Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 3 страница
Емтихан 16 апта
4. СӨЖ-ді орындауға берілетін тақырыптар мен тапсырмалар
р/с | Тақырыптар- дың атауы | СӨЖ тапсырмалары | Ұсынылатын әдебиеттер | Бақылау түрі | СӨЖ-ді өткізу мерзімі | Максималды ұпай |
Кәсіби қазақ тілі туралы түсінік | Қазақ тіліндегі әдеби тіл стильдерінің жанрлары және қолданыс аясы. | Дүйсенбекова Л. Іс қағаздарын жүргізу.-Алматы:Рауан2005 | Мәтіндер арқылы стильдің түрлерін анықтау | 1-апта | ||
Қаржы нарығы туралы түсінік | Мемлекет қазына түсіп жатқан қаржылар қайда жұмсалуда? | «Экономика» және «Есепші» журналы, «Қазақстан іскері» газеттері, «Есепші» журналы | Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу | 2-апта | ||
Капитал нарығы | Қор биржалары (әлемдік, қазақстандық). | «Қазақстан іскері», «Экономика» газеттері, «Есепші» журналы | Жинаған ақпараттар бойынша тұсаукесер жасау | 3-апта | ||
Ақша нарығы | Депозиттік сертификаттардың түрлері және оларды шығару ерекшеліктері. | «Қазақстан іскері», «Экономика» газеттері, «Есепші» журналы | Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу | 4-апта | ||
Алтын нарығы | Асыл металдың қасиеттері, құндылығы. | «Экономика» және «Қаржы-қаражат»» газеттері, 1.Алмазова О. Д. Золото и валюта: прошлое и настоящее – М. Финансы и статистика, 1998. | Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау | 5-апта | ||
Бағалы қағаздар түрлері | Бағалы қағаздар түрлеріне жататын акция, облигация, своп, спот, форворт термин сөздерінің баламалық ұғымдары және аудармасы, қолдану. аясы | Экономика- лық-түсіндірме сөздігі, «Экономика» және «Қаржы-қаражат»» газеттері | Нақты мәліметтер жинап, талдау | 6-апта | ||
Аралық бақылау | Өтілген тапсырмаларды нақтылау | Кәсіби сала мамандарына көмекші құралдар: қазақша-орысша, орысша-қазақша, түсіндірме сөздіктер | Кәсіби сала мамандығы бойынша терминдерді талдау | 7-апта | ||
Әлемдік қаржы нарығы | Әлемдік ақша орталығы туралы не білеміз? | Бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары | Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау | 8-апта | ||
Банк, оның қызметтері | Комерциялық банктер қызметі. | Экономика- лық-түсіндірме сөздігі, Газет-журнал, интернет материалдары | Нақты мәліметтер жинап, тұсаукесер дайындау | 9-апта | ||
Зейнетақы қорлары | Жаңа зейнетақы жүйесіне көшудің себебі неде? | Газет-журнал, интернет материалдары | Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау | 10-апта | ||
Сақтандыру компания- лары | Сақтықта қорлық жоқ. | Газет-журнал, интернет материалдары | Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу | 11-апта | ||
Қаржы нарығындағы боркерлік-дилерлік қызмет | Қаржы нарығының делдалдары. | Газет-журнал, интернет материалдары, Экономика- лық- түсіндірме сөздігі | Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау | 12-апта | ||
Салық туралы түсінік | Қазақстандық салықтың түрлері. | Газет-журнал, интернет материалдары | Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу | 13-апта | ||
Кәсіпорында - ғы жұмыс тілі | Қаржы саласындағы мамандардың кәсіби сөздері. | Кәсіби сала мамандарына көмекші құралдар: қазақша-орысша, орысша-қазақша, түсіндірме сөздіктер | Кәсіби сала мамандығы бойынша терминдерді талдау | 14-апта | ||
Аралық бақылау | Өтілген грамматикалық материалдармен жұмыс. Тіл ұстарту . | Аралық бақылау тапсырмалары | Тест тапсыр- малары | 15-апта |
ОБСӨЖ-дің орындалуына қойылатын талаптар
1-6 апталар аралығында
3. ОБСӨЖ-ге файлды папка (А4) арналуы тиіс.
4. Әр апта сайын берілген тақырыптарға сай орыс тілінде материал жинау. Мәтінмен жұмыс.
