекин Қазақстанды одақтық шикізат базасы ретінде индустрияландыру бағытын ұстанды. Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясына алғашқы болып С.Сәдуақасов қарсы шықты. С. Сәдуақасов Қазақстанды шикізат базасы ретінде пайдалануға ашық түрде қарсы тұрды. Индустриялаңдыруды жүзеге асыру мақсатында қазақ жерінің табиғат байлықтарын зерттеу басталды.Түркісіб құрылысы 1927 жылы Түркістан-Сібір теміржол құрылысы басталды. Түркістан-Сібір теміржолы 3 жылдың ішінде салынып бітті.1931 жылы қаңтарда Түркісіб теміржолы пайдалануға берілді.Түркістан-Сібір теміржолы Орта Азияны Сібірдің экономикалық өңірімен байланыстырды.Түркісіб теміржол құрылысының басшылары:В.С. Шатов - құрылыс бастығы, Н. Нұрмақов - құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы, Т. Рысқұлов - РКФСР үкіметі жанындағы құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы болды. Индустрияландыру бірінші жағынан Кеңес халықтары күшімен жүзеге асса, екінші жағынан орталықтың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде жүргізілді.Соғысқа дейін Қазақстанда Ембі мұнай өндіру орындары, Қарағанды көмір кен орындары, Жезқазған, Балқаш мыс комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты т.б. ірі кәсіпорындар салынды.Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті.Индустрияландыру Қазақстанда, негізінен, жоғарыдан жүргізілді.Қазақстанда салынған өнеркәсіптер дайын өнім шығармады. Шикізатты, негізінен, Ресей мен Украина өнеркәсіптеріне тасыды.

Урбанизация күшейіп, 1930 жылы қалахалқының үлесі 29,8 % болды.

1935 жылы республикадағы жұмысшылардың 43%-ы қазақтар болды.Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы:

1. Аграрлық республика индусриялы – аграрлық аймаққа айналды.

2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті.

3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды.

4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады.

5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды.

6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды.

7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты.

8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді.

9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды.

10. Жұмыссыздық жойылды.

11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті.

12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.

Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды.1939 жылы республикадағы қала халқының саны 375000-ға дейін жетті. Қазақстанды индустрияландырудың басты міндеттері орындалмады. Себебі Қазақстанда көбінесе өндіруші өнеркөсіптер салынғанымен, өндеуші өнеркәсіп дамытылған жоқ.

Наши рекомендации