Мұхамеджан Тынышбаев 13 страница

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:

• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;

• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.

Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттырутәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:

1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:

2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;

3) білім берудің зайырлы сипаты;

4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;

5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;

6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;

7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;

8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;

9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;

10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;

11) білім беру жүйесін ақпараттандыру;

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.

76.Тәуелсіз Қазақстан спортшыларының жетістіктерінің маңызын ашыңыз

1996 жылы Атлантада өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан тұңғыш рет өз қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль салып, алғаш рет бірден бірнеше медальді жеңіп алған. Қытайда өткен Олимпиада ойындарындағы спортшыларымыздың көрсеткен өнерлері де елеусіз қалды деп айта алмаймыз. Қазақстан үшін спорт саласындағы ең маңызды кезеңдердің бірі Лондондағы Олимпиадалық ойындар болды. Осы жарысқа дейін Қазақстан мұндай жоғары

жетістікке жеткен жоқ еді. Еліміздің «спорт» атты кітабының тағы да бір парағы жаңа оқиғағатолды. Олардың жетістіктерін қысқаша болса да, айтып кетпеуге болмайды.

Қазақстан құрама командасындағы 115 спортшының жетеуі алтын, бірі күміс және бесеуі қола медальдарымен марапатталып, 12-і жалпыкомандалық орынға көтерілді. Алғашқы алтын медальдің иегері Александр Винокуров болды. «Алдыңғы арба қайда домаласа, соңғысы сонда домалайды» демекші, Александрдың артынан бірнеше медаль қанжығамызға байланды. Зульфия

Чиншанло мен Майя Манеза, Светлана Подобедова мен Илья Ильин, Серік Сәпиев пен Әділбек Ниязымбетов, Даниал Гаджиев пен Марина Вольнова, Гюзель Манюрова мен Иван Дычко, сондай- ақ, Ақжүрек Таңатаров өнер көрсетті. Жеңімпаздарымызды салтанатты түрде қарсы алып, 1-орын алған спортшыға ел үкіметі тарапынан 100 мың АҚШ доллары, 2-орын алған спортшыға – 50 мың

АҚШ доллары, ал 3-орын алған спортшыға 30 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді.

77.2005-2010 жылдардағы ҚР -ның білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мазмұнын ашып көрсетіңіз

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабілеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты Қазақстан халқына Жолдауына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi. Бағдарлама

бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың стратегиясын, негiзгi бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерiн және оны iске асыру тетiктерiн айқындайды әрi Қазақстан Республикасының заңнамасына, бiлiм беру жүйесiн басқару мен қаржыландыруға, құрылымы мен мазмұнына, кадр саясатына және әлеуметтiк саясатқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн негiз болып табылады.

Осы Бағдарламаны әзiрлеу жаңа экономикалық және әлеуметтiк-мәдени жағдайларда қазақстандық бiлiм беру жүйесiнiң алдында тұрған бiлiм беру сапасын арттыруға, стратегиялық мiндеттердi шешуге бағытталған түбегейлi қайта өзгертулердiң қажеттiгінен туындады.

Адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру,жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізiнде көп деңгейлi бiлiм берудiң ұлттық жүйесiн жаңғырту мақсаты болып табылады.

78.Инновациялық негіздегі жоғары білім беруді дамыту стратегиясының негізгі мазмұнын ашып көрсетіңіз

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновация латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе "инновация" — бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады?Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.

Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.

Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы.

Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.

Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек. Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек.

Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері

мынадай:

- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

79.Қакзақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасу міндеттеріне сәйкес ғылымның

дамуына және ҒТУ-ғылыми техникалық үдерісті басқаруға жаңа көзқарасты қалыптастыру ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз

Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы. Егемендік жағдайындағы алғашқы халық санағы, оның қорытындылары. 2009 жылғы Қазақстандағы халық

санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.

Біртұтас ұлт болашағының қалыптасу мәселелері. Қазақстан Республикасы Конституциясы. ҚР заңдары: «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Мәдениет туралы». Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің біртұтастық тұжырымдамасы. Қазақстан ұлттық бірлігінің доктринасы. «Қазақстандық халықтың бірлігі мен тұтастығының нығаюы мен

дамуы тұжырымдамасының» мақсаттары мен принциптері.

Мемлекет Басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына жиырма қадам» мақаласы. Нақты өнімді еңбек, бәсекеге қабілетті және күшті Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамын құру – ҚР әлеуметтік жаңарту саясатының негізі. Мемлекеттік жаңғыртудағы Тұңғыш Президенттің бастамалары.

80.''Нұрлы көш'' бағдарламасының негізгі мазмұнын ашыңыз

Іске асыру мерзімі 2009-2011 жылдар

Бағдарламаның мақсаты өңірлерді демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамыту және Бағдарламаға қатысушылардың әлеуетін іске асыру мүддесімен этникалық көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын және еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуы мен кірігуіне жәрдемдесу болып табылады.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

Бағдарламаға қатысушыларды экономиканың еңбек ресурстарына және серпінді жобаларды іске асыруға деген қажеттіліктерге сәйкес қоныстануын ынталандыру; Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау мәселелерін кешенді шешуді көздейтін жаңа тетіктерді әзірлеу және іске асыру;тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй сатып алуға кредит беру жолымен Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету; Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты жұмыспен

қамтылуын қамтамасыз ету; көші-қон процестерін басқарудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру болып табылады.