А) Мәтіннен тірек сөздер алынып, аударылып жазылуы тиіс;
Ә) Алынған мәтін жазбаша түрде аударылып жазылуы тиіс;
Б) Алынған мәтін ауызша мазмұндалуы тиіс;
Ескерту: ОБСӨЖ-ға арналған дәптер мен жиналған материалдар алтыншы аптада оқытушыға өткізілуі тиіс.
8-13 апта аралығы
6. Жиналатын материалдар мамандыққа байланысты қазақ тіліндегі газет, журналдардан және ғаламтордан алынуы тиіс.
7. Жиналған материал көлемі 1 бет (А4) болып, мәтінге қатысты 5 сұрақ құрастырылып жазылуы тиіс.
8. Аудиобасылым мәтінінің дыбысталуы таза, анық естілуі тиіс.
9. Аудиобасылым мәтіні мәнерлеп оқылып жазылуы тиіс.
10. Дайындалған аудиобасылым мәтіннің қорғалу уақыты 5-10 минут аралығында.
Ескерту: Тақырып бойынша дайындалған әрбір аудиобасылым мәтіні CD дискке көшіріліп, оқытушыға тапсырылуы тиіс.
Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1.Қ.А.Жақыбаева., Г.Ш.Акимбекова. «Қазақ тілі» оқу құралы (жоғары деңгей). Жоғары оқу орындарының қауымдастығы Экономика, Алматы 2012
2. Ш.Бағиева. Іскери қазақ тілі. Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. Алматы, 2012
3. С.Иманқұлова, Н.Егізбаева, Ғ.Иманалиева «Қазақ тілі». Оқу құралы. Алматы, 2008ж.
. З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Ғылым», 2009ж.
5.Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен,Алматы, 2009ж.
З. Күзекова, Р. Әбдіқұлова. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде тілді оқытып үйретудің екінші кезеңіне арналған оқулық. Алматы, «Раритет», 2011ж.
www.til.gove.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). − Астана, 2010.
Қосымша әдебиеттер
1. Ж.М. Аяпова. М. Арынов. Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық сөздігі. Алматы. 2002 ж.
2. Ш.Д.Абдиева. Қазақ тілі. ЖОО Экон.фак. студ.арн. Арыс, 2004 ж.
3. Г. Камешова. Қазақ тілі. Іскери қарым-қатынас үшін, Алматы, 2009ж.
4. З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Раритет», 2011ж.
5. З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.
6. З.Күзекова., Г.Қарақұсова. Қазақ тілі (эконом). Алматы, «Қаржы–Қаражат», 1997ж.
7. Ғ.Ә.Байтілеуова., Ш.С.Сұлтанова. Іскерлік қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы, 2009ж.
8. Қ.А.Жақыбаева, Ш.М.Бағиева. Қазақ тілі. Жалғастырушы деңгей. «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық жобасының тыңдаушыларына арналған оқу құралы. Алматы, 2011ж.
9. А.Салқынбай, Ж.Иманасова. Қазақ тілі. Алматы, 2007ж.
10. Г.Қ. Рысбаева. Қазақ тілі (грамматикалық анықтағыш), Алматы, 2000ж.
11. Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық – Алматы: 2003.
12. http://www.nur.kz/ . 13.http://www.google.kz/
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады.
Пән 100 – балдық өлшемде бағаланады.
Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.
Кәсіби қазақ тілі пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған (ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы ) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.
Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР), 1-Рейтинг пен 2-Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан(ұпайдан) кем болмауы керек.
Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР) төмендегідей есептеледі:
(1-рейтинг + 2-рейтинг):2 (орташаарифметикалық мәні)
1-Рейтинг (2-рейтинг те) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады.
Мысалы:
Семестрдің алғашқы 7 аптасында пән бойынша 7 тапсырманы орындау қарастырылады, осы бойынша студент/магситрант 100 балдан әр тапсырма үшін келесі бағаларды алды: 70, 86, 65, 59, 91, 76, 56. Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташаарифметкалық мәні бойынша анықталады: (70+86+65+59+91+76+56):7(баға саны)=72. (1Аб).
1 аралық бақылауда(АБ) бұл студент 100 балдан 65 балл алды.
1 Рейтинг былай анықталады: 1Р= (1Аб+1АБ):2, яғни (72+65):2=69.
