Ж. шілдедегі I - жалпықазақ съезі. «Алаш» партиясы және оның бағдарламасы

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Қаралған мəселелер:− Мемлекеттік басқару формасы;− Қазақ облыстары автономиясын құру;− Жер мəселесі;− Халық милициясын құру;− Білім беру;− Сот ісі;− Рухани-діни мəселе;− Жетісудың ашыққан халқына көмек ұйымдастыру;− Қытайдағы 83 мың қазақ босқыны туралы.”Алаш” саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. Қазақ облыстары ұлттық-аумақтық автономия алуға тиіс деген қарар қабылданды. Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Қеңесі құрылды. Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.«Алаш» партиясының бағдарламасы: - Басқару түрі; - Автономия; - Азаматтың негізгі құқықтары; - Дін ұстану туралы мәселе; - Соттар туралы; - Қорғаныс; - Салық; - Жұмысшы мәселесі; - Халық ағарту; - Жер мәселесі.Бағдарлама жобасының маңызы: 1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті.

Азан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.

Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығынкүштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды.[1]

24 Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы алуан оқиғаға байлығымен, ең бастысы, Кеңестік қатаң идеологиялық қысым мен одан азат болуға ұмтылуы Отандық жылнаманың негізгі бөлігі болып табылады. Тарихи қырынан алып қарағанда, бұл - ең алдымен, адам табиғатын шет-шегі көрінбейтін ұзақ уақыт бойы сынақтан өткізудің, сондай-ақ осы жағдайдан шығудың және ұлттық-мемлекеттік егемендікке жетудін оңтайлы қазақстандық моделінің шежіресі. Екінші жағынан, марксистік ілімге негізделген кеңестік кезеңдегі отандық тарихнама ғылым дамуының денгейіне толығымен сәйкес келетін дүниетанымдық картинаны бере алмайды, өйткені оның өзі кеңес мемлекетінің жүйесіне үйлестірілген және оның идеялық-саяси қажеттіліктерін өтеуге бағытталған ерекше ғылыми-саяси феномен болатын. Бірінші кезекте бұл кеңестендіру мен кеңестік жаңғырту кезеңдерін соңғы онжылдықтарда пайда болған тарихи-пайымдық бағыттардың [«ақпараттық» (А. Тоффлер), «технотрондық» (3. Бзежинский), «ғылыми-рационалистік» (Ю. Хабермас), «техникалық-ақпаратгық» (Дж. Мартин, Т. Гувер), «өркениеттік-тартысты» (С. Хантингтон) т.б.] тұрғысынан түсіндірудегі әдіснамалық көзқарастарға қатысты еді.

1917 жылы қазақтар екі төңкерістің - Ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан социалистік революцияларының куәгері болды. Мұның біріншісі монархия мен орыс патшалығы билігін құлатуға мүмкіндік жасады. Ақпан революциясының нәтижесінде елде қос өкімет орнады. Қазақстан үшін мұның маңызы аз болған жоқ. Егер кеңестік тарихнамада Уақытша үкіметтің қызметі біртекті қара бояумен суреттелсе, қазіргі қазақстандық тарихнамалық жағдайда бұл мәселені зерттеуге басқаша көзқараспен қарау мүмкіндігі туды. Бірқатар қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда, академик М.К. Қозыбаевтың [1]. еңбектерінде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының, дәлірек айтсақ, Уақытша үкімет қызметінің Қазақстан үшін жағымды нәтижелеріне назар аударылды.

Тарихтың кеңестік кезеңі Алаш һәм Алашорда туы астында ұлт бірлігін нығайту жолындағы ұмтылыспен және қазақ автономияшылдары қозғалысының жеңілуімен, Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу, 1917 жылғы революция және Азамат соғысы салдарынан күйреген шаруашылықты соғыстан кейін қалпына келтірумен ерекшеленді. 1917 жылғы Қазан революциясы және одан кейін іле-шала бүркеткен 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысы Қазақстан дамуының қоғамдық-саяси және экономикалық жүйесін айқындап берді. Қазақ мемлекеттігінің құрылуы, жерді есепке алу және кеңестік республикалар құрамында аумақтық шекараны анықтау айтулы кезең болып табылады. Шындығында, қазақтардың өмір салтындағы дәстүрлі жүйенің 20-30-жылдары күйреуі мен республиканың социалистік қайта құру үрдісінің жалпы ағымына қосылуы қасіретті оқиға еді. Ресей империясының шығысындағы бұрынғы отарларының индустриясы дамыған республикаларға айналғанына көз жұмып қарамағанның өзінде, бұл қайта құрудың нақты адамдар тағдыры мен оқиғаларға байланысты берілетін шынайы бағасын айтпай қалуға болмайды.

Қазақстанның дамыған ұлттық республикалардың біріне айналғандығын барлық ұлттар мен ұлыстардың, олардын қатарында еріксіз жер аударылып келіп, осы өлкені өзінің екінші Отанына айналдырғандардың да қосқан үлесін ескермеу мүмкін емес. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларын тойтарған ортақ Жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі де өте қомақты. Республиканың 50-80-жылдар бедеріндегі тарихын безбендегенде, экономика, ғылым және мәдениет саласындағы жетістіктермен қоса, Арал мен Балқаштағы, Семей ядролық полигонындағы экологиялық проблемаларды, «коммунизм кұрылысының» келмеске кеткен кесапаттарын естен шығару да оңай емес. Қазақстандық тарих ғылымының осы заманғы дамуына талдау жасай отырып, Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихының неғұрлым өзекті мәселелеріне көңіл аударудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен жөн.

Наши рекомендации