Бағдарламаға қатысушылар:

1) этникалық көшіп келушілер;

2) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтары;

3) елдің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес Солтүстік, Оңтүстік және Орталық аумақтық даму осьтері Бағдарламаға қатысушылардың негізгі орналастыру макроаймақтары болып табылатын болады. Бағдарламаға қатысушыларды макроаймақтардың ішінде қоныстандыру:

а) ұлттық және өңірлік деңгейдегі көшбасшы және тірек қалалардың айналасында. Өзіне тән экономикалық мамандануы мен дамыған жергілікті еңбек нарығы бар шағын серіктес қалалар желісін қалыптастыру қарастырылады.

Есеп бойынша көшбасшы және тірек қалаларда 45 серпінді жобаны іске асыру үшін кемінде 390 мың қызметкер қажет болады;

ә) шекараға іргелес елді мекендерде: халықтың санын тұрақтандыру үшін; шекараға іргелес ірі өңірлердің әкімшілік маңызын арттыру үшін және көршілес мемлекеттердің еңбек күші артық өңірлерінің тарапынан демографиялық қысымның (бытыраңқы сыртқы көші-қон) алдын алу үшін жүзеге асырылатын

болады;

б) даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде.

Бұл елді мекендердің әлеуеттік сыйымдылығы Солтүстік аумақтық даму осі бойынша - 342,2 мың

адамды, Оңтүстік ось бойынша - 898,6 мың адамды, Орталық ось бойынша - 77,7 мың адамды

құрайды.

81.Президенттің «Интелектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы.Қазіргі білім беру моделі.

2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру.

Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

• Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы.Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек.

2."Интеллектуалды ұлт" жобасының екінші аспекті - ғылымды дамыту және еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру. Ғылым инновациялық экономиканың негізі болуы тиіс.1990-шы жылдары біздің ғылыми институттар аса ауыр жағдайда қалды. 2000 жылдан бастап ахуал өзгере бастады.Соңғы бес жылда қазақстандық ғылымды қаржыландыру төрт есеге жуық ұлғайып, үстіміздегі жылы 18,5 миллиард теңгені құрады. Ғылымды дамытудың 2012 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.Осының арқасында Қазақстан жаһандық бәсекелестік рейтингінің "Инновациялық даму" индексі бойынша өзінің орнын 13 позицияға жақсартты.Бірақ қазақстандық ғылым әзірше біздің экономикамыздың нақты талабынан алыс жатыр. Сондықтан басқарудың моделін ғана емес, сондай-ақ ғалымдардың өздерінің қызметіне деген көзқарасын өзгерткен маңызды

3.Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек.

«Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы ұлттық модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейі.

Қазіргі білім беру моделі.Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 12 жылдық орта білім беруге көшуді қарастырады. Бұл қазіргі басымдықтарды ескеретін жаңа білім стандартын, 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын, оларды жүзеге асырудың бағыттарын айқындайтын әдістемелік қызметті жаңарту қажеттігін анықтады. Сол себепті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 681 қаулысымен бекітілген 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарының оқу-әдістемелік қамтамасыз ету тақырыбындағы бөлімінде 12 жылдық мектептегі оқытудың педагогикалық технологиялары бойынша «Мұғалім портфелі» материалдар пакетін әзірлеу және бекіту, 12 жылдық оқыту жағдайында білім беру ұйымдарында әдістемелік қызметтің моделін әзірлеу міндеттелген. 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.

2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.

3. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетінтапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.

82.«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі

Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті болмақ. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» әлеуметтік жобасын ұсынған болатын. Бұл жоба «Серпін-2050» деп аталады.
Негізі бұл жобаның екі маңызды тұсы бар. Біріншісі - экономикалық. Қазіргі таңда еліміздің 9 өңірінде бала туу деңгейі төмен және сыртқы жаққа көшіп-қону басым болғандықтан, кадр тапшылығы сезіле бастады. Бұл мәселенің өзектілігі жылдан-жылға ушығып барады. Алдағы жылдарда индустриялы инновациялық бағдарлама аясында іске қосылатын өндірістерде жұмыс күшінің тапшылығы айырықша байқалады. «Серпін-2050» жобасы арқылы сол өңірлерге халық саны көп облыстардан жастарды әкеліп, жергілікті оқу орындарында қажет мамандықтар бойынша білім беріп, сол жерде жұмысқа қалдыру арқылы кадр мәселесін шешу. Екінші маңызы -әлеуметтік проблемаларды шешу. Бағдарлама мақсаты – студенттерге білім берумен қатар, осы жерге тұрақтандыру, жұмысқа орналастыру.

Жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу – Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселе.

Бағдарлама бойынша грант иегерлері стипендиямен, жолақысы және жатақханамен, киіммен және жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағдарламаға бұрынғы жылдары мектеп бітіргендер де қатыса алады.Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтардың көпшілігін колледждер дайындап келеді. Мысалы: тамақтандырудың техник- технологы, ақпарттар жүйесі,тау-кен технологиясы, темір жол, байланыс, көлік және коммуникация секілді өзге де салалар бар. Елімізде қазір автомобиль зауыттары көптеп ашылуда, осы зауыттарда колледж түлектері көлік құрастырушылар болып жұмысқа орналасуда. Жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу — Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі. Сондықтан, «Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстандық жастардың, оның ішінде Оңтүстік аймақ жастарын кең көлемде техникалық-кәсіптік білім алуға және тұғыры биік тәуелсіз Отанымыздың аса маңызды индустрияландыру бағдарламасына қатыстыру мен тартуды мақсат етеді, жастарымызды дербес өмірге, бастамшыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құрудың алғашқы қадамы болып табылады.

Наши рекомендации