Семестрдің келесі 8 аптасында бұл пән бойынша 6 тапсырма орындау қарастырылған, осыған сәйкес студент 52, 35, 96, 63, 45, 87 балл алды. Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы: (52+35+96+63+45+87):6=63. (2Аб). 2 аралық бақылауда 100 балдан 83 балл алды.
2-Рейтинг = (2Аб + 2АБ) : 2 құрайды, яғни (63+83):2=73.
ЖР=(69+73):2=71 балды құрады.
Қорытынды бақылау.2015-2016 оқу жылында кәсіби қазақ тілі пәні бойынша қорытынды бақылау жұмысын қабылдау формасы аралас формада алынады.
1. Жазбаша түрде лексика-грамматикалық тақырыптар бойынша 100 тест тапсырмаларын тапсырады. Тест тапсырмалары тек типтік бағадарламаға сай жасалынған ПОӘК бойынша жасалынады. Бұнда 50 ұпай жинау керек.
2. Билет бойынша ауызша тапсырады. Жоғарғы жалпы ұпай-50.
ҚБЖБ – қорытынды бақылау жұмысының бағасын төмендегідей формуламен беруге болады.
ҚБЖБ= (Е1*0,5) + (Е2*0,5)
Е1-Емтиханның І кезеңінің бағасы
Е2- Емтиханның ІІ кезеңінің бағасы
Осы формула бойынша студенттің білімі бағаланатын болады. Әрі ауызша тапсырылатын емтиханға оқытушы өзі сабақ беретін топқа кірмейді. Ол оқытушының орнына кафедрадағы басқа оқытушы кіріп, студенттен ауызша емтихан қабылдайды.
ҚБ (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі кемінде 50 балл жинағанда ғана(ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі.
Мысалы, студент емтиханда (қорытынды бақылау ҚБ) -65 балл алды делік. Бұл жағдайда қорытынды бағасы 71(ЖР)х0,6+65(ҚБ)х0,4=68, әріптік жүйеде бағасы С-ға, дәстүрлі жүйеде «қанағаттанарлық», сандық баламада 2,08-ге сәйкес келеді. Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады. Курстық жұмыс(жоба) тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді (егер оқу жұмыс жоспарында курстық жұмыс қарастырылған болса).
Себепсіз практикалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырманың бағасын 60балға, практикалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын 40 балға төмендетеді.
Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.
Пәннің қорытынды бағасы балмен төмендегі кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.
Балмен қорытынды баға (ҚБ) | Балдардың сандық баламасы (С) | Әріптік жүйемен бағалау (Ә) | Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д) | |
95-100 | А | Өте жақсы | ||
90-94 | 3,76 | А- | ||
85-89 | 3,33 | В+ | Жақсы | |
80-84 | 3,0 | В | ||
75-79 | 2,67 | В- | ||
70-74 | 2,33 | С+ | Орташа (Қанағаттанарлық) | |
65-69 | 2,0 | С | ||
60-64 | 1,67 | С- | ||
55-59 | 1,33 | D+ | ||
50-54 | 1,0 | D | ||
0-49 | F | Қанағаттанарлықсыз |
Курс саясаты
Курс саясатын студенттің сабақта өзін-өзі ұстау ережелері мен оқытушымен арақатынасына қойылатын талаптар жиынтығы құрайды. Аталмыш ережелер мен талаптар силлабуста көрсетілуі қажет. Қабылданған ережелерді орындау студенттер үшін міндетті болып табылады және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Әрбір оқытушының ережелер мен талаптарды таңдауға мүмкіндігі бар, алайда олар Университет студенттерінің этикасы мен академиялық әрекет саясатына қайшы келмеуі тиіс.
Қазақ тілі пәнін игеру практикалық сабақтарға, сонымен қатар СӨЖ-на міндетті түрде қатысу болып табылады.
Өздік жұмыс практикалық сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды оқу немесе практикалық сабақтарына кірмей қалған немесе қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып терең іздену болып табылады.
Оқытушының басқаруымен студенттің өздік жұмысы практикалық сабақтарындағы тақырыптарды неғұрлым тереңдете оқып, баянды етіп бойына сіңіруді қамтиды.
Студент ОБСӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Бірінші және екінші аралық бақылау өткен тақырыптар бойынша сауалнама түрінде, билет бойынша, тест түрінде өткізіліп 100 балдық жүйеде бағаланады.(Аралық бақылау қандай түрде өтетіні көрсетілуі керек).
