Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру. 3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

- Нарықтық белгісіздік және оның туындау себептері;

- Тәуекел: пайда болу себептері, түрлері, азайту жолдары;

- Нарықтық механизмнің кемшіліктері мен артықшылықтары;

- Сақтандыру және оның нарықтағы рөлі;

- Нарық фиаскосын реттеудегі мемлекеттің рөлі;

- Ақпарат асимметриясын төмендетудің тиімді жолдары;

- Спекуляция және оның экономикадағы рөлі.

4. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

- Аукциондар және олардың түрлері;

- Спекуляция және оның маңызы;

- Тәуекелдің түрлері: сақтандырылатын және сақтандырылмайтын тәуекелдер.

5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1. Нарықтың «фиаскосына» (сәтсіздіктеріне) нені жатқыза аламыз:

А) монополиялардың болуын В) сыртқы әсерлерді С) қоғамдық игіліктерді

D) жетілмеген (асимметриялық) ақпаратты Е) аталғандардың барлығын

2. Нарықтың «фиаскосына» (сәтсіздіктеріне) нені жатқыза аламыз:

А) антиигіліктерді В) ішкі әсерлерді С) табиғаттағы дайын игіліктерді

D) табиғаттағы зиянды игіліктерді Е) монополиялық іс-әрекеттердің болуын

3. Асимметриялық ақпараттар мәселесі қандай нарықтық құрылымға тән емес:

А) монополистік бәсеке нарығына В) ашық монополиялық нарыққа С) жабық монополиялық нарыққа D) жетілген бәсеке нарығына Е) олигополиялық нарыққа

4. Мемлекеттің сәтсіздіктерін қалай түсіндіруге болады?

А) мемлекеттің қоғамдық игіліктерді тиімді бөлуді және қолдануды қамтамасыз ете алмауына байланысты туындайтын мәселелер

В) мемлекеттің нарық механизмінің тетіктерін мүлдем реттей алмауы нәтижесінде пайда болатын мәселелер

С) мемлекеттің нарық механизмін белгілі бір себептерге байланысты реттеуден бас тартуы туралы жағдайлар

D) мемлекеттің жеке ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз ете алмауы нәтижесіндегі қиыншылықтар

Е) мемлекет шеңберіндегі саяси институттардың сәтсіздіктерге ұшырауы

5. Мемлекеттің сәтсіздіктеріне (фиаскосына) нені жатқыза аламыз?

А) саяси жағдайлардың жетілмегендігін

В) бюрократияны бақылаудың шектеулі болуын

С) мемлекеттің қабылданатын шешімдердің салдарларын толық қадағалауға бақылауға деген қабілетсіздігін

D) саяси шешімдердің кейбір жағдайларда дұрыс қабылданбауын

Е) осы аталғандардың барлығын жатқызуға болады

6. Ақпараттың асимметриялылығы дегеніміз не?

А) келісім жасаушы тұлғалардың біреуінің қолында ақпараттың жетіспеушілігі немесе қамтамасыз етілмеуі

В) сатушылардың маңызды ақпараттармен толық қамтамасыз етілмеуі

С) сатушылар мен сатып алушылардың тауар туралы маңызды ақпараттармен қамтылмауы

D) мемлекеттің тұрғындар үшін тауарлар мен қызметтер туралы маңызды ақпараттармен қамтудағы жауапсыздығы

Е) тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қасиеттері туралы жалған ақпараттар

7. Интерналийлер дегеніміз не?

А) келісім жасау барысында есепке алынбаған зияндар мен пайдалылықтар

В) келісім жасау барысында есепке алынатын тек қана пайдалылықтар

С) келісім жасау барысында есепке алынатын тек қана зияндар

D) келісім жасауға қатыспайтын тұлғалардың шығындары

Е) келісім жасауға қатыспайтын тұлғалардың пайдалылықтары

8. Диверсификация – бұл:

А) тәуекелді төмендетуге бағытталған іс - әрекеттер

В) бағалы қағаздардың құнын анықтау үрдістері

С) қор нарығындағы қызметкерлердің есеп – қисап үрдістері

D) тәуекелді біріктіруге бағытталған іс - әрекеттер

Е) тәуекелдің ішінен тек ең маңызды тәуекелге көңіл бөлу әдісі

9. Тәуекелді біріктіру әдісін сипаттайтын нұсқаны таңдаңыз:

А) кооператив мүшелері мүмкін болатын зияндарды (күтпеген жағдайларды) өтеу үшін қолдануға болатын қолма – қол ақша қорын құрды

В) тәуекелді активтердің ішінен бағалы қағаздардың портфелін қалыптастыру

С) активтерді тәуекелді және тәуекелсіз активтерге бөлу

D) тәуекелсіз активтердің ішінен бағалы қағаздардың портфелін қалыптастыру

Е) осы аталған нұсқалардың барлығы дұрыс

10. Тәуекелді бөлу – бұл әдіс кезінде:

А) мүмкін болатын зиянның тәуекелі агенттердің арасында бөлінеді, яғни әрбір агенттің мүмкін зияндарын төмендету

В) тұтынушы өз тәуекелін басқа тұтынушылардың арасында ортақтастырады

С) индивидтер тобы сол ұжымның әрбір мүшесінің тәуекелін өз мойнына алады

D) субъектінің мүмкін жоғалтудан сақтану үшін өз салымдарын әртүрлі валютада сақтау немесе көбейту

Е) осы аталғандардың барлығы дұрыс

11. Мына нұсқалардың ішінен диверсификацияға бағытталған стратегияны таңдаңыз:

А) тауар шығарылымын көбейту

В) тауарлар мен қызметтердің ассортиментін көбейту

С) өндірістің басым бағыттарын дамыту

D) өндірісті дамытуға жаңа технологиялар еңгізу

Е) бұл нұсқалардың ешқайсысы диверсификацияны сипаттамайды

12. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс берілмеген:

А) баға – бұл тауарлардың сапасын сипаттайтын белгі немесе сигнал

В) аукцион жүргізу кезінде ақпарат асимметриясы жойылады

С) зиянның барлық мөлшерін сақтандыру моральдік тәуекелді төмендетеді

D) зиянның барлық мөлшерін сақтандыру моральдік тәуекелді төмендетпейді

Е) тәуекелге бейім емес тұтынушының ойынға қатысудағы пайдалылығының математикалық күтімі күтілетін ұтыс пайдалылығынан төмен болады

13. Ағылшын аукционы – бұл:

А) бірінші баға аукционы В) екінші баға аукционы С) төменгі баға аукционы

D) жасырын жүргізілетін аукцион Е) дұрыс жауабы жоқ

14. Моральдік тәуекел кімнің жағында болады?

А) ақпаратпен аз қамтылғандардың В) ақпаратпен толық қамтылғандардың С) үшінші тұлғалардың D) көп дауыс жинаған лауазымды тұлғалардың Е) мемлекеттің

15. «Принципал – агент» мәселесі – бұл:

А) екі фирманың басшылары арасындағы келісім В) екі фирманың басшылары арасындағы қақтығыстар С) фирманың басшысы мен менеджері арасындағы өзара келісушіліктер D) фирма қызметкерлері арасындағы қақтығыстар Е) фирманың басшысы мен менеджері арасындағы мәселе

16. Ағылшын аукционын жүргізуде тауар қалай сатылады?

А) жасырын бағамен В) тиімді бағамен С) орташа бағамен D) минималды бағамен Е) максималды бағамен

17. Голланд аукционы – бұл:

А) бірінші баға аукционы В) екінші баға аукционы С) минималды баға аукционы D) жасырын жүргізілетін аукцион Е) максималды баға аукционы

18. «Лимондар нарығы» деген ұғымды алғаш рет кім қолданды?

А) Дж. Тобин В) Дж. Акерлоф С) Дж. Стиглер D) Дж. Стиглиц Е) М. Спенс

19. Интерналийлер мәселесі – бұл:

А) келісім жасайтын екі тұлғаның алдын ала қарастырып алған шығындары В) келісім жасайтын екі тұлғаның алдын ала қарастырмаған шығындары мен табыстары С) келісім жасауға қатысы жоқ үшінші тұлғаның көретін зияндары D) келісім жасауға қатысы бар үшінші тұлғаның көретін табыстары Е) келісім жасауға қатысы бар үшінші тұлғаның көретін жиынтық шығындары

20. Нарықтық белгілер (сигналдар) - ақпараттың асимметриялылығын төмендететін жол ретінде. Осындай әдісті алғаш қарастырған кім?

А) Дж. Бьюкенен В) Дж. Акерлоф, Нобель сыйлығының лауреаты С) Дж. Тобин D) К. Эрроу, Нобель сыйлығының лауреаты Е) М. Спенс, Нобель сыйлығының лауреаты

21. Тәуекелді төмендетуге бағытталған әдіс – ол диверсификация. Бұл әдісті алғаш ұсынған кім?

А) Дж. Тобин, 1981 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты В) Дж. Стиглер, 1982 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты С) Американдық экономисттер Р. Коуз бен Дж. Стиглер

D) Дж. Стиглиц, американдық экономист Е) М. Аллэ, 1988 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты

22. Сақтандыру – бұл пайда табу қызметі болып табылады, яғни ол:

А) сақтандыру полистері бойынша жиынтық жарналар сақтанушыларға кететін шығындардан жоғары болады В) әрбір сақтанушының салған сақтандыру жарнасы күтілетін сақтандыру шығындарынан жоғары болады С) көптеген сақтанушылардың тәуекелдерін біріктіреді D) тәуекелді мүлдем жояды, сондықтанда сақтандыру жарналары көп жағдайда жоғары болды Е) тәуекелді болдырмайды

23. Санкт –Петербургтік парадокстің мәні мынада, яғни:

А) неғұрлым сыйақы мөлшері төмен болған сайын, соғұрлым ойынға қатысу қалауы төмен болады В) неғұрлым сыйақы мөлшері жоғары болған сайын, соғұрлым ойынға қатысу қалауы төмен болады С) сыйақының кез келген сомасы кезінде ойыншылар үлкен мөлшерлемелер белгілейді D) адамдар кішкентай ғана сыйақы алу үшін де ойын ойнауға келіседі Е) үлкен сыйақы кезінде ойыншылар жоғары мөлшерлемелер белгілейді

24. Сатушы сататын тауарының сапасы туралы мынадай белгі бере алады:

А) оны фирмалық белгісіне қарай сипаттау арқылы В) жарнама арқылы, яғни сатушы сататын өнімінің артықшылығын жарнама арқылы сипаттай алады С) өз өніміне көрме ұйымдастыру және ұтыстар ойнату жолымен D) әртүрлі акциялар мен шаралар ұйымдастыру арқылы Е) қайырымдылық шараларды қаржыландыру арқылы

25. Мына белгілердің қайсысы тауардың сапасы туралы сигналды нақты сипаттай алмайды:

А) фирманың репутациясы немесе абыройы В) тауардың бағасы С) тауарды жарнамалау

D) сақтандыру Е) тауарға кепілдеме беру

ОН ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП.

Наши рекомендации