Емтихан аралас формада тест және билет бойынша ауызша өткізіледі.
Студент сабаққа белгілі себептермен (анықтама қағазымен расталса) қатыспаған жағдайда, жіберіп алған материалдарды тапсыруына болады. Бірінші және екінші аралық бақылау(РК) өткен материалдарды сұрау, билет бойынша(сұрақ,тест) өткізіледі және 100 балдық өлшемде бағаланады(аралық бақылау қалай өткізілетінін көрсету қажет).
Курсты меңгеру шарты:
Студент сабаққа қатысуы 80%-дан кем болмауы тиіс. Ауыруына байланысты сабақ жіберіп алған жағдайда (3 күнге жарамды 095-У анықтамасымен расталған жағдайда) Департаменттің Директорының (декан) өкімі бойынша жеке түрде тапсырманы тапсыру графигін алуына болады.График мерзімі өтіп кетсе тапсырма қабылданбайды. Сабаққа 5 минуттанастам кешіксе,сабақты себепсіз жіберген болып есептелініп 0 балл қойылады, сабаққа қатысуына болады. Оқытушының рұқсатынсыз телефон және компьютерлік құралдар қолданған студенттер сабақтан шеттетіледі де 0 балл қойылады. Студенттер Университет студенттерінің этикалық кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен айналасындарға құрметпен және сыпайылықпен қарауы тиіс. Оқу тәртібі бұзылған жағдайда оқытушы Департаменттің директорының атына шара қолдануға ықпал ету туралы ұсыныс жасайды (пән бағасының күшін жоюы).Бақылау іс шаралары (Аб,АБ,ҚБ) кезінде көшіру және ұялы байланыс құралдарын пайдалану жағдайлары анықталған жағдайда алынған баға күшін жояды.
Практикалық сабақтардағы белсенділік. Студенттер практикалық сабақтарында белсенділік көрсетулері керек. Белсенділік көрсетпесе, басқа да бір алаңдатпа әрекетпен айналысса сабақ үшін 0 балл қойылады.
Сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын, СӨЖ және ОБСӨЖ т.б орындау.
Курсты меңгерудің міндетті шарты сабаққа мұқият дайындалу болып табылады. Тапсырманы орындау кезінде қолданған интернет ресурстарын және де басқа ақпарат көздерін оқушылар міндетті түрде көрсетулері керек. Түп нұсқаға сілтеме жасалмай мәтінде 200 сөз қолданған жұмыс плагиат (шығармашылық ұрлық) болып есептелінеді. Плагиат фактісі анықталған кезде оқушы тапсырма үшін 0 балл алады, ал бұл факт қайталанған кезде бағасы күшін жояды.
Тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсыру. Студенттер тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсырады, немесе жеке тапсыру графигі болса соған сәйкес тапсырады. Жекелеген жағдайда оқытушының келісімімен белгіленген уақыттан кейін 7 күнтізбелік күн аралығында тапсыра алады бұл жағдайда осы тапсырма үшін қойылатын балл 80-нен аспауы керек. Жеті күндік мерзімі өткеннен кейін тапсырма қабылданбайды.
Студенттер қорытынды бақылау емтиханына жіберілу үшін:
· Сөздік (200 сөз)
Емтиханға арналған жазбаша тапсырма түрінде болад. Емтиханның әр кезеңі 100 балдық жүйемен бағаланып, қорытынды баға орташа арифметикалық мәнді анықтау арқылы қойылады.
1-аралық бақылау сұрақтары
Кім Халдун әл-Мубаракпен келіссөздер өткізді?
Кездесуде Д.Ердебай «Mubadala Development Company PJSC» компаниясының басшылығын немен таныстырды?
3. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нені дамытуға келісті?
1. Қазақстан Республикасы шоғырландырылған бюджетінің шығындары неден тұрады?
2. Көптеген функционалдық топтар бойынша шығыстар не арқылы жүзеге асырылады?
3. Үкіметтік қарыз алу саясаты неге сәйкес жүргізіледі?
1. «Экономика» терминін кім енгізген?
2. Экономикалық ресурстар қалай бөлінеді?
3. Ресурстар жиынтығының ішінде әрбір фактордың өз несі бар?
экономикалық интеграция үдерісі дегеніміз не?
ЕЭҚ қай жылы кұрылды және оған алғашқыда неше мемлекет енді?
Жан басына шаққанда азық-түлік өндіруді ЕЭҚ елдер қай елді басып озды?
1. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ тұсаукесері қашан және қай жерде өтті?
2. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» бұрынғы қай компанияның жаңа аты?
3. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» өзінің алдына қандай стратегиялық бағыт қойып отыр?
1. 2050 жылға қарай адам саны нешеге жетеді деген болжам бар?
2. Қазақстанды алаңдатып отырған негізгі қандай мәселе?
3. елімізде азық-түлік өнімдерінің неше %-ы сырттан алынады?
1. «Dando Drilling International» компаниясының бұрғылау қондырғыларын өндіруде неше жылдық тәжірибесі бар?
2. «Қазгеология» АҚ және «Dando Drilling International» британ компаниясы не жасаты?
3. Компания қызметшілері нені көрсетті?
1. ОКҚ-да өткен брифингте министр Әсет Исекешев не туралы хабарлады?
2. Кімдермен келіссөздер жалғасатын болады?
3. Наурыз айында ҚР қай елмен 20 инвесткелісім жасасуға ниетті?
1. Халықаралық келіссөздер мен делдалдық кең түрде ненің құралы ретінде пайдаланылады?
2. келіссөз жүргізудің деңгейі неге байланысты болады?
3. Әлемдік даулар мен жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің негізгі құралы не?
1. Сәттілік сыры неде?
2. Келіссөзге нені біліп барған жөн?
3. Келіссөз барысында нені атап өтіп тұрған дұрыс?
1. 1998 жылғы маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен не құрылды?
2. Шетелдік инвесторлар кеңесінің негізгі міндеттері қандай?
1. Біріккен Араб Әмірліктерінің жоғарғы мемлекеттік наградасы қандай?
2. Матти Ванханен мен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуінде не талқыланды?
1. «Қазақстан үздік тауары» көрме конкурс тарихы қай жылдан бастау алады?
2. 2014 жылдың 22 тамызда облыстық қазақ драма театырында, «Қазақстанның үздік тауары 2014» көрме конкурсын кім ашты?
3. Аймақтық конкурста неше кәсіпорын қатысты?
1. «Қазақстанда жасалған» отандық тауар өндірушілердің көрмесі ашылды қай кезде ашылды?
2. Мемлекеттік бағдарламалар кімдерге қолдау болды?
2- аралық бақылау сұрақтары
1 Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжатына не жатады?
2. Жарғының деректемелеріне нелер кіреді?
1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар қанша % көбейтілді?
2. Бұл шаралар неге әсер етті?
1.Банк Басқармасы құрамының саны 2015 жылғы 2 ақпаннан бастап 11 (он бір) адам болып неге сәйкес белгіленді?
2. Құсайынбеков Қуат Қайроллаұлы деген кім және ол қандай лауазымға тағайындалды?
3. Салимов Ертай Исмаилұлы деген кім және ол қандай лауазымға тағайындалды?
1. Ұлттық валюта күні, еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып қашан жарияланды?
2. Ерғазы Қошанбеков қайда қатысты?
1. Сэр Тони Болдри деген кім?
2. Ол неге қатысты?
3. Тони Болдри қазақстандық белгілі журналистермен және блогерлермен кездесіп, немен бөлісті?
4. Оның айтуы бойынша, компания басшылығының оны дамыту жөніндегі ойы неге сәйкес келеді?
1. Қазақстан пен Еуропалық Одақ арасында не қалыптасты?
2. Осы әріптестік нені көздейді?
3. Радиохирургияны пайдалану мәселелеріне қатысты кездесу қайда және қашан өтті?
1. «ЭКСПО-2017 және Қазақстанда бизнесті дамыту мүмкіндіктері» тақырыбында семинар қайда ұйымдастырылды?
2. Семинарды ресми түрде кім ашты?
3. Қазақстанның Нидерландыдағы елшісі кім?
2.Мамандығыңыз қиындығы мен қызығы қандай?
3.Өзіңіздің салаңызда жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек?
1. Төлем жасау қабілетіне қарай салықтар қалай бөлінеді?
2. Жанама салықтардың қандай түрлері бар?
1. Салық кодексі дегеніміз не?
2. Кодексті әзірлеуге кімдер қатысады?
1. Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу дегеніміз не?
2. Несиенің объективтік қажеттілігі немен байланысты?
3. Қандай пассивті шоттар пайдаланылады?